2011 жылғы 7 сәуірде Астанада жасалған Қаржыландыру туралы негіздемелік келісім (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 КӨЛІК ДӘЛІЗІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА (Маңғыстау облысының учаскелері)
Тараптар |
2011 жылғы 7 сәуірдегі осы Қаржыландыру туралы негіздемелік келісім («ҚНК») Қазақстан Республикасы (Қазақстан, Қарыз алушы) мен Азия даму банкі («АДБ») арасында жасалды. |
||
ҚКТ-ның инвестициялық бағдарламасы |
Қарыз алушы ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізінің Маңғыстау облысындағы учаскелерін реконструкциялауды («Инвестициялық бағдарлама») жүзеге асыруды жоспарлауда. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасында Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның (КИБ), сондай-ақ көлік секторында және сауданы дамытуға жәрдемдесудегі ОАӨЭЫ Стратегиясы мен Іс-қимыл жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. Инвестициялық бағдарлама мен жол картасы осы Келісімнің 1-қосымшасында сипатталған. |
||
Қаржыландырудың көптраншты тетігі |
Қаржыландырудың көптраншты тетігі (ҚКТ) мұндай жобалар осы Келісімнің 4-қосымшасында жазылған критерийлерге және осы ҚНК-де жазылған ережелерге сәйкес болуы шартымен Бағдарламаға кіретін жобаларды қаржыландыруға арналған. |
||
Осы Қаржыландыру туралы негіздемелік келісім |
Осы ҚНК АДБ тарапынан қандай да бір қаржыландыруды ұсыну бойынша заңды міндеттеме болып табылмайды. Тиісті негіздеме кезінде АДБ өз қалауы бойынша қаржыландыру туралы Қарыз алушы жіберген кез келген сұрау салуды кері қайтаруға, ҚКТ-ның орындалмаған бөлігінің күшін жоюға және ҚКТ шеңберінде қандай да бір траншқа сұрау салу арқылы Қарыз алушының құқығын кері қайтарып алуға құқығы бар. АДБ қаржыландыру транштарын ҚКТ негізге алатын және осы ҚНК-де жазылған тараптардың жалпы міндеттемелері мен күтетін үміттеріне сәйкес барлық ережелердің қолданыста қалуы шартымен беруі мүмкін. Қаржыландыру жоспары 2011 - 2015 жылдар кезеңіне арналған Инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың индикативтік жоспары төмендегі кестеде берілген. Осы ҚНК-нің 1-қосымшасында егжей-тегжейлі баяндалады. |
||
Қаржыландыру көзі |
Жалпы сомасы |
Жалпы сомадан (%) үлесі |
|
Инвестициялық бағдарлама |
|||
Азия даму банкі |
800.0 |
67 |
|
Үкімет |
412.0 |
33 |
|
Барлығы |
1,212 |
100 |
|
1-жоба |
|||
Азия даму банкі |
283 |
85 |
|
Үкімет |
50 |
15 |
|
Барлығы |
333 |
100 |
|
Ақпарат көзі: АДБ-ның бағалауы. |
|||
Қаржыландыру шарттары |
АДБ қарыздарды Бағдарлама шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін осы жобалардың қаржыландыруға дайын болуына қарай, Қарыз алушы төменде көрсетілген ережелерге сәйкес болуы, ал жоба мен оның компоненттерінің сол ережелерге сәйкес болуы шартымен береді. Әрбір қарыз ҚКТ шеңберіндегі транш болып табылады. Сома ҚКТ шеңберінде берілетін қаржыландырудың ең көп сомасы сегіз жүз миллион ($800.000000) долларды құрайды. Ол АДБ1-ның қарапайым капиталдық ресурстарынан бөлек транштармен ұсынылатын болады. Әрбір транштың мерзімі мен шарттары әрбір транштың түпмәтінінде айқындалады және АДБ-ның басым саясатына сәйкес болады. Қарыз қаражатының қолжетімділік кезеңі Кез келген транш бойынша кез келген төлем жүргізу мүмкін болатын соңғы күн - 2017 жылғы маусым. Қаржыландырудың соңғы траншы 2013 жылғы маусымнан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Мерзімдері мен Шарттары Қарыз алушы Бағдарлама бойынша шығыстарды қаржыландыруға арналған әрбір транштың қаражатын осы ҚНК-да көрсетілген шарттарға және әрбір транш үшін қарыздар туралы келісімдерге сәйкес пайдаланатын болады. |
||
Іске асыру |
Көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) Бағдарлама бойынша Атқарушы агенттік болып табылады. ККМ жанындағы Автомобиль жолдары комитеті (АЖК) Іске асырушы агенттік ретінде жұмыс істейді. Атқарушы агенттік Бағдарламаны осы Келісімнің 1-қосымшасында жазылған қағидаттарға және әрбір транш үшін қарыз туралы келісімдерде көзделген қосымша заң талаптарына сәйкес іске асыратын болады. |
||
Қаржыландыруға мерзімді сұрау салу |
Қарыз алушы сұрау салуы мүмкін және АДБ Қаржыландыруға арналған мерзімді сұрау салуды (ҚМС) алғаннан кейін, ҚКТ құрамына кіретін Бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру үшін оның шеңберінде қарыз беруге келісуі мүмкін. Әрбір ҚМС-ны Қарыз алушы ұсынуға тиіс, Қарыз алушы ҚМС-те көрсетілген және транш үшін қарыз туралы келісімдерге сәйкес транш қаражатын ККМ-ге ұсынады. |
||
Іске асырудың жалпы құрылымы |
ҚКТ жалпы құрылымға және осы Келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген іске асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес іске асырылатын болады. |
||
Рәсімдер |
ҚКТ шеңберінде берілетін транштар мынадай рәсімдер мен міндеттемелерге жатады: |
||
ҚМС-ға ақпарат |
ҚМС, негізінен, осы Келісімге қоса берілетін нысанда ұсынылуға және ол мынадай ережелерді қамтуға тиіс: |
||
Табиғат қорғау шаралары |
5-қосымшада ҚКТ-ны Іске асыру кезінде сақталуға тиіс табиғатты қорғау шаралары жөніндегі негіздемелік құжаттар қоса беріледі. |
||
Сатып алу |
ҚКТ шеңберінде қаржыландырылатын барлық тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер АДБ-ның сатып алу жөніндегі нұсқауына сәйкес сатып алынуға тиіс (2010 ж., оған кезең-кезеңімен енгізілетін толықтыруларымен). |
||
Консультациялық қызметтер көрсету |
ҚКТ шеңберінде қаржыландырылатын барлық консультациялық қызметтер көрсету АДБ-ның консультанттарды тарту жөніндегі нұсқауына сәйкес сатып алынуға тиіс (2010 ж., оған кезең-кезеңімен енгізілетін толықтыруларымен). |
||
Сатып алу бойынша алдын ала рәсімдер |
Саясаты мен рәсімдеріне сәйкес АДБ әрбір транш шеңберінде құрылыс жұмыстары мен көрсетілетін консалтингтік қызметтерді сатып алу бойынша алдын ала рәсімдерді мақұлдай алады. Қазақстан Республикасы сатып алу бойынша алдын ала рәсімдерді кез келген мақұлдау АДБ-ның осыған байланысты жұмсалған шығыстарды немесе осыған байланысты жобаны қаржыландыру жөніндегі міндеттемесі болып табылмайтынын растайды. |
||
Қаражатты игеру |
Төлемдер АДБ-ның қаражатты игеру жөніндегі нұсқауына сәйкес жүргізілетін болады (2007 ж., оған кезең-кезеңімен енгізілетін толықтыруларымен). |
||
Мониторинг, бағалау және есептілік бойынша іс-шаралар |
Мониторинг, бағалау және есептілік осы Келісімнің Қосымшасында жазылған және ӘН-де егжей-тегжейлі сипатталған іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылатын болады. |
||
Міндеттемелер |
6-қосымшада ҚКТ-ға қатысты Қарыз алушының өзіне алатын міндеттемелері келтірілген. |
_____________________
1Әрбір қарызға 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ Қарапайым Капитал Ресурстарынан ИВОР негізінде қарыздарға қолданылатын Қарапайым Операциялардың Қарыздары туралы қағидалардың ережелері, егер Қарыз туралы келісім шеңберінде өзгеріс енгізілген болса, бұлар ескеріле отырып, қолданылатын болады (аталған Қарапайым Операциялардың Қарыздары туралы қағидалар, егер ондайлар болса, өзгерістерімен бірге бұдан әрі «КОҚ Қарыздары туралы қағидалар» деп аталады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
_____________________ ______________________
Уәкілетті өкілдің аты Уәкілетті өкілдің аты
1-ҚОСЫМША
ЖОЛ СЕКТОРЫНЫҢ КАРТАСЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТҮПМӘТІН, ІС-ҚИМЫЛДАР
ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
А. Жол секторының картасы
1. Стратегиялық мақсат
1. Үкімет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын (барлық секторлар үшін - 2010 жылғы 1 ақпанда мақұлданған) және 2010 жылғы 19 наурызда мақұлданған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) әзірледі. Бағдарлама экономикалық құрылымды әртараптандыру жолымен ел экономикасын нығайтуға және барлық секторларды дамыту бағдарламаларын бір топтық құжатқа2 біріктіруге бағытталған.
2. Стратегия мен ҮИИДМБ-ны тиімді қолдау үшін 2006 - 2012 жылдарға арналған автожолдарды дамытудың алдыңғы жоспары (АДЖ) пысықталды және 2010 жылғы қыркүйекте Үкімет мақұлдаған Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (КИБ) болып кеңейтілді. КИБ (1) көлік жүйесі жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді; (2) қауіпсіз және (3) экономиканың, ұлттық қауіпсіздіктің, геосаясаттың және бизнестің мүдделерін ескереді деген пайымдаумен халықаралық көлік жүйесіне біріктірілген тиімді көлік жүйесін құрады.
_____________________
2 ОАӨЭЫ 1-ге арналған АДБ-ның 1-ші КҚТ мақұлданған Қазақстанның 2006 - 2015 жылдарға арналған алдыңғы көлік стратегиясы оны қолдау үшін Стратегия 2020-ға, ҮИИДМБ-ға және КИБ-ға біріктірілген болатын. Көлік секторы бағдарламасының негізгі мақсаттары өзгеріссіз қалды: (1) қол жетерлік және қол жетімді, қауіпсіз және қоршаған орта талаптарына сай келетін жүйе; (2) өзін-өзі ақтайтын инвестициялар мен операциялары бар; және (3) көрсетілген көліктік қызметтерді жеке сектордың ұсынуы.
2. Уақыт талабы
3. Темір жолдар мен су жолдарының тығыздығы салыстырмалы түрде төмен болған кезде автомобиль жолдары қатынас құралдарының үстем түрі болып табылады. Қазақстандағы жолдардың ұзындығы шамамен 148,000 км құрайды, оның ішінде 93,600 км қоғамдық пайдаланудағы жолдар болып табылады. Қоғамдық пайдаланудағы жолдар республикалық және жергілікті болып жіктеледі. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар қоғамдық пайдаланудағы жолдардың 25 %-ын және барлық тасымалдардың 50 %-ын құрайды.
4. Еуропа мен Азия арасындағы көлік ағындарының ортасында орналасқан Қазақстан тез дамып келе жатқан трансқұрлықтық бағыттар бойынша стратегиялық магистральдарды қамтамасыз ететіндіктен, зор транзиттік әлеуетке ие. Жер үсті көлігінің бірнеше бағыты ғана солтүстікті оңтүстікпен және батысты шығыспен жалғастыра отырып, Қазақстанның аумағын айналып шыға алады. 2009 жылы 700 миллиард АҚШ долларына жеткен Азия мен Еуропаның арасындағы сауда көлемін 2015 жылға қарай 1 триллион АҚШ доллары көрсеткішіне жеткізу межеленіп отыр, олардың 20 %-ы Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Болжам бойынша бұл транзиттік тасымалдар Қазақстанға 1.1 миллиард АҚШ долларына жуық кіріс жинайды.
5. Өзінің зор әлеуетіне қарамастан, транзиттік қозғалыс халықаралық негізгі алты дәліздің тозған инфрақұрылымына байланысты төмендеді. Бұл негізгі дәліздердің жамылғылары негізінен асфальтты, бірақ өздерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары (тегістігі мен беріктігі) олардың рұқсат етілген жүктемелері мен көлемдерінен аса отырып, халықаралық стандарттардан қалыс қалған. Негізгі халықаралық транзит дәліздерінің бірі Еуропа-Кавказ-Азия көліктік дәлізі бойындағы қозғалыстың орташа жылдамдығы сағатына 20 км-ден төмен. Шекаралардан өту үшін тосқауылдар транзиттік қозғалыс пен сауданы ұлғайтуға тағы бір кедергі болып табылады. Негізгі шектеулер мынаны: (1) кеден мен шекаралық инспекциядағы негізсіз кідіртулер және күрделендірілген рәсімдер; (2) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы ұлттық заңнамасы мен халықаралық стандарттар арасындағы сәйкессіздіктер; (3) транзит пен қозғалысты реттеу жөніндегі халықаралық шарттардың болмауы3. Транзиттік қозғалысты тарту Үкіметтің Стратегия шеңберіндегі негізгі басымдығы болып табылады және негізгі шаралар негізгі халықаралық дәліздерді реконструкциялау мен шекарадан өту кезіндегі шектеулерді жоюға шоғырланған.
6. Қазақстанда 2008 жылы 13,739 жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын, олардың салдарынан 3,351 адам қаза тапты және 16,400 адам жарақаттанды. ЖКО саны жыл сайын 7-8 %-ға қысқарып отырғанына қарамастан, көбінесе жылдамдықты арттыру және жолдар үшін сәйкес келмейтін жобалық шешімдер жол апаттарының жиі кездесетін себептері болып табылады. Жол операциялары мен қозғалысты басқарудың жеткіліксіз жүйесі өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері, көлік құралдары жүктемесінің шамадан тыс артық болуы сияқты көптеген проблемалардың себебі болып табылады, транзиттік операциялардан түсетін болмашы кіріс те ішінара соның нәтижесі. Жол операциялары мен қозғалысты басқару жолдар желісінің барлық аспектілері туралы дәйекті және дәл деректерді талап етеді. Алдын ала ақпарат жүйесі әлеуетті түрде қолданылуы және біліктік жүктеме мониторингі мен бақылау объектілерін, жолдардағы ауа райы жағдайы туралы ақпарат жүйесін, магистральдардағы радио хабарламалар мен электрондық белгілерді, сондай-ақ қозғалысты тіркеуге арналған жабдықты қамтуы мүмкін еді. Мұндай жүйе жолдардағы кедергілердің азаюын және шығындардың төмендеуін қамтамасыз ететін дұрыс шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ пайдаланушыларды жолдардың жай-күйі туралы уақтылы хабардар ету үшін қызмет көрсету жөніндегі менеджерлер талап ететін деректерді беріп отыратын болады.
7. Жолдар және қозғалыс туралы толық деректер тиімді жоспарлау процесі кезінде өте маңызды рөл атқарады. Үкімет елдегі іске асырылып жатқан стратегиялар мен жоспарлардың ұзақ мерзімді нәтижелерінің сенімді индикаторын беретін жол деректерін басқару жүйесін әзірлейді. Жолдарды тексеру мен трафикті шолудың қолданыстағы жүйесі жолдардың жай-күйі, сондай-ақ жол жұмыстарына қажеттіліктер туралы деректер жиналатындай түрде өзгертілуге тиіс. Трафикті шолу да жол-көлік оқиғалары туралы деректердің сапасы сияқты күшейтілуге және кеңейтілуге тиіс, бұл авариялардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
_____________________
3Белгілі бір жақсарулардың жүзеге асырылуына және транзит пен саудаға жәрдемдесу жөніндегі келіссөздер жүргізілуіне қарамастан, жүктер рұқсат етілген шектеулерге сәйкес келтіріліп тексерілуіне байланысты шекаралардағы ұзақ кідірістерді ескергенде, шекараны кесіп өту әлі де айтарлықтай уақытты қажет етеді.
3. Сыртқы көмек пен алынған сабақтар
8. АДБ көлік, кедендік ынтымақтастық және Қазақстан мүшесі болып табылатын саудаға қолдау көрсету жөніндегі ОАӨЭЫ іс-шаралары секторындағы жетекші ұйым болып табылады. Қазақстанның жол секторына тартылған Халықаралық Қаржы Институттары (ХҚИ) АДБ-ны, ЕҚДБ-ны, Ислам даму банкін, ЖХЫА-ны және Дүниежүзілік банкті қамтиды. АДБ тиісінше 2002 және 2006 жылдары аяқталған Гүлшат-Ақшатау және Алматы-Бішкек жол учаскелерін қаржыландырды. Тұтастай алғанда, бірінші жоба табысты деп бағаланды4. Үкімет институционалдық даму мен жол секторын реформалауда белгілі бір табысқа жетті. Жолдарға техникалық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет ұлғайтылды. Екінші жоба қанағаттанарлық деп бағаланды5. АДБ 2008 жылы бірінші МКТ мен бірінші транш үшін 340 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды, 2009 жылы екінші транш үшін 189 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды мақұлдады. 2010 жылы да үшінші транш үшін 173 миллион сомасындағы қарыз мақұлданады деп күтіліп отыр. Алғашқы екі жоба қаржыландыру туралы негіздемелік келісім мен қарыз туралы келісімдердің талаптарына сәйкес келеді.
_____________________
4 АДБ. 2006. Қазақстанда жолдарды қалпына келтіру бойынша жобаның тиімділігін бағалау туралы есептің жобасы (Қарыз 1455). Манила.
5 АДБ. 2002. Қазақстанда Алматы-Бішкек жолын қалпына келтіру жобасы бойынша қорытынды есептің жобасы (Қарыз 1774). Манила.
В. Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама (КИБ)
9. Үкімет халықаралық транзит дәліздеріне және оларға қосылатын жолдарға салынатын кешенді инвестицияларға баса мән береді. Нақты инвестициялар дәліздерді реконструкциялауға, сондай-ақ халықаралық жүйеге кіріктірілген тиімді көлік жүйесін құру үшін жол операцияларын жақсартуға және жолдарды күтіп ұстау жүйесіне шоғырландырылған.
1. Нақты инвестициялар
10. Стратегия шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық негізгі алты дәліз бойынша ұзындығы 4417 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауға жоспарлануда. Басым инвестициялық жобалар: (1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін реконструкциялау; (2) ұзындығы 4,417 км 12: Щучье-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасы; РФ шекарасы-Орал-Ақтөбе; Астана- Қостанай-Челябі; Жетібай-Түркменстан шек.; Астана-Қарағанды; Алматы-Қапшағай; Ташкент-Бақты; Орал-Достық; Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шек.; Омбы-Павлодар-Майқапшағай; Күрті-Бурылбайтал; Бейнеу-Ақтау учаскелерін реконструкциялау, сондай-ақ Батыс-Шығыс және Солтүстік-Оңтүстік бағытында басқа да әлеуетті транзиттік бағыттарды енгізу. Үкімет (1) республикалық маңызы бар жолдардың 7,127 км-ін салуды немесе жақсартуды және 9,951 км-ін жөндеуді және (2) жергілікті маңызы бар 12,485 км жолға жөндеу жүргізуді және жақсартуды жоспарлауда.
1-кесте: 2010 - 2014 жылдарға арналған жол санаттары
бойынша құрылыс жұмыстары (км)
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2010 - 2014 |
||
Республикалық маңызы бар жолдар |
Салу немесе реконструкциялау |
550 |
1,290 |
1,914 |
2,001 |
1,370 |
7,127 |
Жөндеу |
1,429 |
2,720 |
3,424 |
4,942 |
4,563 |
17,078 |
|
Жергілікті маңызы бар жолдар |
2,274 |
2,313 |
2,273 |
2,805 |
2,820 |
12,485 |
|
Жиыны |
3,703 |
5,033 |
5,697 |
7,747 |
7,383 |
29,563 |
*Концессиялық негізде іске асыруға жататын учаскелерді қоса алғанда
Ақпарат көзі: ҚР ККМ
2-кесте: 2010 - 2014 жылдары жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша жол
жұмыстарының көлемі (млрд. теңге)
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2010 - 2014 |
||
Республикалық маңызы бар жолдарды |
Салу және реконструкциялау |
153.9 |
290.6 |
448.22 |
454.9 |
239.5 |
1,587.1 |
Жөндеу |
20.0 |
25.0 |
27.0 |
27.0 |
30.0 |
129.0 |
|
Кіші жиыны |
173.9 |
315.6 |
475.2 |
489.9 |
269.5 |
1716.1 |
|
Жергілікті маңызы бар жолдар |
38.1 |
41.3 |
53.9 |
60.8 |
67.3 |
261.3 |
|
Жиыны |
212.0 |
356.4 |
529.1 |
542.7 |
336.8 |
1,977.4 |
|
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2010 - 2014 |
||
Сыртқы қарыз алу |
89.6 |
153.0 |
182.5 |
21.2 |
43 |
489.3 |
|
Концессия |
94.2 |
215.9 |
257.4 |
39.2 |
606,7 |
Т=Теңге
*Концессиялық негізде іске асыруға жататын учаскелерді қоса алғанда
Ақпарат көзі: ҚР ККМ
2. Нақты емес инвестициялар
11. Стратегия басқару және стратегиялық жоспарлау әлеуетін жақсартуға; нарықтық реформаларды ілгерілетуге; қауіпсіздікті, құрылыс және күтіп ұстау стандарттарын күшейтуге; жеке сектордың тасымалдарға қатысуын жылжытуға бағытталған. Ол транзиттік жүктер қозғалысындағы нақты емес тосқауылдарды (оның ішінде шекаралардан өту) азайтуға, барлық мүдделі тараптардың арасында шектеулі үйлестіру, шекара пункттеріндегі жабдықтың жеткіліксіздігі, құқық саласындағы ақпаратты нашар басқару және т.б. мәселелерді шешуге шоғырландырылған. Көлік саласын реформалау бірқалыпты өтуде. Көліктік қызметтер көрсетуді ұсыну кезінде бәсекелес орта Қазақстандық көлікті халықаралық жүйеге кіріктіруді жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру мақсатында құрылатын болады.
12. Нақты емес инвестициялардың мүмкіндіктері жолдардың жекелеген учаскелеріне жеке сектордың қатысуын ілгерілетуге, шығындарды өтеу қағидаттарын қолдануға, ашықтықты және жоба демеушілерін конкурстық негізде іріктеуді қамтамасыз ететін жеке сектордың қатысу негізін құруға, тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға және жолдарды күтіп ұстауды басқару жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған. Бұл тиімді басқару мен есептілікті, сондай-ақ жол секторының орнықтылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Жақсартылған басқару мен есептілікке ККМ-нің есептілігі мен әлеуетін жақсарту, мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейлері арасындағы функционалдық міндеттердің анықтығы және қорғау талаптарына неғұрлым қатаң сәйкестігі арқылы да қол жеткізуге болады. Жол қауіпсіздігін жан-жақты және келісілген бағдарламалар арқылы жақсарту, жол ережелерін жақсартудың жалғасуы және көлік секторын дамытудың жақсартылған және есепті бағдарламасын дайындау Үкімет жоспары болып табылады.
С. Стратегиялық түпмәтін
13. Инвестициялық бағдарлама АДБ-ның 2020 стратегиясы мен операциялық қызметтің Бизнес Жоспарына (2010 - 2011) сәйкес келеді6. Инвестициялық бағдарлама ҚР Үкіметінің Стратегиясы мен КИБ-ға да, сондай-ақ ОАӨЭЫ-ның Іс-қимыл жоспары және сауда мен көлікке көмек көрсету стратегиясына сәйкес келеді. ОАӨЭЫ 2 дәлізі Кавказды Орталық Азия елдері арқылы Шығыс Азиямен жалғастырады. Инвестициялық бағдарлама Маңғыстау облысындағы дәліз учаскелеріне бағытталған.
14. ОАӨЭЫ Стратегиясы және іс-қимыл жоспары. Өңірлік жүйеде негізгі рөл атқаратын республикалық жолдар желісіне бағытталған Инвестициялық бағдарлама өңірлік сауда үшін нақты және нақты емес тосқауылдарды азайтуға және тауарлар мен адамдардың қозғалысына ықпал етеді.
_____________________
6 АДБ. 2008. ОАӨЭЫ Көлікті және сауданы дамыту стратегиясы мен Іс-әрекеттер жоспары. Манила. КСДС және 2008 - 2017 жылдарға арналған Іс-қимыk жоспары өңірдің өзара байланысын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған.
D. Стратегияның негізі
15. 2006 - 2012 жылдарға арналған жол секторын дамытудың негізі әзірленіп, бірінші ҚКТ-ға енгізілді (ОАӨЭЫ 1 дәлізі)7. Ол басқару мен есептіліктегі, орнықты қаржыландырудағы, саяси және реттеуші негіздердегі, институционалдық реформалар мен әлеуетті дамудағы, жол қауіпсіздігіндегі, жол секторының орнықтылығы мен жол операцияларындағы базалық операциялық қағидаттар мен озық тәжірибені айқындайды. Секторды дамыту негізі шеңберінде ККМ мынадай табысқа қол жеткізді: (1) концессиялық жобалар бойынша конкурстық рәсімдер іс жүзінде аяқталды, (2) концессиялар туралы заң 10 пысықталды, (3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқау мақұлданды, (4) қаржылық басқарудың ашық тетігі үшін ККМ-де қаржы департаменті құрылды және (5) фидуциарлық мәселелер жөніндегі қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқауды тиімді іске асыру үшін оқытудан өтуде.
16. Секторды дамытудың негізі осы жетістіктер мен жоспарланған іс-шараларды көрсете отырып, 2010 - 2014 жылдарға кеңейтілген. Инвестициялық бағдарлама мақұлданғаннан кейін секторды дамытудың алдыңғы негізі мына 3-кестеге ауыстырылатын болады.
_____________________
7 АДБ. 2008. Президенттің Директорлар Кеңесіне есебі және ұсыныстары: Қазақстан Республикасына ұсынылып отырған [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дөлізі] ОАӨЭЫ 1 (Жамбыл облысындағы учаскелер) көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарламаға арналған, қаржыландыру мен әкімшілік етудің көп траншты тетігі. Манила.
3-кесте: ЖОЛ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ (2010 - 2014 жылдар)
Реформа жоспары |
Іс-қимыл |
Мәртебесі |
Жоспарланды |
Тиімді басқару және есептілік |
Жобалардың демеушілерін ашық және бәсекелі іріктеу арқылы тиімді басқаруды қамтамасыз ететін жекеменшік сектордың қатысуы үшін стратегияны қалыптастыру |
АДБ және ЕҚДБ-ның қатысуымен Алматы-Қорғас жолы үшін бірінші концессиялық жоба - келіссөздер жүргізілуде «ОҚО шекарасынан Өзбекстан шекарасына дейін» жол жобасы үшін тендерлік құжаттар ЕҚДБ-ның жәрдемдесуі арқылы әзірлену сатысында 2010 жылғы сәуірде Концессиялар туралы заңға өзгерістер енгізілді |
- Астана-Қарағанды және Алматы-Қапшағай жобаларын концессиялық негізде конкурс өткізуге, сондай-ақ Астана-Щучье жолында ЗКЖ енгізуге кірісу. |
Көлік және коммуникация министрлігінің есептілігін жақсарту |
ПТС тиімділік көрсеткіштері үшін мақсаттар белгіленді. ХҚДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқауын ККМ мақұлдады Онлайн форум іске қосылды |
- ККМ Дүниежүзілікбанк дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жоспарымен жұмыс істеуге міндеттенеді |
|
Үкіметтің әртүрлі деңгейлері бойынша функционалдық міндеттерді бөлу |
ККМ АЖК жол үшін жауапты Жергілікті жолды дамыту үшін бюджеттік трансферттер Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауды Қазақавтожол, ал жергілікті жолдарды жекеменшік мердігерлер жүзеге асыруда Құрылыс материалдарының және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау үшін «ОблЖолзертхана» мемлекеттік мекемесі құрылды. Құрылысты қадағалау қызметі жекеменшік секторға беріледі. |
||
Қауіпсіздік техникасына неғұрлым қатаң сәйкестік |
Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау бойынша есептер 2004 жылы енгізілді Барлық жобалар табиғатты қорғау және әлеуметтік кепілдіктерге сәйкес болу қажет Жер кодексіне және заңға өзгерістер енгізілді Импортталатын бірақ бұрын пайдаланылған автомобильдер үшін қатаң талаптар енгізілді және Еуро-4 стандартына көшу |
||
Тұрақты қаржыландыру |
Қайтарымдылық қағидаттарын қолдану |
Шығындарды өтеу және жол қозғалысына қатысушылардан алынатын алымдарды зерделеу орындалды |
ЕҚДБ-ның жәрдемдесуі арқылы концессиялық жобалар бойынша конкурс |
Ұсынылатын концессиялық жобалар бойынша конкурстық ресімдерге дайындық жүргізілуде |
ЕҚДБ-ның жәрдемдесуі арқылы тәуекелдерді бөлу стратегиясын дайындау |
||
Саясат және реттеу стратегиясы |
Қазақстан Республикасының ұлттық жол заңнамасын жетілдіру және секторды дамыту бағдарламасын дайындау |
Автожолдар туралы заң 2001 жылы толықтырылып, 2006 және 2008 жылдары өзгертілді Көлік секторының стратегиясы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді |
Халықаралық нормаларға сәйкес болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын үйлестіру |
Институционалдық реформа және әлеуетті дамыту |
Жолды басқару саласында әлемдік дәрежеге қол жеткізу |
Жол секторының институционалдық реформасы аяқталды |
- Жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру қажет |
Сатып алу туралы жаңа заң 2008 жылғы қаңтарда күшіне енді. Қаржылық басқару жүйесі қолданылатын болады. |
Қаржылық жоспарлау және жолдарды басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз ету Инновация және даму |
||
Жол секторының персоналын және жекеменшік мердігерлерді келісім шарттарды басқару және оларды орындауды үйрету Өңірлік оқу орталықтары Кадрлық персоналды дамыту жоспары орындалды |
Қарау сатысында баға эскалациясына байланысты мәселелерді тиімді шешу жөніндегі қағидалар |
||
Жол қауіпсіздігі |
Жан-жақты және үйлестірілген бағдарламалар арқылы жолдағы қауіпсіздікті арттыру |
Жолды реттеу қағидасы 1997 жылы қабылданды Жол полициясы комитеті құрылды Көлік құралдарының габариттеріне және жол қауіпсіздігіне қатысты қағидалар 2004 жылы қолданысқа енгізілді. ЖКО және қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты жинақтау жоспары дайындалды Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау үшін қағидалар заңды күшіне енді Жол бойындағы жолақта қоршау орнату енгізілді. |
Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі бойынша іс-қимылдар жоспарында қауіпсіздікті реттеу әлеуетін зерттеу нәтижесі ЗКЖ енгізілетін болады |
Жол секторын орнықты дамыту |
Жолдарды техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру |
Техникалық қызмет көрсету бойынша басшылық аяқталды Техникалық қызмет көрсетуге бөлінетін қаражат сомасы артты. Құрылыс жұмыстарын айтарлықтай қайта бөлу - жұмыстардың 95 %-ы жеке меншік мердігерлерге берілді. Жолдарға тұрақты түрде диагностика жүргізілуде |
Жолдарға техникалық қызмет көрсетуді қаржыландыру тетігі туралы есеп Жүзеге асырылатын қызметтердің сапасын бағалау негізінде техникалық қызмет көрсетуге және техникалық қызмет көрсету жүйесіне конкурстық сауданы енгізу |
Жол көлігін пайдалану |
Шекараларды кедергісіз кесіп өту |
Шекаралардағы шекара пункттерінде көліктік және санитарлық бақылау бекеттері алып тасталды. Келіссөздер жүргізілуде. ОА елдерінен көлік құралдарына қатысты салмақ және габарит бойынша мәселелер жоқ. |
Трансшекаралық келісімдер іске асырылатын болады және кедендік нормалар мен рәсімдер үйлестірілетін болады. Көлік құралдарының салмағы мен габариттеріне үйлесімді шектеулер болады. |
Ақпараттық технологияларды енгізу |
Жылдамдық режимін тіркейтін камералар пайдаланылуда Бағдаршамдардың кейбір жүйелері үйлестірілуде ОАӨЭЫ 1 бойынша АДБ-ның жобасы шеңберінде ЗКЖ әзірлеу үшін консалтингтік қызметтерді іріктеу жүргізілуде |
Елдегі автожолдар желісі үшін ЗЖК технологиясын енгізу бойынша жоспар әзірлеу. Алғашқы ҚКТ үшін жабдық ерекшеліктерін іске асыру жоспарын, орналастыру жоспарын дайындау |
АДБ = Азия Даму Банкі, ЕҚДБ = Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, ЗКЖ = зияткерлік көлік жүйесі, км = километр, ККМ = Көлік және коммуникация министрлігі, ҮИИДМБ = Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, КИБ = Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарлама
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиясы, КИБ, ҮИИДМБ
Е. Ұсынылатын инвестициялық бағдарлама
17. Ұсынылатын инвестициялық бағдарлама Маңғыстау облысындағы ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізінің 790 км жолын реконструкциялауға мүмкіндік береді. Инвестициялық бағдарламаның жолдары Қазақстанды Әзірбайжанмен, Еуропамен және батыстағы Каспий теңізі арқылы Түркиямен; солтүстікте Ресеймен, оңтүстік-шығыста Өзбекстанмен; оңтүстікте Түрікменстанмен қосады. Дәліздің 790 км учаскесінің 430 км Ақтау-Манаштан, 84 км учаскесі Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) және 237 км Жетібай-Фетисоводан тұрады (4-кесте).
18. 1-транш Ақтау-Манаш жолының 200 км (372.6 км және 514.3 км 574 км және 632.3 км) учаскелері үшін (1) нақты инвестициялардан тұратын болады; және (2) жоспарлау, жобаны басқару, жолдарды басқару және шекара маңындағы инфрақұрылым мен жабдықтауды жақсарту үшін ККМ мен АЖК әлеуетін күшейту үшін жобаны басқару және институционалдық қолдау. Бұл құрылысты қадағалауды және жобаны басқаруды қамтитын болады; (2) кейінгі жобалардың ТЭН-і мен егжей-тегжейлі жобасы; және (3) құрылыс салу мен жолдарды күтіп ұстау әлеуетін дамыту, сатып алу жоспарын, келісімшарттарды басқару, қоршаған ортаны қорғау және көшіру жөніндегі қорғау іс-шараларын күшейту, сондай-ақ шекараны кесіп өту жөніндегі іс-шаралар.
4-кесте: Ұсынылатын инвестициялық жоспар
Пункті |
Ұзындығы (км) |
Сомасы (млн. $) |
А. Автожолдарды дамыту құрауышы |
||
Бейнеу-Манаш |
40 |
55.0 |
- Манаш-Бекі |
303 |
406.7 |
- Бекі-Ақтау |
127 |
259.8 |
- Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) |
84 |
100.0 |
- Жетібай-Фетисово (Түркменстан шекарасы) |
237 |
235.0 |
- Шекаралық инфрақұрылым, техникалық құралдар |
3.0 |
|
Күтілмеген шығыстар |
117.5 |
|
В. Әлеуетті ұзарту құрауышы |
35.0 |
|
Жиыны (А+В) |
791 |
1,212 |
Мемлекеттік бюджеттен төленетін салықтар мен жарналарды қоса алғанда Бағаның өзгеруіне байланысты нақты және күтілмеген шығыстар негізгі шығындардың 10% мөлшерінде есептеледі
Ақпарат көзі: АДБ және ҚР ККМ
5-кесте: Инвестициялық Бағдарламаны қаржыландыру жоспары
Ақпарат көзі |
Сомасы ($ миллион) |
Қаржыландыру үлесі (%) |
АДБ |
800 |
66.0 |
Ақпарат көзі: АДБ және ҚР ККМ
2-ҚОСЫМША ҚКТ МОНИТОРИНГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗІ
Құрылым сипаттамасы |
Тиімділіктің нысаналы көрсеткіштері мен базалық индикаторлары |
Дереккөздер мен есептілік тетіктері |
Алғышарттар мен тәуекелдер |
Мақсаты ОАӨЭЫ шеңберінде орнықты экономикалық дамуға және өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдесу |
2020 жылға қарай Қазақстан ЖІӨ-нің ұлғаюы шамамен $114 млрд-тан (2009) $300 млрд-қа дейін |
Статистика жөніндегі ұлттық агенттік ұсынған республикалық және жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық статистика |
Алғышарттар Үкімет экономикалық өсуге ықпал ететін саясатты жүргізуді жалғастырады және реформалар жүргізу, өңірлік ынтымақтастық және бірігу жолын ұстанады. |
Нәтиже Көлік байланыстарының өсуі және тиімділік, жақсартылған институционалдық тиімділік сипаттамасы |
2016 жылға қарай (2009 жылы) Қозғалыс қарқындылығының өсуі 1,000 ккқ-дан (1 күндегі көлік құралы) 3,500 ккқ-ға дейін (2010 жылы) Жүргізушінің шығынын $0,64/авто-км-ден $0,43/авто-км-ге дейін азайтады Республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігі жөніндегі стратегия мен іс-қимылдар жоспарлары дайындалды және іске асырылуда Ақтау және Бейнеу арасындағы жолды жүріп өту уақытын 12 сағаттан (2009 жылы) 4 сағатқа дейін қысқарту. Шекараны кесіп өту бекеттерінде жүк автомобильдерін ресімдеудің орташа уақытын 1,5 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарту Инвестициялық бағдарлама аясындағы жолдарда жылы жыл сайынғы ЖКО-ның санын 152-ден 140-қа дейін қысқарту |
Статистика жөніндегі ұлттық агенттік ұсынған ұлттық, республикалық және жергілікті статистика Қозғалыс қарқындылығы бойынша мерзімді жүйелі есептер және ЖКО бойынша деректер жүйесі ОАӨЭЫ дәлізінің тиімділігінің мониторингі мен бағалауы бойынша есептер Маңғыстау облысын әлеуметтік экономикалық шолу бойынша ақпарат |
Алғышарттар Инвестициялық бағдарламаны жақсарту нәтижесінде көлік қызметтерін көрсетуге қолжетімділік және оның сапасының өсуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеттеріндегі жетілдірілген объектілер мен шекарадан өтудің жеңілдетілген рәсімдері Макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақты түрде жақсарту Тәуекелдер Жолдарды күтіп ұстауға арналған қаржы ресурстары жеткіліксіз Активтерді басқару жүйесі жетілдірілмеген |
Нәтижелері 1. ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі Маңғыстау облысының қайта жаңартылған учаскесі |
2016 жылға қарай кемінде 4 м/км жамылғының кедір-бұдырлығының халықаралық техникалық көрсеткішіне сәйкес шамамен 790 км тротуарлары бар жолды реконструкциялау 2011 жылға қарай АИТВ мен адамдардың контрабандасы туралы ақпаратты тарату бойынша бағдарлама |
ККМ-нің жобаны іске асыру барысы туралы есептері Маңғыстау облысын әлеуметтік экономикалық шолу бойынша ақпарат |
Алғышарттар қоса қаржыландыру ресурстарын уақтылы қамтамасыз ету Мердігерлер халықаралық конкурстық саудаға сәйкес жалданған Жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау |
2. ККМ-нің активтерді және жобаны басқарудағы әлеуеті күшейтілді |
Бағдарламаны басқару тобы тиімді жұмыс істейді. Кейінгі транштарға сұрау салулар АДБ-ға уақтылы ұсынылды Компьютерлендірілген жол басқару жүйесі 2016 жылға қарай енгізілетін болады Сапа негізіндегі жалпы техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт пилотты түрде 2015 жылға қарай енгізіледі 3-транш жобасы консультанттардың үлесін барынша аз терте отырып, негізінен ККМ-нің күшімен дайындалды |
ККМ-нің жобаны іске асыру барысы туралы есептері ҚМС АДБ-ға ұсынылады Оқудан (тренингтен) өткен персоналдың тізімі және олардың оқу бағдарламаларының егжей-тегжейі |
Үкімет жол секторын бұдан әрі реформалауды ұстанады ККМ мен АЖК әлеуеттерін нығайтуды ұстанады Әлеуеттерін нығайту үшін білікті сарапшылар уақтылы жалданған Оқытудан ойдағыдай өткен персонал инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда |
3. Шекаралардан өту үшін инфрақұрылым мен жабдықтар жақсартылды |
Өзбекстан мен Қазақстан шекараларынан өту пункттеріндегі жабдық пен инфрақұрылым 2016 жылға қарай жаңғыртылады Өзбекстан шекарасында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту 2016 жылға қарай аяқталды |
ККМ-нің жобаны іске асыру барысы туралы есептері Дәліз тиімділігінің мониторингі және оны бағалау |
Алғышарттар Әртүрлі тиісті органдар арасындағы қалыптасқан үйлесімділік Тәуекелдер Шекаралардан өту және шекара маңындағы сауда туралы СВТА келісімін іске асыру рәсімдерін жақсартудағы кешіктіру |
Қызметтің маңызды кезеңдері 2-транш 3-транш |
Салымдар АДБ: $800 млн-нан аспайтын ҚМТ Үкімет: $412 млн Барлығы: $1,212 млн. |
АДБ = Азия Даму Банкі, ОАӨЭЫ = Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы, СВТА = Шекаралық сауда туралы келісім, СРММ = дәліз қызметін бағалау және мониторингілеу, ЖІӨ - жалпы ішкі өнім, км = километр, ҚМТ = Қаржыландырудың мультитранштық тетігі, ККМ = Көлік және коммуникация министрлігі, ҚМС = қаржыландыруға арналған мерзімді сұрау салу, РІU = жобаны іске асыру жөніндегі бөлім, тсд = бір күндегі көлік құралы.
Дереккөзі: ҚР ККМ мен АДБ.
3-ҚОСЫМША ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК ҚҰЖАТ
Жобаны орындаушы
1. ҚМТ (Қаржыландырудың мультитранштық тетігі) бойынша атқарушы орган осы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің (ҚНК) 1-қосымшасында сипатталғандай, ККМ болады; ал бұл жұмыста оған жобаларды күнделікті басқаруға жауап беретін, бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомство ретінде Автомобиль жолдары комитеті (мұнда және бұдан әрі Комитет) жәрдемдесетін болады. Комитетке оның Маңғыстау департаменті көмек көрсететін болады.
Бағдарламаны басқару
2. Комитеттің бағдарламаны басқару жөніндегі тобы (ББТ) Комитет төрағасы орынбасарының бақылауымен және басшылық етуімен жоба бойынша барлық қызмет түрлерін жүзеге асыратын болады. ББТ-ға Комитет персоналының арасынан тағайындалған, сондай-ақ жағдайға байланысты сырттан жалданған техникалық персонал кіретін болады. Қаржылық басқаруға қатысы бар қызметті Комитеттің қаржы бөлімі жүзеге асырады. Сондай-ақ ББТ мынадай іс-қимылдарды орындайды: (і) есептер дайындайды, (іі) жобаның іске асырылуына бағалау, мониторинг пен талдау жүргізеді, және (ііі) АДБ мен Үкіметтің мақұлдауын алады. Бағдарлама бойынша негізінен табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер сапасындағы және ББТ-ға қолдау көрсету үшін сатып алу бойынша сырттан тартылатын мамандар жалданатын болады.
Жоба бойынша есептілік аудиті
3. Комитет қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, алынған қаржы көздерін, сондай-ақ жоба бойынша келтірілген шығындарды және пайдаланылған жергілікті қаржыландыру көздерін айқындау үшін жоба бойынша құжаттама мен бухгалтерлік құжаттарды бөлек жүргізуге тиіс. Жоба бойынша қаржылық есептілікті қолданыстағы аудит стандарттарына сәйкес жыл сайынғы негізде АДБ үшін қолайлы тәуелсіз аудитор тексеретін болады. Қарыз алушы АДБ-ға ҚКТ-ны іске асыру барысында әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде жыл сайынғы аудиторлық есептерді ұсынатын болады. Аудиторлық есепте арнайы шоттар мен шығыс ведомостарын тексеру жөніндегі аудиторлық пікір бөлек көрсетілуге тиіс.
4. Қарыз алушы ҚКТ бойынша қаржыландырылатын әрбір жоба үшін жыл сайынғы жұмыс істеу аудитін жүргізіп отыруға тиіс, олар АДБ-ға қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес аяқталатын болады.
Шолу
5. АДБ, ККМ, Комитет және Қаржы министрлігі қажетіне қарай әрбір жекелеген траншты және іске асыру тетігіндегі немесе кемшіліктерді жою жөніндегі транш жобасының және тұтастай алғанда қаржылық бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін қабылдау қажет болатын шаралардағы қандай да бір өзгерістерді талқылау үшін тұрақты түрде кездесіп отыруға тиіс.
6. ҚКТ бойынша қаржыландыратын жобаны аралық шолуды АДБ мен Қазақстан Республикасы жобаны іске асырудың үшінші жылында қолға алатын болады. Жобаны аралық шолу жобаны іске асыру процесінде ҚКМ-ге, оның транштарына немесе жекелеген жобалар мен олардың одан әрі іске асырылуына теріс әсер етуі мүмкін даулы мәселелерді, проблемаларды немесе әлсіз тұстарды, сондай-ақ басқарушылық, әкімшілік, ұйымдық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық аспектілерді, кедейлікті азайту мен қоныс аудару т.б. мәселелерді қарауды қамтитын болады. Шолу шеңберінде қоныс аудару үдерісін, қоршаған ортаға және халықтың кедейшілігін төмендетуге әсерді, сондай-ақ ҚКТ-да көрсетілген куәландыруларға сәйкестігі және Инвестициялық бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті қандай да бір өзгерістер туралы уағдаластықты тексеру жүргізілетін болады. Инвестициялық бағдарламаға аралық шолуды АДБ мен ҚР Азия Даму Банкінің ҚКТ-ны мақұлдаған күнінен бастап үшінші жылы қолға алатын болады.
Мониторинг және бағалау
7. Комитет қадағалау жөніндегі консультанттардың жәрдемімен жобалық объектілерді тиімді басқару мен жобадан барынша жоғары пайда алуды қамтамасыз ету үшін жоба әсерінің мониторингі мен оны бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Комитет қадағалау жөніндегі консультанттардың жобаның бастапқы сатысында, ол аяқталғанда және жоба аяқталғаннан кейін 3 жыл өткен соң АДБ-мен келісім бойынша деректерді жинауын қамтамасыз етеді.
8. ҚКТ-ның әрбір траншы бойынша қарыз туралы келісім күшіне енген күннен бастап 3 ай ішінде АЖК Инвестициялар бағдарламасы мен жоба тиімділігінің көрсеткіштеріне сәйкес нысаны мен мазмұны тұрғысынан АДБ-ны қанағаттандыратын жобаның тиімділігін бағалау жүйесін (ЖТБЖ) әзірлейді. Жоба мен ҚКТ мониторингінің құрылымы 2-қосымшада сипатталады. Комитет ЖТБЖ-ға сәйкес әрбір жекелеген транш үшін, сондай-ақ Инвестициялар жоспары үшін жобаның көлемін, іске асыру тетіктерін, оны жүзеге асыру қарқынын және нақты жоба мен тұтастай Инвестициялар жоспарының мақсаттарына қол жеткізуді бағалау үшін жобаны іске асыруға мерзімді шолу жүргізетін болады.
9. Комитет ҚКТ-ның әрбір жобасы бойынша жұмыстардың барысы туралы тоқсандық есептер дайындап, АДБ-ға ұсынады. Есептер нақты жүргізілген жұмыстардың сипатын, туындаған проблемалар мен қиындықтарды, сондай-ақ қарыз бойынша кезеңдегі, жылдың өткен кезеңіндегі және ағымдағы күнге дейінгі жалпы шығыстардан тұратын қысқа қаржылық есепті қамтуға тиіс, сондай-ақ қоршаған ортаны басқару келісімшарттары мен жоспарында көрсетілгендей, теріс әсерлерді төмендету жөнінде қабылданған шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау талаптарына жауап беретін сатып алуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы есеп ұсынылуға тиіс.
10. Жобаның аяқталуы туралы есеп АДБ-ға әрбір жоба аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде жіберілетін болады. ҚКТ-ның аяқталуы туралы есеп АДБ-ға Инвестициялық бағдарлама аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде ұсынылады. Жобалардың аяқталуы туралы есептер ҚКТ шеңберінде қаржыландырылған жобаларды және тұтастай алғанда, ҚКТ-ны оның ішінде жобаның дизайнын, шығыстарды, мердігерлер мен консультанттардың жұмысын, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық әсерді, жобаның экономикалық рентабельділігін егжей-тегжейлі бағалауды және АДБ талап ететіндей әрбір жоба бойынша басқа да нақтылықтарды қамтуға тиіс.
4-ҚОСЫМША ҚКТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІ
1. АДБ (і) осы ҚНК-нің (Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге) 1-қосымшасында сипатталған Инвестициялар бағдарламасының және Инвестициялар жоспарының бір бөлігі болып табылатын, (іі) осы ҚНК-нің 3-қосымшасында келтірілген іске асыру тетігін ұстанатын; (ііі) осы ҚНК-нің 4-қосымшасында көрсетілген жарамдылық талаптарына сай келетін; сондай-ақ (іv) осы ҚНК-нің 5-қосымшасында көрсетілген әлеуметтік сипаттамаларға толық сәйкес келетін және қауіпсіздік шеңберіндегі жобаларды ғана қаржыландыратын болады.
А. Іріктеу өлшемдері
2. Ұсынылатын жоба немесе кіші жобалар ҚМТ қаржыландыруы үшін мынадай өлшемдерге сәйкес болуға:
(і) Көлік секторын дамыту бағдарламасын іске асыруға үлес қосатын жолдарды салуға, жақсарту мен жаңартуға және Қазақстанның көлік стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге және жол секторын дамытуға бағытталған болуға;
(іі) ҚР мен АДБ-ның инженерлік, қаржылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарына сай келетін бекітілген техникалық ерекшеліктеріне сай болуға;
(ііі) Жұмыстар кестесіне сәйкес жобаны немесе кіші жобаны іске асыруға және жобалық/кіші жобалық объектілерді аяқталғаннан кейін жұмыстарға дейін ұстауға арналған қоса қаржыландыру жеткілікті болуға; және
(іv) Тиісті мемлекеттік органдар мақұлдаған, тиісінше ресімделген болуға тиіс.
В. Келісу рәсімдері
3. ҚКТ бойынша қаржыландыруға ұсынылатын жобалар бойынша келісу рәсімдері Комитеттің осы ҚНК-нің 5-қосымшасында сипатталған қосымша талаптарына сәйкес ішкі мемлекеттік рәсімдер мен келісу процестеріне сай жүзеге асырылатын болады.
4. ҚКТ-нің тиісті транштарымен қаржыландыруға арналған барлық жобалар үшін келісу рәсімдері мынадай болуға тиіс:
(і) Комитет іріктеу өлшемдеріне сәйкестігін растайды және Қарыз алушы қаржыландыруға мерзімді сұрау салуды (ҚМС) АДБ үшін қолайлы пішінде дайындайды - Қарыз алушы АДБ-ға техникалық-экономикалық негіздеме жөніндегі тұжырымдармен және техникалық есептеулермен (егер қажет болса), консультанттар жалдау жөніндегі техникалық тапсырмамен, кез келген қабылданған іс-қимылдың нәтижелерімен, экономикалық және қаржылық бағалаулармен (қажет болған жағдайларда) және сатып алу жоспарымен, ҚКТ үшін дайындалған табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер жөніндегі негіздемелік құжаттар талап ететіндей кепілдіктерді іске асыру жоспарларын қоса алғанда, табиғат қорғау және әлеуметтік кепілдіктер туралы тиісті құжаттармен бірге ҚМС, сондай-ақ жобаның және оның мониторингінің құрылымын ұсынады.
(іі) Көлік секторын дамыту бағдарламасын жаңарту барысында қосылған жобалар үшін барлық заңнамалық рұқсаттар/санкциялар АДБ-ға тиісті ҚМС ұсынылғанға дейін алынуға тиіс.
(ііі) ККМ, Комитет және АДБ АДБ-ның кезеңді шолу миссиялары және жұмыстардың барысы туралы тоқсандық есептері арқылы байланыс жасайтын болады және осы рәсімдерде ҚМС АДБ-ға ұсынғанға дейін олар бойынша алдын ала консультациялар жүргізу көзделуі мүмкін.
(іv) Ұсынылатын жобалардың іріктеу өлшемдері және келісу рәсімдері қанағаттандырған жағдайда және АДБ-ның тиісті саясатына сәйкес АДБ мен Қарыз алушы жобаны келісу үшін қарыз бойынша келіссөздер жүргізеді және бұл келіссөздер ойдағыдай аяқталғаннан кейін осы жобаны қаржыландыру үшін АДБ-ның мақұлдауы алынатын болады.
(v) АДБ-дан қаржыландыруға мақұлдау алынғаннан кейін Комитет АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауына сәйкес тендерлік рәсімдерге кіріседі.
5-ҚОСЫМША
ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТТАМАЛАР МЕН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ
МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛАПТАР
1. Қарыз алушы, осы Қосымшада сипатталған талаптар және ҚМТ мен бірінші траншқа қатысты дайындалған және көшірмелері АДБ-ға ұсынылған, сондай-ақ осы құжаттың құрамына енгізілген төменде келтірілген негіздемелік құжаттар мен жоспарлардың, атап айтқанда:
(і) 2010 жылғы 12 тамыздағы Қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжаттың,
(іі) 2010 жылғы 11 тамыздағы Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжаттың, және
(ііі) бірінші транш үшін 2010 жылғы 11 тамыздағы Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспары (ЖСКЖ) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобалардың дайындау және оларды іске асыру барысында сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Негіздемелік құжаттар тікелей ҚКТ-ға қатысты ақпаратты және АДБ-ның әлеуметтік және экологиялық қорғау саясаттарына сәйкес талаптарды қамтиды: (і) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобалардың немесе жобалар бөлігінің қоршаған ортаға және мәжбүрлі қоныс аударуға жалпы күтілетін әсері; (іі) жобаларды және жобалардың компоненттерін таңдау кезінде пайдаланылатын әлеуметтік және экологиялық қорғау өлшемдері; (ііі) әсерді іріктеу мен санаттаудан, бағалаудан, басқару жоспарларын әзірлеуден, қоғамдық тыңдаулардан және ақпаратты ашудан (егер қолданылу мүмкін болса, әдетте ақпаратты ашу үшін 120 күнді қоса алғанда) кейін болатын талаптар мен рәсімдер, сондай-ақ мониторинг пен есептілік; сондай-ақ (іv) институционалдық іс-шаралар (бюджет және әлеует бойынша талаптарды қоса алғанда) және қорғау құжаттарын дайындаудағы, қарау мен мақұлдаудағы тапсырыс беруші мен АДБ-ның міндеттері мен өкілеттіктері.
3. Әрбір ҚМС дайындалғанға дейін қоршаған ортаға және қоныс аударуға әсерін бағалау жөніндегі әрбір негіздемелік қорғау құжатының қолданылу мүмкіндігі және негізділігі мезгіл-мезгіл енгізілетін өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасының қолданылатын ұлттық заңнамасына және АДБ-ның қорғау шараларының саясаты жөніндегі АДБ-ның Ережесіне (2009) сәйкес болуы және дәйектілігі үшін қайта қаралады және жаңартылатын болады.
4. Барлық жағдайларда, әрбір жаңа ҚМС-ты дайындау үшін Комитет ҚКТ жөніндегі ағымдағы жобаларды олар бойынша қорғау шаралары жоспарларымен және негіздемелік құжаттармен олардың сәйкестігін тексеру үшін қайта қарайтын болады, сондай-ақ АДБ-ға осы жобаларға жататын, траншқа енгізілген және іске асыру сатысындағы қорғау шаралары жөніндегі басқа құжаттармен бірге осындай шолулар бойынша есептер ұсынатын болады. Кез келген жағдайда, егер қолданыстағы жобаларды шолу барысында айтарлықтай сәйкессіздік табылатын болса, Түзету іс-шараларының жоспары дайындалады және АДБ-ға ұсынылатын болады.
5. ҚКТ шеңберінде қаржыландырылатын барлық жобалар АДБ-ның Табиғатты қорғау және әлеуметтік кепілдіктері жөніндегі саясатына (2009 ж.) және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік кепілдіктер саласында қолданылатын ұлттық заңнамасына сәйкес болуға тиіс. Алайда, АДБ Саясатының талаптары мен ережелері және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы арасында сәйкессіздік болған жағдайда сәйкессіздікті жою бойынша тиісті стратегияны АДБ-мен консультациядан кейін қорғау шаралары саясатының талаптары мен қағидаларын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы ұсынатын болады.
Қоршаған орта
6. Қарыз алушы, Инвестициялық бағдарламаның барлық объектілері жобалануын, салынуын, пайдалануға енгізілуін, ал Инвестициялық бағдарламаның барлық жобалары Қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжатпен, қоршаған ортаға әсерді тиісті бағалаумен (ҚОӘБ) немесе қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауымен (АҚОЭБ), сондай-ақ төменде көрсетілгендей ҚОБЖ-мен келісілген, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, АДБ-ның Қорғау шаралары жөніндегі саясаттарына (2009) сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
7. Комитет қоршаған ортаны бағалау қағидаттары туралы негіздемелік құжатқа сәйкес ҚКТ бойынша қаржыландырылатын әрбір жоба үшін қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) немесе қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауды (АҚОӘБ) (нақты жағдайға қарай) дайындайды және барлық ҚОӘБ-терді/АҚОӘБ-терді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келісуге және АДБ-ға тексеру және өзінің веб-сайтында жариялау үшін ұсынады. Мұндай жобаларды жобалау, салу және жұмыс істеу үдерісінде бекітілген ҚОӘБ/АҚОӘБ-ні ұстану қажет.
8. Комитет жобаларда ҚОӘБ қолдануды қамтамасыз етеді. Барлық ҚОБЖ ұсынымдары олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына арналған тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілетін болады.
9. Комитет: (і) мердігердің ҚОБЖ-ны қолдануын қадағалайтын болады; (іі) құрылыстық мердігерге және консалтингтік қызмет көрсетуге арналған шарттарда ҚОБЖ-ны дайындау, оны іске асыру және мониторингі бойынша арнайы ережелердің қамтылуын қамтамасыз етеді, (ііі) ҚОБЖ-дан теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды мердігерлердің соларға барабар қолдануын қамтамасыз етеді, және (іv) осы қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті бюджет қаражатын береді. Комитет сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң жобада ҚОБЖ-ны іске асыру жөніндегі жартыжылдық мониторингтік есептерді АДБ-ға уақтылы ұсынуға кепілдік береді.
10. Жоба шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарға, ҚКТ қаржыландыратын жоба талап ететіндей, тиісті қоршаған ортаны алдын ала экологиялық бағалауды немесе қоршаған ортаға әсерін бағалауды АДБ мақұлдағанға дейін қол қойылмайтын болады.
Жерлерді сатып алу және қоныс аудару
11. Қарыз алушы, жоба үшін қажетті жер учаскелері мен бөлу жолақтары үшінші тұлғалардың кез келген және барлық құқықтары мен талаптарынан және кез келген басқа да кедергілерден уақтылы босатылуын, сондай-ақ қоныс аудару жоспарының (ҚЖ) ережелері (і) ҚР барлық қолданылуы мүмкін заңдары мен қаулыларына, (іі) қорғау шаралары жөніндегі АДБ-ның саясатына (2009) және келісілген Көшіру жөніндегі негіздемелік құжатқа (ҚНҚ) сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
(і) ҚНҚ жылына кемінде бір рет, сондай-ақ ҚКТ бойынша әрбір траншты дайындау басында қайта қаралуға, қажет болса - жаңартылуға және АДБ-ға ұсынылуға тиіс. Қайта қаралған және жаңартылған ҚНҚ-мен келісілетін ҚЖ ҚКТ бойынша қаржыландыруға ұсынылған әрбір жоба үшін дайындалуға және жобада мүдделері қозғалатын адамдарға ашық болуға тиіс.
(іі) ҚКТ үшін ҚНҚ және ҚНҚ-мен келісілетін 1-жоба үшін ҚЖ-ні дайындау ҚКТ мен транштың мұндай бағалауы үшін шарт болуға тиіс.
(ііі) ҚНҚ қайта қарау мен жаңарту және ҚНҚ-мен келісілетін әрбір келесі жоба үшін ҚЖ дайындау жобаның мұндай бағалауы үшін талап болып табылуға тиіс.
(іv) Техникалық жобаға негізделген және ҚНҚ-мен келісілетін әрбір жоба үшін жаңартылған ҚЖ дайындау және оның ашық болуы құрылыс жұмыстарына арналған тиісті шарт (шарттар) жасасу үшін шарт болуға тиіс.
(v) Толық ҚЖ іске асыруды аяқтау құрылыс жұмыстарын бастау шарты болуға тиіс. Комитет бұл талапты құрылыс жұмыстарына арналған шартқа (шарттарға) енгізеді.
12. АДБ-ның Қорғау шаралары саясаты жөніндегі (2009) ережесіне сәйкес мыналар қажетті болып табылады:
(і) Өтемақылар бекітілген ҚНҚ мен Қоныс аудару жоспарында ескерілгендей, тиесілі төлемдер түрінде қамтамасыз етілетін болады немесе бағасы тең жер учаскелерін іздестіру жүзеге асырылатын болады;
(іі) Құқық белгілеу құжаттарының болмауы қоныс аудару немесе жерлерді немесе кез келген басқа шығындарды қалпына келтіру кезінде ықпал ету үшін кедергі болмайды;
(ііі) Қоса қаржыландыру мен төлемдер мүдделері қозғалатын тұлғаларға кез келген жер учаскелері, үй немесе басқа мүлік мәжбүрлеп алынғанға дейін оларға ұсынылған келісілген өтемақылармен және оңалтулармен бірге уақтылы жүргізілетін болады;
(vi) Қарыз алушы, ҚМК шеңберіндегі қорғау шараларының негіздемелік қағидаттарына сәйкес жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін болатын әлеуметтік және экологиялық сипаттағы қандай да бір алдын ала көріп-білу мүмкін болмаған әсерлерге байланысты шығыстарды өтейді;
(v) Инвестициялық жоба бойынша қоныс аударуға қатысты консультациялар мен шағымдар құжатталуға тиіс;
(vі) Көшіру жоспарлары өзгерістер немесе қоныс аударуға қосымша әсер ету жағдайында жаңартылуы тиіс; және қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар бойынша ақпарат Комитеттің тоқсан сайынғы есептері шеңберінде АДБ-ға ұсынылады.
13. ККМ мен Комитет (і) экологиялық бағалау және жерлерді сатып алу жоспары жөніндегі құжаттарды ақпаратты қарау және ашу үшін АДБ-ға ұсынады, сондай-ақ (іі) жобада мүдделері қозғалатын тұлғалар үшін осы құжаттарға қол жеткізуді уақтылы қамтамасыз етеді.
14. Комитет тиісті транш бойынша қарыз туралы келісім күшіне енген күнінен бастап 3 ай ішінде қоныс аудару процесінің мониторингін және оның әсерін бағалауды жүргізу үшін АДБ-ға қолайлы тәуелсіз сарапшыны тартады. Тәуелсіз сарапшының мониторинг жөніндегі есептері АДБ-ға тоқсан сайын ұсынылатын болады.
Әлеуметтік әсер және басқа да мәселелер
15. Қарыз алушы ҚКТ-ны іске асыру барысында, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті тұрғындармен және үкіметтік емес ұйымдармен консультациялар жүргізу кезінде әлеуметтік әсер етудің тәуелсіз мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Комитет құрылыс жұмыстары бойынша барлық мердігерлердің (і) қолданылуы мүмкін барлық еңбек заңдарына сәйкес болуын, (iі) ҚКТ бойынша қаржыландырылатын жобаны/кіші жобаны орындау аймағымен көршілес тұратын тұрмысы нашарларды қоса алғанда, әйелдер мен жергілікті халықты жалдау үшін мүмкін болатын барлық шаралардың қабылдануын, (iіі) құрылыс жұмыстары кезіндегі денсаулық қауіпсіздігі туралы ақпараттың жұмыс орындарында жалданған халық арасында таратылуын, (iv) әйелдер мен ерлерге ұқсас түрдегі жұмыс үшін тең жалақының қамтамасыз етілуін, (v) ерлер мен әйелдерге оларға мәдени тұрғыдан қолайлы келетін қауіпсіз жұмыс жағдайларын және жекелеген ғимараттармен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ (vі) балалар еңбегін тартудан бас тартылуын қамтамасыз етеді. ҚКТ бойынша қаржыландырылатын барлық жобаларға/кіші жобаларға арналған келісімшарттар осы мәселелер бойынша ерекше шарттарды қамтуға тиіс және оларға сәйкестік ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізін салу жөніндегі бүкіл инвестициялық бағдарлама ішінде қатаң қадағаланатын болады. Комитет ЖБТ-ның осы ережелерге сәйкестікті қадағалап отыруына кепілдік беруге тиіс.
6-ҚОСЫМША МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ҚКТ бойынша жекелеген транштар жөніндегі қарыздар туралы келісімдерге енгізілетін негізгі міндеттемелерге қосымша ретінде Қарыз алушы ҚКТ шеңберінде мынадай іс-шараларды жүргізеді:
Секторды дамыту құрылымы және диалог
1. Қарыз алушы (і) осы ҚНК-нің 1-қосымшасында көрсетілген автожолдарды дамыту жоспарына және секторды дамыту құрылымына қатысты міндеттемені қолдауды қамтамасыз етеді, (іі) Инвестициялық бағдарламаны қолдап, қаржыландыру жоспарын орындайтын болады; (ііі) АДБ-ны автожолдарды дамыту жоспарындағы, секторды дамыту құрылымындағы, инвестициялық бағдарламадағы және қаржыландыру жоспарындағы кез келген өзгерістер туралы хабардар етеді; сондай-ақ (іv) осы элементтердің кез келгеніне әсер ететін саясатты әзірлеу мәселелері бойынша диалог арқылы АДБ-мен консультация жүргізетін болады.
Бюджеттік ресурстар
2. Қарыз алушы ККМ-ге бюджет қаражатын жыл сайын бөлу арқылы инвестициялық бағдарламаны уақтылы және тиімді іске асыру үшін қажетті қоса қаржыландыру қаражатын беруді қамтамасыз етеді және ККМ өзінің жыл сайынғы даму бағдарламасында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған қаржыландыру жөніндегі талаптарды жаңартып отыруы үшін Қарыз алушы қажетті ресурстарды уақтылы бөлуді қамтамасыз етеді.
3. Қарыз алушы ККМ-ге Көлік секторын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ағымдағы қызмет көрсетуге жұмсалатын бюджетті бөлуді қамтамасыз етеді және 2012 жылдан кейін әрбір есепті жыл ішінде осы бюджет қаражатының жыл сайынғы инфляция қарқынынан кем емес сомаға артуын және бұл ретте ағымдағы қаржылық теңгерімді әрдайым ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Қарыз алушы жоғарыда айтылғанның жалпы сипатын шектемей бағдарламаны іске асыру үшін жеткілікті қаражат бөлуді және уақтылы беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ КИБ-ге кіретін жол учаскелеріне қолданылатын стандарттар мен ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. Мұндай шығыстар жыл сайын тексерілетін болады, ал нәтижелері алғаш талап етілуі бойынша АДБ-ға ұсынылатын болады.
Құрылыс сапасы
4. Қарыз алушы ККМ арқылы (і) инвестициялық бағдарламаның жобасы бойынша автожолдар техникалық тапсырмаға сәйкес қалпына келтірілуін немесе салынуын; және (іі) құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және келісімшарттарды басқарудың халықаралық мойындалған стандарттарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
Жол қауіпсіздігі
5. Қарыз алушы Комитеттің жобаны іске асыру кезеңі ішінде және ол аяқталғаннан кейін ескерту жол белгілері, жолдың жүру бөлігін ажырату жолақтары, жол белгілері мен көрсеткіштері, байланыс пункттері, қауіпті учаскелерді қоршау және жол қозғалысы мониторингі құралдары сияқты қажетті жол белгілері мен объектілерін орнатуын - барлығы Қазақстан қол қойған тиісті халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ жұмыстарды жүргізудің ең үздік салалық іс-тәжірибесіне сәйкес болуын Комитет арқылы қамтамасыз етеді.
Басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
6. Қарыз алушы, жоба жөніндегі атқарушы агенттік және іске асырушы агенттік (і) АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатының (1998 жылғы, бүгінгі күні енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) талаптарын сақтауы және АДБ-ның Жобаға қатысы бар болжанатын сыбайлас жемқорлық, алаяқтық жағдайларын, сөз байласу және мәжбүрлеу жөніндегі әрекетті тексерулерді тікелей немесе өзінің агенттері арқылы жүргізу құқығын өзіне қалдыратынын мойындауға; және (іі) осындай кез келген тексеруге жәрдемдесуге, сондай-ақ қажетті жәрдемдесуді мұндай тексеру қанағаттанарлық түрде аяқталғанға дейін қолдануға тиіс.
7. Қарыз алушы мына шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді: (і) егер олар ИКТ мен инвестициялар бағдарламасының жобаларына/кіші жобаларына қатысты болса, атқарушы ұйымдардың және барлық мердігерлердің, жеткізушілердің, консультанттардың және басқа көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің есептері мен шоттарының аудиті мен тексеруге АДБ-ның құқығын белгілейтін ережелерді қоса алғанда, АДБ үшін қолайлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ережелер барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілетін болады; (іі) сатып алуға қатысты барлық шешімдерді Сатып алу жөніндегі АДБ нұсқауына (2010 ж., мезгіл-мезгіл енгізілетін түзетулерімен) сәйкес ККМ және басқа тиісті органдардың өкілдерінен тұратын тендерлік комитет қабылдайтын болады; (ііі) қадағалау жөніндегі консультанттар келісімшарттардың жұмыс сызбаларына және техникалық шарттарына сәйкес мердігерлердің инвойстарын тексеру үшін жалданатын болады; сондай-ақ (іv) консультанттар мен мердігерлерді іріктеу жөніндегі ақпарат жергілікті газеттер мен ККМ веб-сайты арқылы жария етіледі.
Жобаларды іріктеу және оларды іске асыру
8. Қарыз алушы (а) инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жобалар АДБ үшін қанағаттанарлықтай, осы ҚНК-нің 4-қосымшасында көрсетілген өлшемдер мен рәсімдік талаптарға сай болуын, және (b) жобаларды дайындау мен іске асыру кезінде осы ҚНК-нің 3-қосымшасында көрсетілген шаралардың, сондай-ақ АДБ-ның қорғау шаралары мен әлеуметтік сипаттамалар жөніндегі, сатып алу, төлемдер, басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және гендерлік мәселелер жөніндегі саясаты мен рәсімінің (әсіресе осы ҚНК-ге 5-қосымшада көрсетілген талаптардың) сақталуын қамтамасыз етеді.
Фидуциарлық бақылау
9. Қарыз алушы жобаның барлық шоттарын біліктілігі, тәжірибесі және жұмыстарды орындау мерзімдері АДБ үшін қолайлы болатын тәуелсіз аудиторлардың тексеруін және осы аудиторлық есептердің тиісті есепті жыл аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде АДБ-ға ұсынылуын қамтамасыз етеді, Қарыз алушы осы ҚНК-нің 3-қосымшасында көрсетілген бухгалтерлік есеп, аудит және есептілік жөніндегі тиісті талаптарға сәйкестігін одан әрі қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны әкімшілендіру жөніндегі нұсқау (БӘН)
10. Қарыз алушы, инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жобалар БӘН-де егжей-тегжейлі ашып жазылған іс-шараларға сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді. БӘН-дегі кез келген кейінгі өзгерістер осы өзгерістерді Қарыз алушы мен АДБ бекіткеннен кейін ғана жарамды болады. Жоба бойынша БӘН мен қарыз туралы келісім арасына қандай да бір сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, қарыз туралы келісімнің ережелері басым сипатқа ие болады.
Осымен 2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында жасалған Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова