Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 497-IV Заңы.

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ


Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік
кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының,
машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының
халықаралық лизингін дамыту туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,

      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құру туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,

      ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 204 шешімімен бекітілген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,

      мынадай:

      Қоғамдастық мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешендерінің техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру;

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының өндірісін дамыту;

      агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту;

      Қоғамдастық мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің және тұтастай Қоғамдастықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін ұлғайту;

      Қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингі субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін қалыптастыру;

      Қоғамдастық мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешендеріне инвестициялар тарту мақсатында келісілген саясат жүргізуге ұмтыла отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      лизинг шарты - лизинг беруші оған сәйкес лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын лизинг алушы айқындаған сатушыдан (өнім берушіден) меншікке сатып алуға және бұл нысананы лизинг алушыға шартта айқындалған талаптарда ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенетін шарт. Лизинг шартында сатушыны (өнім берушіні) және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушінің жүзеге асыруы көзделуі мүмкін;

      лизинг - лизинг шартын іске асыруға, оның ішінде лизинг нысанасын сатып алуға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы;

      сублизинг - лизинг алушы лизинг берушіден лизинг шарты бойынша алынған және лизинг нысанасынан тұратын мүлікті сублизинг шартының талаптарына сәйкес белгілі бір мерзімге ақылы түрде үшінші тұлғаға (сублизинг шарты бойынша сублизинг алушыға) иеленуге және пайдалануға беретін лизинг шартының түрі. Бұл ретте лизинг шарты бойынша лизинг алушы сублизинг алушыға қатысты Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және шартта белгіленген тәртіппен және талаптар ескеріліп, сублизинг шарты бойынша лизинг берушінің құқығын ала отырып, лизинг беруші алдында лизинг шартында көзделген міндеттемелер мен жауапкершіліктен босатылмайды;

      лизингтік қызмет - лизинг берушінің лизинг нысанасын сатып алу және оны лизинг алушыға лизинг шарты бойынша беру үшін меншікті және/немесе тартылған қаражат (инвестициялар) салуына байланысты инвестициялық/кәсіпкерлік қызмет түрі;

      лизинг беруші - мүлікті меншігіне сатып алатын және оны лизинг нысанасы ретінде лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және лизинг шартында айқындалған талаптарда лизинг шарты аяқталған соң лизинг нысанасына меншік құқығының лизинг алушыға өтуімен немесе өтпей, уақытша иеленуге және пайдалануға беретін жеке (егер Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделсе) немесе заңды тұлға;

      лизинг алушы - лизинг нысанасын белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және лизинг шартында айқындалған талаптарда уақытша иелену және пайдалану үшін қабылдауға міндеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      резидент — Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес резидент мәртебесі бар жеке немесе заңды тұлға;

      резидент емес - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес резидент мәртебесі жоқ жеке немесе заңды тұлға;

      халықаралық лизинг - лизинг шартын іске асыруға байланысты лизинг түрі, онда лизинг беруші мен лизинг алушы Тараптардың әртүрлі мемлекеттерінің резиденттері болып табылады;

      лизинг нысанасы - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының кез келген түрлері;

      сатушы (өнім беруші) - лизинг берушімен жасалған сатып алу-сату (жеткізу) шартының талаптарына сәйкес лизинг нысанасы болып табылатын мүлікті келісілген мерзімде лизинг берушінің меншігіне беретін жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнім беруші) бір мезгілде бір лизингтік құқықтық қатынас шегінде лизинг алушы ретінде әрекет ете алады.

2-бап

      Осы Келісімде белгіленетін талаптарды Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдықтар мен көлік құралдарының халықаралық лизингін (сублизинг) дамыту үшін қолданады.

3-бап

      Тараптар халықаралық лизинг субъектілеріне өз мемлекеттерінің аумағында халықаралық құқық нормалары мен Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік береді.

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес меншікке (халықаралық лизинг нысанасына) қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді және халықаралық лизингті дамыту үшін коммерциялық құрылымдардың, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қаражатын жұмылдыруды өз мемлекеттерінің заңнамасында көзделген шеңберде көтермелейді.

4-бап

      Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда, халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерінің резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерін төлеуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерін төлеуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге бюджет қаражатын беру тәртібін Тарап айқындайды.

      Лизинг нысанасы шығарылған ел халықаралық лизинг шарттары бойынша өздерінің резидент-лизинг алушыларына лизинг төлемдерін төлеуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге бюджет қаражатын бөлу туралы Тараптың шешім қабылдауы үшін жалғыз немесе бірнеше шарттың бірі бола алмайды.

5-бап

      Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген шеңберде Тараптар лизинг берушілерге (лизинг алушыларға) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне халықаралық лизинг шарттары бойынша жеткізілетін ауыл шаруашылығы техникасына, машиналарға, механизмдерге, жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде қызметтер көрсететін сервистік орталықтар құруға және дамытуға жәрдемдеседі.

6-бап

      Егер осы шартта өзгеше көзделмесе, сатушы мүлікті жеткізген сәттен бастап және лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін лизинг нысанасы жоғалу (қирау), жеткіліксіз болу немесе бүліну қауіптерінен сақтандырылуы мүмкін. Сақтандырушы және пайда алушы ретінде әрекет ететін Тараптар, сондай-ақ лизинг нысанасын сақтандыру кезеңі лизинг шартымен айқындалады.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

8-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

9-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

      Егер дау Тараптардың бірі екінші Тарапқа консультациялар және/немесе келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде осылайша реттелмесе, онда өз араларында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаса, дауласушы кез келген Тарап дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бере алады.

10-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕурАзЭҚ мүшелігіне қабылданған басқа мемлекеттердің қосылу үшін ашық. Осы Келісімге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.

      Қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.

11-бап

      Әрбір Тарап осы Келісім қолданысының тиісті бесжылдық кезеңі аяқталардан кемінде 6 ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, одан шыға алады.

12-бап

      Осы Келісім депозитарий болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, осы мерзім өткен соң Келісімнің қолданысы келесі бесжылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.

      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінде сақталады, ол қол қойған Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Беларусь Республикасының


Үкіметі үшін


Қазақстан Республикасының


Үкіметі үшін


Қырғыз Республикасының


Үкіметі үшін


Ресей Федерациясының


Үкіметі үшін


Тәжікстан Республикасының


Үкіметі үшін



О ратификации Соглашения о развитии в Евразийском экономическом сообществе международного лизинга сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах

Закон Республики Казахстан от 25 ноября 2011 года № 497-IV.

      Ратифицировать Соглашение о развитии в Евразийском экономическом сообществе международного лизинга сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах, совершенное в Санкт-Петербурге 21 мая 2010 года.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ


СОГЛАШЕНИЕ
о развитии в Евразийском экономическом сообществе
международного лизинга сельскохозяйственной техники,
машин, механизмов, оборудования и транспортных средств,
используемых в агропромышленных комплексах

      Правительства государств-членов Евразийского экономического сообщества, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      основываясь на положениях Договора о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 г. и Договоре об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 г. (далее - ЕврАзЭС или Сообщество),

      руководствуясь Концепцией агропромышленной политики государств-членов ЕврАзЭС, утвержденной Решением Межгосударственного Совета ЕврАзЭС от 24 марта 2005 г. № 204,

      стремясь к проведению согласованной политики в целях:

      повышения уровня технической оснащенности агропромышленных комплексов государств Сообщества;

      развития производства сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах государств-членов ЕврАзЭС;

      развития международного лизинга сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах и производимых в государствах-членах ЕврАзЭС;

      повышения конкурентоспособности сельскохозяйственного машиностроения в государствах Сообщества;

      увеличения объемов производства основных видов сельскохозяйственной продукции для обеспечения продовольственной безопасности государств-членов ЕврАзЭС и Сообщества в целом;

      формирования в Сообществе механизмов защиты прав и интересов субъектов международного лизинга сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах и производимых в государствах-членах ЕврАзЭС;

      привлечения инвестиций в агропромышленные комплексы государств Сообщества,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения используются следующие понятия:

      договор лизинга - договор, в соответствии с которым лизингодатель обязуется приобрести в собственность указанный лизингополучателем предмет лизинга у определенного лизингополучателем продавца (поставщика) и предоставить лизингополучателю этот предмет за плату на определенных договором условиях во временное владение и пользование. Договором лизинга может быть предусмотрено, что выбор продавца (поставщика) и предмета лизинга осуществляется лизингодателем;

      лизинг - совокупность экономических и правовых отношений, возникающих в связи с реализацией договора лизинга, в том числе приобретением предмета лизинга;

      сублизинг - вид договора лизинга, при котором лизингополучатель передает третьему лицу (сублизингополучателю по договору сублизинга) во владение и пользование на определенный срок за плату в соответствии с условиями договора сублизинга имущество, полученное от лизингодателя по договору лизинга и составляющее предмет лизинга. При этом лизингополучатель по договору лизинга, приобретая по отношению к сублизингополучателю по договору сублизинга права лизингодателя в порядке и с учетом условий, установленных законодательством государств Сторон и договором, не освобождается от предусмотренных договором лизинга обязательств и ответственности перед лизингодателем;

      лизинговая деятельность - вид инвестиционной/предпринимательской деятельности, связанной с вложением собственных и/или привлеченных средств лизингодателя (инвестиций) для приобретения предмета лизинга и передачи его лизингополучателю по договору лизинга;

      лизингодатель - физическое (если предусмотрено законодательством государств Сторон) или юридическое лицо, которое приобретает в собственность имущество и предоставляет его в качестве предмета лизинга лизингополучателю за определенную плату, на определенный срок и на определенных договором лизинга условиях во временное владение и пользование с переходом или без перехода к лизингополучателю права собственности на предмет лизинга по окончании договора лизинга;

      лизингополучатель - физическое или юридическое лицо, которое обязуется принять предмет лизинга за определенную плату, на определенный срок и на определенных договором лизинга условиях во временное владение и пользование;

      резидент - физическое или юридическое лицо, обладающее статусом резидента в соответствии с законодательством государств Сторон;

      нерезидент - физическое или юридическое лицо, не обладающее статусом резидента в соответствии с законодательством государств Сторон;

      международный лизинг - вид лизинга, связанный с реализацией договора лизинга, в котором лизингодатель и лизингополучатель являются резидентами разных государств Сторон;

      предмет лизинга - любые виды сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемые в агропромышленных комплексах государств-членов ЕврАзЭС;

      продавец (поставщик) - физическое или юридическое лицо, которое в соответствии с условиями договора купли-продажи (поставки), заключенного с лизингодателем, передает в собственность лизингодателю в обусловленный срок имущество, являющееся предметом лизинга. Продавец (поставщик) может одновременно выступать в качестве лизингополучателя в пределах одного лизингового правоотношения.

Статья 2

      Устанавливаемые настоящим Соглашением условия применяются Сторонами для развития международного лизинга (сублизинга) сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, используемых в агропромышленных комплексах государств-членов ЕврАзЭС.

Статья 3

      Субъектам международного лизинга Стороны гарантируют на территории своих государств защиту прав и интересов, которая обеспечивается нормами международного права и законодательством государств Сторон.

      Стороны в соответствии с законодательством своих государств обеспечивают неприкосновенность собственности (предметов международного лизинга) и поощряют в рамках, предусмотренных законодательством своих государств, мобилизацию средств коммерческих структур, банков и иных финансовых организаций для развития международного лизинга.

Статья 4

      Каждая из Сторон в соответствии с законодательством своего государства в случае необходимости может принимать решение о выделении своим резидентам-лизингополучателям бюджетных средств на возмещение части затрат на уплату лизинговых платежей по договорам международного лизинга. Порядок предоставления бюджетных средств на возмещение части затрат на уплату лизинговых платежей по договорам международного лизинга определяется Стороной.

      Страна происхождения предмета лизинга не может являться единственным или одним из нескольких условий для принятия Стороной решения о выделении своим резидентам-лизингополучателям бюджетных средств на возмещение части затрат на уплату лизинговых платежей по договорам международного лизинга.

Статья 5

      Стороны содействуют в рамках, предусмотренных законодательством государств Сторон, лизингодателям (лизингополучателям) в создании и развитии сервисных центров, предоставляющих хозяйствующим субъектам государств-членов ЕврАзЭС услуги по обслуживанию и ремонту сельскохозяйственной техники, машин, механизмов, оборудования и транспортных средств, поставляемых по договорам международного лизинга.

Статья 6

      Предмет лизинга может быть застрахован от рисков утраты (гибели), недостачи или повреждения с момента поставки имущества продавцом и до момента окончания срока действия договора лизинга, если иное не предусмотрено этим договором. Стороны, выступающие в качестве страхователя и выгодоприобретателя, а также период страхования предмета лизинга определяются договором лизинга.

Статья 7

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств Сторон, вытекающих из других международных договоров, участниками которых они являются.

Статья 8

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения, которые оформляются отдельными протоколами.

Статья 9

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Соглашения, разрешаются, в первую очередь, путем проведения консультаций и переговоров.

      Если спор не будет урегулирован таким образом в течение шести месяцев с даты официальной письменной просьбы о проведении консультаций и/или переговоров, направленной одной из Сторон другой Стороне, то, при отсутствии иной договоренности между ними относительно способа его разрешения, любая из Сторон спора может передать спор для рассмотрения в Суд Евразийского экономического сообщества.

Статья 10

      После вступления в силу настоящее Соглашение открыто для присоединения других государств, принятых в члены ЕврАзЭС. Документы о присоединении к настоящему Соглашению сдаются на хранение депозитарию.

      В отношении присоединившихся государств настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения депозитарием документа о присоединении.

Статья 11

      Каждая Сторона может выйти из настоящего Соглашения, направив письменное уведомление об этом депозитарию не позднее, чем за 6 месяцев до истечения соответствующего пятилетнего периода его действия.

Статья 12

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием, которым является Интеграционный Комитет Евразийского экономического сообщества, последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для вступления его в силу.

      Настоящее Соглашение действует в течение 5 лет с даты его вступления в силу. По истечении этого срока действие Соглашения автоматически продлевается на последующие пятилетние периоды, если Стороны не примут иного решения.

      Совершено в г. Санкт-Петербург 21 мая 2010 года в единственном подлинном экземпляре на русском языке.

      Подлинный экземпляр настоящего Соглашения хранится в Интеграционном Комитете ЕврАзЭС, который направит подписавшим Сторонам его заверенную копию.

За Правительство


Республики Беларусь


За Правительство


Республики Казахстан


За Правительство


Кыргызской Республики


За Правительство


Российской Федерации


За Правительство


Республики Таджикистан