1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1102-бап. Мемлекеттiң шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық
қатынастарға қатысуы
1. Мемлекет қатысатын шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осы бөлiмнiң ережелерi жалпы негiздерде қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келiсiмде;
сотта мәлімдеме жасау немесе нақты iс қарау шеңберiнде жазбаша хабардар ету арқылы өзгеше белгiленбесе, соттық иммунитеттi, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттi және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттi қоса алғанда, басқа мемлекет соттарының юрисдикциясынан өзiне және өзiнiң меншiгiне қатысты юрисдикциялық иммунитеттi пайдаланады.».
2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргізу кодекстерiне сот жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiктi заң көмегiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 33-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жерi бойынша берiледi.»;
2) 159-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол берiледi.»;
3) 249-баптың 5) тармақшасы «аралық соттың» деген сөздерден кейiн «немесе халықаралық коммерциялық төреліктiң» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 422-бап алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 46-тараумен толықтырылсын:
«46-тарау. Шет мемлекеттiң және оның меншiгiнiң юрисдикциялық
иммунитетi
427-бап. Шет мемлекеттiң иммунитетi
Шет мемлекет Қазақстан Республикасында, осы Кодексте белгiленген жағдайларды қоспағанда, соттық иммунитеттi, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттi және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттi қоса алғанда, юрисдикциялық иммунитеттi пайдаланады.
428-бап. Соттық иммунитет
Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес шет мемлекет, егер ол соттық иммунитеттен бас тартуға келiссе не осы Кодекстiң 434-бабына сәйкес шет мемлекетке иммунитет қолданылмайтын болса, сондай-ақ, егер ол мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асырғандағыдан өзге қызметтi жүзеге асырса, оның iшiнде осы Кодекстiң 435-441-баптарында көрсетiлген жағдайларда соттық иммунитеттi пайдаланбайды.
429-бап. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасы
сотының юрисдикциясына келiсуi
1. Егер шет мемлекет тиiстi мәселеге немесе iске қатысты, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келiсiмде;
3) Қазақстан Республикасының сотында мәлімдеме жасау немесе нақты iс қарау шеңберiнде жазбаша хабардар ету арқылы Қазақстан Республикасы сотының юрисдикцияны жүзеге асыруына тiкелей келiсiм бiлдiрсе, ол соттық иммунитеттен бас тартуға келiскен деп танылады.
2. Шет мемлекеттiң соттық иммунитеттен бас тартуға келiсуi оның талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келiсуi ретiнде қарастырылмайды.
3. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға келiсуi оның соттық иммунитеттен бас тартуға келiсуi ретiнде қарастырылмайды.
430-бап. Шет мемлекеттiң сотта iс қарауға қатысуы
1. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында өзiнiң бастамасымен қозғалған iстi қарау тарабы болып табылса, немесе Қазақстан Республикасының сотында iстiң мәнiн қарауға қатысса, немесе iстiң мәнi бойынша қандай да бiр өзге iс-әрекеттi қолданса, осы мемлекет соттық иммунитеттен бас тартуға келiскен деп танылады. Алайда, егер мемлекет ол осындай iс-әрекет қолданғанға дейiн иммунитет туралы мәлiмдеуге негiз болатын фактiлер өзiне белгiлi болуы мүмкін болмағанын сотта дәлелдесе, ол осы фактiлер өзiне белгiлi болғаннан кейiн дереу солардың негiзiнде иммунитетке сүйене алады.
2. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында iстi қарауға қатысса немесе иммунитетке сүйену немесе iс қараудың нысанасы болып табылатын мүлiкке қатысты өз құқығына дәлелдемелер келтiру мақсатында қандай да бiр iс-әрекет қолданса, соттық иммунитеттен бас тартқаны ретiнде қарастырылмайды.
3. Шет мемлекет өкiлiнiң Қазақстан Республикасының сотына куәлiк айғақтар беру үшiн келуi осы мемлекеттiң соттық иммунитеттен бас тартуға келiсуi ретiнде қарастырылмайды.
4. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында iстi қарауға қатыспаса, бұл мән-жай өзiнен-өзi оның соттық иммунитеттен бас тартуға келiскенi ретiнде түсiндiрiлмеуге тиiс.
431-бап. Қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тарту
1. Қазақстан Республикасының сотына талап қойған шет мемлекет осы мемлекеттiң алғашқы талап қоюындағы сияқты сол құқықтық қатынастарға немесе фактiлерге негiзделген кез келген қарсы талапқа қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келiскен деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының сотына қарсы талап қойған шет мемлекет алғашқы талап қоюына қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келiскен деп танылады.
432-бап. Төрелiк iс қарауға қатысты иммунитеттен бас тарту
Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақта туындауы мүмкін дауларды өзiнiң қатысуымен төрелікте қарауға жазбаша нысанда келiсiм бiлдiрсе, Қазақстан Республикасы сотының төрелікке қатысты функцияларды жүзеге асыруына қатысты мәселелер бойынша оның осы дауларға байланысты соттық иммунитеттен бас тартуға ерiктi түрде келiскенi деп танылады.
433-бап. Иммунитеттен бас тартуға келiсiмдi керi қайтарып алу
1. Шет мемлекеттiң соттық имунитеттен, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келiсуi, осындай келiсудi керi қайтарып алуға жол беру дауға қатысушы басқа тараппен келiсiмде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, керi қайтарылып алынбайды.
2. Шет мемлекеттiң соттық иммунитеттен бас тартуға келiсуi сотта iс қараудың барлық сатыларында қолданылады.
434-бап. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық
иммунитетiнiң бұзылуына байланысты даулар
бойынша иммунитеттi қолданбау
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасы мен оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн бұзуына байланысты даулар бойынша осындай шет мемлекет Қазақстан Республикасында соттық иммунитеттi, сол сияқты талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттi пайдаланбайды.
435-бап. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты даулар
бойынша иммунитеттi қолданбау
1. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы кезiнде туындаған даулар бойынша соттық иммунитеттi осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
2. Шет мемлекет жасаған немесе мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асырған кездегiден өзге түрде онымен байланысты болатын кәсiпкерлiк қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмiлелерден туындаған даулар бойынша соттық иммунитеттi осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
3. Шет мемлекет жасаған немесе ол байланысты болатын мәмiле оның егемендi билiгiн жүзеге асыруымен байланысты қызмет болып табыла ма деген мәселенi шешу кезiнде Қазақстан Республикасының соты осындай мәмiленiң сипаты мен мақсатын назарға алады.
436-бап. Заңды тұлғаларға қатысуға байланысты даулар
бойынша иммунитеттi қолданбау
Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында құрылған немесе негiзгi қызмет орны бар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға өзiнiң қатысуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
437-бап. Мүлiкке құқықтарға қатысты даулар бойынша
иммунитеттi қолданбау
Шет мемлекет:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкке өзiнiң құқықтарына, сондай-ақ осы мүлiкке байланысты өзiнiң мiндеттемелерiне;
2) мүлiкке осы мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асырумен байланысты емес негiздер бойынша туындайтын өзiнiң құқықтарына қатысты даулар бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
438-бап. Залалды (зиянды) өтеу туралы даулар бойынша
иммунитеттi қолданбау
Шет мемлекет, егер талап Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе iшiнара орын алған iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) немесе мән-жайлармен мүлiкке залал келтiруден туындаса, осы мемлекеттiң өмiрге және (немесе) денсаулыққа келтiрiлген зиянды және мүлiкке келтiрiлген залалды өтеуi туралы даулар бойынша Қазақстан Республикасында соттық иммунитеттi пайдаланбайды.
439-бап. Зияткерлiк меншiк құқықтары объектілерiне
қатысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау
1. Шет мемлекет зияткерлiк меншiк объектiлерiне өзiнiң құқықтарын белгiлеуге және жүзеге асыруға қатысты даулар бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
2. Шет мемлекет зияткерлiк меншiк объектiлерiне басқа адамдардың құқықтарын осы мемлекеттiң ықтимал бұзуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
440-бап. Еңбек даулары бойынша иммунитеттi қолданбау
1. Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе iшiнара орындалған немесе орындалуға тиiс жұмысқа қатысты осы мемлекет пен қызметкердiң арасында туындаған еңбек даулары бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi:
1) қызметкердiң Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болған жағдайды қоспағанда, iс қарау қозғалған кезде қызметкер оны жұмысқа қабылдаған мемлекеттiң азаматы болып табылатын;
2) қызметкер мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн жалданған;
3) еңбек шартын жасасу немесе қайта жаңарту дау нысанасы болып табылатын жағдайларда қолданылмайды.
441-бап. Теңiз кемелерiн және iшкi суда жүзетiн кемелердi
пайдалануға байланысты даулар бойынша иммунитет
1. Теңiз кемесiнiң немесе iшкi суда жүзетiн кеменiң меншiк иесi болып табылатын не осы кеменi пайдаланатын шет мемлекет, егер кеме талап қоюға негiз болған фактiлер туындаған кезде мемлекеттiк коммерциялық емес мақсаттардан гөрi өзге мақсаттарда пайдаланылса, осы кеменi пайдалануға немесе осы кемемен жүк тасымалдауға қатысты даулар бойынша соттық иммунитеттi Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi:
1) әскери корабльдерге және әскери-қосалқы кемелерге, сондай-ақ мұндай корабльдер мен кемелердiң бортында тасымалданатын жүкке;
2) мемлекетке тиесiлi және осы жүк қандай кемемен тасымалданатынына қарамастан, тек ғана мемлекеттiк коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған жүкке қатысты қолданылмайды.
3. Осы баптың қолданылу мақсаты үшiн кеменi пайдалануға қатысты даулар деп, атап айтқанда:
1) кемелердiң соқтығысуына, порттық және гидротехникалық құрылыстардың бұзылуына немесе басқа да суда жүзетiн кеме аварияларына;
2) көмек көрсетуге құтқару жұмыстары мен жалпы аварияға;
3) кемеге қатысты жеткiзiлiмдерге, жөндеу және басқа да жұмыстарға, қызметтер көрсетуге;
4) теңiз ортасының ластануы салдарларына;
5) суға батқан мүлiктi көтеруге қатысты даулар түсiнiледi.
442-бап. Талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актiсiн
мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттер
Шет мемлекет:
1) шет мемлекет осы Кодекстiң 429-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәсiлдердiң бiрi арқылы осы бапта көрсетiлген юрисдикциялық иммунитеттiң түрлерiнен бас тартуға тiкелей келiсiм бiлдiрген;
2) шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында iс қараудың нысанасы болып табылатын талапты қанағаттандырған жағдайда мүлiктi резервке қойған немесе өзгедей түрде белгiлеген;
3) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкi мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асырудан өзге мақсаттарда пайдаланылатын және (немесе) пайдалануға арналған жағдайларды қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттi және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттi пайдаланады.
443-бап. Егемендi билiктi жүзеге асыру мақсатында
пайдаланылатын мүлiк
Мемлекеттiң егемендi билiгiн жүзеге асырудан өзге мақсаттарда шет мемлекет пайдаланатын және (немесе) пайдалануына арналған мүлiк ретiнде (осы Кодекстiң 442-бабының 3) тармақшасы), атап айтқанда, шет мемлекеттiң мынадай мүлкi қарастырылмайды:
1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң немесе оның консулдық мекемелерiнiң, арнайы миссиялардың, халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктердiң, халықаралық ұйымдар органдарындағы не халықаралық конференциялардағы шет мемлекет делегацияларының функцияларын жүзеге асыруы үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған мүлiк (оның iшiнде банк шотындағы ақша);
2) әскери мүлiк және (немесе) Қазақстан Республикасы таныған бiтiмгершiлiк операцияларда пайдаланылатын мүлiк;
3) сатуға қойылмаған не сатуға арналмаған мәдени құндылықтар немесе мұрағаттық құжаттар.
444-бап. Шет мемлекет қатысатын iстер бойынша сот iсiн жүргізу
Егер осы Кодексте немесе басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекет қатысатын iстердi Қазақстан Республикасының соттары, заңды тұлғаларға, атап айтқанда шетелдiк заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын соттылық туралы ереженi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сот iсiн жүргізу ережелерi бойынша қарайды.
445-бап. Шет мемлекеттiң соттық иммунитетi туралы мәселенi
шешу тәртiбi
Шет мемлекеттiң соттық иммунитеттi пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны туралы мәселенi Қазақстан Республикасының соты тараптарды шақыра отырып, сот отырысында шешедi.
446-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын
даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету және сот
актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi
1. Қазақстан Республикасының соты талап қоюды қамтамасыз ету және шет мемлекетке қатысты шығарылған сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шет мемлекетте тиiсiнше талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттiң және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттiң болуына немесе болмауына қарай шешедi.
2. Шұғыл шаралар қабылдамау сот актiсiн орындауды қиындатуы мүмкін немесе атап айтқанда, сот актiсiн орындауға жол бермеу мақсатында мүлiктi жою, бүлдiру, орнын ауыстыру ықтималдығының едәуiр дәрежесiне немесе өзгедей иелiк етуге байланысты мүмкін етпейтiн жағдайларда, Қазақстан Республикасының соты шет мемлекет тиiстi иммунитеттi пайдаланады деп пайымдауға өзiнде жеткiлiктi негiздер болмаған кезде, тараптың өтiнiшi бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылдауға құқылы. Мұндай шешiм қабылдау шет мемлекеттi тиiстi иммунитеттiң болуына сүйене отырып, оған дау айту құқығынан айырмайды.
3. Шет мемлекеттерге қатысты шығарылған сот актiлерiн мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргізу туралы заңнамасының негiзiнде жүзеге асырылады.
447-бап. Өзара түсiнiстiк принципiн қолдану
1. Шет мемлекетке қойылған талапты Қазақстан Республикасының сотында қарау кезiнде сот талап қоюшының немесе iске қатысушы басқа тұлғаның өтiнiшi бойынша өзара түсiнiстiк принципiн қолданады.
2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты даулар бойынша, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмiлелерден туындаған даулар бойынша тиiстi шет мемлекетте Қазақстан Республикасына берiлетiн юрисдикциялық иммунитеттiң көлемiн дәлелдеу өзара түсiнiстiк принципiн қолдану туралы өтiнiш бiлдiрген тұлғаға жүктелуi мүмкін.
3. Егер өзiне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындаған шет мемлекетте осы Кодекске орай шет мемлекетке берiлетiнге қарағанда Қазақстан Республикасына юрисдикциялық иммунитет неғұрлым шектелген көлемде берiлетiнi дәлелденсе, онда Қазақстан Республикасының соты көрсетiлген мәселенi шешу кезiнде өзара түсiнiстiк негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi шет мемлекетте юрисдикциялық иммунитеттi қандай көлемде пайдаланатынын негiзге алуға құқылы.
448-бап. Осы Кодекстi қолдану мәселелерi бойынша Қазақстан
Республикасының сотына жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы сотының сұратуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша осы Кодекстiң шет мемлекетке қатысты қолданылуына байланысты, атап айтқанда, өзiне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындайтын тарап шет мемлекет болып табылады ма, мемлекеттiң егемендiк билiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет орын алды ма, шет мемлекетте Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетi қандай көлемде берiледi деген мәселелер бойынша қорытынды бередi.
2. Қазақстан Республикасының соты дау нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша жәрдемдесу және түсiндiру үшiн Қазақстан Республикасындағы және шетелдегi өзге де органдар мен ұйымдарға белгiленген тәртiппен жүгiнуi немесе сарапшыларды тартуы мүмкін. Алынған қорытындылар мен түсiндiрмелер iстегi бар дәлелдемелердiң жиынтығы ескерiлiп, Қазақстан Республикасы сотының бағалауына жатады.
449-бап. Шет мемлекетке iс жүргізу құжаттарын жiберу
және тапсыру
1. Шет мемлекетке оған қатысты Қазақстан Республикасының сотында iс қозғалғаны туралы хабарламаны және өзге де сот құжаттарын жiберу дипломатиялық арналар арқылы жүзеге асырылады. Тиiстi мемлекеттiң сыртқы iстерiн жүргiзетiн атқарушы билiк органының оларды алған күнi осы құжаттардың тапсырылған күнi болып есептеледi.
2. Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекетке құжаттарды тапсыру туралы және Қазақстан Республикасының сотында оған қатысты қозғалған iске байланысты өзге де iс жүргізу әрекеттерiн жасау туралы тапсырмалары Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсетудi регламенттейтiн халықаралық шарттарында көзделген тәртiппен ресiмделедi.
450-бап. Сырттай шешiм шығару
Қазақстан Республикасының сотында iс қарауға қатыспаған шет мемлекетке қатысты шешiм, егер сот:
1) осы Кодекстiң 449-бабының талаптары сақталғанын;
2) шет мемлекетке оған қатысты iс қозғалғаны туралы құжаттарды тапсыру туралы тапсырма жiберiлген күннен бастап кемiнде алты ай өткенiн;
3) осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес мемлекет соттық иммунитеттi пайдаланбайтынын анықтаған жағдайда шығарылуы мүмкін.».
3. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк тiлде», «мемлекеттiк тiлмен» деген сөздер тиiсiнше «қазақ тiлiнде», «қазақ тiлiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн тұрақты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ағысы төленетiн, жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам аралық судья бола алмайды.»;
3) 32-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiшке аралық сотқа талап қою дәлелдемелерi қоса тiркеледi.»;
4) 44-баптың 2-тармағында:
5) тармақшадағы «келетiндiгiнiң;» деген сөз «келетiндiгiнiң дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда ғана шағым жасалуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын.
4. «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат):
1) 2-баптың 1) тармақшасындағы «немесе тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн» деген сөздер алып тасталып, «, сондай-ақ» деген сөз «немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік не» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қарсылық бiлдiру құқығынан бас тарту
Осы Заңның қандай да бiр ережесi немесе төрелік келiсiмнiң қандай да бiр талабы сақталмағаны туралы бiлетiн, сөйте тұра осындай сақталмауға төреліктiң тұрақты жұмыс iстейтiн регламентiнде осы мақсат үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қарсылықтарын мәлімдеместен төрелік iс қарауға қатысуды жалғастыра беретiн тарап өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартқан болып есептеледi.»;
3) 5-бапта:
«өздерiне» деген сөз «өздерiнiң қызметiне» деген сөздермен, «ықпалын» деген сөз «араласуын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тәуелсiз болады,» деген сөздерден кейiн «осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Дауды төреліктiң шешуiне беру
1. Тараптар арасында жасалған төрелік келiсiм болған кезде дау төреліктiң қарауына берiлуi мүмкін.
2. Тараптар төрелік келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларға қатысты жасасуы мүмкін.
3. Құзыреттi соттың қарауында жатқан дауға қатысты төрелік келiсiм аталған сот дау бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда құзыреттi сот өтiнiштi қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасындағы азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелікке берiлуi мүмкін.
5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс iстейтiн төрелікке беру кезiнде тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентi төрелік келiсiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде қарастырылады.
6. Төрелiк келiсiмнiң қолданылуы ол қандай тәртiппен жасалса, сондай тәртiппен тараптардың келiсiмi бойынша тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың мүдделерi қозғалатын даулар төреліктiң қарауына жатпайды.»;
5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Төрелiк келiсiм және құзыреттi сотқа даудың
мәнi бойынша талап қою
1. Төрелiк iс қарау нысанасы бойынша талап қою берiлген құзыреттi сот, егер төрелік келiсiм жарамсыз, күшiн жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса, егер тараптардың кез келгенi бұл туралы өтiнсе, даудың мәнi бойынша өзiнiң алғашқы өтiнiшiн ұсынудан кешiктiрмей тараптарды төрелікке жiберуге тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талап қоюға қарамастан құзыреттi сот төрелік iс қараудың нысанасы өзiнде сотта қаралуға жататындығы туралы мәселенi қарастырғанша төрелік iс қараудың басталуы немесе жалғастырылуы және төрелік шешiмнiң шығарылуы мүмкін.»;
6) 7-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төрешiлiкке кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар тараптармен тiкелей келiсiлуi немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік регламентiнде айқындалуы мүмкін.»;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн тұрақты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақысы төленетiн, жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам төрешi бола алмайды.»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Төрелiктiң құрамы
1. Төрелiктiң құрамын құру тараптардың келiсiмi бойынша төрешiлердi (төрешiнi) сайлау (тағайындау) арқылы жүргiзiледi.
2. Тұрағты жұмыс iстейтiн төрелікте төреліктiң құрамын құру тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Төрелiкте нақты дауды шешу үшiн төреліктiң құрамын құру тараптармен келiсiлген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Тараптардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк не азаматтығы жоқ адам төрешi болып сайлануы мүмкін.
5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса немесе дауды тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қарамайтын болса, үш төрешiден тұратын төреліктiң құрамын құру кезiнде әрбiр тарап бiр төрешiнi тағайындайды және осылайша тағайындалған екi төрешi үшiншi төрешiнi тағайындайды.
6. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда құзыреттi сот:
1) тарап басқа тараптан бұл туралы өтiнiштi алған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде төрешiнi тағайындамаған;
2) егер екi төрешi өздерiн тағайындаған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде үшiншi төрешiнi таңдау туралы уағдаласпаған;
3) тараптар дауды жеке-дара қарайтын төрешiнi таңдау туралы уағдаласпаған жағдайларда, дау тараптарының бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрешiлердi (төрешiнi) тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік құрамындағы адамдардың қатарынан күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тағайындауы мүмкін.
7. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік дауды қараған кезде, егер тараптар төреліктiң құрамы туралы уағдаласпаса, төрешiлердi (төрешiнi) тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң төрағасы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тағайындауы мүмкін.»;
8) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметiнiң шарттары
Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өз төрешiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік, төрешiлердiң тiзiлiмi туралы, даудың тараптары келiскен кезде төрелік шешiмдер туралы ақпарат, заңды мекенжайы мен жұмыс регламентi жеке және заңды тұлғалардың еркiн танысуы үшiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.»;
9) 10-баптың 6-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «кейiн» деген сөзден кейiн «күнтiзбелiк» деген сөзбен толықтырылсын;
10) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрешiнiң өкiлеттiктерi осы Заңда көзделген негiздер бойынша тараптардың келiсiмiмен, сондай-ақ дауды қарау бойынша белгiленген мерзiм iшiнде өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе сырқаттануы бойынша, қайтыс болуына, не дауды қарау жөнiндегi өз өкiлеттiктерiнен бас тартуына байланысты өз мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетi болмаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.»;
3-тармақтың бiрiншi сөйлемi «тоқтатылады» деген сөзден кейiн «немесе егер тараптар осындай тоқтатуға қатысты уағдаласса тоқтатылады» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 4-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Төрелiктiң талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар қабылдау туралы өкiм ету өкiлеттiгi
1. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда төрелік кез келген тараптың өтiнiшi бойынша қандай да бiр тараптың өзi қажет деп есептеген даудың нысанасына қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде осындай шаралар қабылдауы туралы өкiм ете алады, бұл туралы ұйғарым шығарады.
2. Төрелiкте қаралатын талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап төрелік iс қарау жүзеге асырылатын жер бойынша немесе оған қатысты талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдануы мүмкін мүлiктiң орналасқан жерi бойынша құзыреттi сотқа бередi.»;
12) 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Төрелiк iс қарауды жүргізу
16-бап. Төрелiк iс қарау ережелерiн айқындау
1. Төрелiк iс қарауды тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өзiнiң регламентiне сәйкес жүзеге асырады.
2. Төрелiк нақты дауды шешу үшiн төрелік iс қарауды тараптармен келiсiлген ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентiнде, сондай-ақ осы Заңның ережелерiнде айқындалмаған және тараптармен келiсiлмеген төрелік iс қараудың қағидаларын төрелік айқындайды.
17-бап. Төрелiк орны
Тараптар, дау тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң қарауына берiлетiн жағдайды қоспағанда, төреліктiң орнын өз қалаулары бойынша айқындауы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда, төреліктiң орнын, тараптар үшiн қолайлылық факторын қоса алғанда, iстiң мән-жайын ескере отырып, төрелік айқындайды.
18-бап. Талап арыз және талап арызға пiкiр
1. Талапкер өзiнiң талаптарын талап арызда баяндайды, ол төрелікке жазбаша нысанда берiледi. Талап арыздың көшiрмесi жауапкерге берiледi.
2. Талап арызда:
1) талап арыздың берiлген күнi;
2) тараптардың атауы, олардың почталық мекенжайы және банк деректемелерi;
3) төрелікке жүгiну негiздемесi;
4) талапкердiң талаптары;
5) талапкер өзiнiң талаптарын негiздеген мән-жайлар;
6) талап арыздың негiздерiн растайтын дәлелдемелер;
7) егер талап қою бағалануға жатса, талап қоюдың бағасы;
8) талап арызға қоса берiлетiн құжаттар мен өзге де материалдардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
Талап арызға талапкер немесе сенiмхаттың немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын өзге құжаттың түпнұсқасы қоса берiле отырып, оның өкiлi қол қоюға тиiс.
3. Төрелiктiң регламентiнде талап арыздың мазмұнына қосымша талаптар көзделуi мүмкін.
4. Жауапкер талапкерге және төрелікке онда өзiнiң талап қоюға қарсылықтарын баяндай отырып, талап арызға пiкiр ұсынуға құқылы. Талап арызға пiкiр төреліктiң регламентiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде талапкерге және төрелікке берiледi.
Егер төреліктiң регламентiнде талап арызға пiкiр беру мерзiмi айқындалмаса, онда көрсетiлген пiкiр, егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, төреліктiң бiрiншi отырысына кемiнде күнтiзбелiк он күн қалғанда ұсынылады.
5. Тарап төрелік iс қарау барысында өзiнiң талап арыздарын немесе талап қоюға қарсылықтарын өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.
19-бап. Төрелiк iс қарауды қозғау
1. Төрелiк талап арызды қабылдап, төрелік регламентiне немесе тараптар келiскен ережелерге сәйкес төрелік ic қарауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралатын орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап арызға жазбаша пiкiр табыс етудi ұсынады.
2. Жауапкердiң қарсылықтарын табыс етпеуi дауды қарауға кедергi бола алмайды.
20-бап. Төрелiк iс қараудың басталуы
1. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, төрешi тараптарға төрелік отырысының уақыты мен орны туралы алдын ала және тиiстi түрде хабарлама тапсыруға мiндеттi.
2. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда тараптардың бiрi төрелікке ұсынатын барлық құжаттардың, материалдардың көшiрмелерi мен ақпаратты төрелік олар төрелікке келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде екiншi тарапқа беруге тиiс. Төрелiк сараптамалық қорытындыларды тараптарға төрелік iс қарау басталғанға дейiн беруге тиiс.
21-бап. Талап арызды қайтару
1. Төрелiк, егер:
1) тараптар арасында төрелік келiсiм болмаса;
2) талап қою төрелік келiсiмде көзделмеген төрелікке берiлсе;
3) талап қоюдың нысанасы төрелік келiсiмнiң шеңберiнен тыс болса;
4) талап арызға қол қоюға өкiлеттiктерi жоқ адам қол қойса;
5) талапкер талап арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берсе;
6) осы немесе басқа төреліктiң iс жүргізуiнде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы және сол негiздер бойынша дау жөнiнде iс бар болса, талап арызды қайтарады.
2. Талап арыз қайтарылған кезде төрелік дәлелдi ұйғарым шығарады.
3. Арыздың қайтарылуы талапкердiң сол жауапкерге сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қойып төрелікке қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.
22-бап. Төрелiк iс қарау тiлi
1. Тараптар төрелік iс қарау барысында пайданылатын тiл немесе тiлдер туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда төрелік iс қарау кезiнде пайдалануға тиiстi қазақ тiлiн, онымен тең орыс тiлiн немесе өзге де тiлдердi айқындайды.
Төрелiк iс қарау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға аудармашы арқылы iс материалдарымен танысу, төрелік iс қарауға қатысу құқығы, төрелікте ана тiлiнде сөйлеу құқығы қамтамасыз етiледi.
2. Құжаттар мен өзге де материалдарды төрелік iс қарау тiлiнде (тiлдерiнде) ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi, бұл ретте төреліктiң регламентiнде не тараптардың келiсiмiнде қосымша талаптар айқындалуы мүмкін.
3. Төрелiк тараптардан құжаттар мен өзге де материалдардың төрелік iс қарау тiлiндегi (тiлдерiндегi) аудармасын талап етуi мүмкін.
23-бап. Құжаттардың табыс етiлмеуi немесе тараптардың
келмей қалуы
1. Құжаттар мен өзге де материалдарды табыс етпеу, оның iшiнде төрелік отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлген тараптардың бiрiнiң немесе олардың өкiлдерiнiң төрелік отырысына келмей қалуы, егер құжаттар мен өзге де материалдарды табыс етпеу себептерiн немесе тараптардың төрелік отырысына келмей қалуын ол дәлелсiз деп таныса, ұсынылып отырған материалдар мен дәлелдемелер негiзiнде төрелік iс қарау және төреліктiң шешiм қабылдауы үшiн кедергi болып табылмайды.
2. Жауапкердiң талап қоюға қарсылықтарын табыс етпеуiн талапкердiң талаптарын тану ретiнде қарастыруға болмайды.
24-бап. Тараптардың жазбаша хабарламалар алуы
Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса:
1) егер кез келген жазбаша хабарлама адресаттың тұрақты тұрғылықты жерi бойынша немесе пошталық мекенжайы бойынша оның өз қолына жеткiзiлсе, ол алынды деп есептеледi; мұндайларды ақылға қонымды анықтама жүргізу арқылы анықтау мүмкін болмаса, егер ол соңғы белгiлi тұратын жерiне тапсырыс хатпен немесе осы хабарламаны жеткiзу әрекетiн тiркеудi көздейтiн өзге де түрде жiберiлсе, жазбаша хабарлама алынды деп есептеледi;
2) жазбаша хабарлама осындай жеткiзiлген күнi алынды деп есептеледi.
25-бап. Тараптардың құқықтары
Төрелiк iс қарауға қатысушы тараптардың:
1) iс материалдарымен танысуға және осы материалдардан көшiрмелер алуға;
2) дәлелдемелердi табыс етуге;
3) өтiнiш бiлдiруге, төрешiлерден бас тартуға;
4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;
5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн табыс етуге;
6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi сот алдында төреліктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;
8) осы Заңда белгiленген жағдайларда төреліктiң шешiмiне шағымдануға құқығы бар.
25-1-бап. Тараптардың төрелік отырысына қатысуы
1. Әрбiр тарапқа өз ұстанымын баяндау және өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн тең мүмкіндiктер берiлуге тиiс.
2. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда төрелік iс қарау тараптардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен төреліктiң жабық отырысында жүзеге асырылады.
Тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргізу заңнамасында көзделген талаптар сақтала отырып ресiмделуге тиiс.
25-2-бап. Дәлелдемелердi табыс ету және зерттеу
Әрбiр тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негiздемесi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиiс. Егер табыс етiлген дәлелдемелер жеткiлiксiз деп тапса, төрешi тараптарға қосымша дәлелдемелер табыс етудi ұсынуға құқылы.
Төрешi iс бойынша қолда бар барлық дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге мiндеттi.
25-3-бап. Төрелiк тағайындаған сарапшы
1. Егер төрелік iс қарауға қатысушы тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, төрелік:
1) төрелік айқындайтын нақты мәселелер бойынша өзiне қорытындылар беруi үшiн бiр немесе бiрнеше сарапшы тағайындауы;
2) тараптан iске қатысты кез келген ақпаратты сарапшыға табыс етуiн не оған iске қатысты құжаттардың, тауарлардың немесе басқа да мүлiктiң тексерiп қарау үшiн ұсынылуын немесе тексерiп қарауға мүмкіндiк берiлуiн талап eтуi мүмкін.
2. Тараптардың өзге жөнiнде уағдаластығы болмаған кезде, егер тарап бұл туралы өтiнсе немесе төрелік оны қажет деп есептесе, сарапшы өзiнiң жазбаша немесе ауызша қорытындысын табыс еткеннен кейiн тыңдауға қатысуға тиiс, онда тараптарға оған сұрақтар қою және даулы мәселелер бойынша айғақтар беру үшiн мамандар ұсыну мүмкіндiгi берiледi.
25-4-бап. Құзыреттi соттың қамтамасыз ету шараларын
ұсынудағы және дәлелдемелер алудағы жәрдемi
1. Тараптар төрелік iс қарау кезiнде талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану туралы өтiнiшпен құзыреттi сотқа жүгiнуге құқылы. Құзыреттi соттың талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым қабылдауы төрелік келiсiммен сыйыспаушылық болып табылмайды.
2. Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап құзыреттi сотқа төрелік iс қарау жүзеге асырылатын орын немесе оған қатысты қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін мүлiктiң тұрған жерi бойынша бередi.
3. Құзыреттi соттың төрелікте қаралатын талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарауы және оның талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе оны қамтамасыз етуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргізу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымның күшiн тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша осы ұйғарымды шығарған құзыреттi сот жоюы мүмкін.
5. Төрелiк немесе төреліктiң келiсiмiмен тарап дәлелдемелер алуға жәрдемдесу туралы құзыреттi сотқа өтiнiш жасауы мүмкін. құзыреттi сот осы өтiнiштi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
25-5-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу
1. Қарсы талаптың талапкердiң талаптарымен өзара байланысы болған жағдайда, сондай-ақ төреліктiң қарсы талап қоюды төрелік келiсiмге сәйкес қарауы мүмкін болатын жағдайда, жауапкер талапкерге қарсы талап қоюға құқылы.
2. Егер тараптар қарсы талап қою үшiн өзге мерзiмге келiспесе, қарсы талап қою төрелік шешiм қабылдағанға дейiн, төрелік iс қарау барысында қойылуы мүмкін.
3. Қарсы талап қою осы Заңның 18-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
4. Талапкер төрелік iс қарау регламентiнде немесе ережелерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қарсы талап қоюға қарсылықтарын ұсынуға құқылы.
5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда жауапкер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қарсы талап қоюды есепке алуды талап етуге құқылы.»;
13) 30-бапта:
1-тармақтағы «алпыс», «отыз» деген сөздер тиiсiнше «күнтiзбелiк алпыс», «күнтiзбелiк отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «отыз» деген сөз «күнтiзбелiк алпыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «алпыс» деген сөз «күнтiзбелiк алпыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Қазақстан Республикасында төрелік шешiмдi
тану және орындау
Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады және құзыреттi сотқа жазбаша өтiнiш берiлген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргізу заңнамасына сәйкес орындалады.»;
15) 33-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төрелік келiсiмнiң оны тараптар бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмағанда - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарамсыздығының;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев