Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 17 шілдедегі № 333-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар):
      1) 261-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «тегін алынып», «тегін алынса» деген сөздер тиісінше «өтеулі түрде алынып», «өтеусіз түрде алынса» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 267-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Аталған құжаттарды шығару», «залал», «толық көлемінде өтелуге тиіс» деген сөздер тиісінше «Көрсетілген актілерді басып шығару», «залалдар осы Кодекстің 922-бабы 1-тармағының қағидаларына сәйкес», «толық көлемде өтеуіне жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 317-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
      1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;
      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу өте болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.»;
      4) 321-баптың 2-тармағының 3-тармақшасындағы «ережелерді», «бұзған жағдайда кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуға құқылы.» деген сөздер тиісінше «қағидаларды», «бұзған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған (осы Кодекстің 317, 720 және 722-баптары, «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы) жағдайда кепiл нысанасына өндiрiп алуды қолдануға құқылы.».
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар):
      722-баптың 3 және 4-тармақтары «талап етуге» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану арқылы өздерінің талаптарын қанағаттандыруға (осы Кодекстің 321-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы)» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      34-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесімен, атап айтқанда қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны белгіленеді.
      Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынамада қарыздың жалпы сомасы мен валютасы, қарыз мерзімі, қарыз бойынша төлемдер саны, сыйақы мөлшерлемесінің түрі (тіркелген немесе құбылмалы), жылдық пайыздардағы және анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, қарыз бойынша өтеуге қатысты жалпы сома, сыйақының қорытынды сомасы, негізгі борыш уақтылы өтелмегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мен сыйақы мөлшері, сақтандыру шарттарын ұзарту мерзімі, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері қамтылады.
      Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынамаға банктік қарыз шартының әрбір тарапы қол қояды, банк мөрімен бекемделеді және банктік қарыз шартына қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің талаптары бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарызға, кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасы бойынша берілген қарызға, овердрафт кредитіне қолданылмайды.».
      4. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері
      1. Борышкер өзі жауап беретін, ипотекамен қамтамасыз етiлген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алу қолданылуы мүмкін.
      2. Кепiл ұстаушы өз талаптарын:
      1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;
      2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында не ипотека шартында немесе тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы сот тәртiбінен тыс өткiзу;
      3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлмеді деп жарияланған жағдайда, кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыру арқылы қанағаттандыруға құқылы.».
      5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
      2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы-банк 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым депозиторларға – жеке тұлғаларға кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтемақыны депозит бойынша есебіне жазылған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бірақ бес миллион теңгеден аспайтын сомада төлейдi.».
      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында кепілдік берілген өтемақыны төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттің (не банк-агентті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық пошта операторының) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемақы төлеудің басталғаны туралы, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не кепілдік берілген өтемақы төлеуді бастау мерзімінің кейінге қалдырылғаны туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жариялауға міндетті.
      3. Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-банктің депозиторы кепілдік берілген өтемақы төлеудің басталғаны туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай ішінде банк-агентке өзіне кепілдік берілген өтемақыны төлеу туралы талаппен жүгінеді және:
      1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындаған нысан бойынша жазбаша өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) мұрагер жүгінген жағдайда – өзінің мұраға құқығын немесе мұра берушінің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттарды;
      4) депозитордың (мұрагердің) өкілі жүгінген жағдайда – нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
      Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-банкке депозитордың талап ету құқықтары расталған кезде банк-агент депозитор банк-агентке жүгінген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік берілген өтемақыны төлейді.
      4. Осы Заңмен реттелмеген мәселелер «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам усиления защиты права собственности, гарантирования защиты договорных обязательств и ужесточения ответственности за их нарушение

Закон Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 333-V ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 23-24 (приложение); 1995 г., № 15-16, ст. 109; № 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 187; № 14, ст. 274; № 19, ст. 370; 1997 г., № 1-2, ст. 8; № 5, ст. 55; № 12, ст. 183, 184; № 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., № 2-3, ст. 23; № 5-6, ст. 50; № 11-12, ст. 178; № 17-18, ст. 224, 225; № 23, ст. 429; 1999 г., № 20, ст. 727, 731; № 23, ст. 916; 2000 г., № 18, ст. 336; № 22, ст. 408; 2001 г., № 1, ст. 7; № 8, ст. 52; № 17-18, ст. 240; № 24, ст. 338; 2002 г., № 2, ст. 17; № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 11, ст. 56, 57, 66; № 15, ст. 139; № 19-20, ст. 146; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 56; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 10, ст. 31; № 14, ст. 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 4; № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20, 21; № 4, ст. 28; № 16, ст. 131; № 18, ст. 143; № 20, ст. 153; 2008 г., № 12, ст. 52; № 13-14, ст. 58; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114, 115; 2009 г., № 2-3, ст. 7, 16, 18; № 8, ст. 44; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; № 24, ст. 125, 134; 2010 г., № 1-2, ст. 2; № 7, ст. 28; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112; 2011 г., № 2, ст. 21, 28; № 3, ст. 32; № 4, ст. 37; № 5, ст. 43; № 6, ст. 50; № 16, ст. 129; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 13, 15; № 6, ст. 43; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 11, ст. 80; № 20, ст. 121; № 21-22, ст. 124; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 7, ст. 36; № 10-11, ст. 56; № 14, ст. 72; № 15, ст. 76; 2014 г., № 4-5, ст. 24; № 10, ст. 52; № 11, ст. 61, 63; № 14, ст. 84; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143; 2015 г., № 7, ст. 34, № 8, ст. 42, 45):
      1) внесены изменения в текст статьи 261 на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) часть вторую пункта 2 статьи 267 дополнить словами «в соответствии с правилами пункта 1 статьи 922 настоящего Кодекса»;
      3) пункт 2 статьи 317 дополнить частью второй следующего содержания:
      «Нарушение обеспеченного залогом обязательства является крайне незначительным и размер требований залогодержателя явно несоразмерным стоимости заложенного имущества при одновременном наличии следующих условий:
      1) сумма неисполненного обязательства (без учета неустойки (штрафа, пени) составляет менее десяти процентов от стоимости заложенного имущества, определенной сторонами в договоре о залоге;
      2) период просрочки исполнения обязательства, обеспеченного залогом, составляет менее трех месяцев.»;
      4) пункт 2 статьи 321 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) нарушения залогодателем обязательства, обеспеченного залогом (статьи 317720 и 722 настоящего Кодекса, статья 20 Закона Республики Казахстан от 23 декабря 1995 года «Об ипотеке недвижимого имущества»).».

      2. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 16-17, ст. 642; № 23, ст. 929; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 10, ст. 244; № 22, ст. 408; 2001 г., № 23, ст. 309; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 7; № 4, ст. 25; № 11, ст. 56; № 14, ст. 103; № 15, ст. 138, 139; 2004 г., № 3-4, ст. 16; № 5, ст. 25; № 6, ст. 42; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 21-22, ст. 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 4, ст. 24, 25; № 8, ст. 45; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 3, ст. 21; № 4, ст. 28; № 5-6, ст. 37; № 8, ст. 52; № 9, ст. 67; № 12, ст. 88; 2009 г., № 2-3, ст. 16; № 9-10, ст. 48; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; № 24, ст. 134; 2010 г., № 3-4, ст. 12; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112; 2011 г., № 3, ст. 32; № 5, ст. 43; № 6, ст. 50, 53; № 16, ст. 129; № 24, ст. 196; 2012 г., № 2, ст. 13, 14, 15; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 12, ст. 85; № 13, ст. 91; № 14, ст. 92; № 20, ст. 121; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 4, ст. 21; № 10-11, ст. 56; № 15, ст. 82; 2014 г., № 1, ст. 9; № 4-5, ст. 24; № 11, ст. 61, 69; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143; 2015 г., № 7, ст. 34, № 8, ст. 42, 45):
      пункты 3 и 4 статьи 722 дополнить словами «, а также удовлетворить свои требования путем обращения взыскания на заложенное имущество (подпункт 4) пункта 2 статьи 321 настоящего Кодекса)».

      3. В Закон Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 15-16, ст. 106; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 184; № 15, ст. 281; № 19, ст. 370; 1997 г., № 5, ст. 58; № 13-14, ст. 205; № 22, ст. 333; 1998 г., № 11-12, ст. 176; № 17-18, ст. 224; 1999 г., № 20, ст. 727; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 22, ст. 408; 2001 г., № 8, ст. 52; № 9, ст. 86; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 5, ст. 31; № 10, ст. 51; № 11, ст. 56, 67; № 15, ст. 138, 139; 2004 г., № 11-12, ст. 66; № 15, ст. 86; № 16, ст. 91; № 23, ст. 140; 2005 г., № 7-8, ст. 24; № 14, ст. 55, 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 11, ст. 55; № 16, ст. 99; 2007 г., № 2, ст. 18; № 4, ст. 28, 33; 2008 г., № 17-18, ст. 72; № 20, ст. 88; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18, 21; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88; № 24, ст. 134; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28; № 17-18, ст. 111; 2011 г., № 3, ст. 32; № 5, ст. 43; № 6, ст. 50; № 12, ст. 111; № 13, ст. 116; № 14, ст. 117; № 24, ст. 196; 2012 г., № 2, ст. 15; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 13, ст. 91; № 20, ст. 121; № 21-22, ст. 124; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 10-11, ст. 56; № 15, ст. 76; 2014 г., № 1, ст. 9; № 4-5, ст. 24; № 6, ст. 27; № 10, ст. 52; № 11, ст. 61; № 12, ст. 82; № 19-I, 19-II ст. 94, 96; № 21, ст. 122; № 22, ст. 131; № 23, ст. 143; 2015 г., № 8, ст. 45):
      в статье 34:
      пункт 2 дополнить частями второй, третьей и четвертой следующего содержания:
      «Перечнем обязательных условий договора банковского займа устанавливается в том числе форма памятки для заемщика – физического лица.
      Памятка для заемщика – физического лица содержит общую сумму и валюту займа, срок займа, количество платежей по займу, вид ставки вознаграждения (фиксированная или плавающая), размер ставки вознаграждения в годовых процентах и в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении, общую сумму к погашению по займу, итоговую сумму вознаграждения, размер неустойки (штрафа, пени) за несвоевременное погашение основного долга и вознаграждения, срок пролонгации договоров страхования, иные виды штрафов, пени согласно условиям договора банковского займа.
      Памятка для заемщика – физического лица подписывается каждой стороной договора банковского займа, скрепляется печатью банка и прилагается к договору банковского займа.»;
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      «2-1. Требования частей второй, третьей и четвертой пункта 2 настоящей статьи не распространяются на заем, выданный на срок не более одного месяца, заем, выданный в рамках кредитной линии по платежной карточке, кредит овердрафт.».

      4. В Закон Республики Казахстан от 23 декабря 1995 года «Об ипотеке недвижимого имущества» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 165; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 13-14, ст. 205; 2000 г., № 18, ст. 336; 2003 г., № 11, ст. 67; 2005 г., № 23, ст. 104; 2007 г., № 2, ст. 18; № 4, ст. 28; № 18, ст. 143; 2011 г., № 3, ст. 32; № 6, ст. 50; № 11, ст. 102; 2012 г., № 13, ст. 91; № 20, ст. 121; 2013 г., № 14, ст. 72; 2014 г., № 11, ст. 61; 2015 г., № 8, ст. 45):
      статью 20 изложить в следующей редакции:
      «Статья 20. Основание и способы реализации ипотеки
      1. Взыскание на заложенное имущество для удовлетворения требований залогодержателя может быть обращено в случае неисполнения должником обеспеченного ипотекой обязательства, за которое он отвечает.
      2. Залогодержатель вправе удовлетворить свои требования путем:
      1) реализации ипотеки в судебном порядке;
      2) реализации ипотеки во внесудебном порядке, если это предусмотрено законами Республики Казахстан либо в ипотечном договоре или последующем соглашении сторон;
      3) обращения в свою собственность заложенного имущества в случае объявления торгов несостоявшимися согласно статье 32 настоящего Закона.».

      5. В Закон Республики Казахстан от 23 октября 2008 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам устойчивости финансовой системы» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 17-18, ст. 72):
      пункт 4 статьи 2 изложить в следующей редакции:
      «4. В случае принудительной ликвидации банка-участника системы обязательного гарантирования депозитов в период с 1 января 2007 года до 1 января 2012 года организация, осуществляющая обязательное гарантирование депозитов, выплачивает депозиторам – физическим лицам гарантийное возмещение по гарантируемым депозитам в сумме остатка по депозиту без начисленного по депозиту вознаграждения, но не более пяти миллионов тенге.».
      Статья 2.
      1. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      2. Организация, осуществляющая обязательное гарантирование депозитов, в течение четырнадцати рабочих дней со дня введения в действие настоящего Закона обязана опубликовать в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, на казахском и русском языках информацию о начале выплаты гаранного возмещения с указанием наименования банка-агента (либо Национального оператора почты в случае невозможности выбора банка-агента), осуществляющего выплату гарантийного возмещения, периоде и месте (местах) выплаты либо об отсрочке начала выплаты гарантийного возмещения.
      3. Депозитор принудительно ликвидируемого банка-участника в течение шести месяцев со дня выхода объявления о начале выплаты гарантийного возмещения обращается в банк-агент с требованием о выплате ему гарантийного возмещения и представляет:
      1) письменное заявление по форме, определенной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов;
      2) документ, удостоверяющий его личность;
      3) в случае обращения наследника – документы, подтверждающие его право на наследство или право использования денег наследодателя;
      4) в случае обращения представителя депозитора (наследника) – нотариально удостоверенную доверенность.
      При подтверждении прав требования депозитора к принудительно ликвидируемому банку-участнику банк-агент выплачивает гарантийное возмещение не позднее пяти рабочих дней со дня обращения депозитора к банку-агенту.
      4. Вопросы, не урегулированные настоящим Законом, регулируются Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан».

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ