Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 27 қазандағы № 364-V ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):

      109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      "сауда жасайтын шатырларды" деген сөздер "сауда жасайтын шатырларды (павильондарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "базарлар" деген сөз "сауда базарлары, ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):

      1) мазмұны 67-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері";

      2) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық есептiлiгi салық төлеушi (салық агентi) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша жасауға және ұсынуға жататын салық декларацияларын, есептеулерiн, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер табыс ететiн мониторинг бойынша есептiлiктi, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштердi, сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салық есептiлiгiнiң нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстiң 65 – 67-1-баптарының ережелерiн ескере отырып, уәкiлеттi орган бекiтедi.";

      3) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері

      1. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді:

      1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);

      2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;

      3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;

      4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;

      5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;

      6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;

      7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;

      8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;

      9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;

      10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.

      Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:

      1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;

      2) жалпы алаңы;

      3) сауда алаңы;

      4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):

      1) 268-бап мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "5. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарлар тiзбесiне кiрген өзiнiң тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемiнде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимiнде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептіліктің күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы –

      заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 282-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы "пластикалық сауыттардағы" деген сөздерден кейін "(сыраны құюды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):

      1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеңіл рельстi көлiк – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;".

      5. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сыраны құю – сыраны тасымалдауды және сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;";

      2) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштiлiгi он екi пайыздан төмен әлсiз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыраны құюды қоспағанда);".

      6. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;

      4-3) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;";

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;".

      7. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

      19-баптың 5) тармақшасы "республикалық" деген сөздің алдынан "халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет-құрылыс құжаттамаларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар):

      10-баптың екінші бөлігі "қоры" деген сөзден кейін "және тауар биржалары" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):

      26-баптың 5-тармағындағы "сауда үйлерi мен базарларда" деген сөздер "1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) – жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;";

      мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін, тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;";

      "4-1) жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық – жекелеген тауарлар түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін айрықша лицензия негізінде жүзеге асыру;

      4-2) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;

      4-3) кедендік әкету бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;";

      5), 6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы);

      6) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы);";

      "9) рұқсат – автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын, сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін арнайы құжат;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) сауда базары – аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;";

      11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;";

      "15) сауда объектiсi – құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1), 16-2) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) сауда орны – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;";

      "16-1) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      16-2) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);";

      "17-1) сыртқы сауда қызметінің қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) тарифтiк квота – кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;";

      20) тармақша алып тасталсын;

      21), 21-3) және 21-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) тауарлар тобы – функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;";

      "21-3) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;

      21-4) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi – бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

      астана аумағында орналасқан, жеңіл рельсті көлікке арналған жеке бөлінген жолдарды және оларға жататын көлік инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағында орналасқан;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға бекiткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы;";

      мынадай мазмұндағы 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      25) электрондық саудадағы делдал – электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға;

      26) электрондық саудаға қатысушылар – электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.";

      2) 3-баптың тақырыбындағы "принциптері" деген сөз "қағидаттары" деген сөзбен, 2-тармағының бірінші абзацындағы "принциптері" деген сөз "қағидаттары" деген сөзбен және оның 8) тармақшасындағы "қамтамасыз ету болып табылады." деген сөздер "қамтамасыз ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;

      10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;

      11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.";

      3) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның күшi:

      1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;

      2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      4) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;";

      5) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      6) 7-бапта:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;";

      2-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;";

      11) тармақшадағы "экспортын және импортын" деген сөздер "экспортын және (немесе) импортын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стационарлық сауда объектілері:

      сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;

      сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;

      сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;

      сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;

      сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.

      Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6 және 2-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:

      1) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

      2) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);

      3) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;

      4) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;

      5) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.

      Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.

      2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:

      1) әмбебап;

      2) мамандандырылған болып бөлінеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8) тармақшаның жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының күшін жою көзделген - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2-3. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:

      астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;

      облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің немесе ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.

      2-4. Әмбебап сауда базары сауда орындары түрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:

      астананың, республикалық маңызы бар қаланың және халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;

      халқының саны бір жүз мың адамнан аз облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың аумағында сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.

      2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.

      Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.

      2-6. Сауда базарлары:

      1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;

      2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:

      сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;

      авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;

      сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;

      бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;

      сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;

      Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.

      2-7. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумақтарын ұстауға, жабдықтарына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      9) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.";

      2-тармақтағы "сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi" деген сөздер "сауда қызметінiң субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      11) 14-1-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 14-2-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 16-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "әкелуге және (немесе) әкетуге" деген сөздер "әкелуге немесе әкетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Әкелуіне және (немесе) әкетуіне" деген сөздер "Әкелуіне немесе әкетуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу

      Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:

      1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;

      2) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеу;

      3) жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;

      4) тауарларды экспорттау және (немесе) импорттау саласындағы лицензиялау;

      5) жекелеген тауарлар түрлерін автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) жатады.";

      15) 18-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1), 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) алтын немесе күміс экспортын және (немесе) импортын реттеу;";

      "7-1) ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлармен сан жағынан жеткілікті қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;

      7-2) тауарлардың жалпы немесе жергілікті жетіспеушілігі кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;

      7-3) Қазақстан Республикасындағы тауарларды өндіру және тұтыну құрылымындағы озыңқы өзгерістер үшін жағдай жасау;

      7-4) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншік және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай енгізеді;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Айтарлықтай маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта өте көп жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органның келiсімі бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      16) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

      1. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiлерге шектеусiз берiледi.

      2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға:

      жазбаша өтініш;

      бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.

      3. Рұқсат өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.

      4. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.

      5. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

      6. Берiлген рұқсатты басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге болмайды.

      7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.";

      17) мынадай мазмұндағы 18-3-баппен толықтырылсын:

      "18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері

      1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.

      2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.";

      18) 19-бап алып тасталсын;

      19) 20-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкiлеттi орган экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлетiн тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негізінде бекiтедi.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      20) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)

      Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.";

      21) 27-баптың 3-тармағындағы "шатырларда" деген сөз "шатырларда (павильондарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Электрондық сауда

      1. Электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      23) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

      "29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру

      1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:

      1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;

      2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;

      3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.

      2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Электрондық сауда делдалы ақпараттық ресурстардағы қамтылған ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Электрондық сауда делдалының:

      1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты жария етуге;

      2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;

      3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды немесе электрондық хабарламаларды не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.

      5. Сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.";

      24) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

      1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:

      1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);

      2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;

      3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;

      4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;

      5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;

      6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;

      7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;

      8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;

      9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;

      10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);

      11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.";

      25) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;

      4-2) аталған тауарларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;".

      11. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) биржалық қамтамасыз ету – жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы;";

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) биржалық сауда – тауар биржасында биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      4) биржалық сауда қағидалары – биржалық сауданың үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат;

      5) биржалық сауда-саттық – биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      19-1) тармақшада:

      "электрондық биржалық сауда-саттықты" деген сөздер "биржалық сауда-саттықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мен клиринг" деген сөздер алып тасталсын;

      21) тармақша алып тасталсын;

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      3) 4-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу

      Биржалық саудаға қатысушылар биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемінде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.";

      4) 6-бапта:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарының күші жойылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тауар биржасының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.";

      5) 10-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) биржалық сауда-саттықтарды осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимінде жүргiзу тәртiбiн;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен жүргізу тәртібін;";

      8) тармақшадағы ", сондай-ақ өткiзiлетiн сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 13-1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:

      "13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері

      1. Тауар биржасының:

      1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;

      2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;

      3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Тауар биржасы:

      1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;

      2) өз интернет-ресурсын иеленуге;

      3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

      4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға;

      5) уәкілетті органға есептіліктің күнделікті электрондық нысанын ұсынуға міндетті.";

      8) 15-1 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргiзу режимдерi

      1. Биржалық сауда-саттықтар, мерзімді келісімшарттармен биржалық сауда-саттықты қоспағанда, сауданың мынадай режимдерiнде:

      1) классикалық сауда режимінде;

      2) стандартты аукцион режимінде;

      3) қосарланған қарсы аукцион режимінде жүргiзiледi.

      2. Классикалық сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:

      1) биржалық сауданың қатысушылары туралы ақпаратты ашу;

      2) биржалық саудаға қатысушылардың саны бойынша шектеулердің жоқтығы;

      3) тауарды сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім процесінде жасалатын биржалық мәміле бойынша биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру;

      4) биржалық қамтылымды енгізу бойынша талаптардың жоқтығы ескеріле отырып жүргізіледі.

      3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:

      1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;

      2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;

      3) аукционды биржалық тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша жүргізу;

      4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;

      5) аукционның нәтижелері бойынша биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және аукционға қатысушылар төмендетуге ұсынған ең төменгі бағалардың арасынан және аукционға қатысушылар жоғарылатуға ұсынған ең жоғары бағалардың арасынан оны айқындау;

      6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.

      4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:

      1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;

      2) адрестік мәміле және кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;

      3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;

      4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.

      5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауданың үлгілік қағидаларында айқындалады.";

      "17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет

      1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.

      2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым не тауар биржасының арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлімшесі тауар биржасының клирингтік орталығы бола алады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасының клирингтік орталығының функцияларын орындай отырып, тауар биржасына клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.

      3. Қосарланған қарсы аукцион режимінде жасалатын биржалық мәмілелер бойынша қлирингтік қызметті дербес клирингтік ұйым жүзеге асырады.

      4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

      5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.

      6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;

      2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;

      3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;

      4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;

      5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;

      6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.

      7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.";

      9) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.".

      12. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) жеке бөлінген жол – тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісіне арналған жолақ. Жеке бөлінген жол қалған жүру бөліктерінен көлденең жол таңбаларының және жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;";

      2) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жолдарда жүріс жолағының ені мен саны тек қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісін ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке бөлінген жолдарды ұйымдастырады.";

      3) 41-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орынтұрақтардың, паркингтердiң, велосипед жүретiн жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлiк құралдарына арналған жүру жолағының болуы;";

      4) 43-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаңа инфрақұрылымды салу кезiнде көлiк құралдарының барлық түрлерiн есепке алу, оның iшiнде жолдар мен көшелердi интеллектуалды көлiк жүйелерiмен, велосипед жүретiн жолақтармен не велосипед жолдарымен, қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке арналған жүру жолақтарымен қамтамасыз ету;".

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) осы Заңның 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағын, 11-тармағының 3) тармақшасын және 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;

      2) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 10-тармағының 24) тармақшасын, 11-тармағының 1) тармақшасының бесінші, жетінші, оныншы және он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының сегізінші абзацын және 8) тармақшасының отызыншы абзацын;

      3) осы Заңның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын және 11-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;

      4) осы Заңның 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      2. Осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының күші 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды деп танылсын.

      3. Осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының күші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Жұмыс істеп тұрған тауар биржалары өзінің жарғылық капиталының мөлшерін осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 4) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарында көзделген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

      Тауар биржасы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган оны мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

4-бап. Осы Заңның 1-бабының 10-тармағы 8) тармақшасының жиырма бірінші – отыз жетінші абзацтарында көзделген талаптар осы Заңның 2-бабында көрсетілген мерзімдерде жұмыс істеп тұрған сауда базарларына қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады