Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 11 мамырдағы № 65-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22- I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат):

      41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.".

      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13- 14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар салық міндеттемесін:

      1) салық органында тіркеу есебіне қоюды;

      2) салық есептілігін ұсыну нысандарын, мерзімдерін, тәртібін;

      3) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды;

      4) қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін;

      5) қызметі тоқтатылған кезде, салық төлеушілерді мемлекеттік дерекқордан алып тастауды айқындайтын, уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес орындайды.".

      3. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2), 30-1), 35-1) және 44-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-1) олимпиадалық емес спорт түрі – Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;

      29-2) олимпиадалық спорт түрі – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі;";

      "30-1) паралимпиадалық спорт түрі – Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі;";

      "35-1) спорт түрлерін саралау – халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктеріне, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадр әлеуетінің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына қарай және өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінің даму деңгейін айқындау;";

      "44-1) спорттың басым түрлері – спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында спортты дамыту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегілер ретінде айқындалған спорт түрлері;";

      2) 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;";

      3) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 7-бапта:

      6), 7), 16) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;";

      "16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;";

      "33) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің келісуімен, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің келісуімен лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;";

      59) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 62), 63), 64), 65) және 66) тармақшалармен толықтырылсын:

      "62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      64) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;

      65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      5) 8-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;";

      "20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      20-5) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;";

      6) 11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Паралимпиадалық спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.";

      7) 13-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және олимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.";

      8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

"13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті

      1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

      2. Ұлттық паралимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес және Халықаралық паралимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық паралимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті:

      1) мемлекетте паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

      2) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

      3) Халықаралық паралимпиада комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;

      5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық паралимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;

      7) паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитетіне тиесілі паралимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Паралимпиадалық ойындар", "Паралимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.

      5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.";

      9) 14-бапта:

      тақырыптағы "Паралимпиадалық қозғалыс,", "паралимпиадалық," деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "Паралимпиадалық қозғалыс,", "Паралимпиадалық ойындарға,", "халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың," деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "Паралимпиадалық қозғалысты,", "паралимпиадалық," деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық" деген сөздер "Сурдлимпиадалық" деген сөзбен ауыстырылып, "Паралимпиадалық ойындарда," және "Халықаралық паралимпиадалық комитет," деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық" деген сөздер "Сурдлимпиадалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 16-баптың 6-тармағы "өзгерістер енгізеді," деген сөздерден кейін "әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарындағы спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға құжаттар ұсынады," деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектер арасында спортты дамытуды, арнайы спорттық құрал-жабдық беруді қамтамасыз етеді және мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына спорт құрылыстарының қолжетімді болуы үшін жағдай жасайды.";

      12) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"33-бап. Мүгедек спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау

      1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтінім берген мүгедек спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндік деңгейлері бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      2. Мүгедек спортшыларға сыныптауды жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.

      3. Сыныптау жүргізуді паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымы берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.

      4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады.

      5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Халықаралық сурдлимпиада комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.";

      13) 41-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын және 3-тармағы 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам физической культуры и спорта

Закон Республики Казахстан от 11 мая 2017 года № 65-VI.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Закона см. ст.2

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 21, ст. 93; 2009 г., № 23, ст. 112; № 24, ст. 129; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 29, 32; № 15, ст. 71; № 24, ст. 146, 149, 150; 2011 г., № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; № 7, ст. 54; № 11, ст. 102; № 13, ст. 115; № 15, ст. 125; № 16, ст. 129; № 20, ст. 151; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 16; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30, 32; № 5, ст. 36, 41; № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 14, ст. 94; № 18-19, ст. 119; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 2, ст. 13; № 5-6, ст. 30; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 10-11, ст. 56; № 13, ст. 63; № 14, ст. 72; № 15, ст. 81, 82; № 16, ст. 83; № 20, ст. 113; № 21-22, ст. 114; 2014 г., № 1, ст. 6; № 2, ст. 10, 12; № 4-5, ст. 24; № 7, ст. 37; № 8, ст. 44; № 11, ст. 63, 69; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84, 86; № 16, ст. 90; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 22, ст. 128, 131; № 23, ст. 143; 2015 г., № 2, ст. 3; № 11, ст. 57; № 14, ст. 72; № 15, ст. 78; № 19-I, ст. 100; № 19-II, ст. 106; № 20-IV, ст. 113; № 20-VII, ст. 117; № 21-I, ст. 121, 124; № 21-II, ст. 130, 132; № 22-I, ст. 140, 143; № 22-ІІ, ст. 144; № 22-V, ст. 156; № 22-VI, ст. 159; № 23-II, ст. 172; 2016 г., № 7-II, ст. 53; № 8-I, ст. 62; № 12, ст. 87; № 22, cт.116; № 23, cт.119; № 24, cт.126; 2017 г., № 4, ст. 7; № 6, ст. 11):

      часть первую пункта 1 статьи 41 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственным заданием является заказ юридическим лицам с участием государства в уставном капитале, организациям, входящим в группу Фонда национального благосостояния, Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан и ее организациям, определяемым Правительством Республики Казахстан, Национальному олимпийскому комитету Республики Казахстан, автономному кластерному фонду, автономным организациям образования и их организациям, определяемый Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг, реализацию бюджетных инвестиционных проектов и выполнение других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности и (или) социально-культурного развития государства.".

      2. В Кодекс Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 22-I, 22-II, ст. 112; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; № 13-14, ст. 63; № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 82; № 18, ст. 84; № 23, ст. 100; № 24, ст. 134; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 29; № 11, ст. 58; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112; № 22, ст. 130, 132; № 24, ст. 145, 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 116; № 14, ст. 117; № 15, ст. 120; № 16, ст. 128; № 20, ст. 151; № 21, ст. 161; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 11, 15; № 3, ст. 21, 22, 25, 27; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35; № 6, ст. 43, 44; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 11, ст. 80; № 13, ст. 91; № 14, ст. 92; № 15, ст. 97; № 20, ст. 121; № 21-22, ст. 124; № 23-24, ст. 125; 2013 г., № 1, ст. 3; № 2, ст. 7, 10; № 3, ст. 15; № 4, ст. 21; № 8, ст. 50; № 9, ст. 51; № 10-11, ст. 56; № 12, ст. 57; № 14, ст. 72; № 15, ст. 76, 81, 82; № 16, ст. 83; № 21-22, ст. 114, 115; № 23-24, ст. 116; 2014 г., № 1, ст. 9; № 4-5, ст. 24; № 7, ст. 37; № 8, ст. 44, 49; № 10, ст. 52; № 11, ст. 63, 64, 65, 69; № 12, ст. 82; № 14, ст. 84; № 16, ст. 90; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 122; № 22, ст. 128, 131; № 23, ст. 143; № 24, ст. 145; 2015 г., № 7, ст. 34; № 8, ст. 44, 45; № 11, ст. 52; № 14, ст. 72; № 15, ст. 78; № 19-I, cт.99, 100, 101; № 20-I, ст. 110; № 20-IV, ст. 113; № 20-VII, ст. 115, 119; № 21-I, ст. 124; № 21-II, ст. 130; № 21-III, ст. 136, 137; № 22-I, ст. 140, 143; № 22-II, ст. 144, 145; № 22-III, ст. 149; № 22-V, ст. 156, 158; № 22-VI, ст. 159; № 22-VII, ст. 161; № 23-I, ст. 169; 2016 г., № 1, ст. 4; № 6, ст. 45; № 7-II, ст. 53, 55, 57; № 8-I, ст. 62; № 8-II, ст. 66, 72; № 12, ст. 87; № 22, ст. 116; № 24, ст. 124; 2017 г., № 4, ст. 7):

      статью 26 дополнить пунктом 3 следующего содержания:

      "3. Лица, имеющие право на льготы и преференции в соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Международным бюро выставок о льготах и преференциях для официальных участников, связанных с проведением Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане, исполняют налоговое обязательство в соответствии с утверждаемым уполномоченным органом порядком, определяющим:

      1) постановку на регистрационный учет в налоговом органе;

      2) формы, сроки, порядок представления налоговой отчетности;

      3) применение контрольно-кассовых машин;

      4) сроки возврата налога на добавленную стоимость;

      5) исключение из государственной базы данных налогоплательщиков при прекращении деятельности.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 14, ст. 85; № 19-I, 19-II, ст. 96; 2015 г., № 10, ст. 50; № 20-IV, ст. 113; № 22-I, cт. 140; 2016 г., № 2, cт. 9):

      1) статью 1 дополнить подпунктами 29-1), 29-2), 30-1), 35-1) и 44-1) следующего содержания:

      "29-1) неолимпийский вид спорта – вид спорта, не вошедший в программу Олимпийских и Паралимпийских игр, получивший широкое развитие в мировом спортивном сообществе и возглавляемый международными спортивными федерациями;

      29-2) олимпийский вид спорта – вид спорта, вошедший в программу Олимпийских игр, признанный Международным олимпийским комитетом в соответствии с Олимпийской хартией Международного олимпийского комитета;";

      "30-1) паралимпийский вид спорта – вид спорта, вошедший в программу Паралимпийских игр, признанный Международным паралимпийским комитетом в соответствии со Сводом правил Международного паралимпийского комитета;";

      "35-1) ранжирование видов спорта – определение уровня развития видов спорта в зависимости от спортивных достижений на международных спортивных соревнованиях, национально-культурной традиционности вида спорта, наличия кадрового потенциала, материально-технической базы, массовости и от особенностей вида спорта, зависящих от климатических условий региона;";

      "44-1) приоритетные виды спорта – виды спорта, определенные по результатам ранжирования видов спорта как первоочередные для государственного финансирования в целях развития спорта в Республике Казахстан;";

      2) подпункт 2) пункта 2 статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "2) развитие неолимпийских, олимпийских, паралимпийских и национальных видов спорта;";

      3) подпункт 3) статьи 6 исключить;

      4) в статье 7:

      подпункты 6), 7), 16) и 33) изложить в следующей редакции:

      "6) разрабатывает и утверждает правила подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в области физической культуры и спорта;

      7) проводит республиканские и международные спортивные соревнования, в том числе среди спортсменов-ветеранов, совместно с аккредитованными республиканскими спортивными федерациями и местными исполнительными органами;";

      "16) разрабатывает и утверждает по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию натуральные нормы обеспечения спортсменов, тренеров и специалистов в области физической культуры и спорта, военнослужащих и сотрудников правоохранительных органов в период подготовки и участия в спортивных мероприятиях, проводимых на территории Республики Казахстан и за ее пределами;";

      "33) назначает и освобождает от должностей главных тренеров сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта) и государственных тренеров по видам спорта по представлению республиканских аккредитованных спортивных федераций, по олимпийским видам спорта – по согласованию с Национальным олимпийским комитетом Республики Казахстан, по паралимпийским видам спорта – по согласованию с Национальным паралимпийским комитетом Республики Казахстан;";

      подпункт 59) исключить;

      дополнить подпунктами 62), 63), 64), 65) и 66) следующего содержания:

      "62) разрабатывает и утверждает республиканский перечень приоритетных видов спорта;

      63) разрабатывает и утверждает правила ранжирования видов спорта в Республике Казахстан;

      64) согласовывает представленный местным исполнительным органом региональный перечень приоритетных видов спорта;

      65) разрабатывает и утверждает размеры стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами;

      66) осуществляет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.";

      5) в пункте 1 статьи 8:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) проводит областные, городов республиканского значения, столицы спортивные соревнования, в том числе среди спортсменов-ветеранов, совместно с республиканскими и (или) местными аккредитованными спортивными федерациями;";

      дополнить подпунктами 2-1), 20-4) и 20-5) следующего содержания:

      "2-1) участвует в проведении республиканских и международных спортивных соревнований, в том числе среди спортсменов-ветеранов, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта совместно с аккредитованными республиканскими спортивными федерациями;";

      "20-4) разрабатывает и утверждает размеры выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд;

      20-5) разрабатывает и утверждает по согласованию с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта региональный перечень приоритетных видов спорта;";

      6) в статье 11:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Республиканская и (или) региональная спортивные федерации по олимпийскому и неолимпийскому видам спорта должны являться от имени Республики Казахстан членами международной спортивной организации, признанной Международным олимпийским комитетом, Олимпийским советом Азии, и (или) быть признанными Национальным олимпийским комитетом Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Республиканская и (или) региональная спортивные федерации по паралимпийскому виду спорта должны являться от имени Республики Казахстан членами международной спортивной организации, признанной Международным паралимпийским комитетом, и быть признанными Национальным паралимпийским комитетом Республики Казахстан.";

      7) в статье 13:

      пункт 3 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:

      "7) осуществляет согласование назначения и освобождения от должностей главных тренеров сборных команд Республики Казахстан по олимпийским видам спорта (национальных сборных команд по олимпийским видам спорта) и государственных тренеров по олимпийским видам спорта.";

      дополнить пунктом 8 следующего содержания:

      "8. Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан вправе получать государственные задания в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.";

      8) дополнить статьей 13-1 следующего содержания:

      "Статья 13-1. Национальное паралимпийское движение. Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан

      1. Национальное паралимпийское движение является составной частью международного паралимпийского движения, целями которого являются пропаганда и внедрение принципов паралимпийского движения, содействие развитию физической культуры и спорта среди спортсменов-инвалидов по паралимпийским видам спорта, укрепление международного спортивного сотрудничества, участие в Паралимпийских играх и других международных спортивных мероприятиях, проводимых под эгидой Международного паралимпийского комитета.

      2. Национальное паралимпийское движение возглавляется Национальным паралимпийским комитетом Республики Казахстан, является общественным объединением, осуществляющим деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан об общественных объединениях, со Сводом правил Международного паралимпийского комитета и на основе признания Международным паралимпийским комитетом, а также в соответствии со своим уставом. Государство признает и поддерживает национальное паралимпийское движение, оказывая всемерное содействие Национальному паралимпийскому комитету Республики Казахстан в реализации его уставных целей.

      3. Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан:

      1) пропагандирует в государстве принципы паралимпийского движения, способствует развитию паралимпийских видов спорта высших достижений и массового спорта;

      2) представляет в соответствии со Сводом правил Международного паралимпийского комитета Республику Казахстан на Паралимпийских играх и других международных спортивных мероприятиях, проводимых под эгидой Международного паралимпийского комитета;

      3) представляет Республику Казахстан в Международном паралимпийском комитете;

      4) при взаимодействии с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта проводит единую политику развития паралимпийских видов спорта высших достижений и массового спорта;

      5) участвует в разработке и осуществлении мер, направленных на обеспечение необходимого уровня подготовки спортсменов-инвалидов Республики Казахстан для участия в Паралимпийских играх и других международных спортивных мероприятиях, проводимых под эгидой Международного паралимпийского комитета;

      6) по согласованию с местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы вправе подать в Международный паралимпийский комитет заявку о городе-кандидате Республики Казахстан на проведение Паралимпийских игр;

      7) осуществляет согласование назначения и освобождения от должностей главных тренеров сборных команд Республики Казахстан по паралимпийским видам спорта (национальных сборных команд по паралимпийским видам спорта) и государственных тренеров по паралимпийским видам спорта.

      4. Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан в соответствии со Сводом правил Международного паралимпийского комитета осуществляет меры по защите принадлежащих Международному паралимпийскому комитету прав на использование паралимпийских символа, девиза, флага и гимна, наименований "Паралимпийские игры", "Игры Паралимпиады" на территории Республики Казахстан. Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан обладает исключительными правами на паралимпийскую эмблему Национального паралимпийского комитета Республики Казахстан, девиз, флаг и иную национальную паралимпийскую символику.

      5. Выступления сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта) на Паралимпийских играх и других международных спортивных мероприятиях, проводимых под патронажем Международного паралимпийского комитета, осуществляются под Государственным Флагом Республики Казахстан.

      6. Реализация Национальным паралимпийским комитетом Республики Казахстан своих полномочий по развитию паралимпийских видов спорта высших достижений и массового спорта, а также обеспечению необходимого уровня подготовки спортсменов-инвалидов Республики Казахстан для участия в Паралимпийских играх и других международных спортивных мероприятиях, проводимых под эгидой Международного паралимпийского комитета, осуществляется во взаимодействии с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и республиканскими спортивными федерациями.

      7. Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан реализует выполнение стоящих перед ним уставных задач за счет собственных источников финансирования, благотворительной помощи, добровольных пожертвований физических и юридических лиц, а также за счет бюджетных средств, выделяемых в установленном порядке.";

      9) в статье 14:

      в заголовке слова "Паралимпийское движение,", "паралимпийским," исключить;

      в пункте 1 слова "Паралимпийское движение,", "международного паралимпийского движения,", "Паралимпийских играх," исключить;

      в пункте 2 слова "Паралимпийское движение,", "паралимпийским," исключить;

      в пункте 3 слова "паралимпийским,", "Паралимпийских играх,", "Международного паралимпийского комитета," исключить;

      в пункте 4 слово "паралимпийским," исключить;

      10) пункт 6 статьи 16 после слов "и другим видам спорта," дополнить словами "представляют в уполномоченный орган в области физической культуры и спорта документы для присвоения спортивных званий и квалификационных категорий спортсменам, тренерам и спортивным судьям из числа военнослужащих и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов Республики Казахстан,";

      11) часть первую пункта 4 статьи 19 изложить в следующей редакции:

      "4. Местные исполнительные органы обеспечивают развитие спорта среди инвалидов, предоставление специального спортивного инвентаря и создают условия инвалидам для доступа к спортивным сооружениям для занятий физической культурой и спортом.";

      12) статью 33 изложить в следующей редакции:

      "Статья 33. Классификация спортсменов-инвалидов, подготовка классификаторов и спортивных судей по паралимпийским, сурдлимпийским и специальным олимпийским видам спорта

      1. В целях создания равных состязательных условий на спортивных соревнованиях по паралимпийским видам спорта организаторы обеспечивают проведение классификации спортсменов-инвалидов, заявленных на участие в соответствующих соревнованиях, по уровню их функциональных возможностей.

      2. Порядок и условия проведения классификации спортсменов-инвалидов разрабатываются аккредитованными спортивными федерациями по паралимпийским видам спорта по согласованию с Национальным паралимпийским комитетом Республики Казахстан в соответствии с требованиями Международного паралимпийского комитета и соответствующих международных спортивных организаций по паралимпийским видам спорта.

      3. Проведение классификации осуществляется классификатором, имеющим соответствующий документ, выданный международной спортивной организацией по паралимпийским видам спорта.

      4. Подготовка классификаторов и спортивных судей по паралимпийским видам спорта осуществляется аккредитованными спортивными федерациями по паралимпийским видам спорта с участием международных экспертов по представлению Международного паралимпийского комитета или международных спортивных организаций по паралимпийским видам спорта.

      5. Подготовка спортивных судей по сурдлимпийским и специальным олимпийским видам спорта осуществляется республиканскими общественными объединениями по сурдлимпийским и специальным олимпийским видам спорта в соответствии с планами обучающих семинаров по подготовке спортивных судей с участием международных экспертов по представлению Международного сурдлимпийского комитета и Международного специального олимпийского комитета.";

      13) пункт 4 статьи 41 исключить.

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1 и абзацев четвертого и пятого подпункта 7) пункта 3 статьи 1, которые вводятся в действие с 1 января 2018 года.

      Президент
      Республики Казахстан Н. НАЗАРБАЕВ