РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 68-2-тараудың, 476-5, 476-6, 476-7 және 476-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
476-5-бап. Жалпы ережелер
476-6-бап. Алым төлеушілер
476-7-бап. Алым мөлшерлемелері
476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі";
2) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар;";
3) мынадай мазмұндағы 68-2-тараумен толықтырылсын:
"68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым
1. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым (бұдан әрі – алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту (бұдан әрі – рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, рұқсатты алған және ұзартқан жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алатын немесе ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.
476-7-бап. Алым мөлшерлемелері
Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында рұқсат алынғанға немесе ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Алым төлеген тұлғалар рұқсатты алудан немесе ұзартудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды оларды төлеген жердегі салық органы рұқсаттарды беруден және (немесе) ұзартудан бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген құжатты алымды төлеуші ұсынғаннан кейін оның салықтық өтініші бойынша осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.".
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 517-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –";
2) 519-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –".
3. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.";
2) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен)Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар;
2) тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.";
3) 17-бапта:
бірінші бөлікте:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;";
11) тармақша "қабылдау" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі екінші сөйлем алып тасталсын;
4) 18-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 18-1-бап алып тасталсын;
6) 21-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі
Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.";
8) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оның келісуінің қажеттілігі
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда, сондай-ақ асырап алған немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіппен баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.";
9) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.";
10) 33-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішке өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.";
11) 35-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.";
12) 38-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты және (немесе) басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі және уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.".
4. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
1) 4-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер соттың үкімі күшіне енгенге дейін немесе уәкілетті органдар өзге процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға және олар тіркеу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.";
2) 9-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады.";
екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының заң актілерінде" деген сөздер "Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктерге көшi-қон карточкалары берiледi. Көші-қон карточкаларының нысанын және оларды беру қағидаларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітеді.".
5. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 67-баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға да беріледі.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға тұрғынжай берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғынжайының болмауы болып табылады.";
2) 109-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.";
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.";
3) 110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.".
6. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
"10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;".
7. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
мынадай мазмұндағы 2-1), 15-2), 17-1) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;";
"15-2) кәсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені;";
"17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;";
"19-1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;";
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"22-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
"23-1) "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын немесе өз бетінше келетін шетелдік жұмыскерлерді тіркеуге, оларға рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;";
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;";
2) 2-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және қызметтер көрсетумен (өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді;";
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
3) 4-баптың 2-тармағында:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) орталық атқарушы орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға бағытталады.";
4) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы "жиырма бip" деген сөздер "жиырма тоғыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "жиырма үш" деген сөздер "жиырма тоғыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;";
6) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-12), 9-13), 9-14), 9-15) және 9-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-12) мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
9-13) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, тоқтату, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлеуге және бекітуге;
9-14) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптер тізбесін әзірлеуге және бекітуге;
9-15) мүгедектің жұмыс орны стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлеуге;";
7) 7-баптың 5-1) және 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;";
8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1. Уәкiлеттi орган:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті.
2. Уәкiлеттi органның:
1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын әртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;
3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.";
9) 9-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы "сақтандыру арқылы қатысады." деген сөздер "сақтандыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-1) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;";
"8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.";
тармақтың мәтіні бойынша "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздер тиісінше "халықты жұмыспен қамту орталығына", "халықты жұмыспен қамту орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "жол бермеуге міндетті." деген сөздер "жол бермеуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.";
10) 10-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы "жасасуға мiндеттi." деген сөздер "жасасуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.";
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi өткеннен кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамту жеке агенттігі кепiлдiк берген кезде ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілді жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.";
11) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:";
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
оныншы абзацтағы "табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды." деген сөздер "табылатын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына шаққандағы пайыздық қатынаспен белгіленеді, бұл:
1) экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны;
2) еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың болуын негізге ала отырып, елдер бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны;
3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны қамтиды.
1-3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын және мемлкеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.";
2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық атқарушы орган:
1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледі;
2) "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында, еңбек қызметін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді және (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушілер тартатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжiрибесi (өтілі) кәсіби стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнің бірыңғай тарифтік-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.";
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге құжаттар ұсынылған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген алым төленген кезде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі және (немесе) ұзартылады.
Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігіндегі ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
11. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беруді және (немесе) ұзартуды орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы орган, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
12. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлардың санына шаққандағы пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.
13. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін үш айдан аспайтын мерзімге, еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында бола алады.
Экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер тізбесін орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, бұл орталық атқарушы органға жіберіледі.
Шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасында болған жағдайда шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы орталық атқарушы органға өтініш білдіреді.
Анықтамалар беру тәртібін және шетелдік жұмыскерлердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптер тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша орталық атқарушы орган бекітеді.";
12) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды;
6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді және оларды есепке қоюды;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді;
8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.";
13) 14-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.";
14) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Мемлекеттік корпорацияға не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш берген кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.";
15) 16-баптағы "Уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға", "уәкілетті органның", "уәкiлеттi органда" деген сөздер тиісінше "Халықты жұмыспен қамту орталығы", "халықты жұмыспен қамту орталығы", "халықты жұмыспен қамту орталығына", "халықты жұмыспен қамту орталығының", "халықты жұмыспен қамту орталығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 17-бапта:
1-тармақтағы "уәкiлеттi органдарға", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға" деген сөздер тиісінше "халықты жұмыспен қамту орталықтарына", "халықты жұмыспен қамту орталығы", "халықты жұмыспен қамту орталығына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мәліметтерді жасырған, көрінеу жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады.";
17) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі және оны жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.";
18) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін, жүзеге асыру үшін оның шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.";
19) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
20) 18-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
21) 19-баптағы "Уәкiлеттi орган", "орталық атқарушы органның", "уәкiлеттi органда" деген сөздер тиісінше "Халықты жұмыспен қамту орталығы", "халықты жұмыспен қамту орталығының", "халықты жұмыспен қамту орталығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 20-бапта:
2-тармақтағы "жұмыссыздардың" деген сөз "адамдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелді себептерсіз өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.";
23) 20-1-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғынжайлар және жатақханалардан бөлмелер беру арқылы іске асырылады.";
24) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.".
8. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;".
9. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектерді кәсіптік бағдарлауға қатысады.";
2) 31-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;".
10. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) оралманның куәлігі;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін беру кезінде;".
11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 8-тармағының 5) тармақшасындағы "балаларды қабылдау үшін квота көзделеді" деген сөздер "балаларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.";
2) 47-баптың 17-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.".
12. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-бап алып тасталсын.
13. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
10-1) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;";
"12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;";
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны;
13-3) оралмандар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор – этникалық қазақтар, оралмандар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;";
14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;";
24) тармақша алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;";
27) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "келісім бойынша" деген сөздер "келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі," деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға міндетті.
Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.";
3) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу";
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.";
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін:";
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік алмасу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының аумағына діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.";
екінші бөліктегі "бірінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді;";
8) тармақша алып тасталсын;
5) 9-бапта:
2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі;";
6) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;";
"4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;
4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;"
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;";
7) 11-бапта:
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;";
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;
4-4) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;";
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
5-2) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;";
"9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;";
8) 14-баптың 3-1) тармақшасындағы "уақытша және" деген сөздер алып тасталсын;
9) 15-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;";
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;";
7) тармақша алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) оралман куәлігін береді;
9) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;";
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;";
3-тармақ алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Оралмандардың санаттары
Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан оралмандар.";
11) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Оралман мәртебесін беруге және (немесе)оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.";
12) мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-баптармен толықтырылсын:
"19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы
1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға белгілейді.
19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.";
13) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтінішхат берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үміткерлердің оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.
3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беру не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, тиісті өңірлердің прокуратураларына жібереді.
Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері, прокуратуралар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты этникалық қазақтарға, жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті органдардың ақпараты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді.
Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2) Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы немесе себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.
4. Этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде беріледі.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын этникалық қазақтар мынадай реттілікпен:
1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар пайдаланады.
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін не себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тартуды өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.
6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына келуге виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.
8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін Комиссияға оралмандардың тізімін жібереді.
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
9. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алуға ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті.
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді және оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден уәжді түрде бас тартады.
Оралман мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.
3. Оралман мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.
4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.
Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.
5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
14) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
1. Күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалары енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар жергілікті атқарушы органдарға өздерінің отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш бере алады және олардың осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы болады.
3. Егер оралмандар өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралмандардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана оралмандар отбасының құрамында енгізіледі.
Бұл ретте оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралмандар (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.";
15) 23-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары";
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.";
"4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Оралмандар немесе оның отбасы мүшелері оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары оралмандарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы баптың 4-2-тармағында аталған оралмандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.";
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.";
17) 25-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.";
4) тармақша алып тасталсын;
18) 26-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "жазуға құқығы бар." деген сөздер "жазуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;";
19) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.";
20) 32-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "рұқсатты ата-аналарының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының", "қолдаухаты", "шетелдегі" деген сөздер тиісінше "визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының", "өтінішхаты", "шет елдердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркелуге;
2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.";
22) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мыналар:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;";
23) 35-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
24) 36-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша:
1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде үш айдан аспайтын мерзімге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне жұмыс берушілер тартатын;
3) еңбек шартының негізінде және қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлерге келу визаларын береді.";
"4. Осы баптың 1-тармағында аталған шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға рұқсаттарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша және жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, өзі дербес жұмысқа орналасу үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскердің еңбек шарты болған кезде, ішкі істер органдары бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.";
25) 37 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің және (немесе) ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге алған кезде еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен келе алады.
Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиiстi саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді.";
26) 41-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
27) 43-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
28) 43-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
29) 46-баптың 1-тармағындағы "қолдаухаты негізінде" деген сөздер "өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі," деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.";
31) 49-баптың бірінші бөлігінде:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;
5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;";
13-1) тармақша алып тасталсын;
32) 50-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;";
33) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ішкі көшіп-қонушылар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.";
34) 52 және 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті санын айқындайды.
3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.";
35) 60-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттар мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап арыздары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.".
14. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
331-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
331. | Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру | Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама |
";
332-жол алып тасталсын.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 13-тармағы 1) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма алтыншы абзацтарын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 7-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және он екінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының он үшінші және он тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын, 9) тармақшасының он жетінші абзацын, 19), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларын және 14-тармағын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2016 жылғы 1 наурызға дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 7-тармағы 14) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, халыққа қызмет көрсету орталығына не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.";
2) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.";
3) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 13) тармақшасының жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.";
4) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 13) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.".
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |