Астанада 2000 жылғы 5 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәріз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күші жойылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
МЕН
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
АРАСЫНДАҒЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ХАТТАМА
Өздерін біріктіріп тұрған достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету үшін осы Хаттаманы жасасуға уағдаласты.
1-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК СОМАСЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ
Француз Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін басым жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржылық көмек бөледі. Бұл жеңілдікті кредит, оның ең жоғары сомасы 27,44 миллион Евроны (жиырма жеті миллион төрт жүз қырық мың Евро) құрайды, осы Хаттаманың қосымшасында ескерілген жобаны іске асыру үшін қажет француз жабдығы мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қаржыландырады.
2-БАП - ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ
Қосымшада ескерілген жобаны қаржыландыру Францияның үкіметтік қарызы есебінен қамтамасыз етіледі. Осы жобаға жатқызылатын әрбір келісім-шарттың алғашқы аванстық төлемі көлік шығыстары және сақтандырусыз қаржыландырылатын келісім-шарт сомасының 10%-тен 20%-ке дейінгісін құрайды.
3-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕКТІ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕСІ
Франция үкіметтік қарызының мерзімі - 16 жыл, оның 6 жылы жеңілдікті болып табылады. Жылдық проценттік ставка - 2,1 %. Негізгі сома 20 тең және кезекті жарты жылдық жарналармен өтеледі, бұл ретте алғашқы жарна мерзімі қарыз алу жасалатын күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 78 ай өткеннен соң басталады. Проценттер негізгі борыштың қалған сомасына есептеледі: олар Францияның мемлекеттік қарызы бойынша әрбір таралым күнінен бастап есептеледі және жылына екі рет төленеді.
Негізгі сома бойынша немесе проценттер бойынша өтеу күні Франциядағы жұмыс істемейтін күнге тура келсе, ол одан кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады. Негізгі сома бойынша немесе проценттер бойынша өтеуді кез келген мерзімінен кешіктіру берешек күнінен бастап және іс жүзіндегі төлем күніне дейін мораторийлік процент салуға әкеп соқтырады. Мораторийлік процент ставкасы француз заңында белгіленген 2000 жылға арналған министрлік декретіне сәйкес жылдық 3 %-ға ұлғайтылған 2,74 %, яғни жылына 5,74 %-ды құратын проценттік ставка болып табылады. Мораторийлік проценттің өзіне егер осы мораторийлік процент тұтас жыл ішінде төленбеген жағдайда жоғарыда келтірілген проценттер есептеледі.
Қолдану жөніндегі келісімге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін Қаржы министрлігі уәкілеттік берген кез келген басқа орган мен Француз Республикасының Үкіметі атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін «Натексис банк попюлер» арасында қол қойылатын болады. Онда Францияның мемлекеттік қарызын пайдалану және өтеу ережесі нақтыланатын болады.
Осы үкіметаралық Хаттаманы іске асыруға байланысты барлық келіспеушіліктер екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберінде шешілетін болады.
4-БАП - ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ВАЛЮТАСЫ
Осы хаттаманың негізінде Евро есеп айырысу және төлем валютасы болып табылады.
5-БАП - ҚАРЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасының Үкіметі түпкілікті қарыз алушыға Евродағы сол сомада және Француз Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарызы сияқты мерзім, жеңілдік кезең және проценттік ставка бойынша жағдайларда қарыз береді.
6-БАП - ХАТТАМА ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫ
ҚАБЫЛДАУ
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Хаттама шеңберінде қаржыландыруға қабылданған келісім-шарттар «Халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы» ЫЭДҰ 1997 жылғы 17 желтоқсандағы Конвенциясында келтірілген сияқты халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормаларында сөз етілген ешқандай практиканың мәні болып табылмайды.
Хаттаманың есебінен қаржыландыруға қосымшада ескерілген жобаға қатысты әрбір келісім-шартты қабылдау төмендегілерге негізделген:
- келісім-шарттың тиісті жоғарыда аталған келісім-шарт жобасын алдын ала бағалау нәтижелері бойынша қалыптастырылған ұсынымдарға сәйкес келуі;
- жобаның мемлекеттің қолдауына ие экспорттық кредиттерге қатысты ЫЭДҰ Келісімінде көзделген ережелерге сәйкес келуін тексеру;
- борышты шоғырландыру және Францияның үкіметтік қарыздары туралы келісімдер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан берешектердің және уақтылы төлемеулердің жоқтығы;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның мемлекеттік секторына берілген КОФАС кепілдік берілген банктік кредиттер бойынша немесе Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі бойынша берешектер мен уақтылы төлемеулердің жай-күйін талдау.
Құзыретті француз билігі осы шарттар тиісінше сақталғандығын белгілегеннен кейін қосымшада ескерілген жобаға жатқызылған әрбір келісім-шарт құзыретті француз билігінің рұқсатымен әрекет ететін Франция Елшілігінің Алматыдағы Экономикалық кеңесшісі мен құзыретті қазақстандық билік арасында хат алмасу арқылы Хаттаманың есебінен оны қаржыландыруға қабылдау рәсімінен өтеді.
7-БАП - ФРАНЦИЯНЫҢ ҮКІМЕТТІК КӨМЕГІНІҢ ШЕКТІ МЕРЗІМІ
Жоғарыда келтірілген бапта анықталған қаржылық көмекті алу үшін француз өнім берушісі мен қазақстандық сатып алушы қол қойған келісім-шарттар ең кеші 2002 жылғы 30 сәуірде Хаттаманың есебінен қаржыландыруға қабылдануы тиіс.
Осы Хаттамада берілетін Францияның үкіметтік қаржыландыруы жөніндегі таралымдар 2005 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
8-БАП - САЛЫҚТАР МЕН БАЖДАР
Осы Хаттаманы орындауға байланысты қаржылық көмек қаражаты Қазақстанда салықтар мен баждарды төлеуге жіберілмейді.
Негізгі сома бойынша өтеу және осы Хаттаманы іске асыруға байланысты проценттерді төлеу Қазақстанда салықтар мен баждардан босатылатын болады.
9-БАП - ЖОБАНЫ РЕТРОСПЕКТИВТІ БАҒАЛАУ
Француз Республикасының Үкіметі осы Хаттаманың есебінен қаржыландыруға қабылданған, атап айтқанда, оның Қазақстан экономикасының дамуына әсер етуін бағалау үшін жобаның экономикалық, қаржылық және бухгалтерлік аспектілерін ретроспективті бағалауды өз есебінен жүргізе алады. Қалаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі зерттеу нәтижелерін бірден алу үшін айқындау қажет ережелерге сәйкес осы бағалауды жүргізуге қосыла алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Француз Республикасының Үкіметі жіберген бағалау миссиясын қабылдау және оның жобаға қатысты ақпаратқа қатынауын жеңілдету міндеттемесін алады.
10-БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Хаттама:
- оған екі тарап қол қойғаннан;
- құзыретті Қазақстан билігі оны ратификациялағаннан;
- осы Хаттаманың қосымшасында көрсетілген жобаны бірлесіп қаржыландыру үшін «Алматы Су» бірлескен кәсіпорны мен Еуропа Қайта Құру және Даму банкі немесе Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзілік Банктің Тобы) арасында кемінде 5 (бес) миллион АҚШ долларына баламалы сомаға Қарыз туралы келісімге қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
ОСЫНЫ РАСТАЙ ОТЫРЫП екі үкіметтің тиісінше осыған өкілеттік берілген өкілдері осы Хаттамаға қол қойды және оған өз мөрлерін қойды.
Төрт түпнұсқа данада: екеуі француз тілінде және екеуі орыс тілінде жасалды әрі француз тіліндегі мәтіні дұрыс болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Француз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
ҚОСЫМША
Осы Хаттама бойынша бөлінетін 27,44 миллион Евро сомасындағы француз көмегі тіршілік етуге қабілетті экономикалық жағдайларда сумен жабдықтауды басқарудың берілуін қамтамасыз ету үшін француз фирмасының Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәріз инфрақұрылымын оңалту және жаңғырту бастапқы бағдарламасын жүзеге асыруының жеңілдікті жағдайларында қаржыландыруға және сол арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған.
Су секторында француз және қазақстан үкіметтері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі түрлі іс-шараларды жалғастыратын осы жоба Алматы қаласы мен «Алматы Суы» 1999 жылы 27 қарашада «Соntract for the Lease, Investment and Operation of the Potable Water Fasilities» деп аталатын отыз жылға арналған келісім-шартқа қол қоюмен іске асырылған Алматы қаласы мен «Generale des Eaux» бірлестігі арасында ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.
Бұл жоба кемінде 5 миллион АҚШ долларына баламалы сомаға Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің немесе Халықаралық қаржы корпорациясының қарызымен қатар қаржыландырылады. Осы қарызды «Алматы Суы» бірлескен кәсіпорнының тартуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беруді талап етпейді.
Қосымша осы Хаттаманың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы Аударма Астана қаласында 2000 жылғы 5 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы «Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәріз инфрақұрылымын оңалту және жаңғырту» жобасы шеңберінде орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадрмен қамтамасыз ету және
құжат айналымы департаментінің
Басқарма бастығы Н.Шабанов
РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Хаттаманың француз тіліндегі мәтіні берілген.