Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 309 Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат):
      16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу жағдайларына қолданылмайды.".

      2. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару

       1.   Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
      2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының бес процентінен аспауға тиіс.
      3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционер заңды тұлғаның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс береді.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
      Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
      5. Қор биржасының директорлар кеңесі листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімі санатының ауысу мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде:
      1) аталған шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта - мүдделі эмитент);
      2) мүдделі эмитентке қатысты оның еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
      3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент оның еншілес ұйымы немесе тәуелді акционерлік қоғамы болып табылатын ұйымдардың;
      4) үшінші ұйымға қатысты оның мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.";

      2) 88-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.

      3. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 10, 51-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің бірыңғай Ұлттық тізіліміне мәліметтер берілуі туралы куәлік беру рәсімі қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.
      Қаржы орталығының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының құқықтарын тану рәсімі қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу деп түсініледі.";

      2) 3-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) барлық қатысушылардың теңдігі;";

      3) 5-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу;";
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.";

      4) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктер беру;";
      "2-1) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесін бекіту;";
      8) тармақшадағы "бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздер "Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      
      "7-бап. Уәкілетті органның басшысы

      1. Уәкілетті органның басшысы:
      1) үшінші тұлғаларға қатысты уәкілетті органның атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және онымен еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
      3) өзі болмаған жағдайда міндеттерін атқаруды орынбасарларының біріне жүктейді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда уәкілетті органның атынан өкілдік етеді;
      5) уәкілетті органның жұмыс регламентін және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) уәкілетті органның алқасы туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды;
      7) өзіне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
 
       "11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары

      1. Қаржы орталығының қатысушылары:
      1) уәкілетті орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіне не қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеу туралы куәлігіне;
      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияға ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады.
      2. Мыналар қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды:
      1) банктер;
      2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорлары.
      3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің түрлерін ұштастыра жүргізудің шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      4. Қаржы орталығының қатысушылары:
      1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
      2) қор биржаларында, соның ішінде шетелдік қор биржаларында;
      3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
      5. Уәкілетті органның қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуінің және (немесе) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуінің міндетті шарты заңды тұлғаның Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органының болуы болып табылады.";

      6) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияға ие осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.".

         2-бап .   Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған қор биржалары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития регионального финансового центра города Алматы

Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года N 309

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Закон  Республики Казахстан от 16 января 2001 г. "О некоммерческих организациях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 1, ст. 8; N 24, ст. 338; 2003 г., N 11, ст. 56; 2004 г., N 5, ст. 30; N 10, ст. 56; 2005 г., N 13, ст. 53; 2006 г., N 8, ст. 45; N 15, ст. 95; 2007 г., N 2, ст. 18; N 9, ст. 67):
      пункт 4 статьи 16 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Требования части первой настоящего пункта не распространяются на случаи преобразования фондовых бирж, созданных в соответствии с законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг.".

      2. В  Закон  Республики Казахстан от 2 июля 2003 г. "О рынке ценных бумаг" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 14, ст. 119; 2004 г., N 16, ст. 91; N 23, ст. 142; 2005 г., N 7-8, ст. 24; N 14, ст. 58; N 23, ст. 104; 2006 г., N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; 2007 г., N 2, ст. 18; N 4, ст. 28; N 9, ст. 67):
      1) статью 84 изложить в следующей редакции:
      "Статья 84. Управление организатором торгов
      1. Органы организатора торгов, их функции и полномочия, порядок формирования и принятия ими решений определяются законодательством Республики Казахстан, уставом организатора торгов и его внутренними документами.
      2. Доля каждого акционера организатора торгов совместно с его аффилиированными лицами не может превышать пять процентов от общего количества размещенных акций, за исключением случая, когда акционером является юридическое лицо, права владения и пользования государственными пакетами акций которого принадлежат уполномоченному государственному органу по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы.
      3. Доля акционера - юридического лица, права владения и пользования государственными пакетами акций которого принадлежат уполномоченному государственному органу по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы, не может превышать двадцать пять процентов от общего количества голосующих акций организатора торгов.
      Каждый акционер организатора торгов голосует по принципу "одна акция - один голос".
      4. В состав совета директоров организатора торгов на постоянной основе с правом голоса входит представитель уполномоченного органа.
      В состав совета директоров фондовой биржи, которая определена специальной торговой площадкой регионального финансового центра города Алматы, на постоянной основе с правом голоса входит также представитель уполномоченного государственного органа по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы.
      5. При принятии советом директоров фондовой биржи решений по вопросам листинга, делистинга или смены категории списка ценных бумаг не имеют права голосовать члены совета директоров, являющиеся представителями:
      1) эмитента, чьи ценные бумаги включаются в список фондовой биржи, исключаются из этого списка или переводятся в иную категорию этого списка в соответствии с указанным решением (далее в настоящем пункте - заинтересованный эмитент);
      2) организаций, являющихся дочерними организациями или зависимыми акционерными обществами по отношению к заинтересованному эмитенту;
      3) организаций, по отношению к которым заинтересованный эмитент является дочерней организацией или зависимым акционерным обществом;
      4) организаций, являющихся вместе с заинтересованным эмитентом дочерними организациями или зависимыми акционерными обществами по отношению к третьей организации.";
      2) часть первую пункта 1 статьи 88 исключить.

      3. В  Закон  Республики Казахстан от 5 июня 2006 г. "О региональном финансовом центре города Алматы" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 10, ст. 51):
      1) статью 1 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:
      "Под государственной регистрацией участников финансового центра понимается процедура проверки соответствия учредительных и других документов законодательным актам Республики Казахстан, выдачи свидетельства о государственной регистрации с присвоением бизнес-идентификационного номера и передачи сведений в единый Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров.
      Под аккредитацией участников финансового центра понимается процедура признания прав профессиональных участников рынка ценных бумаг на осуществление деятельности в качестве участника финансового центра.";
      2) подпункт 1) части второй статьи 3 изложить в следующей редакции:
      "1) равенство всех участников;";
      3) в пункте 2 статьи 5:
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) аккредитация участников финансового центра;";
      подпункт 9) исключить;
      дополнить подпунктами 10) и 11) следующего содержания:
      "10) разработка и реализация мероприятий по развитию финансового центра;
      11) содействие улучшению инфраструктуры рынка ценных бумаг.";
      4) в статье 6:
      дополнить подпунктами 1-1) и 2-1) следующего содержания:
      "1-1) выдавать свидетельства об аккредитации в качестве участника финансового центра;";
      "2-1) утверждать правила аккредитации в качестве участника финансового центра;";
      в подпункте 8) слова "в порядке, установленном бюджетным законодательством" заменить словами "в размере и порядке, установленных Правительством";
      5) статьи 7 и 11 изложить в следующей редакции:
      "Статья 7. Руководитель уполномоченного органа
      1. Руководитель уполномоченного органа:
      1) без доверенности действует от имени уполномоченного органа в отношениях с третьими лицами;
      2) осуществляет прием на работу, перевод работника и расторжение трудового договора в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) в случае отсутствия возлагает исполнение своих обязанностей на одного из заместителей;
      4) представляет уполномоченный орган в государственных органах и организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      5) утверждает регламент работы и положения о структурных подразделениях уполномоченного органа;
      6) утверждает положение о коллегии уполномоченного органа и определяет ее состав;
      7) осуществляет полномочия, возложенные на него настоящим Законом и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      2. Руководитель уполномоченного органа назначается и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.";
      "Статья 11. Участники финансового центра
      1. Участниками финансового центра являются профессиональные участники рынка ценных бумаг, обладающие:
      1) свидетельством о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, выданным уполномоченным органом, либо свидетельством об аккредитации в качестве участника финансового центра;
      2) лицензией на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      2. Участниками финансового центра не являются:
      1) банки;
      2) профессиональные участники рынка ценных бумаг, осуществляющие деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами;
      3) накопительные пенсионные фонды.
      3. Участники финансового центра вправе осуществлять иные виды деятельности с учетом условий и порядка совмещения видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, устанавливаемых нормативными правовыми актами уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      4. Участники финансового центра вправе заключать сделки с финансовыми инструментами:
      1) на специальной торговой площадке финансового центра;
      2) на фондовых биржах, в том числе иностранных;
      3) на неорганизованном рынке ценных бумаг.
      5. Обязательным условием государственной регистрации участника финансового центра и (или) аккредитации в качестве участника финансового центра уполномоченным органом является наличие постоянно действующего органа юридического лица на территории города Алматы.";
      6) пункт 1 статьи 12 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Торги финансовыми инструментами на специальной торговой площадке финансового центра могут осуществлять лица, указанные в пункте 2 статьи 11 настоящего Закона, обладающие лицензией на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным государственным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.".

       Статья 2.  Фондовые биржи, созданные до введения в действие настоящего Закона, обязаны в течение одного года со дня введения в действие настоящего Закона привести свою деятельность в соответствие с настоящим Законом.

      Президент
      Республики Казахстан