Астанада 2009 жылғы 30 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
(N 39258 операция)
Қазақстан Республикасы
мен
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы
("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі)
2009 жылғы ___________
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ЕУРОПА
ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы
200_ жылғы _______ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
КІРІСПЕ
Банк көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың принциптерін ұстанатын және оларды өмірде қолданатын Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесетін нақты жобаларға қаржы беру үшін құрылғандықтан;
Қарыз алушы 1-қосымшада сипатталғандай Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзындығы 102 км автожолды қайта жаңғыртуда және техникалық санатын арттыруда Қарыз алушыға көмек көрсетуге арналған Жобаны іске асыруға ниет білдіргендіктен;
Қарыз алушы Банкке Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы автожолының учаскесін қайта жаңарту жобасының бөлігін қаржыландыруға жәрдем көрсету туралы өтініш жасағандықтан;
Банк Қарыз алушыға Жобаның С және D бөлігін іске асыруда жәрдем көрсету үшін өтеусіз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын беруге келіскендіктен;
Қарыз алушы Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің және Ислам даму банкінің қарыздарын тартуға ниет білдіргендіктен;
Қарыз алушы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруға қаржылық және басқа да жәрдем көрсетуге келіскендіктен;
Банк, сонымен қатар, жоғарыда аталғандардан басқалардың негізінде Қарыз алушыға осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелерге және талаптарға сәйкес бір жүз сексен миллион АҚШ доллары (180 000 000 АҚШ доллары) мөлшерінде қарыз беруге келісім бергендіктен.
ОСЫЛАЙША, тараптар осымен мыналар туралы келісті:
I БАП - СТАНДАРТТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР;
АНЫҚТАМАЛАР
1.01-бөлім. Стандарттық ережелер мен шарттарды қосу
Банктің 2007 жылғы 1 қазандағы барлық Стандарттық ережелері мен шарттары осымен осы Келісімге қосылады және оған қолданылады және олар осы құжатта толығымен жазылғандағыдай күші болады (бұдан әрі осындай ережелер "Стандарттық ережелер мен шарттар" деп аталады).
1.02-бөлім. Анықтамалар
Ескерту. 1.02-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
Кіріспеде анықталған және осы Келісімнің кез келген бөлігінде пайдаланылатын терминдер (Кіріспе мен Қосымшаларды қоса алғанда) егер олардың өзгеше түсінігі жеке айтылмаса немесе түпмәтін бойынша талап етілсе, оған тиісінше берілген мәні болады; Стандарттық ережелер мен шарттарда анықталған терминдердің онда тиісінше берілген мәні болады, ал төменде келтірілген терминдердің мынадай мәні болады:
"Қарыз алушының Қарыз алушының Қаржы министрін білдіреді.
уәкілетті өкілі"
"Концессиялар туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 66-ІV Заңмен
заң" енгізілген өзгерістерімен бірге 2006 жылғы 7
шілдедегі N 167-ІІІ Концессиялар туралы заңды
білдіреді, ол өзгелерден басқа автожол
саласындағы концессиялық негізде жобаны іске
асыруға және ашық конкурс негізінде осындай
жобалар бойынша келісімшарттар беруге
мүмкіндік береді, бұл ретте осындай заңға
ара-тұра өзгерістер енгізілуі мүмкін.
"Концессиялық жоба Белгілі бір Атқарушы агенттік және Банк үшін
моделі" концессиялық моделді білдіреді, бұл ретте
осындай концессиялық модель Жобаның С бөлігі
шеңберінде дайындалуы тиіс және өзгелерден
басқа: техникалық, қаржылық шолуды және нарық
шолуын; тәуекелді бөлу матрицасын;
концессионерге ақы төлеу принципін; жұмыстар
мен қызметтердің орындалу сапасының
стандарттарын; ақшалай қаражат қозғалысының
моделін; және қоршаған ортаға әсер ету
бағалауын қамтуы тиіс, сондай-ақ осындай
концессиялық модельдің мазмұнын Банк
қанағаттандыратын болады.
"Экологиялық және "Witteveen+Bos" компаниясы дайындаған және
әлеуметтік басқару Атқарушы агенттік мақұлдаған [__] Жоба
жоспары" бойынша экологиялық және әлеуметтік басқару
жоспарын білдіреді, бұл ретте осындай
экологиялық және әлеуметтік басқару жоспары
Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз
ара-тұра өзгеруі мүмкін.
"Экологиялық мәселе" мынаны білдіреді:
(а) қоршаған ортаның ластануын немесе
қорғауды;
(b) адам өміріне зиянды немесе адамның
денсаулығын қорғауды;
(с) денсаулық және жұмыс орнындағы
қауіпсіздік; немесе
(d) кез келген тірі организмге немесе
қоршаған ортаға зиян келтіре алатын кез
келген шығарынды немесе кез келген зат.
"Қаржы жылы" әр жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31
желтоқсанында аяқталатын Қарыз алушының қаржы
жылын білдіреді.
"Атқарушы агенттік" Қарыз алушының Көлік және коммуникация
министрлігін білдіреді.
"Ағымдағы жөндеу және Жобаның D бөлігі шеңберінде дайындалуы тиіс ұстау жүйесін жақсарту және мына: (і) ағымдағы жөндеу мен ұстау
жөніндегі іс-шаралар" бойынша жұмыстарды орындауға келісім-шарттар
берудің ашық және бәсекелі рәсімдері үшін
қажетті сатылы қадамдарды сипаттауды; және
(іі) сапалы көрсеткіштер негізінде ағымдағы
ұстауға келісім-шарттарды енгізу жөніндегі
ұсынымдарды қамтуы тиіс іс-шаралар жиынтығын
білдіреді, сондай-ақ осындай іс-шаралар
жиынтығының нысаны мен мазмұнын Банк
қанағаттандыруы тиіс.
"Сервистік қызмет Жобаның D бөлігі шеңберінде дайындалатын
көрсету туралы шарт" болатын және Атқарушы агенттік пен кез
келген мердігерлік ұйым (меншік нысанына
қарамастан) арасында клиент пен берушінің
өзара қарым-қатынасын анықтайтын, және
ағымдағы жөндеу мен ұстау бойынша жұмыстарды
орындауға келісім-шарттардың ерекшелігі, іске
асыру, қадағалау және мониторинг бөлігінде
тараптардың әрқайсысының міндеттемелерін
белгілейтін ағымдағы жөндеуге және ұстауға
арналған шартты білдіреді.
"Әлеуметтік мәселе" Мынаны білдіреді:
(а) қолданылатын заңнамада белгіленгендей
еңбек шарттарының және жұмысқа қабылдау
нормаларын;
(b) қоныс аударудың және жер кесіп берудің
адамдарға әсері;
(с) жергілікті жерге және басқа да халықтың
әлеуметтік осал топтарына әсері;
(d) археологиялық артефактарды және
ескерткіштерді қоса алғанда мәдени мұра
объектілеріне әсері; немесе
(е) Қарыз алушының мәліметіне жеткізілген
жұртшылықтың өкілдерінен түсетін
арыздарды қоса алғанда қоғамдық
консультациялар және ақпаратты жария ету.
"Жобаларды іске екеуін де Банктің Директорлар кеңесі 2008
асыруға көзделген жылғы 12 мамырда мақұлдаған және 2008
талаптар" жылғы 12 қарашадан бастап қолданылатын
Банктің экологиялық және әлеуметтік
саясатына байланысты 1-8 және 10
Жобаларды (немесе түпмәтіннің талаптарына
қарай Жобаларды іске асыруға қойылатын
осындай талаптардың кез келгені) іске
асыруға қойылатын талаптарды білдіреді.
"Экологиялық және Банктің экология жөніндегі консультанты,
әлеуметтік іс-шаралар қазақстандық «CaspiEcology»
жоспары (Ш-Т Жол жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жобасының Бөлігі)» немесе дайындаған және Атқарушы Агенттік
«ЭӘІЖ (Ш-Т Жол Жобасының мақұлдаған 2012 жылғы 12 желтоқсандағы
Бөлігі)" экологиялық және әлеуметтік басқару
жоспарын және жетілдіру жөніндегі
шараларды білдіреді, бұл ретте мұндай
жоспарға Банктің алдын ала жазбаша
келісімімен мезгіл-мезгіл түзетулер
енгізілуі мүмкін.
"Экологиялық және мыналарға:
әлеуметтік заң" (a) қоршаған ортаның ластануына немесе
оны қорғауға, оның ішінде ақпаратқа және
шешімдер қабылдауға қатысуға ашық қол
жеткізуге қатысты сабақтас заңдарға
немесе қағидаларға;
(b) еңбек жағдайларына және жұмыспен
қамтуға;
(c) еңбек гигиенасына және қауіпсіздікке;
(d) қоғамның саулығына, қауіпсіздігіне
және қорғалуына;
(e) жергілікті тұрғындарға;
(f) мәдени мұраға; немесе
(g) адамдардың қоныс аударуына немесе
экономикалық оңтайлы орын ауыстыруына
қатысты қолданылатын кез келген ұлттық
құқықты немесе қағиданы білдіреді.
"Экологиялық және кез келген экологиялық және әлеуметтік
әлеуметтік мәселе" заңның, Жобаларды іске асыруға көзделген
кез келген талаптардың, Экологиялық және
әлеуметтік іс-шаралар жоспарының (Ш-Т Жол
Жобасының Бөлігі) немесе Қоныс аудару
жоспарының (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі)
күші қолданылатын кез келген мәселені
білдіреді.
"Бастапқы Жобаның Бөлігі" «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық
транзит дәлізінің бір бөлігі болып
табылатын және 1-қосымшада (Жобаның
Сипаттамасы) сипатталғандай, A – D
аралығындағы Жобаның Бөлігін құрайтын
Ресей Федерациясының шекарасы мен Ақтөбе
қаласының арасындағы ұзындығы 102 км
жолды реконструкциялауды және оның
техникалық санатын арттыруды білдіреді.
"Қоныс аудару жоспары Жобаларды іске асыруға көзделген
(Ш-Т Жол Жобасының 5-талапқа сәйкес Банктің экология
Бөлігі)" жөніндегі консультанты, қазақстандық
«CaspiEcology» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі дайындаған және Атқарушы
Агенттік мақұлдаған 2012 жылғы 12
желтоқсандағы Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі
үшін қоныс аудару жоспарын білдіреді, бұл
ретте мұндай қоныс аудару жоспары Банктің
алдын ала жазбаша келісімімен
мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін.
"Жоба" жиынтығында: Бастапқы Жобаның Бөлігін
және Ш-Т Жол Жобасының Бөлігін білдіреді.
"Ш-Т жолын 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қарыз алушы
реконструкциялау бойынша мен Банк арасындағы Қарыз туралы
қарыз туралы келісім" келісімді білдіреді, оған сәйкес Банк
көрсетілген Келісімнің ережелері
сақталған кезде және оларға сәйкес
«Шымкент-Ташкент» жолының учаскесін
реконструкциялауды қаржыландыруға Қарыз
алушыға 142,000,000 АҚШ долларынан
аспайтын мөлшерде қарыз беруге келісті,
бұл ретте мұндай Келісімге мезгіл-мезгіл
өзгерістер енгізілуі мүмкін.
"Ш-Т" Жол Жобасының 1-қосымшада (Жобаның Сипаттамасы)
Бөлігі" сипатталғандай, Жобаның Е Бөлігін
құрайтын, «Шымкент-Ташкент» жолының
учаскесін реконструкциялауды білдіреді.
1.03-бөлім. Түсіндіру
Осы Келісімде көрсетілген Бапқа, Бөлімге немесе Қосымшаға сілтеме, осы Келісімде жеке көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімге көрсетілген Бапқа немесе Бөлімге немесе Қосымшаға сілтеме ретінде түсіндіріледі.
II БАП - ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
2.01-бөлім. Сома және валюта
Банк Қарыз алушыға бір жүз сексен миллион АҚШ доллары ($ 180 000 000) мөлшерінде осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелер мен шарттарға сәйкес қарыз беруге келіседі.
2.02-бөлім. Қарыздың басқа да қаржылық шарттары
Ескерту. 2.02-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
(а) Қаражатты іріктеудің ең кіші сомасы екі жүз мың АҚШ долларын ($ 200 000) құрайды.
(b) Мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы он миллион АҚШ долларын ($ 10 000 000)құрайды.
(с) Жойылатын соманың ең азы бес миллион ($ 5 000 000) АҚШ долларын құрайды.
(d) Проценттерді төлеу күндері әр жылдың 14 ақпаны мен 14 тамызы болады.
(е) (1) Қарыз алушы Қарызды тең (немесе мүмкіндігінше тең) отыз жарты жылдық төлемдермен әр жылдың 14 ақпаны мен 14 тамызында өтеп отырады, бұл ретте қарызды Өтеудің бірінші күні 2013 жылдың 14 тамызы және қарызды Өтеудің соңғы күні 2028 жылдың 14 ақпаны болады.
(2) Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер (і) Қарыз алушы Қарыздың толық сомасын 2.02 (е) Бөлімінде көрсетілген қарызды Өтеудің бірінші күні басталғанға дейін игермесе (1) және Банк 2.02 (f) Бөлімінде көрсетілген Қарызды пайдаланудың соңғы күнін қарызды Өтеудің осындай бірінші күні басталғаннан кейінгі күнге дейінгі төмен ұзартқан жағдайда, онда қарызды Өтеудің бірінші күні немесе одан кейін жасалған әрбір іріктеу сомасы қарызды Өтеудің бірнеше күні ішінде тең үлеспен өтеу үшін бөлінетін болады, олар осындай іріктеу күнінен кейін басталады (бұл ретте Банк осындай бөлу сомаларын әр жағдайда тұтас сан болатындай етіп түзетеді). Банк уақыт өткен сайын мұндай бөлулер туралы Қарыз алушыны хабардар етіп отырады.
(f) Қарызды пайдаланудың соңғы күнi 2018 жылғы 10 қаңтар немесе Банк өз қалауы бойынша белгiлейтiн және ол туралы Қарыз алушыны хабардар ететiн осындай басқа күн болады.
(g) Комиссияның міндеттеме үшін ставкасы 5 %-ды құрайды.
(h) Қарыз Қалқымалы проценттік ставкаға негізделеді. Жоғарыда айтылғанға қарамастан Қарыз алушы Қалқымалы проценттік ставка бойынша (процент) бүкіл сомасына немесе Қарыздың өтелмеген берешегі сомасының кез келген бөлігін уақыттың сол сәтіне сыйақы төлеу баламасы ретінде қарызды өтеуді Қарыздың осындай бөлігіне Тіркелген проценттік ставка бойынша Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.04 (с) Бөліміне сәйкес таңдай алады.
2.03-бөлім. Іріктеулер
(а) Берілген сома уақыт өткен сайын 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жоба үшін талап етілетін ақылға сыйымды сомаға тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты жүргізілген (немесе Банктің келісуімен жүргізгелі тұрған) қаржы шығындарын жабу үшін таңдалған (пайдаланылған) болуы мүмкін.
(b) Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.05 (с) Бөлімінің ережелеріне қарамастан Қарыз алушы Бір жолғы комиссияны Берілетін сома қаражатынан емес, өз ресурстары есебінен төлегісі келеді. Қарыз алушының Бір жолғы комиссияны төлеуі Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.05 (d) Бөліміне сәйкес жүргізілетін болады.
III БАП - ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
3.01-бөлім. Басқа да оңтайлы жобалық міндеттемелер
Ескерту. 3.01-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
Стандарттық ережелер мен талаптардың IV бабында айтылған жалпы міндеттемелерге қосымшаға, егер Банк өзгеге келіспесе:
(а) Қарыз алушы:
(1) Жобаны аяқтау үшін жеткілікті қаражатты қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды;
(2) Жобаның мақсаттарына қол жеткізу және осы Келісімнің ережелерін орындау үшін қажетті немесе тиесілі барлық шараларды қабылдайды немесе қабылдануын қамтамасыз етеді;
(3) өзінің Жобаға байланысты жасасқан кез келген келісім бойынша туындайтын барлық міндеттемелерін орындайды;
(b) Қарыз алушы Атқарушы агенттік:
(1) Жобаның С Бөлігі шеңберінде тартылған консультантпен бірлесіп 2009 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей одан әрі Концессиялар туралы заңға сәйкес іске асыратын Концессиялық жобаның моделін әзірлеуін және келісуін;
(2) Жобаның С Бөлігінің шеңберінде тартылатын консультанттың көмегімен және осындай консультант ұсыным берген және экономикалық негізделген көлемде, осындай жобаны Қарыз алушының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессияға берілуі ықтимал жобалар тізбесіне енгізгеннен кейін 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей іріктелген концессиялық жоба бойынша барлық қажетті конкурстық құжаттаманы дайындайды және Банкпен келісілген кестеге сәйкес осындай тендерді жариялайды;
(3) 2010 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей Жобаның D Бөлігі шеңберінде тартылған консультантпен бірлесіп Сервистік қызмет көрсету туралы шарт нысанын әзірлеуін және келісуін;
(4) 2010 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей Жобаның D Бөлігі шеңберінде тартылған консультанттардың көмегімен және осындай консультант ұсынған және экономикалық негізделген көлемде мұндай іс-шараларды іске асырудың Банкті қанағаттандыратын мерзімдерімен ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жүйелерін жақсарту бойынша Іс-шараларды әзірлеуін және бекітуін;
(5) 2011 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей пилоттық жоба үшін учаске анықтауын және Қарыз алушының заңнамасына сәйкес Сервистік қызмет көрсету туралы Шарт жасасуын, бұл ретте мұндай пилоттық учаске Банкпен келісілетін болады; және
(6) одан кейінгі автожол саласының барлық концессиялық жобаларын Концессиялар туралы заңға және ең үздік халықаралық практикаға сәйкес іске асыруын қамтамасыз етеді;
(c) егер Банкпен өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы бұдан әрі Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қатысты Атқарушы Агенттіктің:
(1) 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей үздік өнеркәсіптік практикаға сәйкес автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді шолуды аяқтауын;
(2) 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей автожол саласындағы құрылыс жұмыстарына арналған тиісті нормативтерді және үлгілік техникалық ерекшеліктерді қабылдауын;
(3) 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей Атқарушы Агенттіктің әлеуетін егжей-тегжейлі бағалауды аяқтауын және тәуелсіз жол агенттігінің (республикалық автомобиль жолдары желісін басқару үшін құрылатын мамандандырылған жол ұйымы) жұмыс істеуіне қатысты егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірлеуін, мұндай ұсыныстарды іске асыру үшін Іс-қимылдар жоспарын және қолданыстағы заңнамаға түзетулердің тиісті жобасын дайындауын;
(4) 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ұсынылып отырған реформаларды іске асыруға мүмкіндік беретін заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын қамтитын тәуелсіз жол агенттігін құруға қатысты iс-қимыл жоспарын Қарыз алушы Үкіметінің қарауына ұсынуын;
(5) 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Атқарушы Агенттіктің сатып алу функцияларының әлеуетін бағалауды аяқтауын және осындай шарт айқындалған Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісім шеңберінде Жобаның С бөлігі бойынша үздік практикаға сәйкес ұсынымдар әзірлеуін, бұл ретте осындай бөлік Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасының 2-тармағында жазылған және Атқарушы Агенттікпен келісілген;
(6) 2014 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарды қолдануын және қолданылатын заңнамаға сәйкес Атқарушы Агенттіктің сатып алу саласындағы функцияларын жетілдіруді аяқтауын;
(7) 2015 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей, жол агенттігі құрылған жағдайда жоғарыдағы (5) тармақшада көрсетілген ұсынымдарға сәйкес жол агенттігінің сатып алу саласындағы тиісті функцияларын іске асыруын;
(8) 2014 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей, жеке сектордың дайындығын және мемлекеттік сектордың нәтижелілікке негізделген техникалық күтіп-ұстау жөніндегі келісімшарттарға тендер өткізу мүмкіндігін бағалайтын зерттеуді аяқтауын;
(9) 2015 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей регламенттік техникалық күтіп-ұстауға арналған көпжылдық келісімшарт үшін тендерлік құжаттама дайындауын және осындай тендерді жариялауын;
(10) 2013 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей Қарыз алушы Үкіметінің қарауына концессиялар туралы заңнамаға жобаларды МЖӘ үлгісі бойынша іске асыруды қамтамасыз етуге тараптарға арналған қолайлы түзетулердің тиісті жобасын ұсынуын; және
(11) Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі шеңберінде және/немесе Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісім шеңберінде және қарыз қаражатын немесе Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісім шеңберінде қарызды пайдалана отырып, реконструкцияланатын жол учаскесі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін және Қарызды ақырғы төлеуге дейін жобаның тіршілік циклі ішінде 1b санаттағы деп сыныпталуын қамтамасыз етеді.
3.02-бөлім. Жобаны іске асыру жөніндегі орган
Жоба бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, Жобаны іске асырудың барлық аспектілерін үйлестіру, басқару, мониторингі мен бағалау мақсатында Қарыз алушы Атқарушы агенттік арқылы, егер Банкпен өзге келісілген болмаса, Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойында жобаны іске асыру бойынша Банкке қолайлы техникалық тапсырма негізінде тепе-тең ресурстары мен жеткілікті білікті персоналы бар органның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3.03-бөлім. Сатып алу
Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.03-бөлімінің мақсаттары үшін, егер Банк өзгеге келіспесе, Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға жататын тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды мынадай ережелер реттейді:
(а) тауарлар, жұмыстар және қызметтер (3.03 (с) бөліміне енгізілген консультанттың қызметтерін қоспағанда) ашық тендер арқылы сатып алынады;
(b) (3.03 (а) Бөлімінің мақсаттары үшін ашық тендерді жүргізу рәсімдері ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 3-Тарауында жазылған;
(с) Жобаны іске асыруда көмек көрсету үшін Қарыз алушы тартатын консультанттар ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 5-Тарауында жазылған рәсімдерге сәйкес таңдалады;
(d) барлық келісім-шарттар ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесіне 1-қосымшада жазылған қарау рәсімдеріне жатады. Барлық келісім-шарттар алдын ала Банктің қарауына жатады.
3.04-бөлім. Экологиялық және әлеуметтік сәйкестік талаптары
Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.02 (а), 4.04 (а) (ііі) және 5.02 (с) (ііі) бөлімдерінің жалпыға қолайлы сипатына зиян келтірместен, Қарыз алушы, егер Банк өзгеге келіспесе, мыналарды:
(а) Жобаны уақыт өткен сайын Жоба тұрған жердің заңи құзыретінде күші бар экологиялық ережелер мен нормаларға және осы Келісімнің күніне Еуропалық Одақта бар экологиялық (немесе егер мұндай нормалар Еуропалық Одақта болмаса Дүниежүзілік Банк Тобының экологиялық басшылығында қолданылатын) нормаларға және осы Келісімнің күніне ЕҚДБ Саясатында қоршаған ортаны қорғауға қатысты көрсетілгендей мәдени игілігіне және орын ауыстыруға мәжбүр негізгі халқы бойынша Халықаралық қаржылық корпорацияның Операциялық директиваларына сәйкес жүзеге асыруды;
(b) Жобаға қатысты Қарыз алушы жұмысқа қабылдаудың қолданылатын барлық, балалар мен жас жігіттерді жұмысқа алуға, жұмыстағы шеттетушілік пен мәжбүрлі еңбекке қатысты заңдары мен нормаларын қоса алғанда сақтауы тиіс. Мұндай қолданылатын заңдар мен нормалар (і) Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегін жоятын, жұмыс орнында кемсіту және мәжбүрлі және зорлап жұмыс істету мен (іі) ұлттық заңнамаға қатысты негізі конвенцияларын қамтуы тиіс; және
(с) Экологиялық және әлеуметтік басқару жоспарын мұқият іске асыруды және сақтауды міндетіне алады.
3.04-бөлім (екі) – Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қатысты экологиялық және әлеуметтік сәйкестік шарттары
Ескерту. Келісім 3.04-бөлім (екі)-мен толықтырылды - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
Егер Банк өзгеге келіспесе, Стандартты ережелер мен шарттардың 4.02 (а), 4.04 (а) (iii) және 5.02 (с) (iii) бөлiмдерiнiң жалпыға бірдей қолданылатын сипатына нұқсан келтірместен:
(а) Қарыз алушы ЭӘІЖ-да (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) жоспарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Жобаларды іске асыруға көзделген талаптарға сәйкес Ш-Т Жол Жобасының Бөлігін орындайды және кез келген мердігердің орындауын қамтамасыз етеді.
(b) Қарыз алушы жоғарыда айтылғанға нұқсан келтірместен, ЭӘІЖ-ны (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарын (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) мұқият іске асыратын және сақтайтын және бақылауды қамтамасыз етуге жататын және осындай жоспарларда қамтылатын ережелерге сәйкес осындай жоспарлардың іске асырылуын бақылайтын болады.
(c) Қарыз алушы мен Банк Ш-Т Жол Жобасы Бөлігінің немесе Қарыз алушының қалыптасқан жағдайындағы өзгерістерге, күтпеген оқиғаларға және бақылау нәтижелеріне жауап ретінде ЭӘІЖ-ге (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарына (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) мезгіл-мезгіл түзетулер енгізуге келісуі мүмкін. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылатын сипатына нұқсан келтірместен,
(1) егер қандай да бір қолайсыз экологиялық немесе әлеуметтік әсер немесе күтілмеген немесе ЭӘІЖ-да (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарында (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) не толығымен не оның маңыздылық дәрежесіне дейін көзделмеген мәселе болса,
(2) егер ЭӘІЖ-да (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарында (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) жазылған әсерді азайту бойынша қандай да бір шара кез келген экологиялық немесе әлеуметтік әсерді жою немесе ЭӘІЖ-да (Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарында (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) жазылған уақыт кезеңі ішінде Жобаларды іске асыруға көзделген тиісті талаптарда болжанатын деңгейге дейін азайту үшін жеткіліксіз болса, немесе
(3) егер ЭӘІЖ-ны (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарын (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) немесе қандай да бір экологиялық және әлеуметтік заңды қалай да бір елеулі түрде сақтамауды қандай да бір бақылаушы органның немесе билік органының инспекциясы анықтаса,
Қарыз алушы ақылға сыйымды қысқа мерзімдерде және Банктің келісуіне қарай әрбір жағдайда Банк үшін қанағаттанарлық шамада Жобаларды іске асыруға көзделген талаптарға және қолданылатын экологиялық және әлеуметтік заңдарға сәйкестендіруге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін әсерді азайту бойынша осындай қосымша немесе қайта қаралған шараларды әзірлейді және ЭӘІЖ-ге (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарына (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) енгізеді.
3.05-бөлім. Консультанттар
Ескерту. 3.05-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
(а) Жобаның В Бөлігін , С Бөлігін және D Бөлігін іске асыруда көмек көрсету үшін консультанттарды, сондай-ақ Жобаның Е бөлігін іске асыруға жәрдем көрсету үшін консультанттарды қоса алғанда, Жобаны іске асыруда көмек көрсету үшін Қарыз алушы, егер Банкпен өзгеше келісілмесе, қажет болған кезде біліктілігі мен тәжірибесі, сондай-ақ техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттандырарлық болып табылатын консультанттарды тартады немесе тартуды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
(b) Қарыз алушы Жобаға немесе Қарыз алушының операцияларына қатысты мәселелерде көмектесу үшін тартылған барлық консультанттарды олардың функцияларын орындау үшін қажетті барлық қаражатпен және қолдаумен, сондай-ақ барлық құжаттамамен, материалдармен және олардың жұмыстарына қатысы болуы мүмкін басқа да ақпаратпен тегін қамтамасыз етеді.
3.06-бөлім. Есептілікті ұсыну кезеңділігі мен оларға қойылатын талаптар
(а) Қарыздың күшіне енген күнінен бастап және толық өтелуіне немесе жойылуына дейін Қарыз алушы, есепті жыл аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде Банкке Жобаға қатысты туындайтын Экологиялық мәселелер мен Әлеуметтік мәселелер бойынша жыл сайынғы есепті ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты мәселелер туралы ақпаратты қамтиды:
(1) қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, қауіпсіздік техникасы талаптары мен 3.04-Бөлімде көрсетілген әлеуметтік талаптарды, Жоба үшін қажетті кез келген экологиялық рұқсаттарды, кез келген реттеуші органдар жүргізген кез келген инспекциялардың нәтижелерін, қолданылатын заңдарды, ережелер мен нормаларды және оларға байланысты тарату іс-шараларын кез келген бұзушылықтарды және кез келген мұндай бұзушылықтар үшін қолданылған жазаларды қоса алғанда сақтау туралы ақпарат; және
(2) кез келген ұсынылған іс-шараларды, мерзімдерді немесе шығындарды өзгертуді қоса алғанда, Экологиялық және әлеуметтік басқару жоспарын іске асыру туралы ақпарат;
(3) Жобаға қатысты кез келген реттеуші органдарға берілген Экологиялық мәселелер мен Әлеуметтік мәселелер бойынша кез келген мәнді хабарламалардың, есептер мен басқа да хабарларға шолу;
(4) Жазатайым жағдайлардың саны мен алдын алынған немесе жоспарланған денсаулық сақтау және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша кез келген бастамаларды қоса алғанда, Жоба бойынша денсаулық сақтау және техника қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпарат;
(5) Жобаға елеулі әсер ете алатын қоршаған ортаны қорғауға, денсаулыққа және техника қауіпсіздігіне қатысты заңдарға кез келген өзгерістерге шолу; және
(6) Экологиялық мәселелер немесе Әлеуметтік мәселелер жөнінде жұртшылыққа кезең-кезеңімен ұсынылатын ақпараттардың көшірмесі.
(b) Күшіне енген күнінен бастап Қарыз алушы Жобаның орындалуы туралы Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.04 (а) (іv) Бөлімінде көрсетілген есептерді тоқсандық негізде есепті кезең аяқталғаннан кейін 30 күннен кешіктірмей, Жоба аяқталғанша, кезең-кезеңімен ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты деректерді қамтиды:
(1) Мынадай жалпы ақпаратты:
(А) есеп жасалған күнге және есепті кезең ішінде Жобаны іске асыру кезінде қол жеткізілген физикалық прогресс;
(В) Жобаны іске асырудағы іс жүзіндегі немесе күтілетін қиыншылықтар немесе іркілістер және олардың іске асыру кестесіне әсері, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңу және іркілістерді болдырмау үшін қабылданған немесе жоспарланған іс жүзіндегі шаралар;
(С) Жобаның аяқталу күнінде күтілетін өзгерістер;
(D) жобаны іске асыру жөніндегі органның, консультанттардың немесе мердігерлердің персоналының негізгі құрамындағы өзгеріс;
(Е) Жобаның құнына әсер етуі мүмкін болған мәселелер; және
(F) Жобаның қандай да бір Бөлігінің экономикалық жүзеге асырылымына әсер ету мүмкіндігі бар кез келген оқиға немесе қызмет.
(2) Жобаның іске асырылу кестесі негізінде, іс жүзіндегі және жоспардағы шығындарды қоса алғанда Жобаның әрбір Бөлігі бойынша қол жеткізілген прогресті көрсете отырып, Жобаның іске асырылу барысының гистограммасы.
(3) Жобаның әр бөлігі шеңберінде шегілген егжей-тегжейі шығындардың Қаржылық есептілігі және мыналарды көрсететін есеппен қарызды Іріктеу:
(А) алғашқы сметалық құны;
(В) осындайлар болған кезде, өзгерістер себептерімен қайта қаралған сметалық құны;
(С) бастапқы ұсынылатын шығыстарды және осы күнгі нақты шығыстар;
(D) осы күнгі шығыстардың бастапқы сметасынан осы күнгі нақты шығыстардың іс жүзінде ауытқу себептері; және
(Е) жылдың қалған тоқсандарына болжамды шығыстар.
(4) осы Келісімде қамтылған шарттардың әрбірін орындау мәртебесінің қысқаша сипаттамасы.
(с) Қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке елеулі жағымсыз әсер етуі мүмкін жобаға байланысты инцидент немесе жазатайым жағдайлар туындасымен Қарыз алушы бұл туралы Банкті инцидент пен жазатайым жағдайларды және оларды жою үшін Қарыз алушы немесе Атқарушы агенттік қолданған кез келген қадамды сипаттай отырып факсимильдік хабарламамен немесе телекс бойынша дереу хабардар етеді. Жоғарыда айтылған жалпы қолданылатын сипатқа залалын тигізбестен инцидент немесе жазатайым жағдайлар, қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке мына жағдайларда, егер кез келген қолданылатын заң осындай инцидент немесе жазатайым жағдайлар туралы мемлекеттік органға хабарлауды талап етсе, осындай инцидент немесе жазатайым жағдайлар адам өліміне немесе госпитальға жатқызуды талап ететін көптеген қауіпті жарақаттануларға әкеп соқса немесе осындай инцидент немесе жазатайым жағдайлар жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолдармен белгілі болған болса, жағымсыз әсер етуі мүмкін.
3.06-бөлім (екі) – Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қатысты басқа есептілік
Ескерту. Келісім 3.06-бөлім (екі)-мен толықтырылды - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
(a) егер 3.06-бөлімге немесе Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімге сәйкес және Қарыздың толық сомасы өтелгенге немесе толық жойылғанға дейін Банкке берілмеген жағдайда, Қарыз алушы Атқарушы Агенттік арқылы Банкке есепті жыл аяқталғаннан кейiн 90 күн iшiнде Қарыз алушыға немесе Ш-Т Жол Жобасының Құрауыш Бөлігіне қатысты туындайтын экологиялық және әлеуметтiк мәселелер бойынша жыл сайынғы есептерді ұсынады. Мұндай есептер мынадай нақты мәселелер туралы ақпаратты қамтитын болады:
(1) Қарыз алушының 3.04 (екі) (a) бөлімінде сипатталғандай, Жобаларды іске асыруға көзделген талаптарды сақтауы және ЭӘІЖ-ны (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) және Қоныс аудару жоспарын (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) іске асыруы туралы ақпарат;
(2) Қарыз алушының Жобаларды іске асыруға көзделген талаптарды және ЭӘІЖ-ны (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) Ш-Т Жол Жобасының Бөлігімен айналысатын кез келген мердігерлердің сақтағанын қалай бақылағаны туралы ақпаратты және осындай мердігерлердің Жобаларды іске асыруға көзделген талаптарды және ЭӘІЖ-ны (Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі) кез келген елеулі сақтамаушылығының және осындай сақтамаушылықты түзеу үшін қабылданған кез келген шараларының мәліметі;
(3) кез келген алынған шағымдардың мәліметін және мұндай шағымдардың қалай шешілгенін қоса алғанда, 10-жобаны іске асыруға көзделген талаптармен талап етілетін мүдделі тараптарды тарту жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат;
(4) Қарыз алушының Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қатысты экологиялық және әлеуметтік заңдарды сақтауы туралы ақпарат, оның ішінде Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі үшін қажетті кез келген рұқсаттардың мәртебесі, қандай да бір реттеуші органдар жүргізген кез келген инспекциялардың нәтижелері, қолданылатын заңдарды, қағидаларды немесе нормаларды кез келген бұзушылықтар және жою жөніндегі олармен байланысты келген іс-шаралар немесе осындай бұзушылықтар үшін салынған кез келген айыппұлдар және Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қатысты Қарыз алушы кез келген реттеуші органдарға берген экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген маңызды хабарламалардың, есептердің және өзге де хабарлаулардың мәліметі;
(5) жазатайым оқиғалардың, еңбекке уақытша жарамсыздыққа әкеп соққан жазатайым оқиғалар мен тосын оқиғалардың санын, Қарыз алушы қолданған немесе жоспарлап отырған кез келген профилактикалық немесе жеңілдету шараларын қоса алғанда, Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі менеджмент және қауіпсіздік техникасының жай-күйі туралы ақпарат, кадрларды еңбек пен денсаулықты қорғау бойынша кез келген даярлау және Қарыз алушы іске асырған немесе жоспарлап отырған денсаулықты сақтау және қауіпсіздік бойынша менеджмент мәселелері жөніндегі кез келген басқа да бастамалар;
(6) Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне елеулі әсер етуі мүмкін экологиялық және әлеуметтік заңдардағы кез келген өзгерістердің мәліметтері; және
(7) Қарыз алушы өз акционерлеріне немесе жұртшылыққа кезеңділікпен ұсынатын экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі кез келген ақпараттың көшірмелері.
(b) Егер 3.06-бөлімге немесе Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімге сәйкес Банкке әлі берілмеген жағдайда, қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауiпсiздiкке елеулi жағымсыз әсер етуi ықтимал Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне байланысты тосын оқиға немесе жазатайым оқиға туындаған кезде Қарыз алушы бұл туралы Банктi осындай тосын оқиға немесе жазатайым оқиғаның және оларды жою үшiн Қарыз алушы немесе Атқарушы Агенттiк қолданған кез келген қадамның сипатын көрсете отырып, факсимильдiк хабарламамен немесе телекспен дереу хабардар етедi. Жоғарыда айтылғанның жалпыға бірдей қолданылу сипатына нұқсан келтірместен,
(1) тосын оқиға немесе жазатайым оқиға, егер ол Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі үшін пайдаланылатын қандай да бір учаскеде орын алса немесе егер ол Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі үшін немесе оған қатысты қолданылатын өндірістік құрылыстарда, жабдықтарда, көлік құралдарында немесе кемелерде орын алса (олардың Ш-Т Жол Жобасы Бөлігінің қандай да бір аумағында пайдалануына қарамастан және оларды уәкілетті немесе бөгде адамдардың пайдалануына қарамастан) Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне жатқызылады;
(2) тосын оқиға немесе жазатайым оқиға, егер:
(A) кез келген қолданылатын заң мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға туралы кез келген мемлекеттік органға хабарлауды талап етсе,
(B) мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға кез келген адамның өлiмiне әкеп соқтырса (бұл адамды Қарыз алушының жалдағанына не жалдамағанына қарамастан),
(C) бірнеше адам (бұл адамдарды Қарыз алушының жалдағанына не жалдамағанына қарамастан) ауруханаға жатқызуды талап ететін ауыр жарақаттар алса, немесе
(D) мұндай тосын оқиға немесе жазатайым оқиға жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолмен белгiлi болса немесе оның белгілі болатындығы ықтимал болса, қоршаған ортаға, жұртшылыққа, еңбек гигиенасына немесе қауіпсіздік техникасына елеулі теріс әсері бар деп есептеледі.
Егер 3.06-бөлімге немесе Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімге сәйкес Банкке әлі берілмеген жағдайда, Қарыз алушыға немесе Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне қарсы бағытталған немесе оған қатысты және ол Қарыз алушыға немесе Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне елеулі теріс әсер тигізуі мүмкін немесе жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де жолмен белгілі болған немесе белгілі болуы ықтимал, жұмысшылардың немесе қоғамдастық мүшелерінің кез келген елеулі наразылығына қатысты Қарыз алушы Банкті дереу хабардар етеді. Қарыз алушы кез келген осындай хабарламадан кейін он күн ішінде Қарыз алушының осындай наразылықты тексеру нәтижесін және наразылықта көтерілген мәселелерді шешу үшін Қарыз алушы қабылдаған немесе қабылдау ұсынылатын кез келген әрекетті айқындайтын, Банк үшін қанағаттанарлық есепті ұсынады.
IV БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
4.01-бөлім. Қаржылық есеп пен есептілік
(а) Қарызды бірінші іріктеу күнінен кейін аяқталатын Қаржы жылынан бастап Қарыз алушы Жобаны немесе оның кез келген бөлігін жүзеге асыруға жауап беретін Қарыз алушының бөлімшелері мен ведомстволарына қатысты Жобаға қатынасы бар бухгалтерлік есептің, операциялардың, ресурстар мен шығындардың халықаралық нормаларын дәйекті қолдануға сәйкес рәсімдерді қолданатын, көрсету үшін және Жобаны іске асыру мониторингі мен есебі үшін жеткілікті рәсімдер, есеп пен шоттар жүргізетін болады.
(b) Қарыз алушы:
(1) аудиттің халықаралық принциптері мен нормаларына сәйкес Банк үшін жарамды тәуелсіз аудиторлар әрбір Қаржы жылына 4.01 (а) Бөлімінде көрсетілген есептілік пен шоттар аудитін ұйымдастыруға;
(2) дайындық жағдайына қарай Банкке, бірақ әрбір Қаржы жылы аяқталғаннан соң кез келген жағдайда алты айдан кешіктірмей осындай аудиторлардан осындай аудит туралы Банктің негіздемелеп сұраған көлемінде және егжей-тегжейлі есеп беруге; және
(3) Банк негіздемелеп мерзімді сұрата алатын осындай есептілік пен шоттарға және олардың аудитіне қатысты нақты ақпаратты Банкке ұсынуға міндеттенеді.
V БАП - ТОҚТАТА ТҰРУ, ЖЕДЕЛДЕТУ, ЖОЮ
5.01-бөлім. Тоқтата тұру
Стандарттық ережелер мен шарттардың 7.01 (а) (хvіі) Бөлімінің мақсаты үшін мыналар:
(а) Қарыз алушының қызметіне немесе қаржы жағдайына және жобаны жүзеге асыру бойынша оның мүмкіндігіне немесе осы Келісім бойынша оның кез келген міндеттемелерін орындау үшін мәнді және теріс әсерін тигізген Қарыз алушының аумағында автожол саласына қолданылатын заңнамалық және нормативтік-құқықтық база өзгертілуі, тоқтатыла тұруы, қысқартылуы немесе жойылуы; немесе
(b) Жоба шеңберінде қайта құрылған активтерге меншік құқығы Қарыз алушы болып табылмайтын тарапқа берілуі келісіледі.
5.02-бөлім. Өтеу мерзімін қысқарту
Стандарттық ережелер мен шарттардың 7.06 (f) Бөлімінің мақсаты үшін мыналар: 5.01-бөлімде сипатталған кез келген оқиға басталды және Қарыз алушыға Банк хабарлама бергеннен кейін отыз күннен астам жалғасуы келісіледі.
VI БАП - КҮШІНЕ ЕНУ
6.01-бөлім. Күшіне енуге ықпал ететін шарттар
Осы Келісім күшіне ену үшін қосымша шарттар ретінде Стандарттық ережелер мен шарттардың 9.02 (с) Бөлімінің мақсаты үшін мынадай шарттар:
(а) Жобаны бірінші жылы жүзеге асыруға бірлесіп қаржыландыру қаражатын жеткілікті бюджеттік қаржыландырудың болуын растайтын Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(b) Осы Келісімнің 3.02-бөліміне сәйкес; жобаны жүзеге асыру жөнінде органның жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(с) Концессия туралы заңды қабылдауды көрсететін Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(d) Жобаның С Бөлігі шеңберінде тартылған консультанттармен жұмыс жөнінде органның болуын анықтайтын Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(е) Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Экологиялық және әлеуметтік басқару жоспарын Банкке ұсынылуы келісіледі.
6.02-бөлім. Заңды қорытынды
Стандарттық ережелер мен шарттардың 9.03 (а) Бөлімінің мақсаты үшін қорытындыны немесе заңды қорытындыны Қарыз алушының атынан Әділет министрлігі ұсынады және кейінгісі Банкке берілетін қорытындыға енгізуге жататын немесе қорытындылардың қосымша мәселелері ретінде келісіледі: қарыз алушының Парламенті осы Келісімді ратификациялады.
6.03-бөлім. Келісімнің күшіне енбеуінен қолданылуын тоқтатуы
Стандарттық ережелер мен шарттардың 9.04 Бөлімінің мақсаты үшін осы Келісімнің күнінен кейін 120 күн өткеннен кейінгі күн келісіледі.
VII БАП - ӘР ТҮРЛІ
7.01-бөлім. Хабарламалар
Стандарттық ережелер мен шарттардың 10.01 Бөлімінің мақсаты үшін мына мекен-жайлар беріледі:
Қарыз алушы үшін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11-үй
Астана 010000
Қаржы министрінің назарына:
Факс: +7 7172 717762
Банк үшін:
Еуропа Қайта құру және Даму банкі
One Exchange Square
Лондон ЕС2А 2JN
Ұлыбритания
Операцияларды басқару бөлімінің назарына:
Факс: +44-20-7338-6100.
Тиісті түрде өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ететін осы Келісімнің тараптары МҰНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ ағылшын тілінде төрт данадан тұратын және [Лондонда, Англияда] жасалған күні мен жылы жоғарыда басында көрсетілген осы Келісімге қол қойды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_______________________
Аты:
Лауазымы:
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
_________________________________
Аты:
Лауазымы:
1-ҚОСЫМША - ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Жобаның мақсаты (і) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің бір бөлігі болып табылатын, Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбе қаласына дейінгі ұзындығы 102 км жолды реконструкциялау мен жаңғыртуда және (іі) Еуропаны Қытаймен байланыстыратын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің бөлігі бір болып табылатын, Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» халықаралық шекараны кесіп өту пункті мен «Шымкент-Ташкент» жолының 742 км бекеті арасындағы ұзындығы 62 км жол учаскесін реконструкциялауда Қарыз алушыға көмек көрсету болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
2. Жоба Банк пен Қарыз алушы, ол туралы уақыт өткен сайын уағдаласа алатын өзгерістер енгізуі тиіс мынадай Бөліктерден тұрады:
А бөлігі: Ресей Федерациясының шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзақтығы 102 км автожолды қайта құру мен техникалық санатын арттыру
Қарыз қаражаты Ресей Федерациясының шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзақтығы 102 км қазіргі бар автожолды қайта құру мен техникалық санатын арттыруды қаржыландыруға пайдаланатын болады. Осы автожолдың көп бөлігінде техникалық санат 3-санаттан 2-санатқа дейін арттырылатын болады, бұл ретте қазіргі бар трасса бойымен өтетін автожол екі жолақты, бірақ жол бейінің бірнешеге ұлғайтылған, қауіпсіздікті жақсарту үшін трасса шағын жергілікті өзгерістері мен жиегі жақсартылған болып қала береді.
Ақтөбе қаласына жақын жердегі қолданыстағы шамамен 9,5 км жолдың техникалық санаты екіден төрт жолаққа дейін кеңейтіле отырып 1-санатқа дейін көтерілетін болады.
В бөлігі: А бөлігі шеңберінде орындалатын жұмыстарды қадағалау бойынша консультациялық қызметтер
Қарыз қаражаты Жобаның А бөлігі шеңберінде орындалатын жұмыстарды қадағалауды жүзеге асыратын консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады.
С бөлігі: пилоттық концессиялық жоба бойынша консультациялық қызметтер
Техникалық ынтымақтастық қаражаты Қарыз алушыға (і) Концессиялық жоба моделін дайындауға және (іі) Банкпен келісілетін концессиялық пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын конкурстық рәсімдерге жәрдемдесу үшін консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады.
D бөлігі: Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жүйесін жақсарту жөніндегі консультациялық қызметтер
Азия даму банкімен үйлестіруде және ол қаржыландырмайтын көлемде Банк ағымдағы жөндеудің сапасын арттыру мен автомобиль жолдарын күтіп ұстауды және бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуға Атқарушы агенттікке жәрдем көрсету үшін консультаттарды қаржыландыруға пайдаланылатын техникалық ынтымақтастыққа қаражат береді. Атап айтқанда (і) мұндай жәрдемдесу ағымдағы жөндеудің қазіргі жәй-күйін талдау және бағалауды дайындауды және автожолды күтіп ұстауды, оның ішінде оны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды; (іі) Ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жүйесін жақсарту жөніндегі Іс-шараларды дайындауды; (ііі) ұстау сапасын бағалаудың өлшемдерін әзірлеуді; (іv) Сервистік қызмет көрсету туралы шарттың нысанын дайындауды; (v) және Жолдың пилоттық учаскесіне сервистік қызмет көрсету туралы шарт жасасуды қамтитын болады.
Е бөлігі: Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны («Жібек жолы» бекетінде) «Шымкент-Ташкент» жолының 742 км бекетті қосатын жол учаскесінің бөлігін (62 км) реконструкциялау жөніндегі құрылыс жұмыстары мынадай түрде:
- Қарыз қаражаты қолданыстағы екі жолақты қозғалыстағы I-b санатындағы жолды және қолданыстағы көлденең тасжолды техникалық күтіп-ұстап, 804.2 км өзбекстандық шекараны 742 км жолдағы пунктпен қосатын ұзындығы 62 км қолданыстағы жол учаскесінің бөлігін реконструкциялауды қаржыландыруға пайдаланылатын болады. Жолдың қолданыстағы учаскесі техникалық күтіп-ұстауда болғандықтан, жолды қандай да бір кеңейту талап етілмейді.
- Қолданыстағы ІІІ санат стандартындағы бір жолақты жолдан екі қозғалысы бар I-b санаты стандартындағы жолға дейін шамамен 799 км жол айрықтан 804.2 км «Жібек жолы» шекарасын кесіп өтетін халықаралық пунктке дейін жол учаскесін реконструкциялау. Бұл жолды 15 метрге кеңейтуді талап етеді. Шекараның кесіп өту пунктіне кіреберісте ені 6 м уақытша жолдар жергілікті қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін екі жақтан да қосылатын болады.
- Жергілікті уақытша жолдар олармен және көптеген шағын қиылыстармен қатар тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан жердегі үш орналасу орнымен қамтамасыз етілетін болады. Осы уақытша жолдар негізгі қиылыстарға жергілікті қозғалысты жүзеге асыратын болады және М39 басты тасжолға бүйірден жиі қосылу қажеттігінен құтқарады.
- Жолды жайластыруды, жол таңбасын және жол белгілерін қамтитын жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды енгізу.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
3. Бастапқы Жоба Бөлігі 2013 жылғы 31 желтоқсанға қарай (3.01 (b) (2) бөлімді сақтау шартымен) аяқталады деп күтілуде. Ш-Т Жол Жобасы Бөлігі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп күтілуде.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
2-ҚОСЫМША - ҚАРЫЗДЫҢ САНАТЫ МЕН ОНЫ ІРІКТЕУ
1. Осы Қосымшаға қоса берілетін кестеде Санатқа әрбір Санатқа бөлінетін Қарыз сомасы, сондай-ақ әрбір Санатта қаржыландыруға жататын шығындардың үлесі айтылады.
2. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, мыналарға:
(a) Бастапқы Жобаның Бөлігіне жататын және 2009 жылғы 30 наурызға дейін шеккен шығындарға; және
(b) мынадай жағдайдан басқа және Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімге сәйкес Ш-Т Жол Жобасының Бөлігі үшін жобаны қадағалау және басқару жөніндегі консультанттар тағайындалмайынша Ш-Т Жол Жобасының Бөлігіне жататын шығындарға қатысты; осындай шарт орындалған кезде кез келген жағдайда Ш-Т жолын реконструкциялау бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылған күнге дейін шеккен кез келген осындай шығындарға қатысты қарыз қаражатын алу жүргізілмейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
2-қосымшаға толықтыру
Ескерту. 2-қосымшаға толықтыру жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2014 № 157-V Заңымен.
Санаты | Қарыз Валютасында бөлiнген Қарыз сомасы | Қаржыландыруға жататын шығындар үлесi |
---|---|---|
(1) Жобаның А Бөлiгi шеңберiндегi жұмыстар |
119,500,000 |
қандай да бір салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны |
(2) Жобаның В Бөлігі шеңберінде құрылысты қадағалау |
6,000,000 |
қандай да бір салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны |
(3) Жобаның Е Бөлігі шеңберіндегі жұмыстар |
54,500,000 |
қандай да бір салықтарды есептемегенде, келiсiмшарттың 100% құны |
Жиыны |
180,000,000 |
Осы Аударма Астана қаласында 2009 жылы 30 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадрлық қамтамасыз ету және
құжат айналымы департаментінің
Басқарма бастығы Н. Шабанов
2009 жылғы 30 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) куәландырылған көшірмесінің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский
РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.