Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 166 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):

      1) бүкiл мәтiн бойынша "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның", "Табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган", "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органға", "табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 14-1), 17-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) стратегиялық тауарларды өндiрушiлер - стратегиялық тауарларды өндiретiн не оларды тiкелей шетелдiк өндiрушiнiң атынан Қазақстан Республикасының аумағында өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар;";
      "17-1) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектiлерi жылу энергиясын өндiру үшiн отын ретiнде пайдаланатын көмiр, газ, мазут, дизел отыны, электр энергиясын, су шаруашылығын және кәрiз жүйелерiн беру және бөлу аясындағы табиғи монополиялар үшiн - электр энергиясы;";
      "18-1) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi - мынадай:
      белгiленген жалпы қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейiнгi жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi қызметтердi;
      саны бiр жарым мың адамнан аз тұтынушыларға су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;";
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      3) 5-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға;";
      9) тармақшадағы "тыйым салынады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) мыналар:
      тарифтiк сметада қамтылатын;
      реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
      ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";
      2-тармақтағы "Осы Заңның 5-бабы" деген сөздер "Осы баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-4) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан уәкiлеттi органмен келiсiлген ақы алуға;";

      5) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;";
      9) тармақша "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздердiң алдынан "тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4), 7-1), 10) және 17) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";

      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн
               (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының мiндеттерi

      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
      1) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына), реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.";

      7) 13-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылау мен олардың қызметiн реттеудi жүзеге асырады;";
      2) тармақшадағы "субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiн" деген сөздер "субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) олар белгiлеген тәртiппен:
      табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын;
      мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзаттары, материалдары, отындары, энергиялары шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын;
      еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң персонал санының нормативтерiн бекiтедi.";
      6) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "монополия аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне" деген сөздер "монополиялар аясындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшаның орыс тiлiндегi мәтiнiне түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi, 6) тармақшадағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) олар белгiлеген тәртiпке сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;";
      20-1) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      9) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасының төртiншi абзацындағы "айқындауға мiндеттi." деген сөздер "айқындауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.";
      2-тармақ алып тасталсын;

      10) 15-баптың 3-тармағындағы "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 15-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "салалық техникалық және технологиялық нормалар" деген сөздер "шикiзат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
               немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк
               сметаларының жобаларын қарау тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайларда уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларына сараптама жүргiзедi.
      Сараптама жүргiзген кезде тәуелсiз сарапшылар, мемлекеттiк органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бiрлестiктерi, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерi тартылады.";
      2. Уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымдарында:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi.
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар қолданылмайды.
      Жария тыңдаулар:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде отыз күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын;
      3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде жетi күн бұрын;
      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде бiр күн бұрын өткiзiледi.
      Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзудiң күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтерудiң себептерi туралы экономикалық негiзделген есептерi бар ақпаратты беруге мiндеттi.
      Жария тыңдаулар өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган елу бес күн iшiнде, ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген жағдайда жүз алпыс бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қарау мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.
      4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган он күн iшiнде қарайды.
      5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттейтiн шаралар түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.
      6. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiмдерге қолданылмайды.";

      13) 18-бапта:
      2-тармақ "отыз бес күн бұрын" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде он күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";
      4-тармақ "кемiнде отыз күннен бұрын" деген сөздер "кемiнде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "түрлерiне жүргiзiледi." деген сөздер "түрлерiне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) егер табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерге және (немесе) учаскелерге жүргiзiледi.";
      7-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

      14) 18-1-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн уәкiлеттi органға алдын ала ақпарат жолдауға мiндеттi.";

      15) 18-4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
      электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзу жағдайы болмаған кезде тиiстi тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
      газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тiкелей стратегиялық тауарларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.";
      4-тармақтағы ", сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақта:
      "негiзгi құралдарға жатпайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      "сома мөлшерiнен" деген сөздер "мөлшерден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақ "табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) мынадай мазмұндағы 23-баппен толықтырылсын:

      "23-бап. Өтпелi ережелер

      Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерi жасалған шарттарға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарымен (жылу энергиясын, суды есептейтiн үйге ортақ аспаптармен және суды есептейтiн жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi.".

      2. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-5) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Teмip жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      14-баптың 2-тармағының 22) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат):
      5-баптың 7) тармақшасындағы "энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың" деген сөздер "табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылмайтын энергия өндiрушi ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам естественных монополий

Закон Республики Казахстан от 5 июля 2006 года N 166

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Закон  Республики Казахстан от 9 июля 1998 г. "О естественных монополиях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 16, ст. 214; 1999 г., N 19, ст. 646; 2000 г., N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 23, ст. 309; 2002 г, N 23-24, ст. 193; 2004 г., N 14, ст. 82; N 23, ст. 138, 142; 2006 г., N 2, ст. 17; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45):
      1) по всему тексту слова "центральным государственным органом, осуществляющим контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий", "центрального государственного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий,", "Центральный государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий", "Центральный государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий," заменить соответственно словами "уполномоченным органом", "уполномоченного органа", "Уполномоченный орган";
      2) в статье 3:
      дополнить подпунктами 14-1), 17-1) и 18-1) следующего содержания:
      "14-1) производители стратегических товаров - физические и юридические лица, производящие стратегические товары либо непосредственно от имени иностранного производителя реализующие их на территории Республики Казахстан;";
      "17-1) стратегические товары - уголь, газ, мазут, дизельное топливо, используемые в качестве топлива для производства тепловой энергии субъектами естественных монополий, электрическая энергия - для субъектов естественных монополий в сферах передачи и распределения электрической энергии, водохозяйственной и канализационной систем;";
      "18-1) субъект естественной монополии малой мощности - субъект естественной монополии, оказывающий услуги:
      по производству, передаче, распределению и (или) снабжению тепловой энергией от отопительных котельных с общей установленной мощностью до двадцати Гкал/час включительно;
      водохозяйственной и (или) канализационной систем потребителям, численность которых менее полутора тысячи человек;";
      подпункт 23) изложить в следующей редакции:
      "23) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий;";
      3) в статье 5:
      в пункте 1:
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) взимать за регулируемые услуги (товары, работы) плату, превышающую размер, установленный уполномоченным органом;";
      дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      "10) признавать коммерческой тайной информацию:
      содержащуюся в тарифной смете;
      о затратах на приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг и механизме взимания платы, приобретении и установке приборов учета регулируемых коммунальных услуг;
      о предоставляемых регулируемых коммунальных услугах (товарах, работах).";
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Ограничения, предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) пункта 1 настоящей статьи, не распространяются на субъекты естественных монополий малой мощности.";
      в пункте 2 слова "статьи 5 настоящего Закона" заменить словами "настоящей статьи";
      4) статью 6 дополнить подпунктом 1-4) следующего содержания:
      "1-4) взимать с потребителей плату за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг, согласованную с уполномоченным органом;";
      5) в статье 7:
      дополнить подпунктом 7-3) следующего содержания:
      "7-3) ежегодно отчитываться о деятельности по предоставлению регулируемых услуг (товаров, работ) перед потребителями и иными заинтересованными лицами в порядке, установленном уполномоченным органом;";
      подпункт 9) дополнить словами "в соответствии с договорами, заключенными с потребителями";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Обязанности, предусмотренные подпунктами 4), 7-1), 10) и 17) части первой настоящей статьи, не распространяются на субъекты естественных монополий малой мощности.";
      6) статью 11 изложить в следующей редакции:
      "Статья 11. Обязанности потребителя услуг (товаров, работ)
                  субъекта естественной монополии
      Потребитель услуг (товаров, работ) субъекта естественной монополии обязан:
      1) своевременно и в полном объеме оплачивать услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии, приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) в соответствии с условиями заключенных договоров;
      2) выполнять технические требования, устанавливаемые субъектами естественных монополий в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      7) в статье 13:
      в пункте 1:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) осуществляет контроль и регулирование деятельности субъектов естественных монополий;";
      в подпункте 2) слова "республиканский раздел государственного регистра" заменить словами "государственный регистр";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) утверждает в установленном им порядке:
      нормативные технические потери субъекта естественной монополии;
      технические и технологические нормы расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий по согласованию с государственным органом, осуществляющим руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления;
      нормативы численности персонала субъекта естественной монополии по согласованию с уполномоченным государственным органом по труду;";
      подпункт 6) исключить;
      пункт 2 исключить;
      8) в статье 14:
      в пункте 1:
      в подпункте 2) слова "республиканский раздел государственного регистра" заменить словами "государственный регистр";
      в подпунктах 3) и 6) слова "естественной монополии" заменить словами "естественных монополий";
      дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:
      "17-1) согласовывать размер и механизм взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) в соответствии с порядком, установленным им;";
      подпункт 20-1) исключить;
      пункт 2 исключить;
      9) в статье 14-1:
      пункт 1 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      "6) информировать через средства массовой информации о случаях нарушения настоящего Закона и привлечении к ответственности виновных лиц.";
      пункт 2 исключить;
      10) в пункте 3 статьи 15 слова "по представлению акимов областей (города республиканского значения, столицы)" исключить;
      11) в статье 15-1:
      в подпункте 2) пункта 2 слова "отраслевых технических и технологических норм" заменить словами "технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии";
      пункты 3 и 4 исключить;
      12) статью 17 изложить в следующей редакции:
      "Статья 17. Порядок рассмотрения проектов тарифов (цен,
                  ставок сборов) или их предельных уровней и
                  тарифных смет
      1. В случаях принятия к рассмотрению заявок на изменение действующих тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий уполномоченный орган проводит экспертизу проектов тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет.
      При проведении экспертизы привлекаются независимые эксперты, государственные органы, потребители и их общественные объединения, субъекты естественных монополий, представившие проект.
      2. Уполномоченный орган обязан опубликовать в периодических печатных изданиях информацию о дате и месте проведения публичных слушаний:
      1) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в общем порядке не позднее чем за пятнадцать дней;
      2) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с пунктом 5 статьи 18 настоящего Закона не позднее чем за семь дней.
      Требования части первой настоящего пункта не распространяются на субъекты естественных монополий малой мощности при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) на регулируемые услуги (товары, работы).
      Публичные слушания проводятся при утверждении:
      1) предельных уровней тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии не позднее, чем за тридцать дней до принятия решения об их утверждении;
      2) тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии не позднее чем за пятнадцать дней до принятия решения об их утверждении;
      3) тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с пунктом 5 статьи 18 настоящего Закона не позднее чем за семь дней до принятия решения об их утверждении;
      4) тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности не позднее чем за один день до принятия решения об их утверждении.
      Субъект естественной монополии обязан после опубликования информации о дате проведения публичных слушаний предоставить по требованию участников публичных слушаний:
      проекты тарифных смет, тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) или их предельных уровней;
      информацию о причинах повышения тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) или их предельных уровней с экономически обоснованными расчетами.
      Порядок проведения публичных слушаний определяется Правительством Республики Казахстан.
      3. Проекты тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий рассматриваются уполномоченным органом в течение пятидесяти пяти дней, а в случае утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) - в течение ста шестидесяти пяти дней при условии представления экономически обоснованных расчетов в соответствии с требованиями уполномоченного органа. Срок рассмотрения проектов тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней исчисляется с момента подачи заявки.
      4. Проекты тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности рассматриваются уполномоченным органом в течение десяти дней.
      5. Требования пункта 1 настоящей статьи не распространяются на решения, принимаемые уполномоченным органом в виде чрезвычайных регулирующих мер.
      6. Требования части второй пункта 1 настоящей статьи не распространяются на решения об утверждении тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности.";
      13) в статье 18:
      пункт 2 дополнить словами ", а субъекту естественной монополии малой мощности - не позднее десяти дней до введения их в действие";
      пункт 3 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Введение в действие тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности осуществляется с первого числа месяца, следующего за месяцем утверждения тарифов (цен, ставок сборов).";
      пункт 4 дополнить словами ", а субъект естественной монополии малой мощности - не позднее чем за три дня до введения их в действие";
      часть первую пункта 5 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) новые объекты и (или) участки, если действующие тарифы на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии утверждены раздельно по объектам и (или) участкам.";
      часть вторую пункта 7 исключить;
      14) в статье 18-1:
      пункт 1-1 изложить в следующей редакции:
      "1-1. Перечень видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами), утверждается уполномоченным органом совместно с соответствующим государственным органом, осуществляющим руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления.";
      пункт 2 дополнить частью третьей следующего содержания:
      "Субъект естественной монополии малой мощности для совершения действий, указанных в подпунктах 2) - 4), 5) пункта 1 настоящей статьи, обязан предварительно направить информацию в уполномоченный орган.";
      15) в статье 18-4:
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Закупки стратегических товаров субъект естественной монополии осуществляет непосредственно у производителей стратегических товаров, за исключением случаев:
      наличия дефицита электрической энергии на соответствующем товарном рынке при отсутствии доступа на рынок централизованной торговли электрической энергии и мощности;
      закупки газа у организаций, осуществляющих его импорт, при наличии дефицита газа.";
      в пункте 4 слова ", а также на привлечение грантов, займов и кредитов, предоставляемых международными финансовыми организациями" исключить;
      в пункте 5:
      слова ", не относящихся к основным средствам," исключить;
      слово "суммы" исключить;
      пункт 9 дополнить словами ", а также на субъекты естественных монополий малой мощности";
      16) дополнить статьей 23 следующего содержания:
      "Статья 23. Переходные положения
      Субъекты естественных монополий, оказывающие регулируемые коммунальные услуги, обязаны обеспечить потребителей, не имеющих приборов учета, в соответствии с заключенными договорами приборами учета регулируемых коммунальных услуг (общедомовыми приборами учета тепловой энергии, воды и индивидуальными приборами учета воды) до 1 января 2009 года.".

       2. В  Закон  Республики Казахстан от 23 января 2001 г. "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 3, ст. 17; N 9, ст. 86; N 24, ст. 338; 2002 г., N 10, ст. 103; 2004 г., N 10, ст. 56; N 17, ст. 97; N 23, ст. 142; N 24, ст. 144; 2005 г., N 7-8, ст. 23; 2006 г., N 1, ст. 5):
      подпункт 22-5) пункта 1 статьи 27 исключить.

      3. В  Закон  Республики Казахстан от 8 декабря 2001 г. "О железнодорожном транспорте" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 23, ст. 315; 2003 г., N 10, ст. 54; 2004 г., N 18, ст. 110 ; N 23, ст. 142; 2006 г., N 3, ст. 22):
      подпункт 22) пункта 2 статьи 14 исключить.

      4. В  Закон  Республики Казахстан от 9 июля 2004 г. "Об электроэнергетике" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 17, ст. 102; 2006 г., N 3, ст. 22; N 7, ст. 38):
      в подпункте 7) статьи 5 слова ", энергопередающих, энергоснабжающих организаций" заменить словами "организаций, не являющихся субъектами естественных монополий".

        Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
 Республики Казахстан