"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы N 266 Конституциялық заңы

       1-бап . "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 ж., N 4, 100-құжат; N 10, 342-құжат; 2006 ж., N 23, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-баптың 2-тармағында:
      "Парламенттің" деген сөзден кейін "және Парламент Мәжілісінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "реттер мен тәртіп бойынша" деген сөздер "тәртіппен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.
      3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
      4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
      Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.";

      3) 6-бапта:
      5-тармақтың екінші сөйлемі "сессиясын" деген сөзден кейін ", әдетте," деген сөзбен толықтырылсын;

      6-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын" деген сөздер "Парламенттің кезектен тыс сессиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемде:
      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      "отырысты" деген сөз "сессияны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 9-бапта:
      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесінің, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесінің қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;";

      8-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "Сенат пен Мәжіліс Төрағаларының", "бір-бірден орынбасарлары" деген сөздер тиісінше "Сенат Төрағасы мен Мәжіліс Төрағасының", "екі-екіден орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "орнын басады" деген сөздер "міндетін атқарады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 2-тармағы:
      "Бюролардың" деген сөз "Палаталар Бюроларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.";

      6) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Республика Парламенті жанындағы
                 консультативтік-кеңесші органдар

      1. Парламенттің және оның Палаталарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін Республика Парламенті мен оның Палаталарының жанынан шешімдері ұсынымдық сипатта болатын консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
      2. Консультативтік-кеңесші органдарды құру тәртібі Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерімен айқындалады.
      3. Парламент Палаталарының аппараттары Республика Парламенті мен оның Палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс органдары болып табылады.";

      7) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Парламент Регламенті, оның Палаталарының регламенттері:
      1) Сенат пен Мәжілістің бірлескен және бөлек отырыстарын өткізудің шарттары мен тәртібін;
      2) Парламенттің және оның Палаталарының жұмыс органдарын құру тәртібін;
      3) Парламенттің және оның Палаталарының, олардың жұмыс органдарының қызметін ұйымдастыруды;
      4) Парламент депутаттарының және лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруының шарттары мен тәртібін белгілейді.
      Мәжіліс Регламенті, осы тармақта көзделген ол реттейтін мәселелерден басқа, саяси партиялардың фракцияларын ұйымдастырудың және жұмыс тәртібінің ерекшеліктерін айқындайды.";

      8) 15-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;";

      3-тармақтағы "Депутаттар" деген сөз "Республика Президенті, депутаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.";

      9) 18-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. Қабылданбаған Конституциялық заң жобасы оның бастамашысына қайтарылады.
      Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
      Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.";

      3-тармақтың үшінші сөйлеміндегі "Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте," деген сөздер "Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса," деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-баптың 2-тармағындағы "он бес жұмыс күнінің" деген сөздер "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Республика Парламентінің Республика
               Президентінің қарсылықтарын қарауы

      1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
      2. Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Мәжілістің тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін Палатаның шешім қабылдауы үшін Мәжілістің жалпы отырысына шығарылады.
      Егер Мәжіліс дауыс беру қорытындылары негізінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрі қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
      Егер Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда заң Президент қарсылықтарын қоса әрі қарай қарау үшін Сенатқа беріледі.
      Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарын қоса Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары негізінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
      Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда Президенттің заң бойынша қарсылығы еңсерілді деп есептеледі. Бұл жағдайда заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды.
      3. Қарсылықтарды Мәжілісте қарау барысында Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзі қарсылықтарда ұсынған заңның тұтастай не оның тиісті жекелеген баптарының редакциясын өзгертуге құқылы.
      4. Парламент Палаталарының отырыстарында заң немесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланған және дауысқа салынған кезде дауысқа салу, егер Президенттің қарсылықтары заңға тұтастай туындаған болса, - заң бойынша тұтас, не Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған баптар бойынша өткізіледі.
      5. Егер Республика Президентінің қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген жағдайда, онда бұл қарсылықтар заңдарға қарсылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.";

      12) IV тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"IV тарау
Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды
адамдарын қызметке тағайындауға келісім беру, оларды
қызметке сайлау, тағайындау және қызметтен босату жөніндегі
өкілеттігін жүзеге асыруы

      21-бап. Парламент Палаталарының келісімімен Президент
              қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары
              қызметке сайлайтын, тағайындайтын және
              қызметтен босататын лауазымды адамдар

      Парламент Палаталарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын Республика лауазымды адамдарының тізбесі Республика Конституциясында айқындалады.

      22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың
              лауазымды адамдарын қызметке тағайындау,
              қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде
              Республика Президентіне келісім беру тәртібі

      1. Республика Президенті Премьер-Министрді қызметке тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімін, сондай-ақ Республиканың Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшін Парламент Палаталарына тиісті жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Парламенттің тиісті Палатасының таяудағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.
      2. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысында беріледі.
      Республика Президентінің аталған лауазымды адамдарды тағайындауына Парламент Палаталарының келісімі алдын ала не соңыра ұсыну барысында алынады және Палата отырысында беріледі.
      3. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы мен қызметтен босатуы үшін ұсынылған кандидатуралар мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Сенат Бюросының шешімімен белгіленген Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
      4. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.
      5. Тиісті Палатаның отырысында:
      1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;
      2) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін.
      6. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
      7. Егер Парламенттің тиісті Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.
      8. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге хақылы.

      23-бап. Парламент Палаталарының ұсынылған
              кандидатуралар бойынша шешімдер қабылдауы

      1. Парламент Мәжілісі мен Сенаты қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.
      2. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      3. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.
      4. Қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру үшін Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.

      23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика
                лауазымды адамдарын қызметке тағайындау
                тәртібі

      1. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау Палатаның отырысында жүзеге асырылады. Палатаның қызметке тағайындауы үшін осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың ұсынылған кандидатуралары мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен белгіленген Палатаның тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс.
      Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.
      3. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындау туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды тиісті Палатаның Төрағасы таныстырады.
      4. Тиісті Палатаның отырысында:
      1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;
      2) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін.
      5. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
      6. Егер Парламенттің тиісті Палатасы ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Төраға тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.
      7. Парламент Мәжілісі мен Сенаты осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.
      8. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.
      10. Қызметке тағайындау үшін Палата Төрағасы ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.";

      13) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Республика Парламентінің депутаты

      1. Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант етемін". Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.
      2. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
      3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      4. Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      6. Парламент депутаты:
      1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
      2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
      7. Парламент Мәжілісінің депутаты:
      1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
      2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
      8. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды және Парламенттің тиісті Палатасына Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
      Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде Парламент Палатасы тиісті Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады.
      9. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиісті адамның Парламент депутатының өкілеттігін жоғалтқаны жөніндегі фактіні көрсетіп қаулы қабылдайды.
      10. Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.";

      14) 25-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "Парламент пен оның Сенаты" деген сөздер "Парламент Палаталары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 30-баптың 5-1-тармағы "Парламент" деген сөзден кейін "немесе Парламент Мәжілісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 31-баптың 1 және 2-тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      17) 33-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мәжіліс депутаттарына осы бапта көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мәселеге Мәжілісте өкілдік ететін, құрамына депутаттар кіретін саяси партиялардың фракциялары бастамашы болуы мүмкін.";

      18) 34 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Республика Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер

      1. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
      2. Саяси партияның фракциясы - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиядан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Мәжілісінде құрылады. Саяси партия фракциясындағы ең аз адам саны Парламент Мәжілісінің Регламентімен айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары кіре алады. Депутаттың бір ғана саяси партия фракциясының құрамында болуға құқығы бар.
      3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кемінде он бес депутаты болуға тиіс.
      4. Саяси партиялардың фракцияларын тіркеу - Парламент Мәжілісінің Бюросында, депутаттық топтарды тіркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтарды тіркеу келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі.
      5. Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары мен Парламенттегі депутаттық топтардың өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысын қамтамасыз ету Парламент пен оның палаталарының регламенттерінде айқындалады.";

      "36-бап. Республика Парламентінің және Парламент
               Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын
               тоқтату

      1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
      2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
      3. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.
      Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртібі Сенат Регламентінде айқындалады.";

      19) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Республика Парламенті Палаталарының Аппараттары

      1. Парламент қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзгедей қамтамасыз етуді Сенат пен Мәжілістің бөлек аппараттары жүзеге асырады.
      2. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының құрылымы мен штат санын белгілеуді, оларды жасақтауды Парламент қызметін қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шегінде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады.
      3. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметі Республиканың мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған және оның депутаттары жаңа құрамының сайлануы жағдайында Сенат пен Мәжілістің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тоқтатылмайды.
      5. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері жалақы мөлшері, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.".

       2-бап . Осы Конституциялық заң, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабы  1-тармағының ережелері ескеріле отырып, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"

Конституционный закон Республики Казахстан от 19 июня 2007 года N 266

       Статья 1 . Внести в  Конституционный закон  Республики Казахстан от 16 октября 1995 г. "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 21, ст. 124; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст. 78; 1999 г., N 4, ст. 100; N 10, ст. 342; 2006 г., N 23, ст. 137) следующие изменения и дополнения:
      1) в пункте 2 статьи 2:
      после слова "Парламента" дополнить словами "и Мажилиса Парламента";
      слова "случаях и порядке, предусмотренных" заменить словами "порядке, предусмотренном";
      2) пункты 2, 3 и 4 статьи 4 изложить в следующей редакции:
      "2. Сенат образуют депутаты, представляющие в порядке, установленном конституционным законом, по два человека от каждой области, города республиканского значения и столицы Республики Казахстан. Половина избираемых депутатов Сената переизбирается каждые три года.
      3. Пятнадцать депутатов Сената назначаются Президентом Республики с учетом необходимости обеспечения представительства в Сенате национально-культурных и иных значимых интересов общества.
      4. Мажилис состоит из ста семи депутатов, избираемых в порядке, установленном конституционным законом.
      Девяносто восемь депутатов Мажилиса избираются от политических партий по партийным спискам по единому общенациональному избирательному округу на основе всеобщего, равного и прямого избирательного права при тайном голосовании. Девять депутатов Мажилиса избираются Ассамблеей народа Казахстана.";
      3) в статье 6:
      второе предложение пункта 5 после слова "Парламента" дополнить словами ", как правило,";
      в пункте 6:
      в первом предложении слова "внеочередное совместное заседание Палат" заменить словами "внеочередную сессию Парламента";
      во втором предложении:
      слова "На нем" заменить словами "На ней";
      слово "его" заменить словом "ее";
      4) в статье 9:
      подпункт 6) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "6) представляют Палатам кандидатуры для назначения на должности двух членов Конституционного Совета, двух членов Центральной избирательной комиссии, трех членов Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета;";
      в пункте 8:
      в первом предложении слова "одному заместителю, избираемому" заменить словами "два заместителя, избираемых";
      во втором предложении слово "замещают" заменить словами "исполняют обязанности";
      5) пункт 2 статьи 10:
      после слова "Бюро" дополнить словом "Палат";
      дополнить вторым предложением следующего содержания:
      "В состав Бюро Мажилиса также входят руководители фракций политических партий, представленных в Мажилисе.";
      6) дополнить статьей 11-1 следующего содержания:
      "Статья 11-1. Консультативно-совещательные органы при
                    Парламенте Республики
      1. При Парламенте Республики и его Палатах для выработки предложений по вопросам, отнесенным к компетенции Парламента и его Палат, могут создаваться консультативно-совещательные органы, решения которых носят рекомендательный характер.
      2. Порядок образования консультативно-совещательных органов определяется регламентами Парламента и его Палат.
      3. Рабочими органами консультативно-совещательных органов при Парламенте Республики и его Палатах являются аппараты Палат Парламента.";
      7) пункт 1 статьи 14 изложить в следующей редакции:
      "1. Регламент Парламента, регламенты его Палат устанавливают:
      1) условия и порядок проведения совместных и раздельных заседаний Сената и Мажилиса;
      2) порядок формирования рабочих органов Парламента и его Палат;
      3) организацию деятельности Парламента и его Палат, их рабочих органов;
      4) условия и порядок осуществления депутатами и должностными лицами Парламента своих полномочий.
      Регламентом Мажилиса, кроме предусмотренных настоящим пунктом предметов его регулирования, определяются особенности организации и порядка работы фракций политических партий.";
      8) в статье 15:
      в пункте 2:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) Президенту Республики, который решение о внесении проекта законодательного акта в Мажилис оформляет специальным посланием;";
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) депутатам Парламента, которые решение о внесении проекта законодательного акта в Мажилис оформляют соответствующим представлением;";
      пункт 3 после слова "внесенные" дополнить словами "Президентом Республики,";
      пункт 4 дополнить вторым предложением следующего содержания:
      "Для проектов законодательных актов, вносимых в Мажилис Парламента в порядке законодательной инициативы Президента Республики, наличие такого заключения не требуется.";
      9) в статье 18:
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Проект конституционного закона, рассмотренный и одобренный не менее чем двумя третями голосов от общего числа депутатов Мажилиса, передается в Сенат, где рассматривается не более шестидесяти дней. Принятый не менее чем двумя третями голосов от общего числа депутатов Сената проект становится конституционным законом и в течение десяти дней представляется Президенту Республики на подпись. Отклонение в целом проекта конституционного закона осуществляется Мажилисом или Сенатом большинством голосов от общего числа депутатов Палаты. Отклоненный проект конституционного закона возвращается его инициатору.
      Внесенные Сенатом не менее чем двумя третями голосов его депутатов изменения и дополнения в проект конституционного закона направляются в Мажилис. Если Мажилис не менее чем двумя третями голосов его депутатов согласится с внесенными Сенатом изменениями и дополнениями, конституционный закон считается принятым.
      Если Мажилис при голосовании по внесенным Сенатом изменениям и дополнениям не согласился с ними не менее чем двумя третями голосов депутатов, то разногласия между Палатами разрешаются путем согласительных процедур.";
      в третьем предложении пункта 3 слова "установленного Конституцией необходимого числа голосов" заменить словами "большинства голосов от общего числа депутатов каждой из Палат";
      10) в пункте 2 статьи 19 слова "пятнадцати рабочих дней" заменить словами "одного месяца";
      11) статью 20 изложить в следующей редакции:
      "Статья 20. Рассмотрение Парламентом Республики
                  возражений Президента Республики
      1. Повторное обсуждение и голосование по законам или статьям закона, вызвавшим возражения Президента Республики, проводятся в месячный срок со дня направления возражений. Несоблюдение этого срока означает принятие возражений Президента.
      2. Возвращенные с возражениями Президента Республики закон или его статьи после выработки заключения соответствующим постоянным комитетом Мажилиса выносятся на пленарное заседание Мажилиса для принятия Палатой решения.
      Если Мажилис по итогам голосования не подтверждает ранее принятого Парламентом решения по закону, то дальнейшее рассмотрение возражений Президента Палатами Парламента прекращается и закон считается непринятым или принятым в редакции, предложенной Президентом.
      Если Мажилис большинством в две трети голосов от общего числа депутатов Палаты подтвердит ранее принятое по закону решение, то закон с возражениями Президента передается для дальнейшего рассмотрения в Сенат.
      После выработки заключения соответствующим постоянным комитетом Сената закон или его статьи с возражениями Главы государства выносятся на пленарное заседание Сената. Если Сенат по итогам голосования не подтверждает ранее принятого Парламентом решения по закону, то закон считается непринятым или принятым в редакции, предложенной Президентом.
      Если Сенат большинством в две трети голосов от общего числа депутатов Палаты подтвердит ранее принятое по закону решение, то возражения Президента по закону считаются преодоленными. В этом случае закон или, соответственно, его статьи считаются принятыми в той редакции, в которой он был принят Парламентом в первый раз, и Президент подписывает данный закон в течение одного месяца с момента его представления на подпись.
      3. В ходе рассмотрения возражений в Мажилисе Президент Республики вправе с учетом предложений депутатов изменить предложенную им в возражениях редакцию закона в целом либо соответствующих отдельных его статей.
      4. При повторном обсуждении и голосовании закона или отдельных его статей на заседаниях Палат Парламента голосование проводится по закону в целом, если возражения Президента вызвал закон в целом, либо по статьям, вызвавшим возражения Президента Республики.
      5. В случае если возражения Президента Республики внесены на принятые Парламентом конституционные законы, то в этом случае возражения рассматриваются в порядке, предусмотренном для рассмотрения возражений на законы. При этом возражения Президента на конституционные законы преодолеваются Парламентом не менее чем тремя четвертями голосов от общего числа депутатов каждой из Палат.";
      12) главу IV изложить в следующей редакции:
      "Глава IV Осуществление Палатами Парламента полномочий по
                даче Президенту согласия на назначение на
                должность, избранию, назначению на должность и
                освобождению от должности должностных лиц Республики
      Статья 21. Должностные лица, назначаемые на должность
                 Президентом с согласия Палат Парламента,
                 избираемые, назначаемые на должность и
                 освобождаемые от должности Палатами Парламента
      Перечень должностных лиц Республики, назначаемых на должность Президентом Республики с согласия Палат Парламента, избираемых, назначаемых на должность и освобождаемых от должности Палатами Парламента, определяется Конституцией Республики.

      Статья 22. Порядок дачи Палатами Парламента Президенту
                 Республики согласия на назначение на должность,
                 избрания на должность и освобождения от должности
                 должностных лиц Республики
      1. Президент Республики для получения согласия Мажилиса Парламента на назначение на должность Премьер-Министра, а также согласия Сената на назначение на должность Председателя Национального Банка, Генерального Прокурора и Председателя Комитета национальной безопасности Республики, для избрания Сенатом на должности и освобождения от должностей Председателя и судей Верховного Суда Республики вносит в Палаты Парламента соответствующие письменные представления, на основании которых принимается решение о включении соответствующего вопроса в повестку дня ближайшего заседания соответствующей Палаты Парламента.
      2. Согласие Мажилиса Парламента на назначение Премьер-Министра дается на заседании Палаты.
      Согласие Палат Парламента на назначение Президентом Республики указанных должностных лиц носит предварительный либо последующий характер и дается на заседании Палаты.
      3. Предложенные кандидатуры для избрания Сенатом на должности и освобождение от должностей Председателя и судей Верховного Суда до рассмотрения вопроса на заседании Палаты подлежат обсуждению на заседании соответствующего комитета Сената, определяемого решением Бюро Сената. По итогам рассмотрения кандидатур комитет выносит заключение по каждой обсуждаемой кандидатуре, оглашаемое на заседании Палаты.
      4. При рассмотрении вопроса о даче согласия на назначение на должность, об избрании на должность и освобождении от должности на заседании соответствующей Палаты кандидатуры на должности представляет Президент Республики или уполномоченное им должностное лицо Республики.
      5. На заседании соответствующей Палаты могут быть:
      1) заданы вопросы кандидату и лицу, представляющему кандидата;
      2) высказаны мнения депутатов "за" или "против" предложенной кандидатуры.
      6. Прения по предложенной кандидатуре могут не открываться, если на этом не настаивают депутаты.
      7. В случае, если соответствующая Палата Парламента не приняла по предложенным Президентом кандидатурам решений о даче согласия на назначение на должность, об избрании на должность, Президент вносит в соответствующую Палату письменные представления на тех же лиц или на новые кандидатуры.
      8. В случае, если Сенат не принял решения об освобождении Председателя и судей Верховного Суда от должностей, Президент вправе внести в Сенат повторное представление по данному вопросу.

      Статья 23. Принятие Палатами Парламента решений по
                 представленным кандидатурам
      1. Мажилис и Сенат Парламента решения о даче согласия на назначение на должность, об избрании на должность и освобождении от должности принимают большинством голосов от общего числа депутатов соответствующей Палаты Парламента.
      2. Решения принимаются отдельно по каждой кандидатуре путем открытого голосования, если соответствующая Палата не определит иной порядок голосования.
      3. Решения оформляются постановлениями соответствующей Палаты отдельно по каждой кандидатуре.
      4. В случае отклонения кандидатур, представленных Президентом для дачи согласия на назначение на должность, на избрание на должность и освобождение от должности, решение соответствующей Палаты должно содержать развернутую мотивировку отклонения.
      Статья 23-1. Порядок назначения на должность должностных лиц
                   Республики Палатами Парламента
      1. Каждая из Палат Парламента самостоятельно без участия другой Палаты назначает на должности двух членов Конституционного Совета; назначает на пятилетний срок на должности двух членов Центральной избирательной комиссии, трех членов Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета.
      2. Назначение на должность лиц, указанных в пункте 1 настоящей статьи, осуществляется на заседании Палаты. Предложенные кандидатуры для назначения Палатой на должность лиц, указанных в пункте 1 настоящей статьи, до рассмотрения вопроса на заседании Палаты подлежат обсуждению на заседании соответствующего комитета Палаты, определяемого решением Бюро Палаты. По итогам рассмотрения кандидатур комитет выносит заключение по каждой обсуждаемой кандидатуре, оглашаемое на заседании Палаты.
      3. При рассмотрении вопроса о назначении на должность на заседании соответствующей Палаты кандидатуры на должности представляет Председатель соответствующей Палаты.
      4. На заседании соответствующей Палаты могут быть:
      1) заданы вопросы кандидату и лицу, представляющему кандидата;
      2) высказаны мнения депутатов "за" или "против" предложенной кандидатуры.
      5. Прения по предложенной кандидатуре могут не открываться, если на этом не настаивают депутаты.
      6. В случае, если соответствующая Палата Парламента не приняла по предложенным кандидатурам решений о назначении на должность, Председатель вносит в соответствующую Палату письменные представления на тех же лиц или на новые кандидатуры.
      7. Мажилис и Сенат Парламента решения о назначении на должность лиц, указанных в пункте 1 настоящей статьи, принимают большинством голосов от общего числа депутатов соответствующей Палаты Парламента.
      8. Решения принимаются отдельно по каждой кандидатуре путем открытого голосования, если соответствующая Палата не определит иной порядок голосования.
      9. Решения оформляются постановлениями соответствующей Палаты отдельно по каждой кандидатуре.
      10. В случае отклонения кандидатур, представленных Председателем Палаты для назначения на должность, решение соответствующей Палаты должно содержать развернутую мотивировку отклонения.";
      13) статью 24 изложить в следующей редакции:
      "Статья 24. Депутат Парламента Республики
      1. Полномочия депутата Парламента начинаются с момента его регистрации в качестве депутата Парламента Центральной избирательной комиссией Республики. На первой сессии Парламента на совместном заседании его Палат депутаты приносят народу Казахстана следующую присягу: "Клянусь верно служить народу Казахстана, укреплять целостность и независимость Республики Казахстан, строго подчиняться ее Конституции и законам, добросовестно выполнять возложенные на меня высокие обязанности депутата". Принятие присяги осуществляется Президентом и проводится в торжественной обстановке в присутствии членов Правительства, Конституционного Совета, судей Верховного Суда, экс-Президентов Республики.
      2. Депутат Парламента не вправе быть депутатом другого представительного органа, занимать иные оплачиваемые должности, кроме преподавательской, научной или иной творческой деятельности, осуществлять предпринимательскую деятельность, входить в состав руководящего органа или наблюдательного совета коммерческой организации. Нарушение настоящего правила влечет за собой прекращение полномочий депутата по представлению Центральной избирательной комиссии Республики.
      3. Полномочия депутата Парламента прекращаются в случаях подачи в отставку, его смерти, признания депутата по вступившему в законную силу решению суда недееспособным, умершим или безвестно отсутствующим и в иных случаях, предусмотренных Конституцией и настоящим Конституционным законом.
      4. Полномочия депутатов Мажилиса Парламента, избранных Ассамблеей народа Казахстана, могут быть досрочно прекращены по ее решению.
      5. Полномочия назначенных депутатов Сената Парламента могут быть досрочно прекращены по решению Президента Республики.
      Полномочия депутатов Сената Парламента, избранных на совместном заседании выборщиков в лице депутатов, представляющих все маслихаты соответственно области, города республиканского значения и столицы Республики, могут быть досрочно прекращены по решению выборщиков.
      6. Депутат Парламента лишается своего мандата при:
      1) его выезде на постоянное место жительства за пределы Казахстана;
      2) вступлении в законную силу в отношении его обвинительного приговора суда;
      3) утрате гражданства Республики Казахстан.
      7. Депутат Мажилиса Парламента лишается своего мандата при:
      1) выходе или исключении его из политической партии, от которой в соответствии с конституционным законом он избран;
      2) прекращении деятельности политической партии, от которой в соответствии с конституционным законом он избран.
      8. При прекращении полномочий депутата Парламента по основаниям, предусмотренным пунктами 3 и 6 настоящей статьи, Центральной избирательной комиссией принимается постановление, в котором констатируется факт наступления оснований, влекущих прекращение полномочий депутата Парламента, и принимается решение о внесении в соответствующую Палату Парламента представления о досрочном прекращении полномочий депутата Парламента.
      На основании представления Центральной избирательной комиссии Палата Парламента прекращает полномочия соответствующего депутата Парламента.
      9. При прекращении полномочий депутата Парламента по основаниям, предусмотренным пунктами 4, 5 и 7 настоящей статьи, Центральной избирательной комиссией принимается постановление, констатирующее факт утраты соответствующим лицом полномочий депутата Парламента.
      10. Полномочия депутатов Парламента и Мажилиса Парламента прекращаются в случае роспуска соответственно Парламента или Мажилиса Парламента.";
      14) в подпункте 3) пункта 2 статьи 25 слова "Парламентом и его Сенатом" заменить словами "Палатами Парламента";
      15) пункт 5-1 статьи 30 после слов "роспуска Парламента" дополнить словами "или Мажилиса Парламента";
      16) в пунктах 1 и 2 статьи 31 слово "законодательством" заменить словом "законами";
      17) статью 33 дополнить пунктом 5 следующего содержания:
      "5. Вопрос о применении к депутатам Мажилиса предусмотренных настоящей статьей мер взыскания может быть инициирован фракциями политических партий, представленных в Мажилисе, в состав которых входят депутаты.";
      18) статьи 34 и 36 изложить в следующей редакции:
      "Статья 34. Депутатские объединения в Парламенте Республики
      1. Депутаты Парламента вправе создавать депутатские объединения в виде фракций политических партий и депутатских групп.
      2. Фракция политической партии - организованная группа депутатов, представляющих политическую партию, зарегистрированную в порядке, установленном законом, которая в целях выражения интересов соответствующей политической партии создается в Мажилисе Парламента. Минимальная численность фракции политической партии определяется Регламентом Мажилиса Парламента. В состав фракции политической партии могут входить депутаты Мажилиса Парламента. Депутат имеет право состоять только в одной фракции политической партии.
      3. Депутатская группа - объединение депутатов для совместного осуществления своих полномочий. В составе депутатской группы должно быть не менее пятнадцати депутатов Парламента.
      4. Регистрация фракций политических партий осуществляется в Бюро Мажилиса Парламента, регистрация депутатских групп осуществляется в Бюро Палат Парламента. Регистрация фракций политических партий и депутатских групп производится явочным порядком.
      5. Полномочия, организация и деятельность фракций политических партий в Мажилисе Парламента и депутатских групп в Парламенте, обеспечение их работы определяются регламентами Парламента и его Палат.";

      "Статья 36. Досрочное прекращение полномочий Парламента
                  Республики и Мажилиса Парламента
      1. Президент Республики после консультаций с председателями Палат Парламента и Премьер-Министром может распустить Парламент или Мажилис Парламента.
      2. Парламент и Мажилис Парламента не могут быть распущены в период чрезвычайного или военного положения, в последние шесть месяцев полномочий Президента, а также в течение одного года после предыдущего роспуска.
      3. В случае роспуска Мажилиса функции Парламента по принятию конституционных законов и законов временно, до избрания нового состава Мажилиса, выполняет Сенат.
      Порядок принятия в таком случае Сенатом конституционных законов и законов определяется Регламентом Сената.";
      19) статью 39 изложить в следующей редакции:
      "Статья 39. Аппараты Палат Парламента Республики
      1. Организационное, правовое, информационно-аналитическое и иное обеспечение деятельности Парламента осуществляют раздельные аппараты Сената и Мажилиса.
      2. Определение структуры и штатной численности аппаратов Сената и Мажилиса, их формирование осуществляются Бюро Палат в пределах бюджетных средств, выделенных на финансирование деятельности Парламента.
      3. Деятельность аппаратов Сената и Мажилиса осуществляется в соответствии с нормативными правовыми актами Республики о государственной службе.
      4. С истечением сроков полномочий Парламента или Мажилиса Парламента, в случае роспуска Парламента или Мажилиса Парламента и выборов нового состава его депутатов деятельность государственных служащих в аппаратах Палат Парламента не прекращается.
      5. Работники аппаратов Сената и Мажилиса по уровню заработной платы, иным условиям материального, финансового и социально-бытового обеспечения приравниваются к соответствующим работникам Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.".

       Статья 2 . Настоящий Конституционный закон вводится в действие со дня его официального опубликования с учетом положения пункта 1  статьи 2  Закона Республики Казахстан от 21 мая 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан".

       Президент
Республики Казахстан