1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет орғандарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
Келісімнің 10-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Байқоңыр" кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшесі (кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыруға қатысты бөлігінде), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлімшесі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңырдағы филиалы.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігінде қайта тіркеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдарының атаулары және (немесе) функциялары өзгерген жағдайда Қазақстан Тарапы бұл туралы Ресей Тарапын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Осы тармақта көзделген Байқоңыр қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесі Тараптар арасында ноталар алмасу арқылы ресімделетін келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.".
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |