Женевада 2004 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркін сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi
арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы
келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметiнiң арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы келiстi:
1. Келiсiмнiң 2-бабында:
1-тармақта:
"жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Хаттамамен" деген сөздiң алдынан "осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын көрсетiлген Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алуларды қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңiмен жою кестесiне сәйкес жоюға келiстi.";
2-тармақ алынып тасталсын;
мынадай редакцияда жаза отырып, 3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн:
"2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн және оны қолдану кезеңiндегi Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, шығарылуы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарларды шығаратын елдердi айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар ұғынылады.".
2. Келiсiм осы Хаттаманың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2004 жылғы 11 қарашада Женева қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, грузия және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру барысында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Грузия
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы
1997 жылғы 11 қарашадағы
еркiн сауда туралы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы хаттамаға
қосымша
"Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы
1997 жылғы 11 қарашадағы
еркiн сауда туралы келiсiмге
қосымша
Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн
сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңiмен жою кестесi
СЭҚ ТН |
Тауар атауы |
Алуларды |
2203 |
Уытты сыралар: |
2005 жылғы |
2205 |
Өсiмдiк немесе хош иiсті заттар қосылған вермуттар мен өзге де жүзiмнен жасалған табиғи шараптар |
2005 жылғы |
2206 |
Өзге ашытылған сусындар (алма сидрi, перри/алмұрт сидрi/ бал сусыны); ашытылған сусындардан жасалған қоспалар мен басқа жерде аталмаған ашытылған сусын қоспалары мен алкогольсiз сусындар |
2005 жылғы |
2207 |
Көлемi 80% немесе одан да көп спирт қоспасы бар денатураландырылмаған этил спиртi; этил спиртi және өзге денатураландырылған, кез келген қоспадағы спирттер |
2006 жылғы |
24 |
Темекi және темекiнi өнеркәсiптік алмастырғыштар |
2005 жылғы |
1701 99 100 |
Ақ қант |
2005 жылғы |
"
Осымен 2004 жылғы 11 қарашада Женева қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық
департаментiнiң Кеңесшісi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия
Үкiметі арасындағы еркiн сауда туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi,
өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуды ұстанатындықтарын растай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Грузияның қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстарын ескере отырып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің еркiн қозғалысы өзара келiсiлген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн таный келiп,
Қазақстан Республикасы мен Грузияның Тарифтер және сауда жөнiндегi Бас Келiсiмнің (ТСБК) және Бүкiлдүниежүзілiк Сауда Ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар, тең құқық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа алып, Тарап - Мемлекеттерде қолданылатын заң актiлерін сақтай отырып, тiке шаруашылық байланыстардың негiзiнде, меншiк түрлерiне қарамастан, шаруашылық қызметi субъектiлерi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, кеңейтетiн болады.
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарабына экономикалық нұқсан келтiрерлiк әрекеттерге бармайтын болады.
2-бап
1. Тараптар бiрiнiң кеден аумағынан шығып, басқа Тарабының кеден аумағына арналған тауарлардың кедендiк ресiмделуiндегi алымдардан, сондай-ақ экспортына және/немесе импортына қойылатын сандық шектеулерiнен басқа, барабар күшi бар кедендiк баж алым, салықтар қолданбайды. Жыл сайын, екi жақты негiзде жеке Хаттамамен ресiмделiп, тауарлар келiсiлген номенклатура бойынша аталған сауда тәртiбiнен алынып отырады.
2. Тараптар, осы баптың 1-тармағына сәйкес, еркiн caуда тәртiбiнен алынатындардың тiзбесiн, сондай-ақ осы алынатындарды қолданудың жалпы әдiстерiн жыл сайын әзiрлеп келiсiп отырады.
3. Осы Келiсiмнiң және оның қолданылу кезеңіндегi мақсаттар үшiн, Тарап-мемлекеттердің кеден аумағынан шығатын тауарлар деп, халықаралық нормаларға сәйкес тауар шыққан елдің Айқындайтын ережесiмен белгiленген тауарларды айтамыз.
3-бап
әрбiр Тарап:
- iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асатын iшкi алым немесе салықтарды осы Келiсiмнiң күшi қолданылатын тауарларға тiкелей немесе жанама салмайтын;
- басқа Тараптан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасымалдауға, сондай-ақ төлемдерге және төлемдердi аударуға қатысты, осындай жағдайларда өз тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға қатысты қолданылатындарынан өзге ережелердi қолданбайтын болады.
4-бап
Тараптар осы Келiсiмнің шеңберiнде өзара саудада тауарлардың экспортына және/немесе импортына, кемсiтушiлiк шаралар қолданудан, сандық шектеулер немесе оларға барабар шаралар қолданудан бас тартатын болады.
Тараптар тек, ақылға сай шамамен және қатаң белгiлi бiр мерзiмге бiржақты түрде сандық немесе өзге арнайы шектеулер тағайындай алады.
Аталған шектеулер айрықша сипатта болуға тиiс және ТСБК мен БСҰ шеңберiнде көзделген келiсiмдер жағдайында ғана қолданылуы мүмкiн.
Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулердi қолдануды енгiзудің негiзгi себептерi, оның нысаны мен болжамды мерзiмдерi туралы басқа Тарапқа мүмкiндiгiнше күнi бұрын толық ақпарат табыс етуге тиiс, осыдан кейiн консультация тағайындалады.
Баптың 1-тармағында аталған сандық шектеулер, сондай-ақ Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша белгiленіп, Хаттамамен ресiмделуi мүмкiн.
5-бап
Тараптар, осы тауарлар өз аумағынан шыққан басқа Тараптың оның экспортына қатысты тарифтiк немесе тарифтiк емес реттеу шараларын қолданатын, сол тауарларды қайта экспорттауға жол бермейтiн болады.
Тараптар тарифтiк немесе тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiн алысады.
Осы тауарлар шығатын елдiң мемлекетiнiң өкiлеттi органының жазбаша келiсiмiмен және сол айқындаған жағдайлармен мұндай тауарлар үшiншi бiр елге қайта экспортталуы мүмкiн. Осы ереже орындалмаған жағдайда, мүддесi бұрмаланған Тарап рұқсатсыз қайта экспорттауға жол берген Тараптың аумағына тауарлар шығаруды бiржақты түрде реттеу жөнiнде шараларды енгiзуге құқылы. Рұқсатсыз қайта экспортталған жағдайда, тауарлар шығатын ел, келтiрiлген заң өтемiн талап етуi және айыпшара қолдануы мүмкiн.
Осы бапта, қайта экспорттау деп, басқа Тараптың, тауарларды үшiншi бiр елге экспорттау мақсатымен келесi бiр Тараптың кеден аумағынан шығатын тауарларды оның аумағынан тысқары жерлерге шығаруын айтамыз.
6-бап
Тараптар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысу мен төлемдер Тараптардың өкiлеттi банктерi арасында есеп айырысу ұйымдастыру туралы Банкаралық келiсiмге сәйкес жүзеге асырылуға тиiстi.
7-бап
Тараптар кедендiк статистиканы қоса алғанда, экономикалық қызметке байланысты заңдар және басқа нормативтiк актiлер, соның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк, сақтандыру қызметтерi және өзге де қаржылық қызметтер, көлiк және кеден мәселелерi жөнiнде тұрақты негiзде ақпарат алысатын болады.
Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуына ықпал етуi мүмкiн, ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiне кiдiрiссiз хабарлайды.
Мұндай ақпарат алысудың ретiн Тараптардың өкiлеттi органдары келiсiп алады.
Осы баптың ережелерi:
кез-келген Тараптың құзырлы органдарын Тараптардың бiрiнiң заңы бойынша немесе кәдiмгі әкiмшiлiк iс-тәжiрибесiнiң барысында алуға болмайтын ақпар берулерiне;
қандай да бiр сауда, кәсіпкерлiк, өнеркәсiптiк, сауда-саттық немесе кәсіптiк құпияны немесе ашылуы Тараптардың мемлекеттiк мүдделерiне қайшы келетiн ақпар берулерiне мiндеттейтiндей етіп, түсiндiрiлмейтiн болады.
8-бап
Тараптар терiс iскерлік тәжiрибенi осы Келiсiмнiң мақсаттарына сай келмейдi деп таниды және атап айтқанда, аса бiр жағдайларда болсын болмасын, оның мынадай әдiстерiне жол бермеуге мiндеттенедi:
- Тарап мемлекеттерiнiң аумағында бәсекелестiкке кедергi келтiру немесе шектеу немесе оған жасалған жағдайларды бұрмалау мақсатымен кәсiпорындар арасында жасалған шарттар, кәсiпорындар бiрлестiгi қабылдаған шешiмдер және iс тәжiрибесiнің жалпы әдiстерi;
- Тарап мемлекеттерiнiң аумағының барлық немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестiктi шектей отырып, бiр немесе бiрнеше кәсiпорынның өздерiнің үстем жағдайын пайдаланатын iс-әрекетi.
9-бап
Тараптар статистикалық ақпарат алысу, кедендiк рәсiмдер жүргізу үшiн екiжақты экономикалық қарым-қатынастың тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезiнде Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесiмдi жүйесiне және Еуропалық Экономикалық Одақтың Құранды тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының (СЭҚ ТН) бiрыңғай тоғыз таңбасын пайдаланатын болады. Тараптар бұл орайда, өз қажеттiлiктерi үшiн қажет болғанда, тоғыз таңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.
Тиiстi халықаралық ұйымдардағы өкiлеттiктер арқылы өзара келiсiлген негiзде тауарлық номенклатураның эталондық нұсқасы енгiзiледi.
10-бап
Тараптар транзиттiк өту еркiндiгi принципiн сақтау осы Келiсiмге қол жеткiзудің аса маңызды шарты және халықаралық еңбек бөлiнiсi мен серттесу жүйесiне қосылу процесiнің елеулi буыны екендiгiмен келiседi.
Осыған байланысты әрбiр Тарап басқа Тараптың және/немесе үшiншi бiр елдiң кедендiк аумағынан шығатын және басқа Тараптың немесе кез келген үшiншi бiр елдің кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өзiнің экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе үшiншi бiр мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берiлетiндерiнен кем болмайтындай етiп, құралдар мен қызметтердің транзитiн қамтамасыз ету үшiн қолындағы барлық жағдайларды жасайтын болады.
Мемлекеттердің аумағы бойынша жүктердi өткiзудің ретi мен шарты Халықаралық тасымалдаудың ережелерiне сәйкес реттеледi.
11-бап
Егер бұл шаралар мыналарға қатысы болса, осы Келiсiм Тараптардың кез-келгенiнiң өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғау үшін қажет деп санайтын немесе ол қатысып отырған немесе қатыспақ ниетi бар халықаралық шарттарды орындауы үшiн сөзсiз қажеттi, халықаралық iс-тәжiрибеде жалпы қабылданған шараларды қолдану құқығына кедергi болмайды, олар:
ұлттық қорғаныс мүдделерi;
қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасы;
қорғаныс қажеттiлiгiмен байланысты өндiрiстер үшiн зерттеулер;
ядролық өнеркәсiпте пайдаланылатын материалдар мен құрал-жабдықтар беру;
қоғамдық имандылықты, қоғамдық тәртiптi қорғау;
өнеркәсiп немесе ақыл-ой меншiгiн қорғау;
алтын, күмiс немесе өзге құнды металдар және асыл тастар;
адам денсаулығын және айнала ортаны қорғау.
12-бап
Тараптар экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн жасау үшiн экспорттық бақылаудың келiсiмдi саясатын жүргiзу мақсатында үшiншi бiр елге қатысты тұрақты түрде консультация өткiзiп, өзара келiсiлген шаралар қабылдайтын болады.
13-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған екiжақты келiсiмдердің ережелерiн, осы Келiсiмге сәйкес келмейтiн, не онымен ұқсас келетiн шамасына қарай алмастырады.
14-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы дау-талас келiссөздермен шешiлетiн болады.
Тараптар өзара сауда мәселесiнде шиеленiстi жағдайды болдырмауға ұмтылатын болады.
Әрбiр Тарап өз аумағында төрелiк сот шешiмдерiн тану және оны жүзеге асыру жөнiнде тиiмдi құралдар болуын қамтамасыз етедi.
15-бап
Қажет болған жағдайда, Осы Келiсiмге Тараптардың келiсуi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
16-бап
Осы Келiсiм, Тараптардың осы үшiн қажеттi ішкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағандары туралы жазбаша хабарлама алысқан мерзiмнен бастап күшiне енедi және Тараптың бiрi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнің күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген мерзiмнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
Осы Келiсiмнiң күшi тоқтатылғаннан кейiн, оның ережелерi оның күшiнде болған мерзiмiнде екi елдің кәсiпорындары мен ұйымдары арасында жасалған, бiрақ орындалмаған шарттамаларға, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге қолданылатын болады.
1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, грузия және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данамен жасалды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатымен орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының Грузия
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Осымен 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнің және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған хаттаманың түпнұсқаларының көшiрмелерінiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық
департаментiнiң Кеңесшісi
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметі
арасындағы 1997 жылғы қарашаның 11 Келiсiмдегі
еркiн сауда тәртiбiнен алынатындар туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Грузияның уәкiлеттi өкiлдерi мына төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11.11 Келiсiмнiң 2-бабымен көзделген алынатындар N 1 қосымшаға сай Грузиядан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға қолданылады.
Қазақстан Республикасынан Грузияға экспортталатын тауарлардың тiзбесi қажет болған кезде анықталатын болады.
2-бап
1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркін сауда тәртiбiнен алынатындары қолданылатын тауарларға, соның iшiнде мыналарға қатысты бiр-бiрiне аса қолайлы жағдай жасайды, олар:
- осындай алым-салықтарды алудың әдiсiн қоса алғанда, экспортталғанда (N 1 қосымшада аталған тауарларға қатысты) алынатын алым-салықтар;
- транзиттеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және басқа осындай қызметтерге қатысты ережелер;
- төлем және төлем аудару әдiстерi;
- импорттық лицензиялар беру;
- iшкi нарықта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға қатысты ережелер.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайтындары:
- Тараптардың кез-келгенiнiң Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатымен немесе осындай одақ, не, аймақ құру нәтижесiнде үшiншi бiр елге беретiн басымдықтары;
- Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн басымдықтары;
- шекара бойындағы сауданы жеңiлдету мақсатымен көршi елдерге берiлетiн басымдықтар;
- арнайы келiсімдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн басымдықтары.
3-бап
Тарап-Мемлекеттердің кеден аумағына тауарлардың экспорты мен импорты кезiнде кедендiк ресiмдеуде қолданылатын, тауарлардың (жұмыс пен қызметтің) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы өздерiнiң заңдарына сәйкес, Тараптар өзара саудада тарифтiк емес реттеу шараларын сақтайды.
4-бап
Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашада Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болады және осы Келiсiммен бiр мезгiлде күшiне кiредi.
Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашада Келiсiмнiң 2-бабымен көзделген, жаңа Хаттама жасалғанға дейiнгi кезеңде күшiнде болады.
1997 жылғы 11 қарашада, Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде, екi түпнұсқа данамен жасалды.
Қазақстан Республикасының Грузия
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Грузия Үкіметі арасындағы
Еркін сауда туралы Келісімдегі
Еркін сауда тәртібінен
алынатындар туралы Хаттамаға
N 1 ҚОСЫМША
1997 жылғы 11 қараша
Грузиядағы Қазақстан Республикасына экспортталғанда
еркін сауда тәртібінен алуға жататын тауарлардың
ТІЗБЕСІ
Тауардың аты |
ВЭД ТН-сының коды |
Алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер |
22-топ (2201, 2202, 2204, 2208, 2209-дан басқа) |
Темекі, темекіні өндірістік ауыстыратындар |
24-топ |
Қант |
1701 99 100 |
Ескерту: Шараптар мен коньяктарды есептемегенде, алкогольді
өнімдер. Грузиядан жеткізілетін шараптар мен коньяктарды жеткізу
көлемі мен маркалары жыл сайын бекітілетін квоталарға сәйкес
реттеледі.
Осымен 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмнің және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған хаттаманың түпнұсқаларының көшiрмелерінiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық
департаментiнiң Кеңесшісi