Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 481-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж, № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж, № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат):
      26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Заңнамалық актіге түсiндiрме беру
      1. Жеке не заңды тұлғалардың заңнамалық актілерді (Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда) бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңнамалық актілерді не азаматтың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға алып келуі мүмкін деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңнамалық актінің мазмұнына түсiндiрме бередi.
      2. Құқықтық актiнiң жобасы заңнамалық актіге (Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда) сәйкес келмеген жағдайларда, прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға тиісті заңнамалық актінің талабын түсiндiредi.».
      2. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж, № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат):
      1) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-тарау. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау тәртібі»;
      2) 4 және 5-баптар алып тасталсын;
      3) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау
      1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының қабылданған шешiмдi уақтылы және тиянақты орындау жөнiндегi шараларды әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады.
      2. Қажет болған жағдайда, жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi және ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi.
      3. Егер жеке-дара қолданылатын құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, онда оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және олар тiкелей орындаушылардың назарына дереу жеткiзiледi.
      4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және тиянақты орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
      7-бап. Мемлекеттік органның жеке-дара қолданылатын құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі
      1. Ішкі бақылау:
      1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуына бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын барлық жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бақылауға алынады;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
      2. Ішкі бақылау:
      1) қажетті ақпаратты талап етіп алдыру;
      2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
      4) сол жерге бару арқылы тексеру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
      3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
      1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың лауазымды адамдары қызметінің өздерінің алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
      2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
      3) орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы.
      4. Күшіне енген жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
      Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты:
      1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын;
      2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгілеуді;
      3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
      4) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талдайды.
      Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушыларына қабылданған шешім туралы хабарланады.
      5. Құқықтық актіде көзделген іс-шараларды бақылаудан алуды және олардың орындалу мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі жеке-дара қолданылатын құқықтық актіде белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалатын тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша еске салу жібереді.
      Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.
      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.»;
      4) 8-бап алып тасталсын;
      5) 9-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
      6) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке-дара өкiмдiк қызмет – лауазымды адамдар мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын, уәкiлеттi лауазымды адамдардың жеке-дара қолданылатын құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, қарамағындағы қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмдiк шараларды жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-IІ, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар):
      1) 7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      2) 37-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
      4. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж, № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):
      15-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;».
      5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-IIІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар):
      1) 12-баптың 1) тармақшасындағы «нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 163-баптың 1) тармағындағы «жеке құқықтық актілерде» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 164-бапта:
      1-тармақтағы «жеке құқықтық актілердің» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «жеке құқықтық актілерде» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат):
      9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам правовых актов

Закон Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года № 481-V ЗРК.


Статья 1.Внести изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "О Прокуратуре" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 156; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 12, ст. 184; 1998 г., № 15, ст. 208; 1999 г., № 8, ст. 247; № 21, ст. 774; 2000 г., № 3-4, ст. 66, № 6, ст. 142; 2001 г., № 20, ст. 257; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 15, ст. 139; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2008 г., № 15-16, ст. 63; № 23, ст. 114; 2009 г., № 18, ст. 84; № 24, ст. 121; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 28; № 24, ст. 151; 2011 г, № 1, ст. 3; № 16, ст. 128; № 19, ст. 145; 2012 г, № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 15, ст. 97; 2014 г., № 16, ст. 90; 2015 г., № 20-І, ст. 111; № 20-VII, ст. 115; № 22-V, ст. 156):

      статью 26 изложить в следующей редакции:

      "Статья 26. Разъяснение законодательного акта

      1. При наличии достаточных оснований полагать, что незнание или неправильное понимание законодательных актов (за исключением постановлений Парламента Республики Казахстан и его Палат) физическими либо юридическими лицами может повлечь нарушения законодательных актов либо прав и свобод гражданина или неограниченного круга лиц, прокурор разъясняет содержание законодательного акта.

      2. В случаях несоответствия проекта правового акта законодательному акту (за исключением постановлений Парламента Республики Казахстан и его Палат) прокурор разъясняет органу или должностному лицу, принимающему акт, требование законодательного акта.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000 г., № 20, ст. 379; 2004 г., № 5, ст. 29; 2007 г., № 12, ст. 86; № 19, ст. 147; 2008 г., № 21, ст. 97; 2009 г., № 15-16, ст. 74; № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 29; № 17-18, ст. 111; 2011 г., № 1, ст. 2; № 7, ст. 54; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 15, ст. 118; 2012 г., № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 15, ст. 97; 2013 г., № 1, ст. 3; № 5-6, ст. 30; № 14, ст. 72; 2014 г., № 10, ст. 52; № 19-І, 19-II, ст. 96; № 24, ст. 144; 2015 г., № 20-IV, ст. 113; № 21-ІІ, ст. 130; № 22-І, ст. 141; № 22-ІІ, ст. 145; № 22-V, ст. 156):

      1) заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок организации и контроля за исполнением правового акта индивидуального применения";

      2) статьи 4 и 5 исключить;

      3) статьи 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "Статья 6. Организация и контроль за исполнением правового акта индивидуального применения

      1. Организация исполнения правового акта индивидуального применения заключается в выработке и принятии должностным лицом соответствующего уполномоченного государственного органа мер по своевременному и исчерпывающему исполнению принятого решения.

      2. В случае необходимости для обеспечения исполнения правового акта индивидуального применения уполномоченный государственный орган (должностное лицо) разрабатывает и утверждает план организационных мероприятий по его исполнению, который доводится до непосредственных исполнителей.

      3. Если в правовом акте индивидуального применения не определены конкретные сроки его исполнения и непосредственные исполнители, то они устанавливаются государственным органом-исполнителем или вышестоящим органом и незамедлительно доводятся до сведения непосредственных исполнителей.

      4. В целях своевременного и исчерпывающего исполнения принятых решений государственный орган или должностное лицо должно осуществлять контроль за их исполнением.

      Статья 7. Порядок осуществления внутреннего контроля за

       исполнением правового акта индивидуального применения

      государственного органа, поручений Президента

      Республики Казахстан, Правительства Республики

      Казахстан

      1. Внутренний контроль подразделяется на:

      1) контроль за исполнением правовых актов индивидуального применения (мероприятий, выполнение которых предусмотрено правовыми актами индивидуального применения). В этом случае на контроль берутся все правовые акты индивидуального применения, в которых содержатся мероприятия, подлежащие исполнению;

      2) контроль за исполнением поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан и руководящих должностных лиц государственного органа, вытекающих из иных документов служебного характера.

      2. Внутренний контроль производится путем:

      1) истребования необходимой информации;

      2) заслушивания и обсуждения отчетов и докладов об исполнении;

      3) ревизии и иных форм документальной проверки;

      4) проверки с выездом на место;

      5) другими не противоречащими законодательству Республики Казахстан способами.

      3. Внутренний контроль производится по следующим параметрам:

      1) соответствия деятельности структурных, территориальных подразделений, подведомственных государственных органов и организаций и их должностных лиц поставленным перед ними задачам;

      2) своевременности и полноты исполнения;

      3) соблюдения требований законодательства Республики Казахстан при исполнении.

      4. Должностное лицо либо соответствующее структурное подразделение государственного органа, уполномоченное на осуществление контроля за исполнением вступившего в силу правового акта индивидуального применения либо поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан и руководящих должностных лиц государственного органа, вытекающих из иных документов служебного характера, разрабатывает при необходимости мероприятия по контролю.

      При этом должностное лицо либо соответствующее структурное подразделение государственного органа, уполномоченное на осуществление контроля, анализирует поступающую информацию о его исполнении для определения:

      1) степени и качества исполнения правового акта индивидуального применения;

      2) наличия отклонений в исполнении правового акта индивидуального применения, установления их причин и возможных мер для устранения отклонений;

      3) возможности снятия с контроля либо продления срока исполнения;

      4) ответственности конкретных должностных лиц за неисполнение или ненадлежащее исполнение правового акта индивидуального применения.

      Выработанные по итогам анализа информации предложения докладываются руководству государственного органа для принятия соответствующего решения. О принятом решении информируются исполнители государственного органа, проводившие анализ информации.

      5. Снятие с контроля и продление сроков исполнения мероприятий, предусмотренных правовым актом, осуществляются руководством государственного органа.

      Снятие с контроля поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      6. Контрольная служба вышестоящего государственного органа либо органа-исполнителя до истечения установленного в правовом акте индивидуального применения срока исполнения направляет исполнителю соответствующее письменное напоминание в порядке, определяемом регламентом государственного органа.

      Дополнительные вопросы организации и осуществления внутреннего контроля могут определяться самим государственным органом либо вышестоящим по отношению к нему государственным органом.

      Действие настоящего пункта не распространяется на внутренний контроль, осуществляемый уполномоченным Правительством Республики Казахстан органом по внутреннему контролю, проводимый в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.";

      4) статью 8 исключить;

      5) пункт 1 статьи 9-1 исключить;

      6) пункт 1 статьи 10 изложить в следующей редакции:

      "1. Единоличная распорядительная деятельность – деятельность, осуществляемая должностными лицами в государственных органах, заключающаяся в единоличном подписании уполномоченными должностными лицами правовых актов индивидуального применения, даче указаний и поручений находящимся в подчинении работникам, единоличном принятии иных организационно-распорядительных мер по осуществлению государственных функций.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 3, ст. 17; № 9, ст. 86; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 103; 2004 г., № 10, ст. 56; № 17, ст. 97; № 23, ст. 142; № 24, ст. 144; 2005 г., № 7-8, ст. 23; 2006 г., № 1, ст. 5; № 13, ст. 86, 87; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 99; № 18, ст. 113; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 14; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 17, ст. 139; № 20, ст. 152; 2008 г., № 21, ст. 97; № 23, ст. 114, 124; 2009 г., № 2-3, ст. 9; № 24, ст. 133; 2010 г., № 1-2, ст. 2; № 5, ст. 23; № 7, ст. 29, 32; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 3, 7; № 2, ст. 28; № 6, ст. 49; № 11, ст. 102; № 13, ст. 115; № 15, ст. 118; № 16, ст. 129; 2012 г., № 2, ст. 11; № 3, ст. 21; № 5, ст. 35; № 8, ст. 64; № 14, ст. 92; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 1, ст. 2, 3; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 14, ст. 72, 75; № 15, ст. 81; № 20, ст. 113; № 21-22, ст. 115; 2014 г., № 2, ст. 10; № 3, ст. 21; № 7, ст. 37; № 8, ст. 49; № 10, ст. 52; № 11, ст. 67; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84, 86; № 19-I, 19-II, ст. 94, 96; № 21, ст. 118, 122; № 22, ст. 131; 2015 г., № 9, ст. 46; № 19-ІІ, ст. 103; № 21-I, ст. 121, 124, 125; № 21-II, ст. 130, 132; № 22-I, ст. 140; № 22-V, ст. 154, 156, 158):

      1) часть вторую пункта 4 статьи 7 изложить в следующей редакции:

      "Принятие маслихатом решений, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, осуществляется с учетом особенностей, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О правовых актах".";

      2) часть вторую пункта 7 статьи 37 изложить в следующей редакции:

      "Принятие акиматом, акимом актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, осуществляется с учетом особенностей, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О правовых актах".".

      4. Закон Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., № 6, ст. 67; 2004 г., № 23, ст. 142; № 24, ст. 154; 2005 г., № 7-8, ст. 23; 2006 г., № 3, ст. 22; № 10, ст. 52; № 13, ст. 86; 2007 г., № 2, ст. 14, 18; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 18, ст. 143; 2008 г., № 10-11, ст. 39; 2009 г., № 8, ст. 44; № 15-16, ст. 75; № 18, ст. 84; № 19, ст. 88; № 24, ст. 128; 2010 г., № 1-2, ст. 2; № 5, ст. 23; № 17-18, ст. 111; № 24, ст. 145, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3, 7; № 6, ст. 50; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 15, ст. 118; 2012 г., № 3, ст. 26; № 15, ст. 97; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 14, ст. 75; 2014 г., № 10, ст. 52; № 14, ст. 84; № 19-I, 19-II, ст. 94, 96; № 23, ст. 143; 2015 г., № 22-ІІ, ст. 145; № 22-VІ, ст. 159):

      подпункт 4) статьи 15 изложить в следующей редакции:

      "4) официальное разъяснение нормативных правовых актов Правительства совместно с заинтересованными государственными органами по поручению Премьер-Министра Республики Казахстан;".

      5. В Закон Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2011 г., № 5, ст. 42; № 15, ст. 118; № 16, ст. 129; № 17, ст. 136; № 24, ст. 196; 2012 г., № 2, ст. 11, 16; № 4, ст. 30, 32; № 5, ст. 41; № 6, ст. 43; № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 14, ст. 95; № 21-22, ст. 124; 2013 г., № 2, ст. 13; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 15, ст. 82; № 16, ст. 83; 2014 г., № 1, ст. 9; № 2, ст. 10, 12; № 4-5, ст. 24; № 7, ст. 37; № 12, ст. 82; № 19-I, 19-II, ст. 94, 96; № 22, ст. 131; № 23, ст. 143; 2015 г., № 11, ст. 57; № 14, ст. 72; № 19-І, ст. 99; № 19-ІІ, ст. 103; 105; № 20-ІV, ст. 113; № 20-VІІ, ст. 117; № 21-I, ст. 124; № 21-II, ст. 130; № 21-ІІІ, ст. 135; № 22-ІІ, ст. 145, 148; № 22-VI, ст. 159; № 23-ІІ, ст. 170, 172):

      1) в подпункте 1) статьи 12 слова "нормативные правовые акты" заменить словами "правовые акты индивидуального применения";

      2) в пункте 1 статьи 163 слова "индивидуальными правовыми актами" заменить словами "правовыми актами индивидуального применения";

      3) в статье 164:

      в пункте 1 слова "индивидуальных правовых актов" заменить словами "правовых актов индивидуального применения";

      в пункте 4 слова "индивидуальными правовыми актами" заменить словами "правовыми актами индивидуального применения".

      6. В Закон Республики Казахстан от 4 июля 2013 года "О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2013 г., № 15, ст. 80; 2014 г., № 12, ст. 82; № 21, ст. 122; № 23, ст. 143; 2015 г., № 20-ІV, ст. 113; № 21-І, ст. 128; № 22-V, ст. 152):

      подпункт 3) пункта 2 статьи 9 изложить в следующей редакции:

      "3) осуществляет обязательную экспертизу концепций проектов законов, проектов законодательных и иных нормативных правовых актов, затрагивающих интересы субъектов частного предпринимательства;".

Статья 2.Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ