"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 31 шілдедегі № 341-V ҚРЗ

      1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 35-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.
      Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға – он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.
      Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
      Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.
      Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.»;
      2) 35-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.».
     Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-бап. Осы Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменения и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан"

Конституционный закон Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 341-V ЗРК

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Закона см. ст.2

      Статья 1. Внести в Конституционный закон Республики Казахстан от 25 декабря 2000 года «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000 г., № 23, ст. 410; 2006 г., № 23, ст. 136; 2008 г., № 20, ст. 77; 2010 г., № 24, ст. 147; 2012 г., № 5, ст. 38; 2014 г., № 16, ст. 89; № 21, ст. 119) следующие изменение и дополнение:
      1) статью 35 дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      «2-1. Судье, пребывающему в отставке, в том числе вышедшему в отставку до 1 января 2016 года, имеющему стаж судейской работы не менее пятнадцати лет, достигшему пенсионного возраста, установленного Законом Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», выплачивается необлагаемое налогом ежемесячное пожизненное содержание в размере пятидесяти процентов от должностного оклада по последней занимаемой должности судьи, кроме случаев приостановления или прекращения отставки.
      За каждый год стажа судейской работы свыше двадцати лет, а для судей, вышедших в отставку до 1 января 2016 года, – за каждый год стажа судейской работы свыше пятнадцати лет размер ежемесячного пожизненного содержания судьи, пребывающего в отставке, увеличивается на один процент от должностного оклада по последней занимаемой должности судьи.
      Максимальный размер ежемесячного пожизненного содержания судьи, пребывающего в отставке, не должен превышать шестьдесят пять процентов от должностного оклада по последней занимаемой должности судьи и стодевятикратный месячный расчетный показатель, установленный законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      Размер ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке, исчисляется по последней занимаемой должности согласно системе оплаты труда для судей, действующей на дату обращения за выплатой указанного содержания.
      При повышении в установленном законодательными актами Республики Казахстан порядке размера оплаты труда судей соответственно производится перерасчет ежемесячного пожизненного содержания.
      Порядок выплаты ежемесячного пожизненного содержания судье, пребывающему в отставке, определяется Правительством Республики Казахстан.
      Судья, пребывающий в отставке, имеет право на получение пенсионных выплат за счет пенсионных накоплений, сформированных на его индивидуальном пенсионном счете.»;
      2) пункт 2 статьи 35-1 изложить в следующей редакции:
      «2. При освобождении судьи от должности по отрицательным мотивам дополнительные обязательные пенсионные взносы, перечисленные за счет бюджетных средств до 1 января 2016 года, изымаются в республиканский бюджет.».
      Сноска. Статья 1 с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 04.12.2015 № 437-V (вводится в действие с 01.01.2016).
      Статья 2. Настоящий Конституционный закон вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ