1. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат):
1) 2-баптың 2-тармағындағы "Республикасының" деген сөзден кейін "акционерлік қоғамдар қызметін," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағы "банктерді" деген сөзден кейін ", банк конгломераттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
6) тармақшадағы "басқа да заемдар мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын" деген сөздер "республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын қоса алғанда, басқа да заемдар мен қаражаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Даму Банкі заемшыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, заңды тұлғалардың тапсырмалары бойынша олардың осы баптың 5)-8) тармақшаларында көзделген банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;";
17) тармақшадағы "айырбастау операцияларын жүзеге асырады." деген сөздер "айырбастау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) Меморандумға сай келетін инвестициялық жобаларды тең қаржыландыру мақсатында бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметі операцияларын жүзеге асырады.";
4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Даму Банкінің заемдар беруі
1. Даму Банкінің инвестициялық жобаларға, экспорттық операцияларға және жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын лизинг беруші ұйымдарға кредит беруі Меморандумға сәйкес айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасын Даму Банкі қарыз алудың орташа құнын және операциялық шығыстарды ескере отырып есептеп шығарады.
2. Даму Банкі беретін, соның ішінде жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін (акцияларын) Даму Банкі иеленетін лизинг беруші ұйымдарға беретін заемдар кепілмен, кепілдікпен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етілуге тиіс.
Осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарына қатысудың жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін лизинг беруші ұйымдарға Даму Банкі заемдар беретін жағдайларға қолданылмайды.
Даму Банкі заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы өз міндеттемелері бойынша ұсынатын қамтамасыз ету құнын Даму Банкінің Директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен айқындайды.
3. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын лизинг беруші ұйымдарға кредит беруі, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.";
5) 14-бапта:
"Даму Банкі" деген сөздердің алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.";
6) 15-бапта:
1) тармақшада "кепілдіктер" деген сөз ", банк кепілдіктерін, кепілгерліктер және ақшалай нысанда атқаруды көздейтін өзге де міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шектеулер жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін (акцияларын) Даму Банкі иеленетін лизинг беруші ұйымдармен Даму Банкінің қатынастарына қолданылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер жарғылық капиталдарына қатысудың жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін лизинг беруші ұйымдармен Даму Банкінің қатынастарына қолданылмайды.";
7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Таза кірісті бөлу
Даму Банкінің таза кірісі тек қана резервтер, оның ішінде резервтік капитал қалыптастыруға жіберіледі. Резервтік капиталды қалыптастыруға жіберілетін таза кіріс мөлшері акционерлердің жалпы жиналысы Даму Банкінің жылдық қаржылық есептілігін бекіту кезінде айқындалады. Бөлінбеген таза кіріс жыл ішінде банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) қалыптастыру үшін пайдаланылады.";
2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат, N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат):
27-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) мүлікті лизингтік қызметті жүзеге асыру шеңберінде лизингке беру мақсатымен сатып алу;".