Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 маусым N 395-I


     Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда 
туралы келісім бекітілсін.
     Қазақстан Республикасының    
             Президенті 
     
         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Yкiметi
                   арасындағы еркiн сауда туралы
                             Келісім 
     
      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 33-құжат)
     (1999 жылғы 16 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет) 
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының 
Үкiметi мен Грузия Үкiметi, 
     өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуды ұстанатындықтарын 
растай отырып,
     Қазақстан Республикасы мен Грузияның қалыптасқан интеграциялық
экономикалық байланыстарын ескере отырып,


      тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келiсiлген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн тани келiп,
      Қазақстан Республикасы мен Грузияның Тарифтер және сауда жөнiндегi Бас келiсiмнiң (ТСБК) және Бүкiлдүниежүзiлiк Сауда ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                            1-бап

      Тараптар тең құқық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып Тараптар мемлекеттерiнде қолданылып жүрген заң актiлерiн сақтай отырып, тiкелей шаруашылық байланыстар негiзiнде меншiк нысанына қарамастан шаруашылық қызметi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытатын және кеңейтетiн болады.
      Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа экономикалық нұқсан келтiрерлiк әрекеттерге бармайтын болады.

                            2-бап

      1. Тараптар кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда барабар әрекетi бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ Тараптардың бiрiнiң кеден аумағында шығарылған және екiншi Тараптың кеден аумағы үшiн арналған тауарлардың экспорты және/немесе импортына сандық шектеулер қолданбайды. Келiсiлген тауарлар номенклатурасы бойынша осы сауда режимiнен алулар жыл сайын Хаттамамен ресiмделедi.
      2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес жыл сайын еркiн сауда режимiнен алулардың жалпы тiзбесiн, сондай-ақ мұндай алуларды қолданудың әдiстерiн әзiрлеп келiседi.
      3. Осы келiсiмнiң мақсаттары үшiн және оны қолдану кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылған тауарлар деп халықаралық нормаларға сәйкес шығарылған елдi айқындау тәртiбiнде белгiленген тауарлар түсiнiледi.

                              3-бап

      Әр тарап:
      осы келiсiмнiң әрекетiне түсетiн тауарларды iшкi өндiрiстiң немесе үшiншi елдерде шығарылған осындай тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асатын iшкi салықтар мен алымдарды тiкелей немесе жанама салмайтын;
      екiншi Тараптан шығарылған тауарларды орналастыру, қайта тиеу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ төлемдер мен аударымдар қатысында өз тауарлары немесе үшiншi тараптан шығарылған тауарлар қатысында осындай жағдайларда қолданылатын өзге ережелер қолданбайтын болады.

                          4-бап

      Тараптар өзара саудада осы Келiсiмнiң шеңберiндегi тауарлардың экспорты және/немесе импортына құқығын шектейтiн шараларды, сандық шектеулер немесе оған барабар шараларды қолданудан бейтарап қалады.
      Тараптар бiржақты тәртiппен сандық немесе өзге де арнайы шектеулер, бiрақ естi шектерде және қатаң белгiленген мерзiмге белгiлеуi мүмкiн.
      Осы шектеулер ерекше сипатта болуы және ТСБК/ДСҰ шеңберiндегi келiсiмдермен көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.
      Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулердi енгiзудiң себептерi, нысандары мен қолданылатын мерзiмдерi туралы толық ақпаратты мүмкiндiгiнше алдын ала екiншi Тарапқа беруге тиiс, осыдан кейiн консультациялар тағайындалады.
      Осы баптың бiрiншi абзацында айтылған сандық шектеулер сондай-ақ Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша белгiленуi және Хаттамамен ресiмделуi мүмкiн.

                            5-бап

      Тараптар екiншi Тараптың шығарылған осы тауарлардың экспорты қатысында тауарларды қайта экспорттауға жол бермейтiн болады, тарифтiк және/немесе тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбайтын болады.
      Тараптар тарифтiк және/немесе тарифтiк емес реттеу шараларын қолданылатын тауарлардың тiзiмiмен алмасады.
      Осындай тауарларды үшiншi елдерге қайта экспорттау осы тауарлар шығарылған ел болып табылатын мемлекеттiң уәкiлеттi органының жазбаша келiсiмiмен және ол белгiлеген шарттарда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы ереже орындалмаған жағдайда мүдделерi бұзылған Тарап санкцияланбаған керi экспорттауға жол берген екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкетудi реттеу жөнiндегi шараларды енгiзуге бiр жақты тәртiпте енгiзуге құқылы. Санкцияланбаған керi экспорттау жағдайында тауарлар шығарылған ел келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуi және санкциялар қолдануы мүмкiн.
      Осы бапта керi экспорт деп бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан шығарылған тауарды үшiншi елге экспорттау мақсатымен екiншi Тараптың өз мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетуi түсiнiледi.

                              6-бап

      Тараптар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі барлық есеп айырысулар мен төлемдер тараптардың уәкiлеттi банктерi арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру жөнiндегi Банкаралық келiсiмге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.

                               7-бап

      Тараптар экономикалық қызметпен, оның iшiнде кеден статистикасын қоса алғанда сауда, инвестициялар, салық салу, банк және сақтандыру қызметiнiң, өзге де қаржы қызмет көрсетулер мәселелерi, көлiк және кеден мәселелерi бойынша заңдар мен басқа да нормативтiк актiлер туралы ақпаратпен тұрақты негiзде алмасатын болады.
      Тараптар бiр-бiрiне осы Келiсiмдi орындауға әсер етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы дереу хабарлайды.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары мұндай ақпаратпен алмасудың тәртiбiн келiседi.
      Осы Келiсiмнiң ережелерi:
      кез-келген Тараптың құзыреттi органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бiрiнiң кәдiмгi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты алуды мiндеттемейдi;
      Тараптың мемлекеттiк мүддесiне қайшы келетiн қайсыбiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, коммерциялық немесе кәсiби құпияны ашатын ақпарат беру үшiн негiз болмайды.

                             8-бап

      Тараптар терiс пиғылды iскерлiк тәжiрибенi осы Келiсiмнiң мақсаттарымен сыйымсыз деп таниды және атап айтқанда, ерекше бiр жағдайларда да оның мына әдiстерiне жол бермеуге мiндеттенедi:
      бәсекеге кедергi келтiру немесе оны шектеу немесе Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында оған арналған жағдайларды бұзу мақсаты бар кәсiпорындардың бiрлестiгi қабылдаған кәсiпорындар арасындағы шарттар мен iскерлiк тәжiрибенiң жалпы әдiстерiне;
      Тараптар мемлекеттерiнiң барлық немесе недәуiр бөлiгiнде бәсекенi шектей отырып оның көмегiмен бiр немесе бiрнеше кәсiпорындар өзiнiң үстем жағдайын пайдаланатын iс-қимылдарға.

                             9-бап

      Тараптар екiжақты экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң шараларын жүзеге асырған кезде статистикалық ақпаратпен алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн Еуропа экономикалық қауымдастығының тауарларды сипаттау мен кодтаудың Үйлестiрiлген жүйесiне және Қисынды тариф-статистикалық номенклатураға негiзделген Дүниежүзiлiк сыртқы экономикалық қызметтiң тоғыз таңбалы бiрыңғай тауарлық номенклатурасын пайдаланатын болады. Тараптар бұл ретте қажет жағдайда Тауарлық номенклатураны тоғыз таңбадан тыс дамытуды жүзеге асырады.
      Тауарлық номенклатураның эталондық данасын енгiзу тиiстi халықаралық ұйымдарда бар өкiлдiктер арқылы өзара келiсiлген негiзде жүзеге асырылады.

                            10-бап

      Тараптар еркiн транзиттеу принципiн сақтау осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және олардың еңбектi халықаралық бөлiсу мен кооперациялаудың жүйесiне қосылу процесiнде елеулi элемент болып табылатынына келiстi.
      Әр Тарап осыған байланысты екiншi Тараптың және/немесе үшiншi елдiң мемлекетiнiң кеден аумағынан шығарылған және екiншi Тараптың немесе кез-келген үшiншi елдiң кеден аумағы үшiн арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы еркiн транзитi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға, өз экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе кез-келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын құралдар мен қызмет көрсетулердi өз экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе кез-келген үшiншi мемлекеттiң импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын шарттардан еш кем түспейтiн шарттармен барлық қолда бар және қажеттi құралдар мен қызмет көрсетулердi ұсынатын болады.

     Тараптардың аумақтары бойынша жүктердi өткiзу тәртiбi мен 
шарттары тасымалдаудың халықаралық Ережелерiне сәйкес реттеледi.
     
                           11-бап
     
     Осы Келiсiм Тараптардың кез-келгенiнiң өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн
қорғау немесе ол қатысушы болып табылатын немесе қатысу ниетi бар
халықаралық шарттарды орындау үшiн егер бұл шаралар:
     ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне;
     қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техниканы сатуға;
     қорғаныс қажеттiмен байланысты өндiрiстер үшiн зерттеулерге;
     ядролық өнеркәсiпте пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды
беруге;
     қоғамдық мораль мен қоғамдық тәртiптi қорғауға;
     өнеркәсiптiк немесе интеллектуалдық меншiктi қорғауға;
     алтынға, күмiске немесе өзге де бағалы металдар мен тастарға;
     адамдардың өмiрi мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты болса ол 
сөзсiз қажет деп санайтын халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған
шараларды қабылдау құқығына кедергi келтiрмейдi.
     
                           12-бап
     
     Тараптар үшiншi елдер қатысында экспорттық бақылаудың келiсiлген
саясатын жүргiзу мақсатында ұдайы консультациялар өткiзетiн және
экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара келiсiлген шаралар
қолданатын болады.
     
                           13-бап
     


      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған

екiжақты келiсiмдердiң ережелерiн соңғылар бiрiншiмен қалайда сәйкес
немесе олармен бiрдей шамада алмастырады.
     
                           14-бап
     
     Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуге немесе
қолдануға қатысты даулар келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
     Тараптар өзара саудадағы даулы жағдайлардан қашқақтауға ұмтылатын 
болады.
     Әр Тарап өз аумағында төрелiк соттың шешiмдерiн тану және орындау 
жөнiндегi тиiмдi құралдар болуын қамтамасыз етедi.
     
                           15-бап
     
     Қажет жағдайда осы Келiсiмге Тараптардың келiсiм бойынша 
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
     
                           16-бап
     


      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарламалармен алмасқаннан кейiн күшiне енедi және тараптардың бiрi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты ай аяқталғанға дейiн күшiнде болады.

     Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi
оның қолданылу кезеңiнде жасалған, бiрақ орындалмаған келiсiм-шарттарға
бiрақ бес жылдан артық емес қолданылатын болады.
     Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада әрқайсысы қазақ, грузин
және орыс тілдерiнде екi түпнұсқалық данада жасалды, мұның өзінде
барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiну мақсатында орыс тiлiндегi мәтiн
пайдаланылады.
     
     Қазақстан Республикасы Үкіметі       Грузия Үкіметі
          үшін                                 үшін
     
            Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия
    Yкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашадағы
           келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алулар туралы
                               Хаттама
     
     Қазақстан Республикасы мен Грузияның өкiлеттi өкiлдерi мына
төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасады:
     
                         1-бап
     


      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 11 қарашадағы келiсiмнiң 2-бабында көзделген алулар N 1 қосымшаға сәйкес Грузиядан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға таратылады.
      Қазақстан Республикасынан Грузияға экспортталатын тауарлардың тiзбесi қажеттiк кезде анықталатын болады.

                           2-бап

      1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда режимiнен алулар таратылатын тауарлар қатысында:
      - мұндай салықтар мен алымдар салудың әдiстерiн қоса алғанда экспорт кезiнде салынатын салықтар мен алымдар (N 1 қосымша аталған тауарлар қатысында);
      - транзитке, тасымалдауға, орналастыруға, қайта тиеуге және осындай қызмет көрсетулерге қатысты ережелерге;
      - төлем әдiстерi мен төлемдердi аударуға;
      - импорттық лицензиялар беруге;
      - тауарларды iшкi рынокта сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, таратуға және пайдалануға қатысты ережелерге қатысты бiр-бiрiне аса қолайлы режим ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
      - кез-келген Тараптың Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру

мақсатымен немесе мұндай одақ немесе аймақ құру нәтижесiнде үшiншi
елдерге ұсынылатын артықшылықтарға;
     - Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге ұсынылатын 
артықшылықтарға;
     - шекара маңындағы сауданы оңайлату мақсатында көршiлес елдерге 
ұсынылатын артықшылықтарға;
     - Тараптардың бiр-бiрiне арнайы келісімдерге сәйкес ұсынатын 
артықшылықтарға қолданылмайды.
     
                              3-бап
     


      Тараптар өзара саудада тауарларды кедендік ресімдеу сәтіне олардың Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына/нан экспорты-импорты кезінде қолданылып жүрген тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы олардың заңдарын сәйкес тариФтiк емес реттеу шараларының қолданылуын сақтайды.

                              4-бап

      1. Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Грузия

Yкіметi арасындағы Еркін сауда туралы келiсімнің ажырамас бөлiгi болып
табылады және аталған Келісіммен біруақытта күшіне енеді.
     2. Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Грузия 
Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы Еркін сауда туралы 
келісімнің 2-бабында көзделген жаңа Хаттама жасалған кезеңге дейін 
қолданылады.
     Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада әрқайсысы қазақ, грузин 
және орыс тілдерінде екі түпнұсқалық данада жасалды.
     
     Қазақстан Республикасының Үкіметі         Грузия Үкіметі
                   үшін                            үшін
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Нарбаев Е.Ә. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады