"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 маусымдағы № 77-VІ ҚРЗ.

      Баспасөз релизі!

1-бап. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер;

      2) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлерi – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесi бар және лауазымдық өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшілер;

      3) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы – дипломатиялық қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлері;

      4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет) – Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсiби қызметi;

      5) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі – дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі.

      Консулдық қызмет Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырылады;

      6) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі – бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;

      8) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві – дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын бұрын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі;

      9) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi.";

      2) 6-бапта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 27-8) және 27-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-8) мыналарды:

      дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;

      Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

      27-9) мыналарды:

      дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;

      Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу тәртібін бекіту;";

      3) 9-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және кері шақырып алады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Егер халықаралық ұйымның жарғылық немесе өзге де құжаттарында халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерді мемлекет басшыларының тағайындамайтыны көзделсе, онда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілінің мемлекеттік саяси қызметші мәртебесі болмайды.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілеріне бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйыммен қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей алады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері орналасқан жері Қазақстан Республикасында болып тағайындалуы мүмкін.

      Орналасқан жері Қазақстан Республикасындағы қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      4) 11-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі "Тұрақты өкілі" деген сөздер "Тұрақты (Өкілетті) өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сыртқы – конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар.

      Сыртқы ротациялауға орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау да жатады;";

      4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дипломатиялық қызмет персоналы үшін шет елдердегі мекемелерде үздіксіз жұмыстың мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдері үшін – бес жылдан ұзақ емес;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, шет елдердегі мекемелердің басшылары ретінде жұмысқа жіберілетін адамдар үшін – төрт жылдан ұзақ емес;

      3) кеңесші-уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үшін – төрт жылдан ұзақ емес;

      4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дипломатиялық қызмет персоналы үшін – үш жылдан ұзақ емес мерзімдері белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызметтік қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті ұзартуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.";

      "7. Осы баптың 3-тармағының күші сирек кездесетiн шет тiлдерiн меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды. Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.";

      6) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне тиісті функциялар жүктелген заңды тұлға жүзеге асырады.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 20 июня 2017 года № 77-VI.

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

Статья 1. Внести изменения и дополнения в Закон Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., № 5, ст. 51; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 9, ст. 49; 2007 г., № 9, ст. 67; № 20, ст. 152; 2009 г., № 8, ст. 44; 2010 г., № 24, ст. 143; 2013 г., № 14, ст. 75; 2014 г., № 16, ст. 90; № 19-I, 19-II, ст. 96; № 21, ст. 118; № 23, ст. 138; 2015 г., № 22-II, ст. 148; № 22-V, ст. 154):

      1) статью 1 изложить в следующей редакции:

      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:

      1) работники дипломатической службы Республики Казахстан – государственные служащие, занимающие в органах дипломатической службы штатные административно-технические должности;

      2) сотрудники дипломатической службы Республики Казахстан – государственные служащие, занимающие в органах дипломатической службы штатные дипломатические должности, имеющие, как правило, дипломатический ранг и осуществляющие должностные полномочия и обязанности в целях реализации задач и функций, возложенных на органы дипломатической службы;

      3) персонал дипломатической службы Республики Казахстан – сотрудники и работники дипломатической службы;

      4) дипломатическая служба Республики Казахстан (далее – дипломатическая служба) – профессиональная деятельность граждан Республики Казахстан в органах дипломатической службы, осуществляемая в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, настоящим Законом, иными нормативными правовыми актами и международными договорами Республики Казахстан;

      5) консульская служба Республики Казахстан – часть дипломатической службы, направленная на обеспечение защиты прав и интересов государства, граждан и юридических лиц Республики Казахстан в пределах, допускаемых международным правом, а также содействующая развитию дружественных отношений Республики Казахстан с другими государствами, расширению экономических, торговых, научно-технических, гуманитарно-культурных связей и туризма.

      Консульская служба осуществляется в соответствии с Консульским уставом Республики Казахстан, утверждаемым Президентом Республики Казахстан;

      6) Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан – политический государственный служащий, уполномоченный Президентом Республики Казахстан представлять Республику Казахстан в отношениях с одним или несколькими иностранными государствами;

      7) Постоянный (Полномочный) представитель Республики Казахстан при международной организации – политический государственный служащий, уполномоченный Президентом Республики Казахстан представлять Республику Казахстан в отношениях с одной или несколькими международными организациями;

      8) кадровый резерв Министерства иностранных дел – сформированный в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, систематизированный список лиц, ранее занимавших должности персонала дипломатической службы, претендующих на занятие вакантных или временно вакантных должностей в органах дипломатической службы;

      9) загранучреждения – находящиеся за рубежом дипломатические и приравненные к ним представительства, а также консульские учреждения Республики Казахстан.";

      2) в статье 6:

      в подпункте 1) слово "сношениях" заменить словом "отношениях";

      дополнить подпунктами 27-8) и 27-9) следующего содержания:

      "27-8) осуществление:

      регистрации дипломатического представительства, международной организации и (или) ее представительства, консульского учреждения;

      аккредитации глав, членов персонала дипломатических представительств, международных организаций и (или) их представительств, работников консульских учреждений в Республике Казахстан;

      27-9) утверждение порядка:

      регистрации дипломатического представительства, международной организации и (или) ее представительства, консульского учреждения;

      аккредитации глав, членов персонала дипломатических представительств, международных организаций и (или) их представительств, работников консульских учреждений в Республике Казахстан;";

      3) в пункте 2 статьи 9:

      часть вторую изложить в следующей редакции:

      "Чрезвычайные и полномочные послы Республики Казахстан, постоянные (полномочные) представители Республики Казахстан при международных организациях назначаются и отзываются Президентом Республики Казахстан.";

      дополнить частями третьей, четвертой, пятой и шестой следующего содержания:

      "В случае если уставными или иными документами международной организации предусмотрено, что постоянные (полномочные) представители при международных организациях назначаются не главами государств, то Постоянный (Полномочный) представитель Республики Казахстан при международной организации не имеет статуса политического государственного служащего.

      Президентом Республики Казахстан на чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан могут быть возложены полномочия представлять Республику Казахстан в отношениях с несколькими иностранными государствами и международными организациями по совместительству.

      По решению Президента Республики Казахстан чрезвычайные и полномочные послы Республики Казахстан могут быть назначены с местом дислокации в Республике Казахстан.

      Порядок организации деятельности чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан по совместительству и чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан определяется Президентом Республики Казахстан.";

      4) в частях третьей и четвертой пункта 1 статьи 11 слова "Постоянного представителя" заменить словами "Постоянного (Полномочного) представителя";

      5) в статье 15:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) внешняя – перемещения из Министерства иностранных дел в загранучреждения и из загранучреждений в Министерство иностранных дел, а также между загранучреждениями, осуществляемые без проведения конкурсного отбора.

      К внешней ротации также относится назначение на должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан;";

      пункты 4 и 7 изложить в следующей редакции:

      "4. Для персонала дипломатической службы устанавливаются следующие сроки непрерывной работы в загранучреждениях:

      1) для чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан, постоянных (полномочных) представителей Республики Казахстан при международных организациях – не более пяти лет;

      2) для лиц, направляемых на работу в качестве руководителей загранучреждений, за исключением лиц, указанных в подпункте 1) части первой настоящего пункта, – не более четырех лет;

      3) для советников-посланников, заместителей постоянных (полномочных) представителей Республики Казахстан при международных организациях, а также персонала дипломатической службы, владеющего редкими иностранными языками, – не более четырех лет;

      4) для персонала дипломатической службы, за исключением лиц, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) части первой настоящего пункта, – не более трех лет.

      Сроки непрерывной работы чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан, постоянных (полномочных) представителей Республики Казахстан при международных организациях в случае служебной необходимости могут быть продлены Президентом Республики Казахстан.

      Сроки непрерывной работы лиц, указанных в подпунктах 2), 3) и 4) части первой настоящего пункта, могут быть продлены Министром иностранных дел Республики Казахстан, но не более чем на один год.";

      "7. Действие пункта 3 настоящей статьи не распространяется на персонал дипломатической службы, владеющий редкими иностранными языками. Перечень редких иностранных языков устанавливается Министром иностранных дел Республики Казахстан.";

      6) статью 24 дополнить пунктом 6 следующего содержания:

      "6. Материально-техническое обеспечение и сервисное обслуживание органов дипломатической службы осуществляются за счет бюджетных средств.

      Материально-техническое обеспечение и сервисное обслуживание органов дипломатической службы осуществляются юридическим лицом, определяемым Правительством Республики Казахстан, на которое возложены соответствующие функции.".

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан Н. НАЗАРБАЕВ