Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 443-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұндағы 39-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-тарау. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар»;
      2) 39-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-тарау. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар»;
      3) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасына радиоактивті материалдарды, радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген, құрамында алып қою деңгейлерінен жоғары радиоактивті заттар бар жартылай фабрикаттарды, шикізатты, жинақтаушы бұйымдарды әкелу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебіне алынуға жатады.».
      2. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №5-6, 48-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №24, 148-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      1) 1-бапта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;»;
      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау
      1. Пайдаланушы ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жүргізеді.
      2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып айқындалады, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      3. Пайдаланушы ұйымның радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары радиациялық қауiпсiздiк талаптарының, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердiң, радиациялық қауiпсiздiк қағидаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, еңбекті қорғау қағидаларының, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттардың бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолданады.»;
      3) 9-баптың 1-тармағы және 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, олардың тиiмдiлігін талдау кезiнде мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, пайдаланушы ұйымдар радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүргiзедi.
      2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:»;
      4) 10-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пайдаланушы ұйымдар:»;
      5) 14-баптағы «уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 15-баптағы «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 16-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пайдаланушы ұйымдарда:»;
      8) 17-бапта:
      тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi
      Пайдаланушы ұйым радиациялық авария жағдайында:»;
      үшінші абзацтағы «мемлекеттiк уәкiлеттi» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «радиациялық авария жойылғаннан кейiн пайдаланушы ұйым аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға;»;
      9) 192022 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Радиациялық қауiпсiздiк құқығы
      Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл құқық иондандырушы сәулеленудің адам организміне белгіленген нормалардан жоғары радиациялық әсер етуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізумен, сондай-ақ жеке тұлғалардың және пайдаланушы ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауымен қамтамасыз етіледі.
      20-бап. Ақпарат алу құқығы
      Жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.»;
      «22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi
      Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      Пайдаланушы ұйымның аумағында аталған адамдар осы ұйымның лауазымды адамдарының талаптарын орындауға міндетті.
      23-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.».
      3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №4, 102-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2004 ж., №6, 41-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., №3-4, 11-құжат; №7, 32-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 63-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №21, 122-құжат; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «35) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың күші қолданылатын және олармен алмасу көзделетін мәліметтер мен ашық көздерден немесе оларға еркін қол жеткізу арқылы алынуы мүмкін мәліметтерді қоспағанда, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету туралы мәліметтер;».
      4. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      36-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің ерекше шарттары «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам использования атомной энергии

Закон Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 443-V ЗРК

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 1, ст. 1; № 20, ст. 152; 2008 г., № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; 2009 г., № 11-12, ст. 55; № 18, ст. 84; № 23, ст. 100; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 5, ст. 23; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7; № 5, ст. 43; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 16, ст. 129; № 21, ст. 161; 2012 г., № 3, ст. 27; № 8, ст. 64; № 14, ст. 92, 95; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 9, ст. 51; № 12, ст. 57; № 14, ст. 72, 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 10; № 7, ст. 37; № 10, ст. 52; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143; № 24, ст. 145; 2015 г., № 8, ст. 42; № 11, ст. 57; Закон Республики Казахстан от 29 октября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 3 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 31 октября 2015 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования системы отправления правосудия», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 3 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам доступа к информации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 19 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 17 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам индустриально-инновационной политики", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 20 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информатизации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 26 ноября 2015 г.):
      1) в оглавлении заголовок главы 39 изложить в следующей редакции:
      "Глава 39. Экологические требования к использованию радиоактивных материалов, атомной энергии и обеспечению радиационной безопасности";
      2) заголовок главы 39 изложить в следующей редакции:
      "Глава 39. Экологические требования к использованию радиоактивных материалов, атомной энергии и обеспечению радиационной безопасности";
      3) пункт 2 статьи 270 изложить в следующей редакции:
      "2. Ввоз в Республику Казахстан радиоактивных материалов, полуфабрикатов, сырья, комплектующих изделий, содержащих радиоактивные вещества выше уровней изъятия, установленных нормами радиационной безопасности, осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области экспортного контроля и подлежит государственному учету ядерных материалов и источников ионизирующего излучения в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области использования атомной энергии.".
      2. В Закон Республики Казахстан от 23 апреля 1998 года "О радиационной безопасности населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 5-6, ст. 48; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 24, ст. 148; 2011 г., № 1, ст. 2, 7; № 11, ст. 102; 2013 г. № 14, ст. 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 19-I, 19-II, ст. 96):
      1) в статье 1:
      абзац шестой изложить в следующей редакции:
      "эксплуатирующая организация – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по обращению с объектами использования атомной энергии; ";
      дополнить абзацем седьмым следующего содержания:
      "персонал – физические лица, постоянно или временно работающие с источниками ионизирующего излучения или находящиеся по условиям труда в сфере их воздействия;";
      2) статью 8 изложить в следующей редакции:
      "Статья 8. Производственный контроль за обеспечением радиационной безопасности
      1. Эксплуатирующие организации проводят производственный контроль за обеспечением качества радиационной защиты.
      2. Порядок выполнения производственного контроля в области обеспечения радиационной безопасности для каждой эксплуатирующей организации определяется с учетом особенностей и условий, выполняемых ею работ, согласовывается с государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и утверждается уполномоченным государственным органом в области использования атомной энергии.
      3. Должностные лица эксплуатирующей организации, осуществляющие производственный контроль за обеспечением радиационной защиты, при выявлении нарушения требований радиационной безопасности, санитарных правил и гигиенических нормативов, правил радиационной безопасности, строительных норм и правил, правил охраны труда, распорядительных, инструктивных, методических и иных документов в области обеспечения радиационной безопасности применяют меры воздействия, предусмотренные законами Республики Казахстан.";
      3) пункт 1 и абзац первый пункта 2 статьи 9 изложить в следующей редакции:
      "1. При планировании и принятии решений в области обеспечения радиационной безопасности, анализе их эффективности государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, эксплуатирующими организациями проводится оценка радиационной безопасности с целью обеспечения требований радиационной безопасности, санитарных правил и гигиенических нормативов в области радиационной безопасности.
      2. Оценка радиационной безопасности осуществляется государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и уполномоченным государственным органом в области использования атомной энергии на основе:";
      4) абзац первый статьи 10 изложить в следующей редакции:
      "Эксплуатирующие организации обязаны:";
      5) в статье 14 слова "уполномоченным государственным органом в области" заменить словами "государственным органом в сфере";
      6) в статье 15 слова "о чрезвычайных ситуациях в Республике Казахстан" заменить словами "Республики Казахстан о гражданской защите";
      7) абзац первый статьи 16 изложить в следующей редакции:
      "Эксплуатирующие организации обязаны иметь:";
      8) в статье 17:
      заголовок и абзац первый изложить в следующей редакции:
      "Статья 17. Обязанности эксплуатирующих организаций по обеспечению радиационной безопасности при радиационной аварии
      В случае радиационной аварии эксплуатирующая организация обязана:";
      в абзаце третьем слова "государственными уполномоченными" заменить словами "уполномоченными государственными";
      абзац седьмой изложить в следующей редакции:
      "принять меры по нормализации радиационной обстановки на территории эксплуатирующей организации после ликвидации радиационной аварии;";
      9) статьи 192022 и 23 изложить в следующей редакции:
      "Статья 19. Право на радиационную безопасность
      Граждане Республики Казахстан, иностранцы и лица без гражданства, проживающие на территории Республики Казахстан, имеют право на радиационную безопасность. Это право обеспечивается проведением комплекса мероприятий по предотвращению радиационного воздействия на организм человека ионизирующего излучения выше установленных норм, а также выполнением физическими лицами и эксплуатирующими организациями требований по обеспечению радиационной безопасности.
      Статья 20. Право на получение информации
      Физические и юридические лица имеют право получать информацию в области обеспечения радиационной безопасности через уполномоченные государственные органы и средства массовой информации в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      "Статья 22. Обязанности граждан Республики Казахстан, иностранцев и лиц без гражданства в области обеспечения радиационной безопасности
      Граждане Республики Казахстан, иностранцы и лица без гражданства, проживающие на территории Республики Казахстан, обязаны соблюдать законодательство Республики Казахстан в области обеспечения радиационной безопасности.
      На территории эксплуатирующей организации указанные лица обязаны выполнять требования должностных лиц этой организации.
      Статья 23. Ответственность за нарушение законодательства Республики Казахстан в области обеспечения радиационной безопасности
      Нарушение законодательства Республики Казахстан в области обеспечения радиационной безопасности влечет ответственность, установленную законами Республики Казахстан.".
      3. В Закон Республики Казахстан от 15 марта 1999 года "О государственных секретах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 4, ст. 102; 2001 г., № 8, ст. 53; 2002 г., № 15, ст. 147; 2004 г., № 6, ст. 41; 2007 г., № 2, ст. 18; № 9, ст. 67; № 20, ст. 152; 2009 г., № 24, ст. 122, 128; 2010 г., № 3-4, ст. 11; № 7, ст. 32; 2011 г., № 1, ст. 7; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 8, ст. 63; 2013 г., № 14, ст. 72, 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 10, ст. 52; № 21, ст. 122; Закон Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам доступа к информации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 19 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информатизации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 26 ноября 2015 г.):
      подпункт 35) статьи 12 изложить в следующей редакции:
      "35) сведения об обеспечении физической защиты ядерных материалов и ядерных установок, за исключением сведений, подпадающих под действие международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан и предусматривающих их обмен, и сведений, которые могут быть получены из открытых источников или путем свободного к ним доступа;".
      4. В Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 9, ст. 51; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 23, ст. 143; 2015 г., № 2, ст. 3; № 8, ст. 45; № 9, ст. 46; № 11, ст. 57; № 16, ст. 79; Закон Республики Казахстан от 28 октября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам архитектурной, градостроительной и строительной деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 30 октября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 29 октября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 3 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам саморегулирования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 13 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам образования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 18 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 17 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам индустриально-инновационной политики", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 20 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 17 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 20 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информатизации", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 26 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миграции и занятости населения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 26 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам неработающих кредитов и активов банков второго уровня, оказания финансовых услуг и деятельности финансовых организаций и Национального Банка Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 27 ноября 2015 г.; Закон Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения и таможенного администрирования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 декабря 2015 г.):
      часть первую пункта 5 статьи 36 изложить в следующей редакции:
      "5. Особые условия выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии на право занятия деятельностью в сфере использования атомной энергии определяются Законом Республики Казахстан "Об использовании атомной энергии".
 

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент


      Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ