Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат):1) 9-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рентабельдiлiгi қолданыстағы реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.";
2) 11-баптың екінші бөлігіндегі "реттелетiн тасымалдарды" деген сөздер "реттелетiн тарифтер белгіленген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағаларды мемлекеттік реттеу электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ "Газ және газбен жабдықтау туралы" және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ және теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.".
3. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Вагондарды сатып алуды кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
2-2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген шарттың заңнамаға сәйкес бұзылуы жағдайында уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындай алады.
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау тәртібі шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында белгіленеді.
2-3. Уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары мынадай міндеттемелер бойынша шарттар жасаса алады:
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзақ мерзімді субсидиялау;
2) осы баптың 2-2-тармағының екінші абзацында көрсетілген тасымалдаушыны айқындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттемелер.";
2) 12-бапта:
2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
2-1. Әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалы бойынша қызметтер көрсететiн тасымалдаушының шығыстары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.";
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Вагондарды сатып алуды кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржылық лизингтің барлық мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.";
3) 14-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
34-18), 34-19), 34-22) және 34-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-19) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
"34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 34-26), 34-27), 34-28) және 34-29) тармақшалармен толықтырылсын:
"34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
34-27) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-28) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
34-29) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау;";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;";
4) 32-1-баптың 2-тармағындағы "талаптарды Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайды." деген сөздер "талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 65-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары, электрондық терминалдар, интернет-ресурстар арқылы және Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен басқа да тәсілдермен ұйымдастыра алады.";
4-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Поездың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды тасымалдаушы Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырады.";
6) 66-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"66-1-бап. Жолаушылар поездарының жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу тәртібі
1. Жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды уәкілетті орган жүргізеді.
2. Жолаушылар поездарында тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларын сақтауын тексеруді уәкілетті органның лауазымды адамы (адамдары) тексеруді тағайындау туралы актiнің негiзiнде жүргiзедi.
Тексеруді тағайындау туралы актiде:
1) актінің күні және нөмірі;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеруді жүргiзуге уәкілеттілік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы;
4) жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналындағы тіркеу күні мен нөмірі;
5) тексерілетін субъектінің атауы мен жолаушылар поезының нөмірі;
6) тексерілетін субъектінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);
7) тексеру мәселелері;
8) тексеру жүргiзу мерзімі;
9) актілерге қол қоюға уәкілеттілігі бар адамның қолы мен уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.
3. Тексеруді тағайындау туралы акт жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдауды жүзеге асыратын, тексерілетін әрбір субъектіге жолаушылар поездарының нөмірлері көрсетіле отырып толтырылады.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын уәкілетті орган бекітеді.
4. Лауазымды адамдар жолаушылар поезын тексеруді бастаудың алдында қызметтік куәлігі мен осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте тексерудің басталғаны туралы жолаушылар поезының бастығын немесе аға жолсерiгiн (вагон-мейрамхана директорын, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыны, қызметтік вагон жолсерiгiн) қол қойғыза отырып, таныстырады.
5. Мемлекеттік бақылаудың объектісі болып табылатын жолаушылар поезына лауазымды адамды жіберуге кедергі келтірілген жағдайда, ол хаттама толтырады. Тексерілетін объектіге жіберуден бас тарту, тексеруді болдырмау үшін негіз болып табылмайды.
6. Жолаушылар поезын Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы тұрғысынан тексеруді лауазымды адамдар жолаушылар поезы жөнелтілгеннен кейін бастайды.
7. Тексерілетін жолаушылар поезының барлық вагондарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы бөлігінде тексеру жүзеге асырылады.
8. Жолаушылар поезын тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдар тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нысанасына қойылған талаптарды бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
9. Тексеру нәтижелері туралы акт екі данада жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) тексеру күні, уақыты және учаскесі;
2) уәкілетті органның атауы;
3) негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, жолаушылар поезының нөмірлері мен қатынастары, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
6) тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
7) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тексеру нәтижелері туралы актімен танысқандығы немесе танысудан бас тартқандығы жөніндегі мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге бар болған жағдайда тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
10. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) оларды жазбаша нысанда баяндайды.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (жолаушылар поезының құрамындағы вагон-мейрамхана, жүк вагоны және қызметтік вагон тексерілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы актінің бір-бір данасы тиісінше вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне табыс етіледі) танысуы және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауы үшін табыс етіледі.
12. Лауазымды адамның (адамдардың) жолаушылар поездарында Қазақстан Республикасының аумағымен жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүргізу кезінде:
1) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелерінің актісіне қоса беру үшін тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін алуға;
3) мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
13. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелеріне жатпайтын талаптарды қоюына және өтініштер жасауына тыйым салынады.
14. Уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заңмен белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні табыс етуге міндетті.
15. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) бақылау жүргізу кезінде:
1) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер өтіп кеткен;
2) тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамның (адамдардың) деректерінің тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамның (адамдардың) деректерімен сәйкес келмеген жағдайларда объектіге тексеру жүргізу үшін келген уәкілетті органның лауазымды адамын (адамдарын) тексеруге жібермеуге құқылы.
16. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) уәкілетті орган Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізген кезде:
1) осы Заңның 66-1-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде, лауазымды адамның (адамдардың) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру тағайындалғаны туралы актімен танысқандығы жөнінде белгі жасауға;
4) актінің екінші данасында тексеру аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі жасауға міндетті.";
7) 88-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) теміржол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау үшін жүргiзiледi.".
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының алтыншы және он бесінші абзацтарын;
2) 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |