2018 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім
(2019 жылғы 24 наурызда күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 2, 26-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының өз аумағында немесе өз аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жауаптылық белгілеу жөніндегі егеменді құқығын құрметтей отырып,
осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясынан және басқа да халықаралық шарттардан, атап айтқанда 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындардың мәртебесі туралы конвенциядан және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамадан, 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіден, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциядан және 2008 жылғы 14 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциядан туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып,
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон процестерін нақты регламенттеудің өзекті қажеттілігін негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап Анықтамалар
Осы Келісімде төменде келтірілген анықтамалар мынадай мағынаға ие болады:
"реадмиссия" - сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына онда қолданылып жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруі, шығуы және болуы мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы бұза отырып, кірген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;
"сұрау салушы Тарап" - адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберетін Тарап;
"сұрау салынатын Тарап" - өзінің атына адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
"үшінші мемлекеттердің азаматтары" - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығына ие емес және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;
"азаматтығы жоқ адамдар" - Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемелері жоқ адамдар;
"орталық құзыретті орган" - Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының осы Келісімді іске асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктелетін құзыретті органы;
"құзыретті органдар" - Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыруға жауапты органдары;
"Атқару хаттамасы" - осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы хаттама;
"дербес деректер" - осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;
"транзит" - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жүріп өтуі.
2-бап Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары, егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіру, шығу және болу мәселелері жөніндегі ұлттық заңнамасын бұза отырып кірген немесе онда жүрген адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтары болып табылатыны анықталса, оларды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары берілетін адамдарға олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін қажетті, қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайтын құжаттар береді.
3. Адамда Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтығы бар екенін айқындауға негіз болатын құжаттардың тізбелері Атқару хаттамасында қамтылады.
Осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерін алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы көрсетілген құжаттардың үлгілеріндегі кез келген өзгерістер туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірде біреуі ұсыныла алмайтын болса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссияға жататын адамның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе консулдық мекемелерімен осы адаммен әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады. Мұндай әңгімелесулер өткізу рәсімі Атқару хаттамасында айқындалады.
5. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді.
3-бап Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары, егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына осы мемлекеттің ұлттық заңнамасын бұза отырып келген немесе онда жүрген үшінші мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өз аумағына тікелей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан келгені анықталса, осы адамдарды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
2. Егер үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болса және осы адам азаматы болып табылатын немесе тұрақты тұратын мемлекеттің құзыретті органының мұндай құжатты беруге мүмкіндігі болмаса, онда адамның реадмиссиясы туралы сұрау салуға оң жауап алынғаннан кейін, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары оған өз мемлекетінің аумағына кіру үшін құжат береді.
3. Осы баптың ережелері:
- сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрде кіру кезінде осы мемлекеттің құзыретті органдары берген жарамды визасы, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаты болған;
- сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық шартқа сәйкес заңды негізде визасыз тәртіппен келген;
- сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін осы мемлекеттің құзыретті органдары виза, уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат берген адамдарға қолданылмайды.
4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының реадмиссия туралы қолданыстағы халықаралық шарттары бар үшінші мемлекеттердің азаматтары мен сол үшінші мемлекеттерден келген азаматтығы жоқ адамдарға ғана қатысты қолданылады.
4-бап Қате реадмиссия
Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары адам берілген кезде оның реадмиссиясы үшін осы Келісімнің 2-бабында көзделген шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары өздері берген адамды оны берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кері қабылдайды.
Мұндай жағдайларда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы адамға қатысты, өзінің иелігінде бар материалдарды береді.
5-бап Реадмиссия туралы сұрау салуларды жіберу және қарау мерзімдері
1. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіру немесе онда заңсыз болу фактісі анықталған және/немесе оның жеке басы анықталған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде, бірақ күнтізбелік 180 күннен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің тікелей құзыретті органына осы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салу жібереді.
2. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны қабылдауға келісім береді немесе егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары адамды беруге қажетті осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың жоқ екенін анықтаса, оны қабылдаудан уәжді түрде бас тартады. Реадмиссия туралы сұрау салуға уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының белгіленген тәртіппен ресімделген жүгінімі негізінде күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.
6-бап Реадмиссия мерзімдері
1. Егер Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзге жөнінде уағдаласпаса, сұрау салынатын Тарап өздеріне қатысты реадмиссияға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім онда аталған адамдар оларды беруге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына беріле алмайтын болса, ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.
3. Сұрау салынатын Тарап өзіне қатысты реадмиссияға келісім берген адамды беру мүмкін болмаған кезде, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына дереу тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
7-бап Транзит
1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшінші мемлекеттің транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, осы тармақта көрсетілген адамдарға оның аумағына кедергісіз кіру ұсынылатынына кепілдік берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзитіне рұқсат береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өз мәртебесі Атқару хаттамасында айқындалатын қызметкерлерінің алып жүруі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзге жөнінде уағдаласпаса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды күні бұрын, бірақ адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына транзит мақсатында болжамды кіру күніне дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы адамдардың транзиті туралы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде транзитке келісім береді немесе транзитті жүзеге асырудан белгіленген тәртіппен ресімдеп бас тартады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органының өтінуі бойынша мүмкіндігінше көмек көрсетеді.
6. Егер:
1) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам межелі мемлекетте немесе транзит мемлекетінде азаптауларға, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалауға, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни белгісі, ұлттық тиесілігі, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси наным белгісі бойынша қудалауға ұшырайды деген қатер бар болған;
2) мұндай адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуы қолайсыз, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халық денсаулығын сақтау тұрғысынан қолайсыз болған жағдайда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитінен бас тартуы мүмкін.
7. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кірген соң оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағына кедергісіз кіруге бұдан әрі кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы адамдарды транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.
8. Тараптар өзара түсіністік негізінде, азаматы болып табылатын мемлекеттерге немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге тікелей қайтарыла алатын үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит жағдайларын шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
9. Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың межелі мемлекетке транзиті реадмиссияға жататын адамдарды тікелей беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
8-бап Дербес деректерді қорғау
1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректер Тараптардың әрбірінің мемлекетінде олардың ұлттық заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиіс.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тек осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана дербес деректерді алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9-бап Шығыстар
1. Егер шығыстарды осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар өздері дербес немесе үшінші тарап төлей алмаған жағдайда, көрсетілген адамдардың реадмиссиясына және оларды сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ықтимал алып жүруге байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
2. Егер шығыстарды осы Келісімнің 7-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар өздері дербес немесе үшінші тарап төлей алмаған жағдайда, көрсетілген адамдардың транзитіне және оларды ықтимал алып жүруге, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
3. Осы Келісімнің 4-бабында көрсетілген адамдарды беруге және оларды сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ықтимал алып жүруге байланысты шығыстарды өзінің әрекеті немесе әрекетсіздігі реадмиссиясына негіз жоқ адамды беруге әкеп соққан Тарап көтереді.
10-бап Атқару хаттамасы
1. Тараптар Атқару хаттамасын жасасады, ол:
1) орталық және басқа да құзыретті органдарға және олардың арасында өкілеттіктерді бөлуге;
2) реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салудың мазмұнына және оны жіберу тәртібіне;
3) әңгімелесулер өткізуге;
4) реадмиссия немесе транзит рәсімдеріне;
5) адамдарды алып жүру арқылы, оның ішінде үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиті жағдайында беру шарттарына;
6) осы Келісімді орындауға байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты қағидаларды қамтиды.
2. Атқару хаттамасы Келісіммен бір мезгілде жасалады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11-бап Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру және қайта жалғастыру
1. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге байланысты себептер бойынша ішінара немесе толық тоқтата тұруы мүмкін.
2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру немесе қайта жалғастыру туралы екінші Тарап осындай шешімнің іске асырылуы басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірілмей, дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
12-бап Дауларды шешу
1. Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда туындайтын және осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер олардың арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сарапшылардың жұмыс кездесулері мен консультацияларын өткізе алады.
13-бап Басқа халықаралық шарттардың қолданысы
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
14-бап Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
15-бап Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданысы бір Тарап екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң тоқтатылады.
3. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда, Тараптар ол қолданылған кезеңде туындаған міндеттемелерді реттейді.
2018 жылғы 14 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы
(2019 жылғы 24 наурызда күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 2, 27-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді неғұрлым толық реттеуді өзара қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап Құзыретті органдар
1. Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар:
1) Қазақстан Республикасынан:
- орталық құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- құзыретті органдар - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
2) Тәжікстан Республикасынан:
- орталық құзыретті орган - Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- құзыретті органдар - Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Тәжікстан Республикасының Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігі және Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу ақпарат берді.
3. Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.
4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-бірін жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
2-бап Азаматтығы бар екенінің дәлелдемелері
1. Тараптар мемлекеттері азаматтығының бар екені мынадай құжаттармен расталады:
1) Қазақстан Республикасы үшін:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;.
- теңізшінің жеке куәлігі;
- қайтып оралуға арналған куәлік;
- баланың туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде);
2) Тәжікстан Республикасы үшін:
- Тәжікстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты;
- Тәжікстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
- Тәжікстан Республикасы азаматының паспорты (оның ішінде ID-карта);
- Тәжікстан Республикасы азаматының шетелдік паспорты;
- әскери қызметшінің жеке куәлігі (әскери билеті);
- ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған кезде және 16 жасқа толмаған адамның Тәжікстан Республикасының азаматтығына тиесілігі туралы мәліметтері бар туу туралы куәлік;
- Тәжікстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.
2. Мыналар:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
3) шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі;
4) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада көзделген нысан бойынша өтініш;
5) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған, куәлардың жазбаша түсіндірмелері;
6) мемлекеттік органдардың құзыретті лауазымды адамдарының жазбаша ақпараты;
7) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері болған кезде адам Тараптар мемлекеттерінің азаматы болып табылады деп пайымдауға негіз бар.
3. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы шешеді.
3-бап Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екенінің дәлелдемелері
1. Мынадай құжаттар (оның ішінде қолданылу мерзімі өтіп кеткен):
1) жеке басты куәландыратын және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқық беретін құжаттағы Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті органдарының кіру/шығу белгісі;
2) қолдан жасалған құжаттағы Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті органдарының кіру/шығу белгісі;
3) шетелдіктің сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруына ықтиярхат;
4) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, босқынның жарамды куәлігі және жол жүру құжаты;
5) сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар екенінің дәлелдемесі болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша формальдылықтарсыз таниды.
4-бап Әңгімелесу
1. Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгімелесу Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
2. Әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері өткізеді.
3. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда) сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, әңгімелесуді өткізу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.
5-бап Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу тәртібі, сондай-ақ оған жауап жіберу тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы Келісімнің 4-бабында белгіленген мерзімде пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.
2. Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың болуы реадмиссияға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екендігін растайтын не азаматтығы бар деп пайымдауға негіз болатын, осы Атқару хаттамасының 2-бабында көзделген, сұрау салушы Тараптың қолында бар құжаттар қоса беріледі.
3. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың болуы көрсетілген адамдардың реадмиссиясы үшін негіздерді растайтын, осы Атқару хаттамасының 3-бабында көзделген, сұрау салушы Тараптың қолында бар құжаттар қоса беріледі.
4. Реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы Атқару хаттамасына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Келісімнің 5-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпаратты берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.
6-бап Транзит туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған транзит туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына Келісімнің 7-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.
2. Атқару хаттамасына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған транзит туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органына Келісімнің 7-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта байланысы арқылы және қажет болған кезде ақпарат берудің техникалық құралдарының көмегімен қосымша жібереді.
7-бап Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды алып жүру
1. Алып жүру арқылы адамның реадмиссиясы немесе транзиті қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органына алып жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, олардың паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.
2. Алып жүретін адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
3. Алып жүретін адамдар азаматтық киімде болуға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге жарамды паспорттары және реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластық туралы куәландыратын құжаттары болуға тиіс.
4. Алып жүретін адамдар қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектелген немесе айналымнан алынған өзге де заттарды өздерімен алып жүре алмайды.
5. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары алып жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде алып жүретін адамдарға мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.
8-бап Реадмиссия немесе транзит рәсімі
1. Адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
2. Реадмиссияның немесе транзиттің күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша айқындалады.
3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы реадмиссияға жататын адамды берудің жоспарланған күніне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органын осындай берудің шарттары туралы хабардар етеді.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органын беру шарттарының қолайлылығы туралы хабардар етеді.
5. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы үшін қолайсыз болып табылған жағдайда, берудің басқа шарттары мүмкіндігінше қысқа мерзімде келісілуге тиіс.
9-бап Тілі
Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.
10-бап Қосымшалар
Осы Атқару хаттамасына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-бап Қорытынды ережелер
1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір мезгілде күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2018 жылғы 14 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының | Тәжікстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 1-қосымша |
2018 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге сәйкес реадмиссияға жататын адамның
ӨТІНІШІ
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз)___________________________________
2. Бұрынғы тегі_____________________________________________________________
3. Туған күні мен жері_______________________________________________________
4. Жеке басты куәландыратын құжаты (№ және берілген күні)______________________
5. Азаматтығы______________________________________________________________
6. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұратын жақын туыстары туралы мәліметтер______________________________________________________________________
7. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген күні________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру тәсілі_________________________
10. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру мақсаты______________________
11. Өзге де мәліметтер_______________________________________________________
Жеке қолы
20 _____ жылғы " " _____________
Өтініш толтырылған жер _______________________
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
құзыретті органы өкілінің қолы _________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 2-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті
органының ресми бланкісі
2018 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге сәйкес әңгімелесу өткізу туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) ________________________________________________________
5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары) _______________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________________
7. Отбасы жағдайы: _________________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір әйел) Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Балаларының (егер бар болса) аттары мен жасы және олардың тұратын жері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі соңғы тұрған жері _________________________
__________________________________________________________________________
9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы ______________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
10. Жүріп-тұру маршруттары туралы мәліметтер ________________________________
__________________________________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы, медициналық шектеулер және ұсыныстар _________________
__________________________________________________________________________
12. Адамның қолында бар құжаттары:
______________________________ _______________________
(құжат түрі) (берілген күні мен жері)
______________________________ ________________________
(құжатты берген орган) (қолданылу мерзімі өтетін күні)
Б. Ескертпе
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Әңгімелесу өткізілген орын
____________________________________
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
құзыретті органы өкілінің қолы _________________
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 3-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті
органының ресми бланкісі
2018 жылғы 14 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы
туралы келісімге сәйкес реадмиссия туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) _________________________________________________________
5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де
аттары немесе лақап аттары _________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________________
7. Берілген тұруға ықтиярхаттар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар немесе визалар
туралы мәліметтер __________________________________________________________
8. Отбасы жағдайы _________________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір әйел)
Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын
жері ______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Балаларының (егер бар болса) аттары мен жасы және олардың тұратын жерлері _______
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі соңғы тұрған жері ________________________
__________________________________________________________________________
10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы _____________________
__________________________________________________________________________
11. Жүріп-тұру маршруттары туралы мәліметтер ________________________________
__________________________________________________________________________
12. Адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіргені немесе онда
болғаны туралы шешім қабылдау үшін негіздер _________________________________
__________________________________________________________________________
Б. Берілетін адамға катысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің қажеттілігіне ықтимал
көрсетулер, жұқпалы аурудың атауы және т.б.) __________________________________
__________________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деп күдікті болуда,
агрессиялық мінез-құлыққа бейім және т.б.) ____________________________________
__________________________________________________________________________
В. Азаматтың тиесілілігіне қоса берілетін дәлелдемелер
1. Азаматтық тиесілілігін растайтын құжаттар:
____________________ ______________________
(құжат түрі) (берілген күні мен жері)
____________________ _______________________
(құжатты берген орган) (қолданылу мерзімі өтетін күн)
2. Азаматтық тиесілілігін болжауға негіз болатын құжаттар _______________________
__________________________________________________________________________
Г. Ескерту
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
құзыретті органы өкілінің қолы _____________________
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 4-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті
органының ресми бланкісі
2018 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге сәйкес транзит туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша
белгілері және т.б.) _________________________________________________________
5. Басқа да аттары (адам пайдаланатын, ол танымал болған бұрынғы аттары, өзге де
аттары немесе лақап аттары) _________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________________
7. Жол жүру құжатының типі мен нөмірі _______________________________________
Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтімнің қажеттілігіне ықтимал
көрсетулер, жұқпалы аурудың атауы және т.б.) __________________________________
__________________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасады деп күдікті болуда,
агрессиялық мінез-құлыққа бейім және т.б.) ____________________________________
__________________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Межелі мемлекет _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері ______________________________________
__________________________________________________________________________
3. Мемлекеттік шекараны болжамды кесіп өту орны, күні, уақыты __________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Алып жүретін адамдар туралы мәліметтер: ___________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Г. Ескерту
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Басқа транзит мемлекеті және (немесе) межелі мемлекет адамды қабылдауға кепілдік береді.
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
құзыретті органы өкілінің қолы ____________________
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 5-қосымша |
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті
органының ресми бланкісі
РЕАДМИССИЯ/ТРАНЗИТ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУҒА ЖАУАП
ЖАУАП БЕРІЛГЕН КҮНІ .........................................................................
1 - ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ
РҰҚСАТ ЕТІЛСІН БАС ТАРТЫЛСЫН
ТЕРІС ШЕШІМ ЖАҒДАЙЫНДА БАС ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2 ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ АТЫ МӨР ЖӘНЕ ҚОЛЫ
РҚАО-ның ескертпесі!Бұдан әрі Келісімнің және Атқару хаттамасының тәжік тіліндегі мәтіні берілген.