Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 304 Заңы

       Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуеті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін уақтылы жібермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімін, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгерту, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Сауал салуды жіберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушіні және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай емес деп негізсіз тану, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негізінде конкурстық комиссияның заңсыз шешім қабылдауы, -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы уақтылы хабарламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді бермеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергені туралы көрінеу жалған ақпарат беру, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың екінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.
      Осы бапта лауазымды адамдар деп:
      бірінші бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;
      екінші бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      үшінші бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды;
      төртінші және бесінші бөліктерде - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;
      алтыншы бөлікте - конкурстық комиссияның мүшелерін;
      сегізінші және тоғызыншы бөліктерде - тапсырыс берушінің немесе сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.";

      2) 571-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган

      1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.";

      3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның (356-бап);".

      2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):
      аталған Заңға қосымшаның 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".

       2-бап . Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственных закупок

Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года N 304

       Статья 1 . Внести изменения и дополнение в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г, N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст. 85, 86; N 15, ст. 92, 95; N 16, ст. 98, 102; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 16, 18; N 3, ст. 20, 23; N 4,   ст. 28, 33; N 5-6, ст. 40; N 9, ст. 67; N 10, ст. 69;  Закон Республики Казахстан от 19 июня 2007 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам рекламы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 22 июня 2007 г. и "Казахстанская правда" 21 июня 2007 г.):
      1) статью 167 изложить в следующей редакции:
      "Статья 167. Нарушение законодательства Республики Казахстан 
                  о государственных закупках

      1. Нарушение требований законодательства Республики Казахстан о государственных закупках к конкурсной документации путем указания на характеристики, определяющие принадлежность приобретаемых товаров, работ, услуг отдельным потенциальным поставщикам, за
исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о
государственных закупках, - 
      влечет штраф на должностных лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.
      2. Несвоевременное направление текста внесенных изменений и (или) дополнений в конкурсную документацию лицам, сведения о которых внесены в журнал регистрации лиц, получивших конкурсную документацию, а равно несвоевременное опубликование уточненной
конкурсной документации - 
      влекут штраф на должностных лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей.
      3. Отказ от осуществления государственных закупок в случаях, не предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, - 
      влечет штраф на должностных лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      4. Вскрытие конвертов с заявками на участие в конкурсе с нарушением срока, времени и места, указанных в конкурсной документации, а также изменение даты, времени и места вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе без внесения указанных изменений в конкурсную документацию -
      влечет штраф на должностных лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.
      5. Направление запроса, а равно действия конкурсной комиссии, связанные с дополнением заявки на участие в конкурсе недостающими документами, заменой документов, представленных в заявке на участие в конкурсе, приведением в соответствие ненадлежащим образом оформленных документов, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      6. Установление к потенциальным поставщикам и (или) к привлекаемым ими субподрядчикам (соисполнителям) квалификационных требований, не предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, а равно необоснованное признание потенциального поставщика и (или) привлекаемых им субподрядчиков
(соисполнителей) несоответствующими квалификационным требованиям по основаниям, не предусмотренным законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      7. Составление экспертом заведомо ложного экспертного заключения, на основании которого принято неправомерное решение конкурсной комиссией, -
      влечет штраф на физических лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.
      8. Несвоевременное уведомление уполномоченного органа в сфере государственных закупок об установленных фактах предоставления потенциальным поставщиком недостоверной информации по квалификационным требованиям -
      влечет штраф на должностных лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей.
      9. Неуведомление уполномоченного органа в сфере государственных закупок об установленных фактах предоставления потенциальным поставщиком недостоверной информации по
квалификационным требованиям, а также непредставление в уполномоченный орган в сфере государственных закупок сведений о потенциальном поставщике, уклонившемся от заключения договора о государственных закупках, а равно предоставление заведомо ложной информации о предоставлении потенциальным поставщиком недостоверной информации по квалификационным требованиям -
      влекут штраф на должностных лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      10. Действия (бездействие), предусмотренные частями первой и четвертой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      11. Действия (бездействие), предусмотренные частями второй и восьмой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере шестидесяти месячных расчетных показателей.
      12. Действие, предусмотренное частью седьмой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, - 
      влечет штраф на физических лиц в размере ста месячных расчетных показателей.
      13. Действия (бездействие), предусмотренные частями третьей, пятой, шестой и девятой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на должностных лиц в размере двухсот месячных расчетных показателей.
 
             Примечание.
      Под должностными лицами в настоящей статье следует понимать:
      в части первой - первых руководителей организатора государственных закупок, заказчика или лиц, исполняющих их обязанности, ответственных за осуществление процедур организации и проведения государственных закупок, и (или) лиц, непосредственно участвующих в разработке конкурсной документации;
      в части второй - первых руководителей организатора государственных закупок, заказчика или лиц, исполняющих их обязанности, ответственных за осуществление процедур организации и проведения государственных закупок;
      в части третьей - первого руководителя заказчика или лица, исполняющего его обязанности;
      в частях четвертой и пятой - председателя конкурсной комиссии и его заместителя, а также членов и секретаря конкурсной комиссии;
      в части шестой - членов конкурсной комиссии;
      в частях восьмой и девятой - руководителя заказчика или единого организатора государственных закупок и (или) лиц, исполняющих их обязанности.";
      2) статью 571-1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 571-1. Центральный уполномоченный орган по внутреннему контролю

      1. Центральный уполномоченный орган по внутреннему контролю рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 167 настоящего Кодекса.
      2. Рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания вправе руководитель центрального уполномоченного органа по внутреннему контролю и его заместители, руководители территориальных подразделений.";
      3) подпункт 1) части первой статьи 636 дополнить абзацем двадцать пятым следующего содержания:
      "центрального уполномоченного органа по внутреннему контролю (статья 356);".

      2. В  Закон Республики Казахстан от 31 января 2006 г. "О частном предпринимательстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 3, ст. 21; N 16, ст. 99; N 23, ст. 141; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20):
      пункт 27 приложения к указанному Закону изложить в следующей редакции:
      "27. Органы государственного финансового контроля:
      контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о государственных закупках.".

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2008 года.

       Президент
      Республики Казахстан