Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 389-V ҚРЗ.

      Баспасөз релизі!

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілуі 31.12.2026 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 30.06.2016 № 5-VI Заңымен.

1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 48-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "48-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері";

      2) 24-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке меншік құқығымен беріледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру осы Кодекстің 9 және 48-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, ақылы негізде сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

      3) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:

"48-1-бап. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу ерекшеліктері

      Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу мынадай кезектілікпен:

      1) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы;

      2) жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы ерекше тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінен төмен бағаға сатуға жол берілмейді.";

      8) 49-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      9) алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) 97-бапта:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына:

      шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке;

      ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, бақша шаруашылығы, шалғайдағы мал шаруашылығы, мал жаю мен шөп шабу үшiн жер пайдалануға беріледі.";

      11) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына – жеке меншiк құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылым) үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.";

      12) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осы Кодекстің 48-1-бабы қолданысқа енгізілгенге дейін шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары жер учаскесін не оның бір бөлігін уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншiкке оның кадастрлық (бағалау) құнының елу пайызы мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiктi бағамен, төлеу мерзiмiн он жылға дейін ұзартып сатып алуға құқылы.

      Егер мұндай жер учаскесі олардың иелері шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген жер үлестері есебінен қалыптасқан жағдайда жер учаскесін сатып алу не сатып алу құқығынан бас тарту мәселесі шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың және өндірістік кооперативтер мүшелерінің жалпы жиналысында шешіледі.

      Қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысы уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын болуға тиіс және шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың және өндірістік кооперативтер мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.

      Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, шаруашылық серіктестіктерге қатысушылар және өндірістік кооперативтердің мүшелері қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығуға құқылы. Бұл ретте шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооператив Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін бөліп шығаруға не оның құнын төлеуге міндетті.

      Үлес немесе пай есебіне нақтылы бөлiп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылық серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.

      Егер уақытша жер пайдаланушы жер учаскесін не оның бір бөлігін сатып алу құқығын жалдау мерзімі аяқталғанға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен іске асырмаса, оның жер учаскесіне не оның бір бөлігіне жер пайдалану құқығы тоқтатылады және жер учаскесі не оның бір бөлігі одан әрі сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін мемлекет меншігіне қайтарылады.

      Шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн төлеу мерзімін ұзартып не жеңілдікті бағамен жер учаскесін бұрын сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының кемінде елу пайызын төлеген кезде ол үшін қосымша төлем алмастан, осындай жер учаскесінің меншік иелері болады.

      Осы баптың сегізінші бөлігінің ережелері жеңілдікті бағаны 2016 жылғы 1 шілдеге дейін толық төлеу шартымен шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн жер учаскесін бұрын жеңілдікті бағамен төлеу мерзімін ұзартып сатып алған адамдарға да қолданылады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап.Осы Заң 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года № 389-V ЗРК.

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2016.
      Примечание РЦПИ!
      Действие настоящего Закона приостановлено до 31.12.2026 в соответствии с Законом РК от 30.06.2016 № 5-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Статья 1. Внести в Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 13, ст. 99; 2005 г., № 9, ст. 26; 2006 г., № 1, ст. 5; № 3, ст. 22; № 11, ст. 55; № 12, ст. 79, 83; № 16, ст. 97; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 18; № 14, ст. 105; № 15, ст. 106, 109; № 16, ст. 129; № 17, ст. 139; № 18, ст. 143; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 15-16, ст. 64; № 21, ст. 95; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 18; № 13-14, ст. 62; № 15-16, ст. 76; № 17, ст. 79; № 18, ст. 84, 86; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2; № 5, ст. 43; № 6, ст. 49, 50; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 114; № 15, ст. 120; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 9, 11; № 3, ст. 27; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35; № 8, ст. 64; № 11, ст. 80; № 14, ст. 95; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 1, ст. 3; № 9, ст. 51; № 14, ст. 72, 75; № 15, ст. 77, 79, 81; 2014 г., № 2, ст. 10; № 8, ст. 44; № 11, ст. 63, 64; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84; № 19-І, 19-ІІ, ст. 96; № 21, ст. 118, 122; № 23, ст. 143; № 24, ст. 145; 2015 г., № 8, ст. 42; № 11, ст. 57) следующие изменения и дополнения:

      1) оглавление дополнить заголовком статьи 48-1 следующего содержания:

      "Статья 48-1. Особенности приобретения прав на земельные участки сельскохозяйственного назначения, которые находятся в государственной собственности, на торгах (аукционах)";

      2) в статье 24:

      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Земельные участки сельскохозяйственного назначения, находящиеся в государственной собственности, предоставляются гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия на праве частной собственности в порядке и на условиях, установленных настоящим Кодексом.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Предоставление права частной собственности на земельный участок сельскохозяйственного назначения осуществляется на платной основе на торгах (аукционах) с учетом положений, установленных статьями 9 и 48 настоящего Кодекса.";

      3) Исключен Законом РК от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).
      4) Исключен Законом РК от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).
      5) Исключен Законом РК от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).
      6) Исключен Законом РК от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).

      7) дополнить статьей 48-1 следующего содержания:

      "Статья 48-1. Особенности приобретения прав на земельные участки сельскохозяйственного назначения, которые находятся в государственной собственности, на торгах (аукционах)

      Приобретение прав на земельные участки сельскохозяйственного назначения, которые находятся в государственной собственности и не предоставлены в землепользование, осуществляется в особенном порядке в следующей последовательности:

      1) через аукционную форму торгов с условием повышения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка;

      2) через аукционную форму торгов с условием понижения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка при невозможности его реализации по итогам проведения не менее двух аукционов с условием повышения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка.

      При этом не допускается продажа земельного участка по цене ниже размера пятидесяти процентов от его кадастровой (оценочной) стоимости.";

      8) часть вторую пункта 4 статьи 49 исключить;

      9) Исключен Законом РК от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).

      10) в статье 97:

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия:

      в частную собственность для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, товарного сельскохозяйственного производства, лесоразведения, ведения подсобного сельского хозяйства;

      в землепользование для научно-исследовательских, опытных и учебных целей, огородничества, отгонного животноводства, выпаса скота и сенокошения;";

      11) часть первую пункта 1 статьи 101 изложить в следующей редакции:

      "1. Для ведения крестьянского или фермерского хозяйства земельные участки предоставляются гражданам Республики Казахстан на праве частной собственности, а для ведения отгонного животноводства (сезонные пастбища) гражданам Республики Казахстан – на праве временного безвозмездного землепользования в соответствии с настоящим Кодексом.";

      12) статью 171 дополнить частями второй, третьей, четвертой, пятой, шестой, седьмой, восьмой и девятой следующего содержания:

      "Граждане и негосударственные юридические лица Республики Казахстан, которым до введения в действие статьи 48-1 настоящего Кодекса земельный участок сельскохозяйственного назначения предоставлен на праве временного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства и товарного сельскохозяйственного производства, вправе до окончания срока временного землепользования (аренды) выкупить земельный участок либо его часть в частную собственность по льготной цене, определяемой в размере пятидесяти процентов от его кадастровой (оценочной) стоимости, с рассрочкой до десяти лет.

      В случае, если такой земельный участок сформирован за счет земельных долей, переданных их обладателями в уставный капитал хозяйственных товариществ в качестве вклада или в производственные кооперативы в качестве взноса, вопрос выкупа земельного участка либо отказа от права выкупа решается общим собранием участников хозяйственных товариществ и членов производственных кооперативов.

      Общее собрание участников (членов) должно состояться не менее чем за год до окончания срока временного землепользования (аренды) и считается правомочным при участии не менее двух третей от общего количества участников хозяйственных товариществ и членов производственных кооперативов. В случае недостижения согласия по выкупу земельного участка в частную собственность участники хозяйственных товариществ и члены производственных кооперативов вправе выйти из состава участников (членов). При этом хозяйственное товарищество или производственный кооператив обязаны выделить земельный участок либо выплатить его стоимость в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Местоположение выделяемого в натуре земельного участка в счет доли или пая определяется в порядке, предусмотренном учредительными документами хозяйственных товариществ, производственных кооперативов или соглашением сторон.

      Если временный землепользователь не реализует право выкупа на земельный участок либо его часть до окончания срока аренды в порядке, предусмотренном настоящим Кодексом, его право землепользования на земельный участок либо его часть прекращается и земельный участок либо его часть для последующей продажи на торгах (аукционах) возвращается в государственную собственность.

      Граждане и негосударственные юридические лица Республики Казахстан, которые ранее приобрели земельный участок для ведения крестьянского или фермерского хозяйства и товарного сельскохозяйственного производства в рассрочку либо по льготной цене, становятся собственниками такого земельного участка без взимания дополнительной платы за земельный участок при условии оплаты не менее пятидесяти процентов от его кадастровой (оценочной) стоимости до 1 июля 2016 года.

      Положения части восьмой настоящей статьи распространяются также и на лиц, ранее приобретших земельный участок для ведения крестьянского или фермерского хозяйства и товарного сельскохозяйственного производства по льготной цене в рассрочку, при условии полной оплаты льготной цены до 1 июля 2016 года.".

      Сноска. Статья 1 с изменениями, внесенными законами РК от 13.05.2021 № 39-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30 июня 2021 года № 59-VII (вводится в действие с 01.01.2022).

Статья 2.Настоящий Закон вводится в действие с 1 июля 2016 года.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ