Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 225-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; N 8, 44-құжат; N 17, 81-құжат; N 19, 88-құжат):
      41-баптың 4-1-тармағындағы "заңды тұлғаны тіркеу жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау," деген сөздер алып тасталып, "шарттары туралы шешімді", "заңдарына" деген сөздер тиісінше "шарттарын", "заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж, N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат;  N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; N 17, 82, 83-құжаттар):
      1) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "192-бап. Жалған кәсіпкерлік

      1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда, -
       алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл сала отырып не онсыз, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттерді:
      а) бірнеше рет;
      б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
      в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса, –
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 192-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 192-1-баппен толықтырылсын:

      "192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті
                  жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы

      Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), -
      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не бес айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат; N 15-16, 71, 73-құжаттар; N 17, 81, 83-құжаттар):
      1) 123-баптың екінші бөлігі "анықтамалар" деген сөзден кейін ", салықтық тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 192-баптың үшінші бөлігіндегі "191 – 197" деген цифрлар "191, 192, 192-1, 193 – 197” деген цифрлармен ауыстырылсын.
      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 17, 79, 80, 82-құжаттар; N 18, 84, 86-құжаттар; N 19, 88-құжат):
      1) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "154-бап. Жалған кәсіпкерлік

       1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.";

      2) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:

      "154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті
                  жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

       3) 541-баптың бірінші бөлігі "154," деген цифрлардан кейін "154-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

       4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацы "154," деген цифрлардан кейін "154-1," деген цифрлармен толықтырылсын.
      5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 129-құжаттар):
      1) 6-бапта:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы болатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.";
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не оған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.";
      оныншы бөліктегі "Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді." деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.";

       2) 6-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.";

       3) 16-баптың екінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалар;";

       4) 16-1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қоса салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама табыс етіледі.".
      6. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж. N 2-3, 18, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 11-12, 54-құжат; N 15-16, 74, 77-құжаттар; N 17, 82-құжат; N 18, 84, 86-құжаттар; N 19, 88-құжат):
      28-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.".
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пресечения лжепредпринимательства

Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2009 года № 225-IV

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 23-24 (приложение); 1995 г., № 15-16, ст. 109; № 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 187; № 14, ст. 274; № 19, ст. 370; 1997 г., № 1-2, ст. 8; № 5, ст. 55; № 12, ст. 183, 184; № 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., № 2-3, ст. 23; № 5-6, ст. 50; № 11-12, ст. 178; № 17-18, ст. 224, 225; № 23, ст. 429; 1999 г., № 20, ст. 727, 731; № 23, ст. 916; 2000 г., № 18, ст. 336; № 22, ст. 408; 2001 г., № 1, ст. 7; № 8, ст. 52; № 17-18, ст. 240; № 24, ст. 338; 2002 г., № 2, ст. 17; № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 11, ст. 56, 57, 66; № 15, ст. 139; № 19-20, ст. 146; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 56; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 10, ст. 31; № 14, ст. 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 4; № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20, 21; № 4, ст. 28; № 16, ст. 131; № 18, ст. 143; № 20, ст. 153; 2008 г., № 12, ст. 52; № 13-14, ст. 58; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114, 115; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 16, 18; № 8, ст. 44; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88):
      в пункте 4-1 статьи 41 слова "решение о назначении лиц, которые будут осуществлять действия по регистрации юридического лица," исключить.

      2. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 15 -16, ст. 211; 1998 г., № 16, ст. 219; № 17-18, ст. 225; 1999 г., № 20, ст. 721; № 21, ст. 774; 2000 г., № 6, ст. 141; 2001 г., № 8, ст. 53, 54; 2002 г., № 4, ст. 32, 33; № 10, ст. 106; № 17, ст. 155; № 23-24, ст. 192; 2003 г., № 15, ст. 137; № 18, ст. 142; 2004 г., № 5, ст. 22; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139; 2005 г., № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 21-22, ст. 87; 2006 г., № 2, ст. 19; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 12, ст. 72; № 15, ст. 92; 2007 г., № 1, ст. 2; № 4, ст. 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 17, ст. 140; 2008 г., № 12, ст. 48; № 13-14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126; 2009 г., № 6-7, ст. 32; № 13-14, ст. 63; № 15-16, ст. 71, 73, 75; № 17, ст. 82, 83):
      1) статью 192 изложить в следующей редакции:
      "Статья 192. Лжепредпринимательство
      1. Лжепредпринимательство, то есть создание субъекта частного предпринимательства либо приобретение акций (долей участия, паев) других юридических лиц, предоставляющее право определять их решения, а равно руководство им, без намерения осуществлять предпринимательскую деятельность, при условии, если все совершенные сделки преследуют противоправные цели и причинили крупный ущерб гражданину, организации или государству, -
      наказываются штрафом в размере шестисот пятидесяти месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период от трех до шести месяцев либо арестом на срок до шести месяцев, либо лишением свободы на срок от двух до пяти лет со штрафом в размере двухсот месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период до пяти месяцев либо без такового.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) неоднократно;
      б) группой лиц по предварительному сговору;
      в) лицом, уполномоченным на выполнение государственных функций, либо приравненным к нему лицом, если они сопряжены с использованием им своего служебного положения, -
      наказываются лишением свободы на срок от трех до семи лет с конфискацией имущества.
      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные:
      а) организованной группой;
      б) преступным сообществом (преступной организацией), -
      наказываются лишением свободы на срок от шести до десяти лет с конфискацией имущества.
      Примечание. К сделкам, преследующим противоправные цели, в настоящей статье и статье 192-1 настоящего Кодекса относятся сделки, направленные на незаконное получение кредитов, уклонение от уплаты налогов, прикрытие запрещенной деятельности, незаконное получение доходов и (или) извлечение иной имущественной выгоды, а также содействие в совершении указанных действий.";
      2) дополнить статьей 192-1 следующего содержания:
      "Статья 192-1. Совершение субъектом частного
                     предпринимательства сделки (сделок) без
                     намерения осуществлять предпринимательскую
                     деятельность
      Совершение субъектом частного предпринимательства сделки (сделок) (в том числе путем использования счета-фактуры) без фактического выполнения работ, оказания услуг, отгрузки товаров, преследующей противоправные цели и причинившей крупный ущерб гражданину, организации или государству, -
      наказывается штрафом в размере пятисот месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период от трех до шести месяцев либо арестом на срок от пяти до шести месяцев, либо исправительными работами на срок до двух лет, либо лишением свободы сроком до двух лет.".

      3. В Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 23, ст. 335; 1998 г., № 23, ст. 416; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 141; 2001 г., № 8, ст. 53; № 15-16, ст. 239; № 17-18, ст. 245; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 32, 33; № 17, ст. 155; № 23-24, ст. 192; 2003 г., № 18, ст. 142; 2004 г., № 5, ст. 22; № 23, ст. 139; № 24, ст. 153, 154, 156; 2005 г., № 13, ст. 53; № 21-22, ст. 87; № 24, ст. 123; 2006 г., № 2, ст. 19; № 5-6, ст. 31; № 12, ст. 72; 2007 г., № 1, ст. 2; № 5-6, ст. 40; № 10, ст. 69; № 13, ст. 99; 2008 г., № 12, ст. 48; № 15-16, ст. 62, 63; № 23, ст. 114; 2009 г., № 6-7, ст. 32; № 15-16, ст. 71, 73; № 17, ст. 81, 83):
      1) часть вторую статьи 123 после слова "справки" дополнить словами ", акты налоговых проверок, заключения органов налоговой службы";
      2) в части третьей статьи 192 цифры "191 - 197" заменить цифрами "191, 192, 192-1, 193 - 197".

      4. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст. 84, 86; № 19, ст. 88):
      1) статью 154 изложить в следующей редакции:
      "Статья 154. Лжепредпринимательство
      1. Лжепредпринимательство, то есть создание субъекта частного предпринимательства либо приобретение акций (долей участия, паев) других юридических лиц, предоставляющее право определять их решения, а равно руководство им, без намерения осуществлять предпринимательскую деятельность, при условии, если все совершенные сделки преследуют противоправные цели, если эти действия не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -
      влекут штраф на физических лиц, индивидуальных предпринимателей в размере пятнадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере тридцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере ста десяти месячных расчетных показателей.
      2. Действия, предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на физических лиц, индивидуальных предпринимателей в размере сорока, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере семидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере двухсот месячных расчетных показателей.
      Примечание. К сделкам, преследующим противоправные цели, в настоящей статье и статье 154-1 настоящего Кодекса относятся сделки, направленные на незаконное получение кредитов, уклонение от уплаты налогов, прикрытие запрещенной деятельности, незаконное получение доходов и (или) извлечение иной имущественной выгоды, а также содействие в совершении указанных действий.";
      2) дополнить статьей 154-1 следующего содержания:
      "Статья 154-1. Совершение субъектом частного
                     предпринимательства сделки (сделок) без
                     намерения осуществлять предпринимательскую
                     деятельность
      1. Совершение субъектами частного предпринимательства сделки (сделок) (в том числе путем использования счета-фактуры) без фактического выполнения работ, оказания услуг, отгрузки товаров, преследующей противоправные цели, если это действие не содержит признаков уголовно наказуемого деяния, -
      влечет штраф на физических лиц, индивидуальных предпринимателей в размере пятнадцати, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере тридцати, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере ста десяти месячных расчетных показателей.
      2. Действие, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влечет штраф на физических лиц, индивидуальных предпринимателей в размере сорока, на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере семидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере двухсот месячных расчетных показателей.";
      3) часть первую статьи 541 после цифр "154," дополнить цифрами "154-1,";
      4) абзац тридцатый подпункта 1) части первой статьи 636 после цифр "154," дополнить цифрами "154-1,".

      5. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 3-4, ст. 35; № 15-16, ст. 109; № 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 1, ст. 180; № 14, ст. 274; 1997 г., № 12, ст. 183; 1998 г., № 5-6, ст. 50; № 17-18, ст. 224; 1999 г., № 20, ст. 727; 2000 г., № 3-4, ст. 63, 64; № 22, ст. 408; 2001 г., № 1, ст. 1; № 8, ст. 52; № 24, ст. 338; 2002 г., № 18, ст. 157; 2003 г., № 4, ст. 25; № 15, ст. 139; 2004 г., № 5, ст. 30; 2005 г., № 13, ст. 53; № 14, ст. 55, 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 10, ст. 52; № 15, ст. 95; № 23, ст. 141; 2007 г., № 3, ст. 20; 2008 г., № 12, ст. 52; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 129):
      1) в статье 6:
      часть седьмую изложить в следующей редакции:
      "При регистрации субъектов частного предпринимательства заявление подписывается и подается в регистрирующий орган учредителем или одним из учредителей либо уполномоченным учредителем лицом в случаях, когда учредителем является Правительство Республики Казахстан или государственные органы либо Национальный Банк Республики Казахстан, с приложением учредительных документов, удостоверенных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      дополнить частью восьмой следующего содержания:
      "При регистрации юридических лиц, не относящихся к субъектам частного предпринимательства, заявление подписывается и подается в регистрирующий орган учредителем (учредителями) либо уполномоченным на то лицом с приложением учредительных документов, удостоверенных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      в части десятой слова "Субъекты малого предпринимательства не представляют документ, удостоверяющий их местонахождение." исключить;
      дополнить частью двенадцатой следующего содержания:
      "Документом, подтверждающим место нахождения юридического лица, является один из следующих документов: нотариально засвидетельствованная копия договора аренды, купли-продажи, документа, подтверждающего право на недвижимое имущество с проставленным штампом о произведенной регистрации прав на недвижимое имущество, или иной документ, предусмотренный гражданским законодательством Республики Казахстан. В случае если владельцем помещения является физическое лицо, то представляется нотариально засвидетельствованное согласие физического лица о предоставлении помещения в качестве места нахождения юридического лица.";
      2) статью 6-1 дополнить частью четвертой следующего содержания:
      "Документом, подтверждающим место нахождения филиала (представительства), является один из следующих документов: нотариально засвидетельствованная копия договора аренды, купли-продажи, документа, подтверждающего право на недвижимое имущество с проставленным штампом о произведенной регистрации прав на недвижимое имущество, или иной документ, предусмотренный гражданским законодательством Республики Казахстан. В случае если владельцем помещения является физическое лицо, то представляется нотариально засвидетельствованное согласие физического лица о предоставлении помещения в качестве места нахождения филиала (представительства).";
      3) подпункт 10) части второй статьи 16 изложить в следующей редакции:
      "10) справки об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям;";
      4) часть третью статьи 16-1 изложить в следующей редакции:
      "По филиалу (представительству) иностранного юридического лица к документам, указанным в части первой настоящей статьи, дополнительно представляется справка об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям.".

      6. В Закон Республики Казахстан от 31 января 2006 года "О частном предпринимательстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., № 3, ст. 21; № 16, ст. 99; № 23, ст. 141; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20; № 17, ст. 136; 2008 г., № 13-14, ст. 57, 58; № 15-16, ст. 60; № 23, ст. 114; № 24, ст. 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 18, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 11-12, ст. 54; № 15-16, ст. 74, 77; № 17, ст. 82; № 18, ст. 84, 86; № 19, ст. 88):
      пункт 6 статьи 28 дополнить частью третьей следующего содержания:
      "Свидетельство о государственной регистрации индивидуального предпринимателя подлежит аннулированию на основании вступившего в законную силу приговора или постановления суда либо неотмененного постановления органа уголовного преследования, установившего факт совершения лжепредпринимательства.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев