Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2014 № 420 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2014 N 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 13 ақпандағы
№ 129 қаулысымен  
бекітілген   

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабына және «2013–2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және қарыз алушылардың кредиттер (лизинг) бойынша проценттік ставкаларды төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде 2013–2015 жылдарға арналған қаражат есебінен және шегінде республикалық бюджеттен көзделген субсидиялар беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
      3) қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншігінде сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметтерін көрсететін селолық тұтыну кооперативі;
      4) кредит (лизинг) – қаржы институты қарыз алушыға кредиттік келісім негізінде ұсынатын ақша сомасы (лизинг нысанасы);
      5) кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты;
      6) сыйақы ставкасы – қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері.

2. Субсидия берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін (қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері

      3. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында субсидия республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:
      1) «А» тобы:
      жемістерді, жидектерді, көкөністерді қайта өңдеумен және жеміс-көкөніс консервілерін өндірумен;
      құс етін, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндірумен;
      балықты және балық өнімдерін қайта өңдеумен;
      сүтті қайта өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен;
      майлы дақылдарды қайта өңдеумен және май-тоң май өнімдерін өндірумен;
      етті қайта өңдеумен және ет өнімдерін өндірумен;
      ақ қант өндірумен;
      жүгеріні қайта өңдеумен айналысатын қарыз алушылар;
      2) «Б» тобы:
      былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен;
      жарма өндірумен;
      құрама жем өндірумен айналысатын қарыз алушылар;
      3) «В» тобы - ауыл шаруашылығы өнімдерін:
      жеміс, жидек, көкөніс;
      сүт;
      ет;
      былғары, жүн дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын селолық тұтыну кооперативтері мен меншік құқығында сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлғалар.
      4. Субсидия:
      1) мыналарға:
      бастапқы және өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін, ауыл шаруашылығы шикізатын, дайын өнімді өндіру үшін қажетті қосалқы шикізат пен материалдар сатып алуға;
      жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын, сорғы станцияларын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, жем-шөп, ветеринариялық препараттарды және маусымдық жұмыстарды жүргізуге арналған басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы малдарының төлдерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);
      ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техниканы, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);
      дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрлі қозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған кредиттер бойынша;
      2) мыналарға:
      ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін жарақтандыруға қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда);
      дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрліқозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған лизинг бойынша;
      3) осы тармақтың 1)2) тармақшаларында көзделген кредиттерді (лизингті) қайта қаржыландыруға алынған кредиттер (лизинг) бойынша қарыз алушылар шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты шығыстық міндеттемелерді орындаған кезде беріледі.

3. Субсидиялар беру шарттары

      5. Қаржы институттары меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен берген кредиттер (лизинг) субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақы ставкасы ұлттық валютада берілген кредит (лизинг) бойынша жылдық 8%-дан, шетелдік валютада - 6,5%-дан төмен болмауға тиіс.
      Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер (лизинг) сомасы ұлттық валютада бір қарыз алушыға 3000000000 (үш миллиард) теңгеден аспауға тиіс.
      Шетелдік валютадағы кредиттер (лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит беретін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес ұлттық валютада жоғарыда көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс.
      Субсидиялауға жататын кредиттік лимит сомасы тиісті қаржы жылының ішінде мерзімінен бұрын немесе уақтылы өтелген кредиттерге (лизингке) де қолданылады.
      6. Субсидиялау мерзімі 12 (он екі) айды құрайды.
      Бұл ретте қолданыстағы кредит (лизинг) бойынша субсидиялау бойынша есеп беру мерзімі өткен жылғы субсидияларды игеру аяқталған сәттен немесе тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан басталады.
      Қарыз алушы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан кейін алған кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кредит берілген күннен бастап және/немесе жабдық лизингке берілген күннен бастап он екі ай үшін жүргізіледі.
      Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (лизинг) бойынша субсидиялар қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептеледі.
      7. Республикалық бюджеттен субсидиялар мынадай мөлшерлерде беріледі:
      1) ұлттық валютада алған кредит (лизинг) бойынша:
      жылдық 8,0%-дан 12,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 80% мөлшерінде;
      жылдық 12,1%-дан 14,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 70% мөлшерінде;
      жылдық 14,1%-дан 16,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 60% мөлшерінде;
      жылдық 16,1%-дан және одан жоғары ставка бойынша сыйақы ставкасының 50% мөлшерінде;
      2) шетелдік валютада алған кредит (лизинг) бойынша:
      жылдық 6,5%-дан және 8,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 80% мөлшерінде;
      жылдық 8,1%-дан және 10,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 70% мөлшерінде;
      жылдық 10,1%-дан және 12,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 60% мөлшерінде;
      жылдық 12,1%-дан және одан жоғары ставка бойынша сыйақы ставкасының 50% мөлшерінде.
      8. Басқа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидия алатын қарыз алушылардың кредиттері (лизингі), сондай-ақ арнайы аккредитивтік қызмет көрсету бойынша кредиттер субсидиялауға жатпайды.

4. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия құру

      9. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері мен хатшысы бар қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссияның құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссияның құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс.
      Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      10. Комиссияның отырысы тиісті қаржы жылының сәуір айының бірінші бейсенбісінде өтеді.
      Тиісті қаржы жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның келесі отырысы тиісті қаржы жылының шілде және қазан айларының бірінші сейсенбісінде өтеді.
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Интернет-ресурсына тиісті ақпараттық хабарлама орналастырады.

5. Кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеуге республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі

      11. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) қаржы институттарын айқындау (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда қосымша айқындау жүргізіледі);
      2) тиісті қаржы жылына арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарының өтінім беруі;
      3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу.
      12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша қарыз алушыларға республикалық бюджеттен берілетін субсидиялардың көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
      W1 = 0,7W + 0,2W+ 0,1W,
      мұнда:
      W1 - бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі, теңге;
      W - «А» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге;
      W- «Б» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге;
      W- «В» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге.
      13. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мөлшерлерге сәйкес, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес айқындалған топ ішіндегі кезектілік тәртібімен қарыз алушыларға субсидиялар бөледі.
      Қаржы институттары ұсынған өтінімдерге сәйкес бір топ ішінде субсидияларға деген барлық қажеттілік қанағаттандырылған және онда бөлінбеген қаражат қалдығы түзілген жағдайда комиссия аталған қаражат қалдығын басқа топтың қарыз алушыларына бөледі.
      Егер бірінші айқындау қорытындылары бойынша бөлінбеген қаражаттың қалдығы түзілсе, онда комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемін мынадай формула бойынша айқындайды:
      Wо = 0,7W + 0,2W+ 0,1W,
      мұнда:
      Wо - бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, теңге;
      Wоа - «А» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге;
      Wоб - «Б» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге;
      Wов - «В» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге.
      Егер қалған қаражат осы немесе басқа топтағы субсидияларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, онда комиссия қалған қаражатты бір топ ішінде тең үлестермен кредит (лизинг) бойынша сыйақы сомасына тікелей барабар түрде дербес бөледі.

6. Бағдарламаға қатысу үшін қаржы институттарын айқындау

      14. Қаржы институттарын айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа).
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Қаржы институттары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды мөрленген конвертте ұсынады, онда:
      1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы;
      2) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайы: 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 1402 кабинет;
      3) мынадай:
      «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау»;
      «Қаржы институттарын айқындау жүргізілгенге дейін ашылмасын» деген сөздер көрсетіледі.
      Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – қаржы институттарын айқындау жүргізілетін күні 12 сағат 00 минутқа дейін.
      16. Комиссия хатшысы айқындауға қатысуға арналған қаржы институттарының құжаттарын нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда тіркейді.
      Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде қаржы институттарын айқындауды жүзеге асырады және айқындау жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындаудан өткен қаржы институттарының тізбесін қалыптастырады.
      Қаржы институты айқындаудан өткендігі туралы комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда тиісті қаржы жыл ішінде қосымша айқындау талап етілмейді.

7. Қаржы институттарының тиісті қаржы жылына арналған бағдарламаға қатысуға өтінім беруі

      17. Қаржы институттары қаржы институттарын айқындауға қатысуға арналған құжаттарды тапсыра отырып, бір мезетте осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге қаржы институтының басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюға тиіс және ол қаржы институтының мөрімен бекітіледі. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жеке өтінімдер қабылданбайды.
      Комиссия хатшысы қаржы институттарының өтінімдерін арнайы журналда жеке тіркейді, ол нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс.
      18. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
      1) кредитті (лизингі) өтеу және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген қаржы институты мен қарыз алушының арасында жасалған кредиттік келісімнің және (немесе) алдын ала кредиттік келісімінің қаржы институты куәландырған көшірмесі;
      2) қаржы институты куәландырған кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар, келісімшарттар, актілер) көшірмелері;
      3) ауыл шаруашылығы өнімінің жеке меншік өндіріс көлемі туралы қарыз алушының анықтамасы (қажет болған жағдайда);
      4) кредит (лизинг) алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан алынған үзіндінің қаржы институты куәландырған көшірмесі немесе қарыз, лизинг затын алғанын растайтын құжат;
      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
      6) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;
      7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қарыз алушының әрбір кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі;
      8) қарыз алушының салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні айқындау жүргізілген күннің алдындағы үш айдан артық болмауы, оған салық органының мөрімен бірге, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылуы тиіс;
      9) осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және қарыз алушыларға кредит беру туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі;
      10) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, басқа тұлғаға қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      19. Қаржы институттары осы Қағидаларда қойылған талаптарға сәйкестігі және үш айдан артық есепте тұрған салық, басқа міндетті төлемдер, әлеуметтік аударымдар бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы негізінде қарыз алушыларды дербес анықтайды.
      20. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, қарыз алушының анықтамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін қаржы институты (немесе оның филиалы) растайды (лауазымды тұлғаның қолы және қаржы институтының мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, сыйақы есебінің қарыз алушы анықтамасының ксерокс көшірмелері немесе сканерленген көшірмелері ұсынылған жағдайда, олар қаржы институтының түпнұсқа мөрімен және соған уәкілеттік берілген тұлғаның қолымен куәландырылады.
      21. Өтінім мен барлық қоса берілетін құжаттар бір пакетке тігілуі, беттері нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағына жіптің ұшына «__ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы «___» ______» деген сөздер жазылған қағаз жапсырылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бірден артық өтінім берген жағдайда барлық өтінімдер ретімен нөмірленуге жатады.
      22. Қаржы институты бір уақытта бірнеше өтінім ұсынған жағдайда, қаржы институты бір уақытта басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттардың тиісті өтінімге салынғандығы туралы қаржы институтының құжатын қоса бере отырып, өтінімдердің біріне осы Қағидалардың 18-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
      23. Осы Қағидалардың ережелеріне түсініктеме алу қажет болған жағдайда қаржы институты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаржы институттарын айқындауға қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша сұраумен жүгінеді.

8. Қаржы институттарының бағдарламаға қатысуға өтінімдерін комиссияның қарау тәртібі

      24. Қаржы институттарын айқындауды жүргізу жөніндегі комиссия отырысымен бір уақытта қаржы институттарының өтінімдері салынған конверттерді ашу рәсімі өтеді, содан соң конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың бәрін көрсете отырып, өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
      25. Комиссия конверттерді ашу хаттамасына қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялау сомасын бөлу туралы комиссияның отырысын өткізеді.
      Қарыз алушыға және (немесе) қарыз алушылардың кредиттік келісімдері бойынша субсидияларды беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау;
      2) салық органы анықтама берген күні қарыз алушыда мерзімі өткен (3 айдан аса) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы;
      3) осы Қағидалардың 34 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      4) осы Қағидалардың 18-тармағының 1)2)3)4)5)6)7),  9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарда қарыз алушының, қаржы институтының мөрінің және (немесе) қолының болмауы.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      26. Комиссияда қаржы институты ұсынған құжаттарды қарастыру барысында сұрақтар туындаған жағдайда, комиссия түсіндірме алу үшін тиісті қаржы институттарына және (немесе) мамандандырылған ұйымдарға сұраныс жіберуге құқылы, олар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс.
      27. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялар сомасын бөлу туралы хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
      Хаттамада қаржы институтының атауы, қарыз алушылардың тізбесі, субсидиялар көлемі, сондай-ақ бас тарту себептерін көрсете отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін қарыз алушының атауы көрсетіледі.
      Комиссия отырысының қорытындылары бойынша нәтижелер комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысқан барлық қаржы институттарына жазбаша нысандағы хабарламамен хабарланады.
      28. Комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институттары өздеріне ұсынылған алдын ала кредиттік келісімдерге сәйкес қарыз алушыларға кредиттер береді.
      29. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Интернет-ресурсына айқындау жүргізудің қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады.

9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу

      30. Қаржы институттары қарыз алушыларға кредиттер бергеннен кейін, сондай-ақ комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттаманың негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институты арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялау шарты жасалады.
      31. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кейіннен қаржы институтының есепшотына аудару үшін қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялауға арналған шартқа сәйкес қаржы институтына субсидияларды аванстық төлем арқылы аударуды жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен қаржы институтының есепшотына аударуға қаржы институты берген өтінімді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді және оларды қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость пен төлем шоттарын қалыптастырады.
      32. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
      33. Субсидия алған қарыз алушылар тиісті қаржы жылының 1 желтоқсанына дейін қаржы институтына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат береді. Қаржы институты тиісті қаржы жылының 15 желтоқсанына дейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне барлық қарыз алушылар бойынша жиынтық ақпарат береді.
      34. Қарыз алушы кредит (лизинг) сыйақы ставкасын өтеу бөлігінде кредиттік келісім бойынша міндеттемелерін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен артық орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қарыз алушы міндеттемелерді бұзған кезеңге субсидиялар берілмейді және келесі айға (тоқсанға) арналған субсидиялар есебіне пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте келесі тоқсандағы субсидияларды аударуға өтінім берген кезде субсидиялардың мөлшері алдыңғы тоқсанда төленген, пайдаланылмаған субсидиялар сомасына азайтылады.
      35. Қаржы институты кредиттік келісім бойынша қаржыландыру шарттарын өзгерткен, сондай-ақ қаржы институты сыйақы ставкасын азаю жағына қарай өзгерткен жағдайларды қоспағанда, субсидиялауға арналған шартқа екіжақты қол қойылғаннан кейін кредиттік келісімді қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда, осы кредиттік келісімдер бойынша субсидиялар жаңа кестелер бекітілген және (немесе) кредиттік келісімге қосымша келісімдер жасалған сәттен бастап берілмейді.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша  
сыйақы ставкасын өтеу бойынша 
субсидиялау қағидаларына   
1-қосымша         

ӨТІНІМ

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» ________ №____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын қарап, _______________________________________________                                  (қаржы институтының толық атауы)
cубсидияларды алуға 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
      Осы өтінім қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтерді қамтиды

Р/с №

Заңды тұлғаның,
кәсіпорынның
толық атауы

Мекен-жайы

Негізгі
қызмет
түрі

Кредиттің
мақсаты

Кредит
сомасы,
млн. теңге

Кредиттің қолданылу мерзімі, ай








Бірінші басшы __________________ (Т.А.Ә)
                    (қолы)
М.О. (Күні)

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша 
сыйақы ставкасын өтеу бойынша 
субсидиялау қағидаларына  
2-қосымша         

Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*

1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны _____________________________
2. Меншік нысаны ____________________________________________________
3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекенжайлары, телефондары, факсы _______________________________________________________________
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (ЖСН), куәлікті берген орган (нөмірі, күні мен берілген орны) ____________________________________
_____________________________________________________________________
5. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
_____________________________________________________________________
6. Негізгі қызмет түрі (ӘҚЖЖ бойынша), кәсіпорынның қуаты ___________
_____________________________________________________________________
7. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана)____________________________
_____________________________________________________________________
8. 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасы бойынша субсидиялар алуға қаржы институттары берген кредиттер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде және басқа сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламаларына қатыспаған.

      Кәсіпорынның бірінші басшысы _________________________ (Т.А.Ә.)                                             (қолы)
      М.О. (күні)
___________________________________________ туралы мәліметтер **
                 (кәсіпорынның атауы)
растаймын:_________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
                       (қолы)
      Ескертпе:
      * Әрбір қарыз алушы бойынша жеке толтырылады
      ** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Ауыл шаруашылығын қолдауға   
арналған кредиттер (лизинг) бойынша
сыйақы ставкасын өтеу бойынша 
субсидиялау қағидаларына 
3-қосымша          

Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*

1. Қарыз алушының атауы _____________________________________________
2. Кредиттің сомасы, теңге/АҚШ долл./евро ___________________________
3. Кредит (лизинг) беру мерзімі, айы ________________________________
4. Сыйақы ставкасы, % _______________________________________________
5. Жобаның мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________

Р/с №

Сатып алынатын
ауыл шаруашылығы
шикізатының, жабдықтарының және т.б. атауы

Бағасы

Саны

Сомасы











Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
                                      (қолы)
М.О. (күні)
____________________________________________ туралы мәліметтер **                     (кәсіпорынның атауы)
растаймын:_______________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)                          (қолы)
      Ескертпе:
      * Қарыз алушының әрбір кредиті бойынша жеке толтырылады
      ** Мәліметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет көрсететін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша 
сыйақы ставкасын өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына   
4-қосымша          

Қаржы институты субсидиялауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы есептемесі
_______жылғы__________№_______
(кредиттік келісімінің нөмірі және күні)

Айы

Кредиттің сомасы/20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдайда кредит (лизинг) бойынша несие берешегінің қалдығы, теңге/АҚШ долл./евро

Кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері %

Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Сыйақыны өтеу сомасы, теңге/ АҚШ долл./евро

Бірінші





Екінші





Үшінші





Төртінші





Бесінші





Алтыншы





Жетінші





Сегізінші





Тоғызыншы





Оныншы





Он бірінші





Он екінші





Жиыны:





Қаржы институты филиалының
бірінші басшысы _______________________________________(қолы, Т.А.Ә.)
М.О. (күні)
Кәсіпорынның
бірінші басшысы _______________________________________(қолы, Т.А.Ә.)
М.О. (күні)

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша 
сыйақы ставкасын өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына   
5-қосымша         

Қаржы институты қарыз алушыларға беретін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім

      Осымен _______________________________________ қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20___ жылғы «___» ______________ №____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасы бойынша ашылған қаржы институтының № __________ шотына ________________кезеңіне _______________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      Қаржы институтының
      басшысы __________________________(қолы, Т.А.Ә.)
      М.О.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша 
сыйақы ставкасын өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына   
6-қосымша         

20__ жылғы __ -тоқсандағы кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 20__ жылғы __-тоқсандағы субсидиялар аударуға арналған өтінім

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Барлық көзделген субсидиялар, теңге

Есепті кезеңде барлық аударылған субсидиялар, теңге

Іс жүзінде есептелген субсидиялар, теңге

Ауытқуы (+,-) (+) артық төленгені, (-) кемі

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

4-бағ.-6-бағ.

1

2

3

4

5

6

7

8









кестенің жалғасы

Қарыз алушыға іс жүзінде есептелген* сыйақы, теңге

Қарыз алушы төлеген сыйақы, теңге

20__ жылғы __ -тоқсанға қаржы институтының өтінімі, теңге

жалпы сомасы

қарыз алушының өтегені

бюджеттен субсидиялау**

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      Ескертпе:
      * субсидиялар сомасын есептемегенде
      ** 8-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып
      Қаржы институтының басшысы _____________________ (қолы, Т.А.Ә.)
      М.О.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша  
сыйақы ставкасын өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына  
7-қосымша         

«Бекітемін»         
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің жауапты хатшысы
_____________________________
20___ жылғы «__» ________

20__ жылғы ________ № ___ субсидиялау шартына сәйкес ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау ведомосы

Қаржы институтының атауы

Кредит беру шарты

ҚР АШМ субсидияларының іс жүзінде аударылған сомасы

Барлығы қалдық (5-бағ.– 6-бағ.)

кредит сомасы

сыйақы ставкасын өтеудің жылдық сомасы

ҚР АШМ субсидиялайтын жылдық сома

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

Қаржы институтының 20__ жылғы __ тоқсанға өтінімі

Субсидиялау

жалпы сомасы

қарыз алушының өтегені

бюджеттен субсидиялау

өткен жылдарда есептелгені

қаржы институтының өтінімін ескере отырып есептелген жиыны

аударуға жататыны (12-бағ.– 6-бағ.)

сомасы

сомасы

7

8

9

10

11

12







Жауапты департамент директоры ________________________(қолы, Т.А.Ә.)

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредиттер (лизинг) бойынша   
сыйақы ставкасын өтеу бойынша 
субсидиялау қағидаларына     
8-қосымша            

_______________________________ қарыз алушының қаржы-шаруашылық
(қарыз алушының атауы) қызметі туралы ақпарат

Жылдар

Сатып алынған
шикізат

Өндірілген дайын өнім

Қызметкерлердің саны

Төленген салықтық төлемдердің сомасы, мың теңге

Құндық мәнде экспортталатын өнімнің көлемі**, АҚШ долл.

ақшалай мәнде, мың теңге

заттай
мәнде, өлшем бірлігі

ақшалай
мәнде, мың теңге

заттай мәнде, өлшем бірлігі

Былтырғы жылы










Ағымдағы жылы















      Ескертпе
      * желтоқсан айының жоспарлы көрсеткіштерін қоса алғанда
      ** өз өнімін экспорттаған жағдайда

      Қарыз алушының бірінші басшысы _______________(қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер ___________________(қолы, Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады