"Қазақстанның Даму банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 434-II Заңы

      "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, агенттiң функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.";

      2) 3-бапта:
      1-тармақта "өңдеушi өндiрiстердi" деген сөздер "өңдеушi өнеркәсiптi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша "экспорттық операцияларына" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - экспорттық операциялар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "(Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Даму Банкiнiң функциялары

      1. Даму Банкiнiң функциялары:
      1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
      2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функциясын орындау;
      3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
      4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
      5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
      6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
      7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi агенттiң функциясын орындау болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы құрған ұйымдар арқылы бюджеттiк кредит беру жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген функция Даму Банкiнiң айрықша құзыретiне жатады.";

      4) 5-бапта:
      4) тармақша "заем қаражатын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) заем қаражатын қоса алғанда, өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;";
      5) тармақшада "Бағдарламаға енбейтiн" деген сөздер "республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен iс-қимыл жасау процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады және оған қатысады;
      2) Даму Банкiнiң Меморандумды сақтауын бақылайды.";

      6) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға сәйкес жасалған шарттарда көзделген төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында Даму Банкiнiң заемдарын, басқа да заемдар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын есепке алу үшiн банк шоттарын ашу және жүргiзу. Бұл ретте банк шоттарындағы ақша сомасы осы тармақшада көзделген олар бойынша жасалатын операциялардың сомасынан артық болмауға тиiс;";

      7) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi";

      1-тармақта "Бағдарламаға енгiзу үшiн ұсынылатын" деген сөздер "осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "жобаны Бағдарламаға енгiзудiң" деген сөздер "инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттiк бюджет қаражаты немесе мемлекет кепiлдiк берген заем есебiнен қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      8) 9-11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi
              бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы

      1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.

      10-бап. Даму Банкiнiң агент функцияларын орындауы

      1. Даму Банкi агенттiк қызмет көрсетуге жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.
      2. Даму Банкi агент болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Даму Банкiне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.
      3. Инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.
      4. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес заемдар бойынша агенттiң функцияларын орындайды.

      11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық
              жобаларды iске асыру мониторингi

      1. Даму Банкi өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларға қатысты агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес:
      1) жобаларды iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң;
      2) заемшылардың қаржылық жай-күйiнiң;
      3) iске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асырады.
      2. Даму Банкi жыл сайын агенттiк қызмет көрсету шарттарына сәйкес, нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.";

      9) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға кредит беруi Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкi қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады.";
      2-тармақ "заемдар" деген сөзден кейiн "Меморандумға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.";
      2-тармақтағы "азаматтық" деген сөз алып тасталсын;

      11) 14-16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық
               капиталына қатысуы

      Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
      2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
      3) лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.

      15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу

      Даму Банкiнiң:
      1) жеке тұлғаларға және екiншi деңгейдегi банктерге, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына, лизинг берушi ұйымдарға және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға кредиттер, сондай-ақ олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер беруiне;
      2) осы Заңның 7-бабының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттер тартуына, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
      3) қайтарылуын қамтамасыз етпей заемдар беруiне;
      4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына;
      5) бұрын тартылған заемдар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған жағдайда қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.

      16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы

      1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады.
      2. Даму Банкi акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болады.
      3. Даму Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.
      4. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы, Меморандумға сәйкес экспорттық операцияларға кредит беруден басқа, кредит беру мақсатына жiберiлмейдi және өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.";

      12) 20-бапта:
      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ай сайын бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi;";

      13) 21-баптың 2-тармағы "ұйыммен" деген сөзден кейiн "(аудитормен) қаржы жылының қорытындылары бойынша Даму Банкiнiң қызметiне аудит жүргiзу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Даму Банкiнiң акционерлерi болып табылады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О Банке Развития Казахстана"

Закон Республики Kазахстан от 11 июня 2003 года N 434

      Внести в Закон  Республики Казахстан от 25 апреля 2001 г. "О Банке Развития Казахстана" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 9, ст. 85; Закон  Республики Казахстан от 16 мая 2003 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг и акционерных обществ", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" 23 мая 2003 г. и "Казахстанская правда" 21 мая 2003 г.) следующие изменения и дополнения:
 
      1) пункт 3 статьи 2 изложить в следующей редакции:
      "3. Инвестиционные приоритеты Банка Развития, количественные ограничения на привлечение заемных средств, лимиты, направления, возможные условия, порядок и сроки кредитования, размещения собственного капитала, софинансирования, предоставления гарантий, выполнения функций агента устанавливаются в Меморандуме о кредитной политике Банка Развития (далее - Меморандум), утверждаемом Правительством Республики Казахстан.";

      2) в статье 3:
      в пункте 1 слова "обрабатывающих производств" заменить словами "обрабатывающей промышленности";

      в пункте 2:
      подпункт 2) дополнить словами "(далее - экспортные операции)";
      в подпункте 4) слова "(Программа государственных инвестиций (далее - Программа)" исключить;

      3) статью 4 изложить в следующей редакции:

      "Статья 4. Функции Банка Развития

      1. Функциями Банка Развития являются:
      1) отбор и кредитование, включая софинансирование, инвестиционных проектов и экспортных операций, за исключением республиканских и местных инвестиционных проектов, в соответствии с Меморандумом;
      2) выполнение функций агента по обслуживанию республиканских и местных инвестиционных проектов, финансируемых на возвратной основе, а также проектов, финансируемых за счет гарантированных государством займов;
      3) проведение банковской экспертизы проектов, предлагаемых к финансированию на возвратной основе в качестве республиканских и местных инвестиционных проектов, а также проектов, предлагаемых к финансированию за счет гарантированных государством займов;
      4) мониторинг финансового состояния заемщиков Банка Развития и реализации обслуживаемых Банком Развития республиканских и местных инвестиционных проектов, а также проектов, финансируемых за счет гарантированных государством займов;
      5) принятие мер по обеспечению исполнения обязательств заемщиками Банка Развития;
      6) получение, обслуживание и погашение негосударственных займов, включая гарантированные государством займы;
      7) выполнение функций агента по обслуживанию гарантированных государством займов, возврату средств, выделенных из республиканского бюджета в связи с исполнением обязательств по государственным гарантиям и исполнением иных долговых обязательств юридических лиц Правительством Республики Казахстан.
      2. Функция, предусмотренная подпунктом 2) пункта 1 настоящей статьи, относится к исключительной компетенции Банка Развития, за исключением случаев осуществления бюджетного кредитования через специально созданные Правительством Республики Казахстан организации.";

      4) в статье 5:
      подпункт 4) после слов "заемные средства" дополнить словами ", в том числе из республиканского и местных бюджетов,";

      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) размещать свободные средства, включая заемные, на внутреннем и внешнем рынках высоколиквидных финансовых инструментов в пределах и порядке, определенных в Меморандуме;";

      в подпункте 5) слова "не входящих в Программу" заменить словами "за исключением республиканских и местных инвестиционных проектов";

      5) пункт 1 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "1. Государственный орган, осуществляющий в соответствии с законодательством Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций Банка Развития:
      1) осуществляет координацию и участвует в процессе взаимодействия Банка Развития с государственными органами по вопросам правового, финансового и иного обеспечения его деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) контролирует соблюдение Меморандума Банком Развития.";

      6) подпункт 3) статьи 7 изложить в следующей редакции:
      "3) открытие и ведение банковских счетов для зачисления займов Банка Развития, других займов и средств республиканского и местных бюджетов в целях осуществления платежей и переводов денег, предусмотренных договорами, заключенными в соответствии с обслуживаемыми Банком Развития инвестиционными проектами и экспортными операциями. При этом сумма денег на банковских счетах должна быть не более суммы совершаемых по ним операций, предусмотренных настоящим подпунктом;";

      7) в статье 8:
      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 8. Проведение Банком Развития банковской экспертизы";

      в пункте 1 слова "предлагаемых для включения в Программу" заменить словами "указанных в подпункте 3) пункта 1 статьи 4 настоящего Закона";
      в пункте 2 слова "включения проекта в Программу" заменить словами "финансирования инвестиционного проекта на возвратной основе";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Рассмотрение инвестиционного проекта, предлагаемого к финансированию на возвратной основе за счет средств государственного бюджета или гарантированного государством займа, осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, при наличии положительного заключения Банка Развития по результатам банковской экспертизы.";

      8) статьи 9-11 изложить в следующей редакции:

      "Статья 9. Привлечение и использование Банком Развития
                 займов из республиканского и местных бюджетов

      1. Получение Банком Развития займов из республиканского и местных бюджетов осуществляется исключительно на основе платности, срочности и возвратности.
      2. Порядок и условия предоставления, использования и возврата займов, получаемых Банком Развития из республиканского и местных бюджетов, определяются законодательством Республики Казахстан.
      3. Займы, привлекаемые из республиканского и местных бюджетов, используются для кредитования Банком Развития проектов, отбор которых производится им самостоятельно в соответствии с Меморандумом.

      Статья 10. Выполнение Банком Развития функций агента

      1. Банк Развития выполняет функции агента по инвестиционным проектам, указанным в подпункте 2) пункта 1 статьи 4 настоящего Закона, в соответствии с заключенными им договорами на агентское обслуживание.
      2. Финансирование инвестиционных проектов, по которым Банк Развития является агентом, за счет средств республиканского и местных бюджетов осуществляется администраторами бюджетных программ путем перечисления средств Банку Развития.
      3. По окончании или при досрочном прекращении реализации инвестиционного проекта Банк Развития возвращает остатки средств в соответствующие бюджеты.
      4. Банк Развития выполняет функции агента по гарантированным государством негосударственным займам, привлекаемым для финансирования проектов, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Статья 11. Мониторинг реализации обслуживаемых
                 Банком Развития инвестиционных проектов

      1. Банк Развития в отношении обслуживаемых им инвестиционных проектов может в соответствии с договорами на агентское обслуживание осуществлять мониторинг:
      1) графиков финансирования реализации проектов;
      2) финансового состояния заемщиков;
      3) фактического выполнения объемов работ, предоставленных услуг по реализуемым проектам.
      2. Банк Развития ежегодно в соответствии с договорами на агентское обслуживание проводит анализ реализации и финансирования инвестиционных проектов с оценкой соответствия результатов проектным технико-экономическим показателям и представляет соответствующее заключение в уполномоченный орган по экономическому планированию.";

      9) в статье 12:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Кредитование инвестиционных проектов и экспортных операций Банком Развития производится на условиях, в порядке и сроки, которые определены в соответствии с Меморандумом. Величина ставки вознаграждения по предоставляемым кредитам исчисляется с учетом средней стоимости заимствования и операционных расходов Банком Развития.";

      пункт 2 дополнить словами "в соответствии с Меморандумом";

      10) в статье 13:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Банк Развития осуществляет заимствование с обеспечением возврата займа собственными активами или под государственные гарантии Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Выпущенные Банком Развития долговые ценные бумаги являются агентскими облигациями с момента приобретения им статуса финансового агентства в соответствии с законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг.";

      в пункте 2 слово "гражданским" исключить;

      11) статьи 14-16 изложить в следующей редакции:

      "Статья 14. Участие Банка Развития в уставных капиталах
                  юридических лиц

      Банк Развития в соответствии с Меморандумом и законодательством Республики Казахстан участвует в уставных капиталах юридических лиц в случаях:
      1) обращения взыскания на долю участия или акции юридических лиц, ранее оформленные Банком Развития в залог, с целью их дальнейшей реализации;
      2) участия в уставном капитале юридических лиц, создаваемых профессиональными участниками рынка ценных бумаг (фондовая биржа, центральный депозитарий);
      3) участия в уставных капиталах организаций-лизингодателей.

      Статья 15. Ограничения деятельности Банка Развития

      Банку Развития запрещается:
      1) выдавать кредиты физическим лицам и банкам второго уровня, кредитным товариществам, негосударственным пенсионным фондам, организациям, осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами, инвестиционным фондам, страховым организациям, организациям-лизингодателям и другим организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, а также гарантии по их обязательствам;
      2) привлекать депозиты, открывать банковские счета физическим и юридическим лицам, за исключением случаев, предусмотренных в подпунктах 2), 3) и 5) статьи 7 настоящего Закона;
      3) предоставлять займы без обеспечения их возврата;
      4) осуществлять расчетно-кассовое обслуживание и участвовать в уставных капиталах юридических лиц, за исключением случаев, предусмотренных настоящим Законом;
      5) осуществлять дополнительное внешнее и внутреннее заимствование при наличии просроченных (более одного года) обязательств по ранее привлеченным займам.

      Статья 16. Уставный капитал Банка Развития

      1. Уставный капитал Банка Развития составляет не менее тридцати миллиардов тенге и формируется за счет средств республиканского и местных бюджетов.
      2. Правительству Республики Казахстан принадлежит контрольный пакет акций Банка Развития.
      3. Порядок и сроки формирования уставного капитала Банка Развития определяются его учредительными документами.
      4. Уставный капитал Банка Развития не может быть направлен на цели кредитования, кроме кредитования экспортных операций в соответствии с Меморандумом, и инвестируется на внутреннем и внешнем рынках высоколиквидных финансовых инструментов, в том числе для приобретения акций в соответствии со статьей 14 настоящего Закона.";

      12) в статье 20:
      в подпункте 1) слова "Министерство финансов Республики Казахстан" заменить словами "уполномоченный орган по исполнению бюджета";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) об освоении заемных средств, выделенных Банку Развития из республиканского бюджета, в уполномоченные органы по исполнению бюджета и бюджетному планированию, из местных бюджетов, - в соответствующие местные исполнительные органы, ежемесячно;";

      13) пункт 2 статьи 21 после слова "организацией" дополнить словами "(аудитором) о проведении аудита деятельности Банка Развития по итогам финансового года";

      14) статью 22 изложить в следующей редакции:

      "Статья 22. Акционеры Банка Развития

      Акционерами Банка Развития являются Правительство Республики Казахстан и местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы.".

      Президент
      Республики Казахстан