1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат):
1) 741-бап "Салық кодексiнде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актісінде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 742-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "құжаттар бойынша" деген сөздерден кейін ", клиенттің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі міндеттемелері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат):
1) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңдарын бұзу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген зейнетақы төлемдерін, аударымдар мен алып қоюларды белгіленген мерзімдерде уақтылы жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін орындамауы -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгіленген мерзімдерде төлеу жөніндегі міндеттерін орындамауы -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және (немесе) оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі міндетін орындамауы не тиісінше орындамауы -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға немесе заңды тұлғаларға - ұстап қалынбаған және (немесе) аударылмаған (уақтылы аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 172-баптың бірінші бөлігіндегі "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 201-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 570-баптың бірінші бөлігі "Кодекстің" деген сөзден кейін "88 (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 574-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 88-бабында (екінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
екінші бөліктегі "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің бастықтары" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 574-1-баппен толықтырылсын:
"574-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдардың, кастодиaн банктердің,
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен
қадағалау жөніндегі функциялар мен
өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті
мемлекеттік орган
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган 88-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұлдар салуға құқылы.";
7) 637-баптың бірінші бөлігіндегі "80-110" деген цифрлар "80-87, 89-110," деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат):
1) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"100-бап. Әлеуметтiк төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру
1. Салық төлеушiнiң қызметкерлердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне, жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысына ақы төлеу бойынша есептелген шығыстары шегерiмге жатады. Шегерiмге, сондай-ақ өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертiгуiнен не денсаулығының өзге де зақымдануынан қызметкерге келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жұмсалған шығыстар да Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде шегерiмге жатады.
2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.";
2) 533-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тақырыптық тексеру - салықтың жекелеген түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық міндеттемесінің орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және (немесе) аударымдардың толымдылығы мен уақтылылығын, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодекспен белгіленген, сондай-ақ трансферттік бағаларды қолданған кезде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша міндеттерді орындауын тексеру;".
4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N№1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметінің нысанасы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырушы мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты (келісімі) қосымша талап етіледі.";
2) 14-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңдарында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.".
5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат):
15-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарымен белгіленеді.".
6. "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
38-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алушы банк Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен ақша жіберушінің салық төлеу жөніндегі нұсқауын орындаумен қатар, міндетті зейнетақы жарналарын күнтізбелік кезектілік тәртібімен аударуға арналған нұсқауларды орындауға міндетті. Алушы банк салық органдарының міндетті зейнетақы жарналарын өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерін нақ осы тәртіппен орындайды.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл норма салық және кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алу, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені не уақтылы төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассалық өкімдеріне қолданылмайды.".
2-бап. Осы Заң, осы Заңның ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағынан басқа, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті