Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 687 қаулысы

      "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 11 шілдедегі
N 687 қаулысымен   
бекітілген     

Темекі бұйымдарының жекелеген
түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың
болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер

__________________________________________________________________
Темекі түтінін        Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде
реттеуші құрауыш      никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат
                      етілетін шекті деңгейлер өлшемі
                      миллиграмм сигаретке (мг/сигаретке)
__________________________________________________________________
Шайырлы заттар                     14,0
                                артық емес

Никотин                            1,2
                                артық емес
__________________________________________________________________

Ескерту:
      1. Шайырлы заттардың, яғни шайырдың болуы бір сигаретке шаққанда ылғалды конденсаттың салмағы мен темекі түтінінің негізгі шудасында су мен никотиннің болуы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      2. Фильтрсіз сигареттер үшін шайырлы заттардың болуы 16 мг/сигареттен және никотиннің болуы 1,3 мг/сигареттен аспауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады