Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 279-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      292 және 294-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы»;
      «294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу»;
      295-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      296-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау»;
      2) 292-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      «292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
                 субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық
                 тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі
                 міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды
                 тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар
                 мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия
                 аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға
                 дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы
                 талапты бұзуы

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы –»;
      3) 294-бапта:
      тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      «294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
                 арттыру саласында өнімді сату және пайдалану
                 жөніндегі шектеулерді бұзу

      1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сату және пайдалану –»;
      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану –»;
      4) 295-бап алып тасталсын;
      5) 296-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      «296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
                 энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында
                 белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін,
                 оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау

      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау –»;
      6) 690-баптың бірінші бөлігіндегі «295,» деген цифрлар алып тасталсын.
      2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Біліктілік комиссиясы – энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;»;
      4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) энергетикалық тиімділік – өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
      12-2) энергия аудиторы – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;
      12-3) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсiмi;»;
      16) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;»;
      18) тармақша алып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізуді ұйымдастырады;»;
      6-3) тармақша алып тасталсын;
      6-8)6-10)6-11) және 6-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-8) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»;
      «6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін бекітеді;
      6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;»;
      «6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) оқу орталықтарына, энергия аудиторларына және сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      13-2) энергия аудиторларының және сарапшылардың тізілімін жүргізеді;
      13-3) энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      13-4) Біліктілік комиссиясын құрады;
      13-5) Біліктілік комиссиясының қызмет тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      14) тармақша алып тасталсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;»;
      18) тармақша алып тасталсын;
      3) 6-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 7-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) энергия аудитiнiң жүргізілуіне, оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) энергия менеджменті жүйесінің құрылуына, енгізілуіне және ұйымдастырылуына;»;
      5) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) энергия менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк мекемелер үшiн 3), 4), 6) және 6-1) тармақшаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi жыл сайын бiрiншi сәуірге дейiнгі мерзімде қағаз және электронды жеткiзгiштерде Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм операторына ұсынады.»;
      6) 10-бап алып тасталсын;
      7) 11-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 13-бапта:
      тақырыбындағы «өндіру,» деген сөз алып тасталсын;
      1-тармақта:
      1)3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сатуға және пайдалануға;»;
      «3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға;
      4) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
      9) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттелетiн қызмет түрлерiне жатады.»;
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;»;
      4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.»;
      «7. Энергия аудитi немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленедi.»;
      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
                бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді
                ведомстводан тыс сараптама

      1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
      2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу:
      1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін;
      2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады.
      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.»;
      11) 16-бапта:
      5-тармақтағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.
      6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға:
      осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
      соңғы үш жылда энергия менеджментін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ұсынылған ұйымдарға;
      энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
      энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
      энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.»;
      12) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) оқу орталықтарын құру;»;
      13) 18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.»;
      14) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      «18-1-бап. Энергия-сервистік шарт

      1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін.
      2. Энергия-сервистік шартта:
      1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;
      2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;
      3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.
      Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
      3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.»;
      15) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;»;
      16) 21-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Энергия-аудиторлық ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға;
      2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға;
      3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия аудитi жөнiндегi барлық қорытындылардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
      5. Оқу орталықтары:
      1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға;
      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға;
      3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені туралы барлық құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам энергосбережения и повышения энергоэффективности

Закон Республики Казахстан от 14 января 2015 года № 279-V ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 18-I, 18-II, ст. 92; Закон Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дальнейшего совершенствования системы государственного управления», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 8 ноября 2014 г.):
      1) в оглавлении:
      заголовки статей 292 и 294 изложить в следующей редакции:
      «Статья 292. Нарушение субъектами Государственного энергетического реестра обязанности по предоставлению информации, вносимой в Государственный энергетический реестр, требования об обязательном ежегодном снижении объема потребления энергетических ресурсов и воды на единицу продукции, площади зданий, строений и сооружений до величин, определенных по итогам энергоаудита»;
      «Статья 294. Нарушение ограничений по продаже и использованию продукции в области энергосбережения и повышения энергоэффективности»;
      заголовок статьи 295 исключить;
      заголовок статьи 296 изложить в следующей редакции:
      «Статья 296. Несоблюдение порядка проведения энергоаудита,
                   порядка деятельности учебных центров,
                   установленных законодательством Республики
                   Казахстан об энергосбережении и повышении
                   энергоэффективности»;
      2) заголовок и абзац первый части первой статьи 292 изложить в следующей редакции:
      «Статья 292. Нарушение субъектами Государственного
                   энергетического реестра обязанности по
                   предоставлению информации, вносимой в
                   Государственный энергетический реестр, требования
                   об обязательном ежегодном снижении объема
                   потребления энергетических ресурсов и воды на
                   единицу продукции, площади зданий, строений и
                   сооружений до величин, определенных по итогам
                   энергоаудита
      1. Нарушение субъектами Государственного энергетического реестра обязанности по предоставлению информации, вносимой в Государственный энергетический реестр, требования об обязательном ежегодном снижении объема потребления энергетических ресурсов и воды на единицу продукции, площади зданий, строений и сооружений до величин, определенных по итогам энергоаудита, в течение пяти лет после прохождения энергоаудита –»;
      3) в статье 294:
      заголовок и абзац первый части первой изложить в следующей редакции:
      «Статья 294. Нарушение ограничений по продаже и использованию
                   продукции в области энергосбережения и повышения
                   энергоэффективности
      1. Продажа и использование электрических ламп накаливания мощностью 25 Вт и выше, которые могут быть использованы в цепях переменного тока в целях освещения, –»;
      абзац первый части третьей изложить в следующей редакции:
      «3. Продажа и (или) использование энергопотребляющих устройств, не содержащих в технической документации и на этикетках информацию о классе и характеристиках энергоэффективности в соответствии с техническим регламентом Таможенного союза, –»;
      4) статью 295 исключить;
      5) заголовок и абзац первый части первой статьи 296 изложить в следующей редакции:
      «Статья 296. Несоблюдение порядка проведения энергоаудита,
                   порядка деятельности учебных центров,
                   установленных законодательством Республики
                   Казахстан об энергосбережении и повышении
                   энергоэффективности
      1. Несоблюдение порядка проведения энергоаудита, порядка деятельности учебных центров, установленных законодательством Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности, –»;
      6) в части первой статьи 690 цифры «295,» исключить.

      2. В Закон Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2012 г., № 3, ст. 20; № 15, ст. 97; 2013 г., № 14, ст. 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 19-I, 19-II, ст. 96):
      1) в статье 1:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      «1) свидетельство об аккредитации – официальный документ, выдаваемый уполномоченным органом в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, удостоверяющий правомочие юридических лиц проводить энергоаудит или переподготовку и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;»;
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) Квалификационная комиссия – орган по аттестации кандидатов в энергоаудиторы и эксперты;»;
      в подпункте 4) слова «Правительством Республики Казахстан» заменить словами «уполномоченным органом в области энергосбережения и повышения энергоэффективности»;
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      «5) субъекты Государственного энергетического реестра – индивидуальные предприниматели и юридические лица, потребляющие энергетические ресурсы в объеме, эквивалентном тысяче пятистам и более тонн условного топлива в год, а также государственные учреждения и субъекты квазигосударственного сектора, потребляющие энергетические ресурсы в объеме, эквивалентном ста и более тонн условного топлива в год;»;
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      «5-1) учебный центр – юридическое лицо, имеющее свидетельство об аккредитации на право осуществлять деятельность в области переподготовки и (или) повышения квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;»;
      подпункт 12) изложить в следующей редакции:
      «12) энергетическая эффективность – потребление энергетических ресурсов на единицу продукции;»;
      дополнить подпунктами 12-1), 12-2) и 12-3) следующего содержания:
      «12-1) энергоаудиторская организация – юридическое лицо, имеющее свидетельство об аккредитации на право проведения энергоаудита;
      12-2) энергоаудитор – физическое лицо, аттестованное Квалификационной комиссией;
      12-3) энергосервисная компания – юридическое лицо, выполняющее за счет собственных и (или) привлеченных средств в рамках энергосервисного договора работы (услуги) в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, в том числе с привлечением подрядных организаций;»;
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      «15) аккредитация в области энергосбережения и повышения энергоэффективности – процедура официального признания уполномоченным органом в области энергосбережения и повышения энергоэффективности правомочий юридических лиц проводить энергоаудит или переподготовку и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;»;
      подпункт 16) исключить;
      дополнить подпунктом 16-1) следующего содержания:
      «16-1) эксперт в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – эксперт) физическое лицо, аттестованное Квалификационной комиссией;»;
      подпункт 18) исключить;
      2) в статье 5:
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      «4) утверждает порядок формирования Государственного энергетического реестра и организует его ведение;»;
      подпункт 6-3) исключить;
      подпункты 6-8), 6-10), 6-11) и 6-13) изложить в следующей редакции:
      «6-8) устанавливает требования по энергоэффективности технологических процессов, оборудования, в том числе электрооборудования;»;
      «6-10) утверждает порядок проведения энергоаудита;
      6-11) утверждает требования по энергосбережению и повышению энергоэффективности, предъявляемые к проектным (проектно-сметным) документациям зданий, строений, сооружений;»;
      «6-13) определяет порядок деятельности учебных центров;»;
      дополнить подпунктами 13-1), 13-2), 13-3), 13-4) и 13-5) следующего содержания:
      «13-1) разрабатывает и утверждает квалификационные требования к учебным центрам, энергоаудиторам и экспертам;
      13-2) ведет реестр энергоаудиторов и экспертов;
      13-3) разрабатывает и утверждает порядок проведения аттестации кандидатов в энергоаудиторы и эксперты;
      13-4) создает Квалификационную комиссию;
      13-5) разрабатывает и утверждает порядок деятельности Квалификационной комиссии;»;
      подпункт 14) исключить;
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      «15) формирует реестр учебных центров;»;
      дополнить подпунктами 15-1) и 15-2) следующего содержания:
      «15-1) разрабатывает и утверждает учебные программы и планы по согласованию с уполномоченным органом в области образования;
      15-2) устанавливает требования по энергоэффективности строительных материалов, изделий и конструкций;»;
      подпункт 16) изложить в следующей редакции:
      «16) осуществляет мониторинг за реализацией государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, проводит анализ представляемых отчетов центральными уполномоченными органами по форме и в сроки, установленные уполномоченным органом;»;
      дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:
      «17-1) утверждает типовые формы энергосервисного договора;»;
      подпункт 18) исключить;
      3) в пункте 1 статьи 6 слова «Правительством Республики Казахстан» заменить словами «уполномоченным органом»;
      4) в пункте 1 статьи 7:
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      «4) проведением энергоаудита, соблюдением требований, предъявляемых к учебным центрам;»;
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      «4-1) созданием, внедрением и организацией системы энергоменеджмента;»;
      5) в статье 9:
      пункт 1 дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:
      «6-1) копию сертификата соответствия системы энергоменеджмента требованиям национального или международного стандарта;»;
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Информация, указанная в пункте 1 настоящей статьи, предоставляется субъектами Государственного энергетического реестра, за исключением подпунктов 3), 4), 6) и 6-1) для государственных учреждений, оператору Государственного энергетического реестра на бумажном и электронном носителях ежегодно в срок до первого апреля.»;
      6) статью 10 исключить;
      7) в части первой пункта 5 статьи 11 слова «Правительством Республики Казахстан» заменить словами «уполномоченным органом»;
      8) в статье 13:
      в заголовке слово «производству,» исключить;
      в пункте 1:
      подпункты 1)3) и 4) изложить в следующей редакции:
      «1) продажа и использование электрических ламп накаливания мощностью 25 Вт и выше, которые могут быть использованы в цепях переменного тока в целях освещения;»;
      «3) продажа и использование технологий и материалов, не соответствующих требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности, в строящихся (реконструируемых, капитально ремонтируемых) зданиях, строениях, сооружениях;
      4) продажа и (или) использование электрических энергопотребляющих устройств, не содержащих информацию о классе и характеристиках их энергоэффективности согласно техническому регламенту Таможенного союза;»;
      дополнить частью второй следующего содержания:
      «Ограничения, предусмотренные настоящим пунктом, не распространяются на физических лиц.»;
      9) в статье 14:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Проведение энергоаудита или переподготовки и (или) повышения квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, относится к аккредитуемым видам деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.»;
      в пункте 2 слова «Правительством Республики Казахстан» заменить словами «уполномоченным органом»;
      подпункт 2) части пятой пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «2) несоответствие предоставленной информации требованиям, предъявляемым для осуществления заявленного вида деятельности;»;
      пункты 4 и 7 изложить в следующей редакции:
      «4. Свидетельство об аккредитации, выданное уполномоченным органом, действительно на всей территории Республики Казахстан.»;
      «7. Требования, предъявляемые к юридическим лицам для осуществления деятельности в области энергоаудита или переподготовки и (или) повышения квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, устанавливаются законодательством Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности.»;
      10) статью 15 изложить в следующей редакции:
      «Статья 15. Комплексная вневедомственная экспертиза проектов
                  строительства в части энергосбережения и повышения
                  энергоэффективности
      1. Комплексная вневедомственная экспертиза проектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), предназначенных для строительства новых объектов или изменения (расширения, модернизации, технического перевооружения, реконструкции, капитального ремонта) существующих объектов (зданий, сооружений и их комплексов, коммуникаций), проводится в соответствии с законодательством об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
      2. Проведение комплексной вневедомственной экспертизы проектов в части энергосбережения и повышения энергоэффективности является обязательной:
      1) для объектов, проектное потребление энергетических ресурсов которых превышает эквивалентный показатель в пятьсот тонн условного топлива в год;
      2) по проектам строительства уникальных объектов, не обеспеченных наличием действующих государственных или межгосударственных нормативов и разработанных по заменяющим их специальным техническим условиям (особым нормам).
      3. Если по указанным в пунктах 1 и 2 настоящей статьи проектам в течение трех лет после проведения комплексной вневедомственной экспертизы и их утверждения не начато строительство (расширение, модернизация, техническое перевооружение, реконструкция, капитальный ремонт) объектов (зданий, сооружений и их комплексов, коммуникаций), то эти проекты до реализации подлежат приведению в соответствие с действующими на этот момент государственными (межгосударственными) нормативами и используются для реализации только после проведения новой комплексной вневедомственной экспертизы.»;
      11) в статье 16:
      в пункте 5 слово «трех» заменить словом «четырех»;
      дополнить пунктами 5-1 и 6 следующего содержания:
      «5-1. Субъекты агропромышленного комплекса, осуществляющие производство, заготовку, хранение, транспортировку, переработку и реализацию продукции сельского, рыбного хозяйства, за исключением государственных учреждений, расположенных в сельской местности, обязаны в течение шести лет со дня введения в действие настоящего Закона получить заключение по результатам проведения энергоаудита.
      6. Энергоаудиторским организациям запрещается проведение энергоаудита:
      заказчиков, чьим участником, кредитором являются данная энергоаудиторская организация или ее работники, осуществляющие данный энергоаудит (энергоаудиторы);
      организаций, которым за последние три года были предоставлены работы (услуги) по созданию, внедрению и организации системы энергоменеджмента;
      работники, осуществляющие энергоаудит (энергоаудиторы), которых состоят в трудовых отношениях с аудируемым субъектом или являются близкими родственниками (родителями, детьми, усыновителями (удочерителями), усыновленными (удочеренными), полнородными и неполнородными братьями и сестрами, дедушками, бабушками, внуками) или супругом (супругой), или свойственниками должностных лиц аудируемого субъекта, а также акционера (участника), владеющего десятью и более процентами акций (или долями участия в уставном капитале) аудируемого субъекта;
      работники, осуществляющие энергоаудит (энергоаудиторы), которых имеют личные имущественные интересы в аудируемом субъекте;
      если у них имеются денежные обязательства перед аудируемым субъектом или у аудируемого субъекта перед ними, за исключением обязательств по проведению энергоаудита.»;
      12) подпункт 6) статьи 17 изложить в следующей редакции:
      «6) создание учебных центров;»;
      13) часть вторую пункта 2 статьи 18 изложить в следующей редакции:
      «Предметом Соглашения является принятие субъектом Государственного энергетического реестра обязательств по снижению им удельного энергопотребления на единицу продукции в объеме не менее чем на пятнадцать процентов в течение пяти лет за счет выполнения плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности. Соглашение заключается на срок не менее пяти лет.»;
      14) дополнить статьей 18-1 следующего содержания:
      «Статья 18-1. Энергосервисный договор
      1. В целях энергосбережения и повышения энергоэффективности используемых энергетических ресурсов физическими и юридическими лицами могут заключаться энергосервисные договоры с энергосервисными компаниями.
      2. Энергосервисный договор должен содержать условия:
      1) о величине экономии энергетических ресурсов, которая должна быть обеспечена энергосервисной компанией в результате исполнения энергосервисного договора;
      2) о сроке действия энергосервисного договора, который должен быть не менее чем срок, необходимый для достижения установленной энергосервисным договором величины экономии энергетических ресурсов;
      3) об оплате работ за счет средств, получаемых от ежегодной экономии используемых энергоресурсов.
      Цена по энергосервисному договору должна определяться исходя из достигнутых либо запланированных к достижению в результате реализации энергосервисного договора показателей, в том числе исходя из стоимости сэкономленных энергетических ресурсов или из экономии энергетических ресурсов, образующихся за счет снижения удельного энергопотребления на единицу продукции.
      3. Энергосервисный договор может содержать условие об обязанности энергосервисной компании обеспечивать при исполнении энергосервисного договора согласованных сторонами режима, условий потребления (использования) энергетических ресурсов (включая температурный режим, уровень освещенности, другие характеристики, соответствующие требованиям в области организации труда, содержания зданий, строений, сооружений), режима, условий производства, передачи энергетических ресурсов и иных согласованных условий.»;
      15) подпункт 1) пункта 1 статьи 20 изложить в следующей редакции:
      «1) запрашивать и получать информацию, необходимую для формирования и ведения Государственного энергетического реестра, от субъектов Государственного энергетического реестра и юридических лиц, имеющих свидетельство об аккредитации, а также от энергосервисных компаний;»;
      16) в статье 21:
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «1-1. Индивидуальные предприниматели и юридические лица вправе заключать энергосервисные договоры с энергосервисными компаниями.»;
      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:
      «4. Энергоаудиторские организации обязаны:
      1) соблюдать порядок проведения энергоаудита, установленный законодательством Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности;
      2) своевременно исполнять предписания уполномоченного органа по устранению допущенных нарушений при проведении энергоаудита;
      3) по итогам полугодия не позднее 15 июля и 15 января направлять в уполномоченный орган копии всех выданных за отчетный период заключений по энергоаудиту.
      5. Учебные центры обязаны:
      1) соблюдать порядок деятельности учебных центров, установленный законодательством Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности;
      2) своевременно исполнять предписания уполномоченного органа по устранению допущенных нарушений при проведении переподготовки и (или) повышения квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      3) по итогам полугодия не позднее 15 июля и 15 января направлять в уполномоченный орган копии всех выданных за отчетный период документов о прохождении переподготовки и (или) повышения квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ