1-бап. "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы:
"бөлiнетiн" деген сөз "бөлiнген" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бюджет қаражатын" деген сөздер "қаражатты" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егiстiң толық жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, мұндай жағдайда өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түседi;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстемеге сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қолайсыз табиғат құбылысы - салдарынан өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);";
2) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру
объектiсi
Сақтандыру жағдайы басталған кездегi сақтанушының мөлшерi өстi Заңға сәйкес белгiленетiн залалдарын iшiнара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүлiктiк мүдделерi өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру объeктici болып табылады.
4-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың
мақсаттары
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың мақсаттары:
1) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiнiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртiппен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге сақтандырылған егiстi кепiлге қою арқылы кредит беру үшiн жағдай жасау;
3) өсiмдiк шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.";
3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
"4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
2) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеудiң тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекiтедi;
3) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн бекiтедi;
4) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн және агент көрсететiн қызметтерге төленетiн ақының мөлшерiн бекiтедi;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдерi мен сипаттамаларын бекiтедi;
6) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн және қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша зерттеу актiсiнiң нысанын бекiтедi;
7) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiтедi.";
4) 5-бапта:
2-тармақта:
8) тармақшадағы "сақтандыру нарығына қатысушылардан" деген сөздер "сақтанушыдан, сақтандырушыдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының және агенттiң ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
10) "қойылған егiс алқаптарын айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi.";
3-тармақта:
2) тармақшадағы "сақтандыру нарығына қатысушылардан" деген сөздер "сақтанушыдан, сақтандырушыдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi тиiстi аумақта егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлейдi;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады.";
5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк бақылау өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу нысанасына арналған жоспарлы тексеру жүргiзу арқылы жылына бiр рет жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiсiн тапсыру сәтi тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.";
6) 7-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерiн белгiлеу және шығындар
нормативтерiнiң түрлерi";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру сомасының мөлшерi осы Заңда айқындалған мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi ескерiле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң осы түрiн өсiру жөнiнде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтiлiп, бiр гектарға жұмсалған шығындар нормативiне сәйкес өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша жеке-жеке белгiленедi.";
екiншi бөлiк алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының бiрiншi абзацындағы "шығындардың" деген сөз "ғылыми негiзделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi "бiр мезгiлде немесе" деген сөздерден кейiн "сақтандырушының келiсiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 9-бапта:
2-тармақта:
екiншi бөлiктегi "органын" деген сөз "органы" деген сөзбен, "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "өсiмдiк шаруашылығы саласындағы және жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың," деген сөздер "өсiмдiк шаруашылығы және статистика саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың," деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi және бесiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия зерттеудiң нәтижелерi бойынша зерттеу жүргiзiлген күнi, қолайсыз табиғат құбылысының әрбiр фактiсi немесе олардың жиынтығы және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша жеке-жеке тиiстi зерттеу актiсiн (бұдан әрi - зерттеу актiсi) үш дана етiп жасайды. Зерттеу актiсiне барлық комиссия мүшелерi қол қояды, содан кейiн ол агенттiң, сақтандырушының және сақтанушының өкiлдерiне берiледi. Егер комиссия мүшелерiнiң бiрi қабылданған шешiммен келiспесе және зерттеу актiсiне қол қоймаса, ол комиссияға өзiнiң бас тартуының себептерiн жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актiсiне қоса тiркеуге мiндеттi.
Егiстер iшiнара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардан жиналған өнiмнiң көлемi өнiмдi жинау кезiнде мiндеттi түрде бағалануға тиiс. Егiстер толық жойылған жағдайда, залал көлемi табиғат құбылысы әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi ретiнде белгiленедi.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Егiстер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кiрiсiн айқындауды жүргiзбейдi.";
5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
9) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;
егiстiк жерлердi орналастыру картасының (схемасының) көшiрмесi;
гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы, ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды белгiлеу жөнiнде комиссия құру туралы өтiнiштi қабылдау туралы белгiсi бар, сақтанушы өтiнiшiнiң көшiрмесi;
тiзбесi мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн, нақты кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) егiстер iшiнара жойылған кезде кiрiстi бағалау жөнiндегi есебi қоса тiркеледi.
Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi.";
10) 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды
мемлекеттiк қолдау
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау сақтандырушыларға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң елу процентiн өтеу және агент көрсететiн қызметтерге ақы төлеу үшiн өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Агент көрсететiн қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттiң екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотына аударылуы мүмкiн.
2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган беретiн қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге орналастырылуы мүмкiн.
Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың кiрiс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган шарт негiзiнде беретiн бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түсетiн кiрiстердiң есебiнен құралады.
Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттың шығыс бөлiгi депозиттерге орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға төленетiн сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.
13-бап. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу
туралы талап қою тәртiбi
1. Агентке жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша өтiнiш нысанында ұсынады.
2. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлемдiк тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының мөрiмен расталған шығыс ордерiнiң телнұсқасы);
сот шешiмi бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған жағдайда соттың күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесi;
егiстер iшiнара жойылған жағдайда сақтандырушы растаған бағалау кiрiсiн бағалау туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
Осы баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға ескертпелердi жою үшiн қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу мерзiмi құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледi, ол бiрақ жетi жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
3. Сақтандырушы агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттiң сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартуға құқығы бар.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындаудың дұрыстығы үшiн жауапты болады.";
11) 14-бапта:
1-тармақтың екiншi абзацы алып тасталсын;
2-тармақта:
алтыншы абзацтағы "жасалған мiндеттi" деген сөздер "күшiне енген мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын; "өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты түпнұсқасының бiр данасын қоса тiркей отырып," деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацтағы "ақы төлеуге мiндеттi." деген сөздер "ақы төлеуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы және он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
"жүргiзiлген сақтандыру төлемi мен оның мөлшерiне қатысты барлық сот шешiмдерi және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде хабарлауға;
қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтiнiшi бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнiнде зерттеу жүргiзу үшiн ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкiлiн жiберуге мiндеттi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнiнде талаптар қоюға құқылы емес.";
12) 15-баптың 2-тармағында:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сақтандырушыға бұл жөнiнде қолжетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға мiндеттi.
Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиiс;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ауданның (қаланың} жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде комиссия құру туралы:
қысқа мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;
ұзақ мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыреттерiне сәйкес осындай құбылыс фактiсiн растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егiстерге әсерi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш беруге;";
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"әрбiр жекелеген ауыспалы егiс жерлерiнде өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;";
13) 16-бапта:
2-тармақта:
төртiншi абзац алып тасталсын;
бесiншi абзацтағы "бiр ай мерзiмде" деген сөздер "жетi жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "құқықтары мен" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "тиiстi шартта келiсiлген мерзiмде" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
"16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе)
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның
құқықтары мен мiндеттерi
1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманы дайындау кезiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргiзуге құқығы бар.
2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қолайсыз табиғат құбылысының фактiсiн растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
1) сақтанушыға - тегiн, екi дана етiп, қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк үш күн iшiнде, ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк бес күн iшiнде;
2) өзге де мүдделi тұлғаларға - белгiленген тәртiппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге мiндеттi.";