Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 239-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      58-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс.».

      2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж. № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) алып тасталды - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) 7-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестіктің өтінішін қоспағанда, тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.»;

      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және
              филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта
              тіркеу) мен құжаттарды беру мерзімдері

      Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
      Өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне мемлекеттік статистика органдарындағы және салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді.
      Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде;
      өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс.
      Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде;
      өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
      Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.»;

      4) 12-бапта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігімен заңды тұлғаның құрылу (қайта тіркелу) және филиалы мен өкілдігінің тіркелу (қайта тіркеу) фактісі куәландырылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы (оның ішінде филиал мен өкілдікті құрушы заңды тұлғаның атауы) және орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылады.»;
      екінші бөлігі «тіркеу» деген сөзден кейін «(қайта тіркеу)» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігінде «оның алып қойылған, қолданылу мерзімі біткен» деген сөздер «оның қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.».

      3. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат):
      4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестігін қоспағанда, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс.».

      4. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):
      1) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.»;

      2) 17-бапта:
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын қоспағанда, серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысының, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттардың даналары серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.»;

      3) 19-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда, өтінішке барлық құрылтайшылар қол қойып, олардың қойған қолдарының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.»;

      4) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жүз теңгеден кем болмауға тиіс шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарының сомасына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге жарғылық капиталының мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс.»;

      5) 24-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

      5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастырады;».

      6. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;».

      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 327-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам упрощения государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств

Закон Республики Казахстан от 20 января 2010 года № 239-IV

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 23-24 (приложение); 1995 г., № 15-16, ст. 109; № 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 187; № 14, ст. 274; № 19, ст. 370; 1997 г., № 1-2, ст. 8; № 5, ст. 55; № 12, ст. 183, 184; № 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., № 2-3, ст. 23; № 5-6, ст. 50; № 11-12, ст. 178; № 17-18, ст. 224, 225; № 23, ст. 429; 1999 г., № 20, ст. 727, 731; № 23, ст. 916; 2000 г., № 18, ст. 336; № 22, ст. 408; 2001 г., № 1, ст. 7; № 8, ст. 52; № 17-18, ст. 240; № 24, ст. 338; 2002 г., № 2, ст. 17; № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 11, ст. 56, 57, 66; № 15, ст. 139; № 19-20, ст. 146; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 56; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 10, ст. 31; № 14, ст. 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 4; № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20, 21; № 4, ст. 28; № 16, ст. 131; № 18, ст. 143; № 20, ст. 153; 2008 г., № 12, ст. 52; № 13-14, ст. 58; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114, 115; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 16, 18; № 8, ст. 44; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пресечения лжепредпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.):
      пункт 5 статьи 58 изложить в следующей редакции:
      "5. Учредительные документы хозяйственного товарищества (устав и учредительный договор), за исключением хозяйственного товарищества, являющегося субъектом малого предпринимательства, подлежат нотариальному удостоверению.".
      2. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 3-4, ст. 35; № 15-16, ст. 109; № 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 1, ст. 180; № 14, ст. 274; 1997 г., № 12, ст. 183; 1998 г., № 5-6, ст. 50; № 17-18, ст. 224; 1999 г., № 20, ст. 727; 2000 г., № 3-4, ст. 63, 64; № 22, ст. 408; 2001 г., № 1, ст. 1; № 8, ст. 52; № 24, ст. 338; 2002 г., № 18, ст. 157; 2003 г., № 4, ст. 25; № 15, ст. 139; 2004 г., № 5, ст. 30; 2005 г., № 13, ст. 53; № 14, ст. 55, 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 10, ст. 52; № 15, ст. 95; № 23, ст. 141; 2007 г., № 3, ст. 20; 2008 г., № 12, ст. 52; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 129; Закон Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дальнейшего усиления борьбы с коррупцией", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пресечения лжепредпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.):
      1) исключен Законом РК от 25.03.2011 № 421-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования);
      2) часть седьмую статьи 7 дополнить словами ", за исключением заявления хозяйственного товарищества, являющегося субъектом малого предпринимательства";
      3) статью 9 изложить в следующей редакции:
      "Статья 9. Сроки государственной регистрации (перерегистрации)
                 юридических лиц, учетной регистрации
                 (перерегистрации) филиалов и представительств и
                 выдачи документов
      Государственная регистрация юридических лиц, являющихся субъектами малого предпринимательства, а также юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства и осуществляющих свою деятельность на основании типового устава, и учетная регистрация их филиалов и представительств должны быть произведены не позднее одного рабочего дня, а государственная (учетная) перерегистрация - не позднее трех рабочих дней, следующих за днем подачи заявления с приложением необходимых документов.
      Государственная регистрация (перерегистрация) юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства, осуществляющих свою деятельность на основании устава, не являющегося типовым, и учетная регистрация (перерегистрация) их филиалов и представительств должны быть произведены не позднее семи рабочих дней, следующих за днем подачи заявления с приложением необходимых документов.
      Государственная регистрация (перерегистрация) организаций, не относящихся к субъектам частного предпринимательства, а также некоммерческих организаций, за исключением политических партий, и учетная регистрация (перерегистрация) их филиалов и представительств должны быть произведены не позднее десяти рабочих дней, следующих за днем подачи заявления с приложением необходимых документов.
      В указанные сроки государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридических лиц, филиалов и представительств не входят сроки регистрации в органах государственной статистики и налоговых органах.
      Выдача свидетельства о государственной (учетной) регистрации, свидетельства налогоплательщика, а также возврат устава (положения) либо заявления о государственной регистрации юридического лица, осуществляющего свою деятельность на основании типового устава:
      юридических лиц, являющихся субъектами малого предпринимательства, а также юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства и осуществляющих свою деятельность на основании типового устава, их филиалов и представительств производится единовременно не позднее пяти рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов;
      юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства, осуществляющих свою деятельность на основании устава, не являющегося типовым, их филиалов и представительств производится не позднее одиннадцати рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов;
      организаций, не относящихся к субъектам частного предпринимательства, а также некоммерческих организаций, за исключением политических партий, их филиалов и представительств производится не позднее четырнадцати рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов.
      Выдача свидетельства о государственной (учетной) перерегистрации, свидетельства налогоплательщика, а также возврат устава (положения) либо заявления о государственной перерегистрации юридического лица, осуществляющего свою деятельность на основании типового устава:
      юридических лиц, являющихся субъектами малого предпринимательства, а также юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства и осуществляющих свою деятельность на основании типового устава, их филиалов и представительств производится единовременно не позднее семи рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов;
      юридических лиц, являющихся субъектами среднего и крупного предпринимательства, осуществляющих свою деятельность на основании устава, не являющегося типовым, их филиалов и представительств производится не позднее одиннадцати рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов;
      организаций, не относящихся к субъектам частного предпринимательства, а также некоммерческих организаций, за исключением политических партий, их филиалов и представительств производится не позднее четырнадцати рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов.
      Государственная регистрация (перерегистрация) политических партий и учетная регистрация (перерегистрация) их филиалов и представительств должны быть произведены не позднее одного месяца со дня подачи заявления с приложением необходимых документов.
      Государственная регистрация (перерегистрация) юридических лиц - участников регионального финансового центра города Алматы должна быть произведена не позднее одного рабочего дня, следующего за днем подачи заявления с приложением необходимых документов.
      В случаях представления неполного пакета документов, наличия в них недостатков, необходимости получения по учредительным документам заключения эксперта (специалиста), а также по иным основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан, срок государственной (учетной) регистрации и перерегистрации прерывается.";
      4) в статье 12:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "Свидетельством о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) удостоверяется факт создания (перерегистрации) юридического лица и регистрации (перерегистрации) филиала и представительства.";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) содержит в себе сведения о регистрирующем органе, бизнес-идентификационном номере, дате регистрации (перерегистрации), наименовании юридического лица, филиала и представительства (в том числе о наименовании юридического лица, создающего филиал и представительство) и месте нахождения.";
      часть вторую после слов "регистрации" дополнить словами "(перерегистрации)";
      в части третьей слова "ее изъятия, истечения срока действия" заменить словами "прекращения действия лицензии";
      5) подпункт 3) статьи 15 изложить в следующей редакции:
      "3) квитанция или документ, подтверждающие уплату в бюджет сбора за выдачу юридическим лицам, их филиалам и представительствам дубликата свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации).".
      3. В Закон Республики Казахстан от 2 мая 1995 года "О хозяйственных товариществах" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 7, ст. 49; № 15-16, ст. 109; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 14, ст. 274; № 19, ст. 370; 1997 г., № 12, ст. 183, 184; № 13-14, ст. 205, 210; 1998 г., № 5-6, ст. 50; № 17-18, ст. 224; 2003 г., № 11, ст. 56; № 24, ст. 178; 2007 г., № 4, ст. 28; 2008 г., № 12, ст. 52; № 13-14, ст. 56):
      пункт 6 статьи 4 изложить в следующей редакции:
      "6. Учредительные документы хозяйственного товарищества (устав и учредительный договор), за исключением хозяйственного товарищества, являющегося субъектом малого предпринимательства, подлежат нотариальному удостоверению.".
      4. В Закон Республики Казахстан от 22 апреля 1998 года "О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 5-6, ст. 49; 1999 г., № 20, ст. 727; 2002 г., № 10, ст. 102; 2003 г., № 11, ст. 56; № 24, ст. 178; 2004 г., № 5, ст. 30; 2005 г., № 14, ст. 58; 2006 г., № 3, ст. 22; № 4, ст. 24, 25; № 8, ст. 45; 2007 г., № 4, ст. 28; № 20, ст. 153; 2008 г., № 13-14, ст. 56; 2009 г., № 2-3, ст. 16):
      1) пункт 5 статьи 15 изложить в следующей редакции:
      "5. Учредительный договор подлежит нотариальному удостоверению, за исключением учредительного договора товарищества с ограниченной ответственностью, являющегося субъектом малого предпринимательства.";
      2) в статье 17:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Устав товарищества подлежит нотариальному удостоверению, за исключением устава товарищества с ограниченной ответственностью, являющегося субъектом малого предпринимательства.";
      пункт 5 после слов "нотариально удостоверенные" дополнить словами "в случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан";
      3) часть вторую пункта 5 статьи 19 изложить в следующей редакции:
      "Заявление должно быть подписано всеми учредителями, подлинность подписей которых должна быть нотариально удостоверена, за исключением заявления товарищества с ограниченной ответственностью, являющегося субъектом малого предпринимательства.";
      4) пункт 2 статьи 23 изложить в следующей редакции:
      "2. Первоначальный размер уставного капитала равен сумме вкладов учредителей и не может быть менее суммы, эквивалентной ста размерам месячного расчетного показателя на дату представления документов для государственной регистрации товарищества, за исключением товарищества с ограниченной ответственностью, являющегося субъектом малого предпринимательства, размер минимального уставного капитала которого не может быть менее ста тенге.";
      5) пункт 1 статьи 24 исключить.
      5. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 17; № 9, ст. 86; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 103; 2004 г., № 10, ст. 56; № 17, ст. 97; № 23, ст. 142; № 24, ст. 144; 2005 г., № 7-8, ст. 23; 2006 г., № 1, ст. 5; № 13, ст. 86, 87; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 99; № 18, ст. 113; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 14; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 17, ст. 139; № 20, ст. 152; 2008 г., № 21, ст. 97; № 23, ст. 114, 124; 2009 г., № 2-3, ст. 9):
      пункт 1 статьи 27 дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:
      "11-1) организует деятельность центров обслуживания населения по предоставлению государственных услуг физическим и юридическим лицам по принципу "одного окна";".
      6. В Закон Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., № 6, ст. 67; 2004 г., № 23, ст. 142; № 24, ст. 154; 2005 г., № 7-8, ст. 23; 2006 г., № 3, ст. 22; № 10, ст. 52; № 13, ст. 86; 2007 г., № 2, ст. 14, 18; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 18, ст. 143; 2008 г., № 10-11, ст. 39; 2009 г., № 8, ст. 44; № 15-16, ст. 75; № 18, ст. 84; № 19, ст. 88; Закон Республики Казахстан от 10 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дальнейшего совершенствования системы исполнения уголовных наказаний и уголовно-исполнительной системы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 21 декабря 2009 г.):
      пункт 1 статьи 23 дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      "7-1) осуществление методологического обеспечения и оказание правовой помощи по вопросам деятельности центров обслуживания населения;".
      Статья 2.
      1. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      2. Абзац шестой подпункта 3) пункта 2 статьи 1 настоящего Закона действует до 1 января 2012 года.
      Сноска. Статья 2 с изменениями, внесенными Законом РК от 15.07.2010 № 327-IV (порядок введения в действие см. ст.2).

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев