Қолданушылар назарына! Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына ):
531-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"531-бап. Мемлекеттік органдардың айырым белгілері және
(немесе) нышандары бар нысанды әскери киімді,
сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешекті немесе
нысанды киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану)
1. Мемлекеттік органдардың айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімді, сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешекті немесе нысанды киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
мемлекеттік органдардың айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешек немесе нысанды киім тәркіленіп, айлық есептік көрсеткіштің: жеке тұлғаларға - үштен беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның осы қызметті жүзеге асырумен байланысты жасауы -
мемлекеттік органдардың айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешек немесе нысанды киім тәркіленіп, айлық есептік көрсеткіштің: жеке тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат):
1) заңның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "жеке кәсіпкерлер", "жеке кәсіпкерлік", "жеке кәсіпкер", "жеке кәсіпкерге", "жеке кәсіпкердің", "жеке кәсіпкерлердің" деген сөздер тиісінше "дара кәсіпкерлер", "дара кәсіпкерлік", "дара кәсіпкер", "дара кәсіпкерге", "дара кәсіпкердің", "дара кәсіпкерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 4-тармағындағы "21 жасқа" деген сөздер "19 жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жеке күзетшілер, күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің қызметкерлері күзет қызметін өздерінің күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киіммен жүзеге асырады.
Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру
тәртібін
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.";
4) 21-бапта "мемлекеттік білім беру ұйымдарын" деген сөздер "мамандандырылған оқу орталықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-бапта мемлекеттік тілдегі мәтінде "заңдарына" деп жазылғандықтан ол өзгеріссіз қалады.
2-бап . Осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев