Астанада 2000 жылғы 14 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Нидерланды Корольдігі Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Нидерландтар
Корольдігі Yкiметiнің арасындағы халықаралық автомобиль
қатынасы туралы
Келісім
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Нидерландтар Корольдігінiң Үкiметi,
экономикалық қарым-қатынас мүддесiнде автокөлiкпен жүктердi және жолаушыларды өз елдерiне/н және солардың елдерi арқылы транзитпен тасымалдауды дамытуға жәрдемдесуге ынталана отырып,
мыналар жөнінде келiсті:
1. Осы Келiсiмнің ережелерi Қазақстан мен Нидерландтар арасында, олардың аумағы арқылы, үшiншi елдерге/ден және осы Келiсiмнiң 2-бабында анықталғандай автокөлiк құралдарын пайдаланумен каботаждық тасымалдарға, жалдау шартында, немесе сыйақы үшiн, немесе өз есебiнен халықаралық жүк және жолаушылар автотасымалдарына байланысты қолданылады.
2. Уағдаласушы Тараптардың жасасқан басқа да халықаралық келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне осы Келiсiмнiң қатысы жоқ.
3. Осы Келiсiм Еуропалық Одақ мүшесi - мемлекет ретiнде Нидерландтаp Корольдiгiмен Еуропалық Одақ заңдарын бұзбай орындау арқылы қолданылатын болады.
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
1. "Тасымалдаушы" терминi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекет аумағында тiркелген және тiркеу елiнде жалдау шартында, немесе сыйақы үшiн, немесе өз есебiнен, ұлттық заңдар мен ережелерге сәйкес, жүк пен жолаушылардың көлiктiк тасымалдарына заңды жiберiлген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
2. "Көлiк құралы" терминi iшiнде, тiптi болмағанда, бiр көлiк құралы Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекет аумағында тiркелген, және тек қана жүктер немесе жолаушыларды автобуста тасымалдауға жабдықталған және пайдаланылатын бiр көлiк құралын немесе көлiк құралдарының құрамын бiлдiредi;
3. "Kaботаждық тасымалдар" терминi Уағдаласушы Тарап мемлекеті аумағының шегінде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тiркелген тасымалдаушының көлiк тасымалдарын орындауын бiлдiредi;
4. "Тасымалдау" немесе "тасымал" терминi тiптi егер көлiк құралының, тiркеменің, жартылай тiркеменiң жолының iшiнара бөлiгі темiр жолмен немесе су жолымен өтсе де, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдарының автомобиль жолымен жеткiзiлуiн білдiредi.
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында тiркелген кез келген тасымалдаушыға мына халықаралық қатынаста жүктердi немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беруi мүмкiн:
а) бiр Уағдаласушы Тарап елiнiң кез келген мекендерi мен екiншi Уағдаласушы Тарап елiнiң кез келген мекендерi және осы елдерден тысқары кез келген мекендер арасында;
б) егер өзгесi Бiрлескен Комиссиямен келiсiлмесе, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органдарымен немесе басқа уәкiлеттi агенттіктерiмен берiлетiн рұқсаттары бойынша олардың елдерi арқылы транзитпен тасымалдау.
2. Тасымалдардың мына түрлерiне немесе мыналар сияқты тасымалдарға байланысты бос рейстерге рұқсаттар талап етілмейдi:
а) қоғамдық қызмет көрсету саласы ретiнде почта тасымалдауға;
б) бұзылған немесе сынған көлiк құралдарын тасымалдауға;
в) жүкпен рұқсат етілген салмағы, тiркеменi қоса 6 т аспайтын, немесе рұқсатпен пайдалы тиеу салмағы, тiркеменi қоса 3,5 т аспайтын көлiк құралдарында жүктерді тасымалдауға;
г) төтенше жағдайларда, атап айтқанда, табиғат апат жағдайында, қажеттi дәрi-дәрмектер мен жабдықты немесе басқа жүктердi тасымалдауға.
3. Егер әрбiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарынан немесе басқа уәкiлеттi органдарынан арнайы рұқсаты болмаса, тасымалдаушыға каботаждық тасымалдарды жүзеге асыруға тыйым салынады.
1. Көлiк құралдарының жалпы салмағы мен көлемдiк өлшемдерi көлiк құралдарының ресми тiркеуiне сәйкес болуы және қабылдаушы мемлекетте қолданылатын нормалардан аспауы тиiс.
2. Егер осы Келiсiмнiң шарттары бойынша тасымалдау кезiнде пайдаланылатын жүкпен немесе жүксiз көлiк құралының салмағы және/немесе көлемдiк өлшемдерi қабылдаушы мемлекетте белгiленген ең жоғары рұқсат етiлетін салмақ пен көлемдік өлшемдерiнен acca, қабылдаушы мемлекетте арнайы рұқсат талап етiледi.
5-бап
Ұлттық заңдарға сәйкестігі
1. Бiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары мен олардың көлiк құралдарының экипаждары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында болуы уақытында осы елде қолданылатын заңдар мен ережелердi сақтауы тиiс.
2. Каботаждық тасымалдар жағдайында Бiрлескен Комиссия қабылдаушы мемлекетте қолданатын заңдар мен ережелердi дәл анықтайтын болады.
3. Осы Баптың 1 және 2-тармағында айтылған заңдар мен ережелер ұлттық белгiсi бойынша немесе тiркеу орны бойынша теңсiздiк жағдайларын болдырмау үшiн қабылдаушы мемлекет резиденттерiне дәл сондай шарттарда қолданылатын болады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында тiркелген тасымалдаушы бұзған кез келген жағдайда, аумағында бұзу орын алған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары, ұлттық заңдармен қарастырылған рәсiмдерге сәйкес, екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарына хабарлайды, олар ұлттық заңдарымен қарастырылған шараларды қолданады.
Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары кез келген айып-жазалар туралы бiр бiрiне дер кезiнде хабарлайтын болады.
1. Осы Келiсiмге сәйкес тасымалдауға қатыстырылған көлiк құралдары, олардың қосалқы бөлшектерiн қоса, көлiк құралдарын пайдалану немесе иелену үшiн алынатын барлық салықтар мен алымдардан, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында көлiкті пайдалану үшiн алынатын барлық арнайы салықтардан немесе алымдардан өзара босатылатын болады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары автомобиль отынына салықтар мен алымдардан, көлiк қызмет көрсетулерiне қосымша құн салығынан, жол алымдарынан және жолдарды пайдалану үшiн алымдардан босатылмайды.
3. Уағдаласушы Тараптың аумағына енгiзу кезiнде стандартты бактердегi автомобиль отыны, сондай-ақ тек қана көлiк құралдарына пайдалануға арналған олардағы жағармай материалдары кiргiзу бажы мен кез келген салықтар мен төлемдерден өзара босатылатын болады.
1. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнің орындалуы мен қолдануына қатысты барлық мәселелердi шешетiн болады.
2. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Бiрлескен Комиссия құрады.
3. Бiрлескен Комиссия кез келген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарының сұрауы бойынша тұрақты жиналады және оған Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерi кiргiзiледi, олар көлiк өнеркәсiбiнiң өкілдерiн осы жиналыстарға шақыруы мүмкiн. Бiрлескен Комиссия өз ережелерi мен рәсiмдерiн белгілейдi. Бiрлескен Комиссия кезекпен әр елде жиналатын болады. Қабылдаушы мемлекет мәжілiстің төрағасы болады. Күн тәртiбiн жиналысты ұйымдастырушы Уағдаласушы Тарап мәжiлiс басталғанға дейiн кемiнде 2 апта бұрын әзiрлейтiн болады. Мәжiлiс әрбiр Уағдаласушы Тараптың делегация басшыларымен қол қойылатын хаттама құрастырумен аяқталатын болады.
4. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Бiрлескен Комиссия берiлетiн рұқсаттардың үлгісi мен саны және рұқсат беру жүйесiнiң шарттары, еңбек шарттары мәселелерiн қоса, туралы шешiм қабылдайды. 3-баптың 2-тармағына қарамастан Бiрлескен Комиссия рұқсат талап етiлмейтiн тасымалдар түрлерi тiзiмiн көбейтуi немесе өзгертуi мүмкiн.
5. Бiрлескен Комиссия мына мәселелердi ерекше қарайтын болады:
а) екi мемлекет арасында, басқа проблемалардың iшiнде қоршаған ортаның мәселелерiн ескере отырып, тасымалдарды үйлесiмдi дамыту;
б) көлiк саясатын, көлiк заңдарын үйлестiрудi және оның Уағдаласушы Тараптармен ұлттық және халықаралық деңгейде орындалуы;
в) проблемалар туындағанда, әсiресе қаржы және әлеуметтік салада, кеден және қоғамдық тәртіп мәселелерiн қоса, қоршаған орта мәселелерi бойынша тиiстi ұлттық құзыреттi органдарға мүмкiн болатын шешiмдердi келтiру;
г) iске қатысты ақпараттармен алмасу және даулар мен келiспеушілiктерді реттеу;
д) салмақ пен өлшемдердi белгiлеу әдiстемесiн анықтау;
e) көлiк кәсiпорындары мен ұйымдары арасында ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
ж) рұқсат беру жүйесiне қатысты барлық мәселелердi қоса интермодальдiк тасымалдауды дамытуға жәрдемдесу.
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң қағидаларын түсiндiру мен қолдануға байланысты пайда болуы мүмкiн барлық дауларды Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясының келiссөздер жүргiзуi және кеңесулерi жолымен шешетiн болады. Дау-дамайларды кеңесулер және келiссөздер жүргiзу жолымен реттеу бойынша барлық күш салу табысқа жетпеген жағдайда дау-дамай түпкiлiктi және мiндеттi шешiм қабылдау үшiн арнайы ad hoc төрелiк соттың қарауына тапсырылуы мүмкін.
10-бап
Нидерландтар Корольдігi үшiн Келiсiмді қолдану
Осы Келiсiм Нидерландтар Корольдiгiне қатысты Корольдiктің Еуропадағы аумағында ғана қолданылатын болады.
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң барлық өзгерiстерi мен толықтыруларын осы Келiсiмнiң 12-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн оған қосымша Келiсiммен ресiмдейдi.
12-бап
Келiсiмнiң күшiне енуi мен мерзiмiнiң аяқталуы
1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар бiр бiрiне жазбаша нысанда олардың мемлекеттерiнде бұл Келiсiмнiң күшiне енуiне байланысты орнатылған барлық заң рәсiмдерiнiң орындалуы туралы хабарлаған күннен кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оны жазбаша түрде жойғанша күшiнде қалады. Келiсiм екiншi Уағдаласушы Тарап жою туралы мәлiмдеме алғаннан кейiн алты айдан соң күшiн жоғалтады.
Осыларға куә ретiнде, соған тиісті түрде уәкiлеттiлендiрiлгендер, осы Келiсiмге қол қойды.
2000 жылғы 14 маусымда Астана қаласында eкі данада, әрбiрi қазақ, нидерланд, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей заң күшi бар.
Осы Келiсiмдi түсiндiруде кез келген келiспеушiлiктер болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтіндi пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасының Нидерландтар Корольдiгiнiң
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн