Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 168-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; X» 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат):
      27-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.».
      2. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспары – Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының тізбесі;»;
      2) 2-бапта:
      бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «1. Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.»;
      3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-баптармен толықтырылсын:

      «2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді.
      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен мақұлданады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережеде айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.

      2-2-бап. Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы

      1. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.
      2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізеді, ол осы халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.»;
      4) 3-бапта:
      тақырыптағы «Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының сараптамасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарына енгізілген Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізілетін, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына:
      1) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісуді растайтын қорытындылары;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдық сараптамасының нәтижелері;
      3) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері қоса беріледі.»;
      екінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын:
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;
      халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.
      Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      6) 5-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «– халықаралық шарттарға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының атынан оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей,» деген сөздермен ауыстырылсын;.
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар береді.»;
      2-тармақтағы «өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішіңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қою туралы – оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздер «өз құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан, оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан қол қою туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «қаулы қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде қол қою туралы ұсыныстар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстарды қаулылармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) келіссөздерге қатысқан тараппен екіжақты халықаралық шарт жобасы мәтінінің келісілгенін растайтын құжаттар;»;
      6) тармақшадағы «шартты жасасу тәсіліне қарай -» деген сөздер алып тасталсын;
      9) тармақшадағы «негіздемелері қамтылуға тиіс» деген сөздер «негіздемелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері қамтылуға тиіс»;
      7) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.»;
      8) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уақытша қолдануды көздейтін халықаралық шартты ратификациялау туралы ұсыныс оны уақытша қолдану басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.»;
      9) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жарияланады.»;
      10) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:

      «31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық
                   шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және
                   тоқтату тәртібі туралы Қазақстан
                   Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін
                   жауаптылық

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам международных договоров Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 168-V 3PK

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года «О языках в Республике Казахстан» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 13-14, ст. 202; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 10, ст. 52; 2007 г., № 19, ст. 147; № 20, ст. 152; 2008 г., № 20, ст. 89; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; 2012 г., № 3, ст. 25; № 15, ст. 97; 2013 г., № 2, ст. 11; № 14, ст. 75):
      в статье 27:
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      «Двусторонние международные договоры Республики Казахстан с иностранными государствами заключаются на государственном языке Республики Казахстан и иных языках по согласию сторон.»;
      дополнить частью третьей следующего содержания:
      «Двусторонние международные договоры Республики Казахстан с международными организациями и многосторонние международные договоры Республики Казахстан заключаются на языках, определенных по согласию участвующих в переговорах сторон.».

      2. В Закон Республики Казахстан от 30 мая 2005 года «О международных договорах Республики Казахстан» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 10, ст. 35; 2007 г., № 4, ст. 34; 2010 г., № 17-18, ст. 109; 2011 г., № 7, ст. 54):
      1) статью 1 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      «5-1) план заключения международных договоров Республики Казахстан – перечень международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектов международных договоров;»;
      2) в статье 2:
      в абзаце первом слова «Международные договоры» заменить словами «1. Международные договоры»;
      дополнить пунктом 2 следующего содержания:
      «2. Не допускается заключение международных договоров, не соответствующих национальным интересам Республики Казахстан, способных нанести ущерб национальной безопасности или ведущих к утрате независимости Республики Казахстан.»;
      3) главу 2 дополнить статьями 2-1 и 2-2 следующего содержания:
      «Статья 2-1. Планирование заключения международных договоров
      1. Планы заключения международных договоров Республики Казахстан подразделяются на текущие, составляемые на один год, и перспективные, составляемые на три года.
      Порядок разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан определяется Правительством Республики Казахстан.
      2. Проекты текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан разрабатываются Министерством иностранных дел Республики Казахстан на основании концепций заключения международных договоров.
      3. Проекты текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан одобряются решениями Межведомственной комиссии по вопросам международных договоров Республики Казахстан при Правительстве Республики Казахстан.
      Состав, полномочия и порядок деятельности Межведомственной комиссии по вопросам международных договоров Республики Казахстан определяются положением, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      4. Планы заключения международных договоров Республики Казахстан согласовываются с Президентом Республики Казахстан.
      Статья 2-2. Концепция заключения международного договора
      1. Концепция заключения международного договора разрабатывается центральным государственным органом по форме, утвержденной Министерством иностранных дел Республики Казахстан.
      2. Концепция заключения международного договора вносится центральным государственным органом в Министерство иностранных дел Республики Казахстан, которое дает заключение о внешнеполитической целесообразности заключения данного международного договора.»;
      4) в статье 3:
      в заголовке слово «Экспертиза» заменить словами «Согласование и экспертиза»;
      часть первую пункта 1 после слов «международных договоров» дополнить словами «, включенные в план заключения международных договоров Республики Казахстан,»;
      в пункте 2:
      дополнить частью второй следующего содержания:
      «К международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектам международных договоров, вносимым в Министерство иностранных дел Республики Казахстан, прилагаются:
      1) заключения заинтересованных центральных государственных органов Республики Казахстан, подтверждающих согласование международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектов международных договоров;
      2) результаты юридической экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан;
      3) результаты научной экспертизы по международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также по проектам международных договоров, подлежащим ратификации.»;
      подпункт 1) части второй исключить;
      5) пункт 1 статьи 4 изложить в следующей редакции:
      «1. По международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также по проектам международных договоров может проводиться научная экспертиза (правовая, лингвистическая, экологическая, финансовая и другая).
      Обязательные научные правовая и лингвистическая экспертизы проводятся по подлежащим ратификации:
      международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, – до принятия решения об их ратификации или присоединении к ним путем ратификации;
      проектам международных договоров – до их подписания.
      Иные виды научных экспертиз (экологическая, финансовая и другая) проводятся в зависимости от правоотношений, регулируемых международными договорами, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектами международных договоров.
      Правила проведения научной экспертизы по международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также по проектам международных договоров утверждаются Правительством Республики Казахстан.»;
      6) в статье 5:
      в пункте 1:
      в подпункте 1) слово «ратификации,» исключить;
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) в Правительство Республики Казахстан предложения о подписании, утверждении, принятии международных договоров и о присоединении к ним от имени Правительства Республики Казахстан, в том числе о подписании, – не позднее четырнадцати календарных дней до даты их подписания, а также о ратификации международных договоров.»;
      в пункте 2 слова «присоединении к ним от имени Правительства Республики Казахстан» заменить словами «присоединении к ним»;
      в пункте 3 слово «, ратификации» исключить;
      в пункте 6:
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      «5-1) документы, подтверждающие согласование текста проекта двустороннего международного договора с участвовавшей в переговорах стороной;»;
      в подпункте 6) слова «в зависимости от способов заключения» исключить;
      дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      «10) результаты научной экспертизы по международным договорам, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также по проектам международных договоров, подлежащим ратификации.»;
      7) пункт 1 статьи 7 изложить в следующей редакции:
      «1. Двусторонние международные договоры Республики Казахстан с иностранными государствами заключаются на государственном языке Республики Казахстан и иных языках по согласию сторон.
      Двусторонние международные договоры Республики Казахстан с международными организациями заключаются на языках, определенных по согласию участвующих в переговорах сторон.»;
      8) пункт 1 статьи 18 дополнить частью второй следующего содержания:
      «Предложение о ратификации международного договора, предусматривающего временное применение, вносится в Мажилис Парламента Республики Казахстан не позднее шести месяцев с даты начала его временного применения в порядке, предусмотренном статьей 5 настоящего Закона.»;
      9) пункт 1 статьи 24 изложить в следующей редакции:
      «1. Вступившие в силу, а также временно применяемые международные договоры Республики Казахстан публикуются по представлению Министерства иностранных дел Республики Казахстан в сборнике «Бюллетень международных договоров Республики Казахстан» и на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан.»;
      10) дополнить статьей 31-1 следующего содержания:
      «Статья 31-1. Ответственность за нарушение законодательства
                    Республики Казахстан о порядке заключения,
                    выполнения, изменения и прекращения международных
                    договоров Республики Казахстан
      Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке заключения, выполнения, изменения и прекращения международных договоров Республики Казахстан влечет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ