2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарының жұмысының тиімділігін алдағы уақытта арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды.
Жаңа заңда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілі түсініктемесі көрсетілген, Мемлекет басшысымен тағайындалмайтын Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің мәртебесі нақтыланған және Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілеріне бірнеше шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей құзыреті бекітілген.
Жаңа заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді жүзеге асыру және дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдітерінің басшылары мен мүшелерін, консулдық мекеме қызметкерлерін аккредиттеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің құзыреті белгіленді.
Сондай-ақ, негізгі өзгерістерге орналасқан жері Қазақстан Республикасы болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын енгізу және шет елдердегі мекемелері басшыларының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріндегі үзіліссіз жұмысының нақты мерзімін бекіту бөлігінде дипломатиялық қызмет персоналының сыртқы ротациясын жүйелендіру жатады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің Сирек кездесетін шет тілдер тізімін бекіту құзыреті және Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы " ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы" РМК дипломатиялық қызмет органдарына материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және сервистік қызметті жүзеге асыру құзыреті заңнамалық деңгейде белгіленді.
Өзгерістерді енгізудің мақсаттары дипломатиялық қызмет органдарының кадрлық әлеуетін нығайту және сақтау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Заңды іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындардың ұлғаюын талап етпейді.
ҚР СІМ |