1-бап. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1) кіріспеде "мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілi акционерлiк қоғамдардың" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілi мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың шешімдерiн тура және (немесе) жанама түрде белгілеуге және (немесе) олар қабылдайтын шешiмдерге, оның ішiнде негiзгі ұйымның акцияларын (үлестерiн) иелену құқықтарын жүзеге асыруға байланысты шешiмдерге, шарттарға ықпал етуге мүмкiндiгi бар тұлғалар (акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметін реттеуді өздеріне берiлген өкілеттік шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың өзiне қатысты осындай құқығы болатын кез келген тұлға;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік монополия - шаруашылық жүргізудi тек қана мемлекеттiк органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актiлерi негiзiнде жүзеге асыратын, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсiздiк, құқық тәртiбi, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсiздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптiк кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан мақсатқа сай болмайтын жағдайларда жүзеге асырылатын қызмет саласы. Мемлекеттiк монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды;";
3) тармақшада "мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және" деген сөздермен ауыстырылсын; "есебiнен" деген сөзден кейін ", осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасы - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер белгілі бір тауар рыногында қалыптасқан бағалар деңгейiнен едәуір төмен бағамен ұсынылатын, ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы;";
5) тармақшадағы "мемлекеттiк кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар, сондай-ақ" деген сөздер "сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мерзiмдi баспасөз - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, өткізілуге дайындалып жатқан және өткiзілген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын мерзiмдi баспасөз басылымдары;";
3) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 9-1) - 9-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;";
"9-1) тапсырыс берушiлерге және конкурсты ұйымдастырушыларға, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысына өз құзыретiндегі мәселелер бойынша орындалуға мiндеттi ұйғарымдар енгізедi;
9-2) конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушiнiң іс-әрекеттеріне шағым жасалған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуды тиiстi тексеру жүргізу кезеңiне, бірақ күнтiзбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы;
9-3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасайды;
9-4) тапсырыс берушiлерден қажеттi есептiлiктi, ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
9-5) ұсынылған есептiлiк деректердің дұрыстығын тексередi;
9-6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу мәселелері бойынша тапсырыс берушілер орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
9-7) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн бақылайды;
9-8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткiзiлген кезде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берiлiп, ол конкурс қорытындысына ықпалын тигiзген жағдайда және егер өткiзілген конкурс конкурстың жеңiмпазын айқындауға және шарт жасасуға алып келмесе - конкурсты жарамсыз деп тану туралы шешiмдер қабылдайды;
9-9) сараптамалар мен консультациялар өткізуге мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын тартады;";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi органның ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.";
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi
өз билігіндегi ақша есебiнен сатып алуды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттi
субъектiлердің мемлекеттiк тiзiлiмi
Мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өз билiгiндегi ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектiлердiң мемлекеттік тiзілімiне енгiзiлуге тиiс.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгiндегi ақша есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектілердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзудің және одан шығарудың тәртібiн уәкiлеттi орган белгілейдi.";
5) 8-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
бірiнші абзац "өнiм беруші" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 20-бабында және 21-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсіптiк бiлiктiлiгi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң тиiстi рыногында кемінде бір жыл жұмыс тәжiрибесі болуға;";
5) тармақшадағы "сот жауапқа тартпаған" деген сөздер "заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негізiнде жауапқа тартылмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "қолдау жасалатын шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне" деген сөздер "шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне және ықтимал өнiм берушілер болып табылатын жағдайларда мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурстарға кәсіпкерлiк қызметпен айналыспайтын ықтимал өнiм беруші - жеке тұлғалар өздері осындай ықтимал өнім берушi - жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесiлі тауарларды тапсырыс берушіге сату мақсатында қатысқан кезде, осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, олардың білiктiлiк талаптарына сай болуы талап етiлмейдi.";
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "толық емес немесе" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ықтимал өнiм берушiлердің дәйектемесiз ақпарат ұсынған анықталған барлық фактiлерi туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар өнiм берушiлердiң мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны туралы сотқа талап-арыздар ұсынған кезде олардың талап-арыздары қанағаттандырылған жағдайда, олар сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның мекен-жайына белгiленген тәртiппен расталған сот шешiмiнің көшiрмесiн жiбере отырып, оны хабардар етуге мiндеттi.
Бiлiктiлiк талаптары бойынша дәйектемесiз ақпарат ұсынған ықтимал өнiм берушiлер туралы, сондай-ақ соңғы екi жыл iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде жауапқа тартылған ықтимал өнiм берушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi органның WEB-сайтына орналастырылады.";
6) 9-бапта:
4-тармақта:
екiншi бөлiкте "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер олардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер жаңа қаржы жылының басына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетi бекiтiлмеген болса, осы баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылуын ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға да құқылы.
Құрылыстағы ұзақ мерзiмдi мердiгерлiк жұмыстарға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге жасалған шарттар, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды сатып алу туралы шарттар бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттар жасасудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейдi.";
7) 10-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тапсырыс берушi бюджет (бизнес-жоспар) бекiтiлгеннен кейiн келесi жылға қажеттi және бекiтiлген бюджетте (бизнес-жоспарда) көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.";
3-тармақта:
бесiншi бөлiкте "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар" деген сөздер "акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiкте "акционерлiк қоғамдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы ", сондай-ақ оған төлем жасаудың реквизиттерi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ашық конкурсты өткiзу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей мерзімді баспасөзде мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде жариялануға тиiс.
Хабарландырулар бiр мезгiлде уәкiлеттi органның WEB-сайтында жариялануы мүмкiн.
Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда қайтадан ашық конкурс өткiзу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.";
9) 12-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "қоса алғанда," деген сөздерден кейiн "ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 14-бапта:
1-тармақта:
"үш процентi мөлшерiнде" деген сөздер "бiр процентiнен үш процентiне дейінгі мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету мөлшерi барлық конкурсқа қатысушылар үшiн бiрдей болуға тиiс.";
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) олар шағын кәсіпкерлік субъектілерi болып табылатын және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің көлемі құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 3) тармақшадағы "қатысса" деген сөзден кейiн нүктелі үтір қойылып, ", конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi." деген сөздер алып тасталып, 4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) олар Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдар болса және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;";
"4) олар қайталама рыноктағы тұрғын үйді мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысушы жеке тұлғалар болып табылса, конкурстық өтінімдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.";
6-тармақтың 5) тармақшасындағы "қабылданбаған" деген сөзден кейiн нүктелі үтiр қойылып, "жағдайларда бес жұмыс күнi ішінде қайтарып бередi." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) басқа ықтимал өнiм беруші конкурстың жеңiмпазы болып айқындалған жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi.";
11) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi "мүшелерi" деген сөзден кейiн "және хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 16-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) ықтимал өнiм берушілердiң конкурстық өтінімдеріндегі мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға құқылы;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтiнімiн бағалау кезiнде осы ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алумен байланысты барлық шығыстары ескеріледi.";
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) осы конкурстық өтiнiмдi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу өз мүддесiне орай жүзеге асырылатын тұлға берсе;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімiнің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Объектiлердi салуға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бір жылдан асатын тауарларды сатып алуға конкурс өткiзiлген кезде, егер конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімінің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн көзделген сомадан артық болған жағдайда да оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтінiмiнің бағасы демпингтiк болып табылатын жағдайда, конкурстық комиссия оның конкурстық өтiнiмiн қабылдамауға құқылы. Конкурстық өтiнiмнің демпингтік бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
4-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер конкурстық құжаттама талаптарына сай келетiн екiден кем конкурстық өтінім ұсынылған болса да конкурстық комиссия конкурсты өтпей қалды деп таниды.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткiзудi;";
6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерге баға берiп, оларды салыстырады және мынадай өлшемдердi ескере отырып, ең төменгі баға негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтінімдi айқындайды:";
1) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша ", сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердiң тиісті рыногындағы жұмыс тәжiрибесi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы "конкурстық комиссияның мүшелерi" деген сөздер "конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың екiншi бөлiгi "бағасын көтере отырып," деген сөздерден кейiн "егер осы Заңда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
13) 17-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) егер конкурс өткен жағдайда, - сатып алуға бөлiнген сома.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнiм беруші конкурстың қорытындылары мерзiмдi баспасөзде жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн iшiнде конкурстың қорытындылары бойынша уәкiлеттi органға шағым жасауға құқылы. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл ақпаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары болып табылатын мәліметтер болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртіппен беріледi.";
14) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау, осы тармақтың екiншi бөлiгінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемдері құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
Мемлекеттiк бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштiң екі мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана өнiм берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдауға құқылы.";
15) 21-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер белгiлi бір тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісiнде ғана болған немесе балама болмаған;
1-2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттiк монополия субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана болған;";
3) тармақша "технологиялар" деген сөзден кейін ", жұмыстар деген сөзбен; "технологиямен" деген сөзден кейін ", жұмыстармен" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
4) конкурс өтпей қалды деп танылған және (немесе) тапсырыс берушi қолданған, осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға алып келмеген жағдайларда ғана жүргізiледi. Бұл ретте осы ереже конкурс жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;";
5) тармақшада "белгілейдi." деген сөз "белгiлеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мына мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) коммуникациялар, тетiктер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдар жол жүрiп бара жатқанда сынған, iстен шыққан әрі оларды дереу қалпына келтiру талап етілген жағдайда акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар уәкiлеттi органға кейiннен мiндеттi түрде күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде хабарлай отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған;
7) күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi конкурстың қорытындылары шығарылғанға дейiнгi кезеңге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ғана жүргiзiледi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер мемлекеттiк бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнің қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің екi мың еселенген мөлшерiнен, ал акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен артық болса, осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүзеге асырады. Табиғи монополия субъектiлерінің немесе белгілi бiр тауар рыногындағы үлесi жүз процентке тең, осы рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетiн қызметтерiн сатып алуы уәкiлеттi органның келiсiмiн талап етпейдi.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң бiртекті түрлерiн, егер олардың тіптi бiреуінің мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң:
1) мемлекеттiк бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен;
2) акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткіштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болса, сатып алудың жылдық көлемiн қаржы жылы iшiнде бөлшектеуге жол берілмейдi.
Осы баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушілер мемлекеттiк монополия субъектілерiнен осы субъектiлер мемлекеттiк монополия субъектiлерi ретiнде айқындалған бөлiгiнде көрсететiн қызметтердi ғана сатып алуға құқылы. Бұл ретте уәкілеттi органның келiсiмi талап етiлмейдi.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу бір көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етілмейдi.";
4-тармақта:
"өнiм берушi" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды келiсудің тәртiбiн, сондай-ақ бұл жағдайларда өтiнiштердi қарау үшін қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейдi.";
16) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу
Мемлекеттiк сатып алу процесінде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес тауар биржаларында жүргiзіледi.
Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген қандай да бір бiртектi тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен, ал мемлекеттiк бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң екі мың еселенген мөлшерден аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарында өзге ең төменгі көлем белгіленбесе, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.";
17) 23-бапта:
1-тармақ "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейін "типтiк шарттың негізiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмi конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттік сатып aлу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерiстер және (немесе) жаңа талаптар енгiзуге жол берілмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлiгінде өзгерiстер енгізуге жол берiледi.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған ықтимал өнiм берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердің бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескерiле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнiм берушінің екі жақты келiсiмi бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерiстер енгізiлуi мүмкiн.";
18) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Мемлекеттiк меншiкке билік етуге уәкiлеттi
мемлекеттiк органның көрсетілетін қызметтердi
сатып алуының ерекше талаптары
Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық міндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ерекше тәртiппен жүргiзіледi.";
19) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
"25-1-бап. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру
1. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу арнайы тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк сатып алу процесін жүзеге асырудың арнайы тәртiбiн, ақпараттық жүйеге жол берудің ерекшелігін, номенклатураны, көлемдердi және мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ақпараттық жүйелер арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға міндетті тапсырыс берушілерді Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк сатып алу процесін қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру мемлекеттік монополия болып табылады.";
20) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдар қатыстырылатын конкурс өткізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде олардың арасынан өнiм берушіні таңдау, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 16-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы осы Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес жалпы негiздерде конкурсты қайтадан өткiзуге құқылы.";
21) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап. Сатып алынуы мемлекеттiк сатып алу нысанасы
болып табылмайтын тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетiн қызметтер
1. Мыналар:
1) жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстар;
2) жалақы, жәрдемақылар, iссапар шығыстары және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
3) ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторларына төленетiн авторлық сыйақы;
4) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың жеңiмпаздары болып белгіленген акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсіпорындар, заңды тұлғалар немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы конкурстың нәтижесiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
5) өкiлдiк шығыстар (өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында жүргізiлетін ресми қабылдауларды өткiзу, сондай-ақ басқарманың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты есебiнен қамтылатын органдардың, директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына қатысушыларды ресми қарсы алу және акционерлер жиналысын өткiзуге арналған, келiссөздер кезiнде оларды көлiкпен қамтамасыз ету, буфет (фуршет) қызметiн көрсету жөнiндегi, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар);
6) көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысуға қажетті шығыстар, сондай-ақ көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
7) қызметкерлердi шет елдерде даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
8) кепіл, кепiлдiк және қаржылық қызметтердi тарту туралы шарттар бойынша мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсiлдерi;
9) лизингке беру, факторинг, франчайзинг, комиссия шарты бойынша сыйақы төлеу, сенiмгерлiк басқару, бюджет қаражатынан төлем жасау бөлігінде тiкелей субсидия алушыға субсидия бepу;
10) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi сатып алу, қаржылық қызметтер (сақтандыру қызметтерiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржылық қызметтердi тартуын қоспағанда);
11) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгілi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусіз негiзде ұсынатын гранттар қаражатын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге де рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты жұмсау;
12) мемлекеттiк бiлiм тапсырысы;
13) медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемi;
14) саудаларға (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар, мүлiктi (активтердi):
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарына сәйкес сот орындаушылары жүргiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес өткiзiлетін;
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес өткiзілетiн;
мемлекеттiк мүлікті жекешелендiру кезiндегi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша өткiзілетiн саудаларда (аукциондарда) сатып алу;
15) бағалы қағаздарды сатып алу;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң монетарлық қызметi;
17) банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi жасауға байланысты тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлік басқару жөнiндегi қызметi;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргiзу;
20) ұйымдардың жарғылық капиталына инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялық қорының қызметi, сондай-ақ осы ұйымдардың мұндай инвестициялау жүзеге асырылғанға дейiн оларға осы Заңның күші қолданылмаған жағдайда тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
21) Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес (6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда) адвокаттар көрсететін заң көмегi үшiн ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсетiлген заң көмегi үшін ақы төлеу және мұндай жағдайларда қорғау мен айыпталушының немесе сезiктінің таңдау құқығы болмаған кезде қылмыстық iстер бойынша адвокаттық қызмет көрсетілуiне байланысты шығыстарды өтеу;
22) жасалатын нотариаттық iс-әрекеттер үшiн ақы төлеу;
23) мемлекеттік органдардың актілерi негізiнде жер учаскелерiн беру үшін ақы төлеу;
24) акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада өткізу мақсатында сатып алуы;
25) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) мемлекеттiк награлаларды, депутаттың омырауға тағатын белгісін, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық), Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, акциздік маркаларды әзiрлеу үшін ақы төлеу;
27) статистикалық деректердi өңдеу жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
28) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың инновациялық қызметтi қаржыландыру жөнiндегi шешiмдi қабылдау мақсатында инновацияларға тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтердi сатып алуы;
29) ұйымдардың Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметінің негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетін қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тізбе бойынша сатып алуы;
30) жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды орындау кезiнде:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдемдесуге келісім берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтік үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті сатып алуы;
жасырын кәсіпорындар мен ұйымдар құруы;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтердi сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушiлер осы Заңның 3-бабында белгіленген мемлекеттiк сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптерiн басшылыққа алуға мiндетті.".
2-бап.
Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастар бойынша осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттерге қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер осы Заңға сәйкестендiрiлгенге дейін олардың осы Заңға қайшы келмейтiн тұстары ғана қолданылады.