"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өндiрiс пен тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 8 Заңы

       1-бап.  "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) бүкiл мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тараулардың тақырыптарындағы "I-ХIХ" деген цифрлар тиiсiнше "1-19" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 1-бапта:
      жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;";

      мынадай мазмұндағы жиырма екiншi - отыз екiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар;
      қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы;
      қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi;
      аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi шығару процесi;
      қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
      қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi;
      қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар;
      қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар (уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
      тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар;
      қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;";

      4) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;";

      жетiншi абзац алып тасталсын;

      5) 8-баптың екiншi бөлiгiнде:
      төртiншi абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы оныншы және он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi мен қалдықтардың түрлерiн белгiлейдi және бекiтедi;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, қалдықтарды қауiптiлiк сыныбына жатқызу өлшемдерiн айқындайды;";

      6) 26-баптың жетiншi абзацындағы нүктелi үтiр алып тасталып, "болып табылады." деген сөздермен толықтырылсын және осы баптың сегiзiншi абзацы алып тасталсын;

      7) 27-баптың 2-тармағының үшiншi абзацы алып тасталсын;

      8) 36-баптың бiрiншi бөлiгiнде қазақша мәтiндегi сегiзiншi абзацтағы "жатады" деген сөз алып тасталып, "нормативтерi" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады.";

      9) мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 60-4-баптармен толықтырылсын:

      "60-1-бап. Қалдықтардың паспорты

      Өз қызметтерiнiң процесiнде қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар қалдықтардың паспортын жасауға тиiс, оның үлгiлiк нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      60-2-бап. Қалдықтар орналастырылатын объектiлерге
                қойылатын талаптар

      1. Қалдықтар орналастырылатын объектiлер құрылысының орнын анықтау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда арнайы (геологиялық, гидрологиялық және өзге) зерттеулер негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында және олардың қоршаған ортаға әсер етуi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге мiндеттi.
      3. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiн пайдалануды аяқтағаннан кейiн олардың жай-күйiн және қоршаған ортаға әсерiн бақылауға және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға мiндеттi.
      4. Елдi мекендердiң аумақтарында, орман саябақтары, курорт, емдеу-сауықтыру, рекреациялық, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Пайдалы қазбалар жатқан жерлердiң ластану қаупi және кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзуге қауiп туындаған жағдайда пайдалы қазбалар жатқан жерлерде қалдықтарды көмуге және кен жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады.

      60-3-бап. Қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын
                талаптар

      1. Өз қызметтерiнiң процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар осы қалдықтарды қауiптiлiктiң нақты сыныбына жатқызуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен растауға мiндеттi.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың өз процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын қызметтерi:
      1) қалдықтармен жұмыс iстеудiң адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеген кезде шектелуi;
      2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптарды бiрнеше рет (eкi реттен көп) бұзған жағдайда тыйым салынуы мүмкiн.

      60-4-бап. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау

      Қалдықтарды халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.";

      10) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:

      "10-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын
                   экологиялық талаптар

      62-1-бап. Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және
                өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта
                құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын
                талаптар

      1. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру, тоқтатып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар:
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
      пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi.
      2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.
      3. Пайдаланылу процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет.

      62-2-бап. Yй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды
                және өзге де объектiлердi пайдалану кезiндегi
                талаптар

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезiнде жеке және заңды тұлғалар:
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
      қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiнiң жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлеуге және оған бекiтуге ұсынуға;
      ең жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгiзуге;
      қалдықтар мен олар орналастырылатын объектiлерге түгендеу жүргiзуге;
      қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге;
      қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қолдануға;
      қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде авариялар туындаған немесе қаупi төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсер етуге әкеп соқтыратын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.

      62-3-бап. Елдi мекендердiң аумақтарында қалдықтармен
                жұмыс iстеуге қойылатын талаптар

      1. Елдi мекендердiң аумақтары қалдықтардан үнемi тазартылып тұруға тиiс.
      2. Елдi мекендердiң күтiп-ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып қамтамасыз етедi.

      62-4-бап. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

      1. Қалдықтарды тасымалдауға:
      1) қалдықтардың паспорты;
      2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары;
      3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен апаратын орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтарды тасымалдау құжаттары мен оларды беруге арналған құжаттар болған кезде жол берiледi.
      2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың тәртiбiн, оның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды, көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындайды.";

      11) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:

      "16-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау

      80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау:
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;
      қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
      қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;
      қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
      қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
      қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды;
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды;
      Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады.

      80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен келiседi.

      80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке
                алу және есептiлiк

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.
      4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

      80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiндегi мәлiметтердiң жүйесiн есепке алу мақсатында Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры жүргiзiледi.
      2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

      12) 86-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "қоршаған ортаны қорғау қорларына" деген сөздер "бюджетке" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об охране окружающей среды" по вопросам отходов производства и потребления

Закон Республики Казахстан от 9 декабря 2004 года N 8

      Статья 1.  Внести в Закон  Республики Казахстан от 15 июля 1997 г. "Об охране окружающей среды" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 17-18, ст. 213; 1998 г., N 24, ст. 443; 1999 г., N 11, ст. 357; N 23, ст. 931; 2001 г., N 13-14, ст. 171; N 24, ст. 338; 2002 г., N 17, ст. 155; 2004 г., N 10, ст. 57) следующие изменения и дополнения:

     
      1) по всему тексту слова "центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "Центральный исполнительный орган Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды", "центральному исполнительному органу в области охраны окружающей среды", "центральному исполнительному органу Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центрального исполнительного органа в области охраны окружающей среды" заменить соответственно словами "уполномоченного органа в области охраны окружающей среды", "Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды", "уполномоченным органом в области охраны окружающей среды", "уполномоченному органу в области охраны окружающей среды";

      2) в заголовках глав цифры "I - XIX" заменить соответственно цифрами "1 - 19";

      3) в статье 1:
      абзац двадцать первый изложить в следующей редакции:
      "отходы производства - остатки сырья, материалов, химических соединений, образовавшиеся при производстве продукции, выполнении иных технологических работ и утратившие полностью или частично исходные потребительские свойства, необходимые для применения в соответствующем производстве, включая техногенные минеральные образования и отходы сельскохозяйственного производства;";

      дополнить абзацами двадцать вторым - тридцать вторым следующего содержания:
      "коммунально-бытовые отходы - отходы, образующиеся в результате жизнедеятельности человека;
      вид отходов - совокупность отходов, имеющих общие признаки;
      класс опасности отходов - показатель вредности отходов, определяемый по степени возможного вредного воздействия на здоровье людей и окружающую среду;
      малоотходная технология - процесс производства продукции, при котором при производстве единицы продукции образуется меньшее количество отходов по сравнению с существующими способами получения этой продукции;
      нормативы обращения с отходами - количественные и качественные ограничения, связанные с образованием, сбором, хранением, использованием, утилизацией, перевозкой и захоронением отходов с учетом их воздействия на окружающую среду;
      обращение с отходами - все виды деятельности, связанные с образованием, сбором, хранением, использованием, утилизацией, перевозкой и захоронением отходов;
      объект размещения отходов - полигоны, шламохранилища, хвостохранилища, отвалы горных пород и другие специально оборудованные места для хранения и захоронения отходов;
      опасные отходы - отходы, содержащие вредные вещества и обладающие опасными свойствами (токсичностью, взрывоопасностью, пожароопасностью, высокой реакционной способностью) либо которые могут представлять опасность для здоровья человека и окружающей среды самостоятельно или при вступлении во взаимодействие с другими веществами;
      отходы потребления - изделия, материалы и вещества, утратившие полностью или частично свои потребительские свойства в результате физического или морального износа;
      паспорт отходов - документ, удостоверяющий количественную и качественную характеристику отходов;
      уполномоченный орган в области охраны окружающей среды - центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий реализацию государственной политики в области охраны окружающей среды, и его территориальные органы;";

      4) в статье 7:
      дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "разрабатывает основные направления государственной политики в области обращения с отходами;";

      абзац седьмой исключить;

      5) в части второй статьи 8:
      абзац четвертый исключить;

      дополнить абзацами десятым и одиннадцатым следующего содержания:
      "устанавливает и утверждает нормативы обращения с отходами и виды отходов;
      определяет совместно с уполномоченными органами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и промышленной безопасности критерии отнесения отходов к классу опасности;";

      6) абзац восьмой статьи 26 исключить;

      7) абзац третий пункта 2 статьи 27 исключить;

      8) часть первую статьи 36 дополнить абзацем девятым следующего содержания:
      "нормативы обращения с отходами.";

      9) дополнить статьями 60-1, 60-2, 60-3 и 60-4 следующего содержания:
      "Статья 60-1. Паспорт отходов

     
      Физическими и юридическими лицами, в процессе деятельности которых образуются отходы, должен составляться паспорт отходов, типовая форма которого определяется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

     
      Статья 60-2. Требования к объектам размещения отходов

     
      1. Определение места строительства объектов размещения отходов осуществляется на основе специальных (геологических, гидрологических и иных) исследований при наличии положительного заключения государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертиз.
      2. На территориях объектов размещения отходов и в пределах их воздействия на окружающую среду физические и юридические лица обязаны проводить мониторинг состояния окружающей среды в порядке, установленном уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      3. Физические и юридические лица после окончания эксплуатации объектов размещения отходов обязаны осуществлять контроль за их состоянием и воздействием на окружающую среду и работы по восстановлению нарушенных земель.
      4. Запрещается захоронение отходов на территории населенных пунктов, лесопарковых, курортных, лечебно-оздоровительных, рекреационных, а также водоохранных зон, на водосборных площадях подземных водных объектов, используемых в целях питьевого и хозяйственно-бытового водоснабжения. Запрещается захоронение отходов в местах залегания полезных ископаемых и ведения горных работ в случаях возникновения угрозы загрязнения мест залегания полезных ископаемых и безопасности ведения горных работ.

     
      Статья 60-3. Требования при обращении с опасными отходами

     
      1. Физические и юридические лица, в процессе деятельности которых образуются опасные отходы, обязаны подтвердить отнесение данных отходов к конкретному классу опасности в порядке, установленном уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.
      2. Деятельность физических и юридических лиц, в процессе которой образуются опасные отходы, может быть:
      1) ограничена при отсутствии обеспечения безопасного для здоровья человека и окружающей среды обращения с отходами;
      2) запрещена в случае неоднократных (более двух раз) нарушений экологических требований при обращении с отходами, повлекших причинение вреда здоровью людей и окружающей среде.

     
      Статья 60-4. Международные перевозки отходов

     
      Международные перевозки отходов осуществляются в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.
      Контроль за ввозом (вывозом) отходов в Республике Казахстан обеспечивается государственными органами, осуществляющими пограничный, транспортный и таможенный контроль, а также уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и государственными органами санитарно-эпидемиологической службы в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.";

     
      10) дополнить главой 10-1 следующего содержания:

     
"Глава 10-1. Экологические требования при
обращении с отходами

     
      Статья 62-1. Требования к проектированию,
                   строительству, реконструкции, консервации и
                   ликвидации зданий, строений, сооружений и
                   иных объектов

     
      1. При проектировании, строительстве, реконструкции, консервации и ликвидации зданий, строений, сооружений и иных объектов, в процессе эксплуатации которых образуются отходы, физические и юридические лица обязаны:
      соблюдать экологические, санитарно-эпидемиологические и иные требования, установленные законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      иметь нормативно-техническую документацию об использовании, обезвреживании, утилизации образующихся отходов.
      2. Строительство, реконструкция, консервация и ликвидация зданий, строений, сооружений и иных объектов, эксплуатация которых связана с обращением с отходами, допускаются при наличии положительного заключения государственной экологической, санитарно-эпидемиологической экспертиз и экспертизы в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.
      3. При проектировании зданий, строений, сооружений и иных объектов, в процессе эксплуатации которых образуются отходы, необходимо предусматривать места (площадки) для их сбора.

     
      Статья 62-2. Требования при эксплуатации зданий,
                   строений, сооружений и иных объектов

     
      1. Физические и юридические лица при эксплуатации зданий, строений, сооружений и иных объектов, связанных с обращением с отходами, обязаны:
      соблюдать экологические, санитарно-эпидемиологические и иные требования, установленные законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      в порядке, установленном уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, разрабатывать и представлять ему на утверждение проекты нормативов обращения с отходами;
      внедрять малоотходные технологии на основе новейших научно-технических достижений;
      проводить инвентаризацию отходов и объектов их размещения;
      проводить мониторинг состояния окружающей среды на территориях объектов размещения отходов;
      соблюдать требования предупреждения аварий, связанных с обращением с отходами, и принимать неотложные меры по их ликвидации;
      в случае возникновения или угрозы аварий при обращении с отходами, которые наносят или могут нанести ущерб окружающей среде, здоровью или имуществу физических и (или) юридических лиц, немедленно информировать об этом уполномоченные органы в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения, а также местные исполнительные органы.
      2. Запрещается эксплуатация зданий, строений, сооружений и иных объектов, в которых обращение с отходами влечет опасное для здоровья человека и окружающей среды воздействие.

     
      Статья 62-3. Требования к обращению с отходами
                   на территории населенных пунктов

     
      1. Территории населенных пунктов подлежат регулярной очистке от отходов.
      2. Контроль за содержанием населенных пунктов обеспечивают местные исполнительные органы совместно с государственными органами санитарно-эпидемиологической службы и уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

     
      Статья 62-4. Требования к перевозке отходов

      1. Перевозка отходов допускается при наличии:
      1) паспорта отходов;
      2) специально оборудованных и снабженных специальными знаками транспортных средств с соблюдением требований безопасности к перевозке опасных отходов;
      3) перевозочных документов и документов для передачи опасных отходов с указанием количества перевозимых опасных отходов, цели и места назначения их перевозки.
      2. Порядок перевозки опасных отходов, в том числе выполнение погрузочно-разгрузочных работ, определяется уполномоченным органом, осуществляющим реализацию государственной политики в области транспорта, координацию и урегулирование деятельности транспортного комплекса Республики Казахстан, по согласованию с уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.";

     
      11) дополнить главой 16-1 следующего содержания:

     
      "Глава 16-1. Контроль за обращением с отходами

     
      Статья 80-1. Государственный контроль за
                   обращением с отходами

     
      1. Государственный контроль за обращением с отходами осуществляется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, государственными органами санитарно-эпидемиологической службы и иными государственными органами в пределах их компетенции.
      2. Государственный контроль за обращением с отходами включает в себя:
      контроль за выполнением экологических, санитарно-эпидемиологических и иных требований в области обращения с отходами;
      контроль за соблюдением требований к международным перевозкам отходов;
      контроль за соблюдением условий осуществления деятельности по обращению с опасными отходами;
      контроль за соблюдением требований предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, возникающих при обращении с отходами;
      контроль за соблюдением требований и правил перевозки отходов;
      контроль за выполнением мероприятий по уменьшению количества отходов и вовлечению отходов в хозяйственный оборот в качестве дополнительных источников сырья;
      контроль за достоверностью предоставляемой информации в области обращения с отходами и отчетности об отходах;
      контроль за принятием мер по устранению нарушений законодательства Республики Казахстан в области обращения с отходами.
      3. Решения органов, осуществляющих государственный контроль за деятельностью в области обращения с отходами, могут быть обжалованы в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

     
      Статья 80-2. Производственный контроль за
                   обращением с отходами

     
      1. Лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, организуют и осуществляют в ходе своей деятельности производственный контроль за соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.
      2. Порядок осуществления производственного контроля разрабатывается и утверждается лицами, осуществляющими деятельность в области обращения с отходами, самостоятельно и согласовывается с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и государственными органами санитарно-эпидемиологической службы.

     
      Статья 80-3. Учет и отчетность в области обращения
                   с отходами

     
      1. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обязаны вести учет образовавшихся, использованных, обезвреженных, переданных другим лицам или полученных от других лиц, а также размещенных отходов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      2. Порядок ведения учета в области обращения с отходами устанавливается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды по согласованию с уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      3. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обязаны представлять отчетность в порядке и сроки, которые определяются уполномоченным органом в области охраны окружающей среды по согласованию с уполномоченными органами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и статистики.
      4. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обеспечивают хранение материалов учета в течение срока, определенного уполномоченным государственным органом управления архивами и документацией Республики Казахстан.

     
      Статья 80-4. Государственный кадастр отходов

     
      1. В целях учета системы сведений при обращении с отходами ведется Государственный кадастр отходов.
      2. Ведение Государственного кадастра отходов осуществляется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.";

      12) в части третьей пункта 1 статьи 86 слова "фонды по охране окружающей среды" заменить словом "бюджет".

     
      Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2005 года.

      Президент
      Республики Казахстан