Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 334-VІ ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56, 57-құжаттар; № 8-ІІ, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103-құжат):

      13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға" деген сөздер "бейбіт жиналыстарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 155 және 400-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау";

      "400-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу";

      2) 155-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария іс-шараны ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      3) 400-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "400-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 488-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу";

      2) 62-баптың екінші бөлігіндегі "заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" деген сөздер ", сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 476-баптың бірінші абзацының 3) тармақшасындағы "жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар", "өткізуге тыйым салу" деген сөздер тиісінше "бейбіт жиналыстарды", "ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 488-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды ұйымдастырушыларға және (немесе) оларға қатысушыларға үй-жайлар не өзге де мүлік (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықты, көлікті) беру немесе оларды ұйымдастыру және өткізу үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      7. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жасаған әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 909-баптың екінші бөлігіндегі "митингілер, демонстрациялар және басқа да бұқаралық іс-шараларды" деген сөздер "бейбіт жиналыстарды және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 8-І, 62-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2020 жылғы 5 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 19-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;";

      2) 23-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық бірлестіктің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгіт пен насихат жүргізуге, бейбіт жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктің банктік салымдарды пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.".

      5. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) азаматтардың – бейбіт жиналыстарға және басқа да бұқаралық жария іс-шараларға қатысушылардың қару алып жүруіне;".

      6. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):

      1) 4-3-бап мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-4) бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекітеді;";

      2) 13-баптың 3-тармағындағы ", митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 14-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;";

      4) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға;".

      7. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Саяси партияның қызметі тоқтатыла тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөз сөйлеуге, бейбіт жиналыстар мен өзге де жария сөз сөйлеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ саяси партияның банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.";

      2) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;".

      8. "Төтенше жағдайлар туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2020 жылғы 19 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      15-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ тууға, үйленуге, қайтыс болуға байланысты отбасылық салт-жораларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;".

      9. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;";

      2) 9-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салулар немесе шектеулер белгілейді;".

      10. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      13-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі ", митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар" және ", митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Кәсіптік одақтар туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; 2020 жылғы 5 мамыр "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 16-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;";

      2) 17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кәсіподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;";

      3) 21-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Кәсіподақтардың талаптар қоюы, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырады және өткізеді.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам порядка организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан

Закон Республики Казахстан от 25 мая 2020 года № 334-VІ ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнение в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 1, ст.1; № 20, ст.152; 2008 г., № 21, ст.97; № 23, ст.114; 2009 г., № 11-12, ст.55; № 18, ст.84; № 23, ст.100; 2010 г., № 1-2, ст.5; № 5, ст.23; № 24, ст.146; 2011 г., № 1, ст.2, 3, 7; № 5, ст.43; № 11, ст.102; № 12, ст.111; № 16, ст.129; № 21, ст.161; 2012 г., № 3, ст.27; № 8, ст.64; № 14, ст.92, 95; № 15, ст.97; № 21-22, ст.124; 2013 г., № 9, ст.51; № 12, ст.57; № 14, ст.72, 75; 2014 г., № 1, ст.4; № 2, ст.10; № 7, ст.37; № 10, ст.52; № 12, ст.82; № 14, ст.84; № 19-І, 19-ІІ, ст.96; № 21, ст.122; № 23, ст.143; № 24, ст.145; 2015 г., № 8, ст.42; № 11, ст.57; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.115; № 22-I, ст.141; № 22-II, ст.144; № 22-V, ст.156; 2016 г., № 1, ст.2; № 6, ст.45; № 7-II, ст.56, 57; № 8-II, ст.71, 72; № 24, ст.124; 2017 г., № 4, ст.7; № 7, ст.14; № 9, ст.17; № 12, ст.34; № 23-III, ст.111; № 23-V, ст.113; 2018 г., № 10, ст.32; № 19, ст.62; № 24, ст.93; 2019 г., № 7, ст.37; № 19-20, ст.86; № 21-22, ст.91; № 23, ст.103):

      в подпункте 5) пункта 1 статьи 13 слова "собраниях, митингах, пикетах, шествиях и демонстрациях" заменить словами "мирных собраниях".

      2. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 13-I, 13-II, ст.83; № 21, ст.122; 2015 г., № 16, ст.79; № 21-III, ст.137; № 22-I, ст.140; № 22-III, ст.149; № 22-V, ст.156; № 22-VI, ст.159; 2016 г., № 7-II, ст.55; № 8-II, ст.67; № 12, ст.87; № 23, ст.118; № 24, ст.126; 2017 г., № 8, ст.16; № 9, ст.21; № 14, ст.50; № 16, ст.56; № 22-III, ст.109; № 23-III, ст.111; № 24, ст.115; 2018 г., № 1, ст.2; № 14, ст.44; № 15, ст.46; № 16, ст.56; № 23, ст.88, 91; № 24, ст.94; 2019 г., № 2, ст.6; № 7, ст.36; № 8, ст.45; № 15-16, ст.67; № 19-20, ст.86; № 23, ст.108; № 24-I, ст.118; № 24-II, ст.120; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам труда", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 мая 2020 г.):

      1) в оглавлении заголовки статей 155 и 400 изложить в следующей редакции:

      "Статья 155. Воспрепятствование организации, проведению мирного собрания или участию в нем";

      "Статья 400. Нарушение порядка организации и проведения мирных собраний";

      2) в статье 155:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 155. Воспрепятствование организации, проведению мирного собрания или участию в нем";

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "1. Незаконное воспрепятствование организации, проведению мирного собрания, иного законного публичного мероприятия или участию в них либо принуждение к участию в них –

      наказывается штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до ста восьмидесяти часов, либо арестом на срок до пятидесяти суток.";

      3) заголовок статьи 400 изложить в следующей редакции:

      "Статья 400. Нарушение порядка организации и проведения мирных собраний".

      3. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 18-І, 18-ІІ, ст.92; № 21, ст.122; № 23, ст.143; № 24, ст.145, 146; 2015 г., № 1, ст.2; № 2, ст.6; № 7, ст.33; № 8, ст.44, 45; № 9, ст.46; № 10, ст.50; № 11, ст.52; № 14, ст.71; № 15, ст.78; № 16, ст.79; № 19-І, ст.101; № 19-II, ст.102, 103, 105; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.115; № 21-І, ст.124, 125; № 21-II, ст.130; № 21-III, ст.137; № 22-І, ст.140, 141, 143; № 22-II, ст.144, 145, 148; № 22-III, ст.149; № 22-V, ст.152, 156, 158; № 22-VI, ст.159; № 22-VII, ст.161; № 23-І, ст.166, 169; № 23-II, ст.172; 2016 г., № 1, ст.4; № 2, ст.9; № 6, ст.45; № 7-І, ст.49, 50; № 7-II, ст.53, 57; № 8-І, ст.62, 65; № 8-II, ст.66, 67, 68, 70, 72; № 12, ст.87; № 22, ст.116; № 23, ст.118; № 24, ст.124, 126, 131; 2017 г., № 1-2, ст.3; № 9, ст.17, 18, 21, 22; № 12, ст.34; № 14, ст.49, 50, 54; № 15, ст.55; № 16, ст.56; № 22-III, ст.109; № 23-III, ст.111; № 23-V, ст.113; № 24, ст.114, 115; 2018 г., № 1, ст.4; № 7-8, ст.22; № 9, ст.27; № 10, ст.32; № 11, ст.36, 37; № 12, ст.39; № 13, ст.41; № 14, ст.44; № 15, ст.46, 49, 50; № 16, ст.53; № 19, ст.62; № 22, ст.82; № 23, ст.91; № 24, ст.93, 94; 2019 г., № 1, ст.2, 4; № 2, ст.6; № 5-6, ст.27; № 7, ст.36, 37; № 8, ст.45; № 15-16, ст.67; № 19-20, ст.86; № 21-22, ст.90, 91; № 23, ст.99, 103, 106, 108; № 24-I, ст.118; № 24-II, ст.120, 122, 123, 127; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам труда", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 мая 2020 г.; Закон Республики Казахстан от 13 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 мая 2020 г.; Закон Республики Казахстан от 13 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования миграционных процессов", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 мая 2020 г.):

      1) в оглавлении заголовок статьи 488 изложить в следующей редакции:

      "Статья 488. Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний";

      2) в части второй статьи 62 слова "о недрах и недропользовании" заменить словами "о недрах и недропользовании, о порядке организации и проведения мирных собраний";

      3) в подпункте 3) абзаца первого статьи 476 слова "на проведение собраний, митингов, шествий и демонстраций" заменить словами "или ограничения организации и проведения мирных собраний";

      4) статью 488 изложить в следующей редакции:

      "Статья 488. Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний

      1. Воспрепятствование организации или проведению мирных собраний, если это действие не имеет признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет предупреждение или штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до десяти суток.

      2. Нарушение участником мирного собрания, проводимого в соответствии с законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, требований, установленных законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, если это действие не имеет признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет предупреждение или штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до десяти суток.

      3. Нарушение организатором мирного собрания, проводимого в соответствии с законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, требований, установленных законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, если это действие не имеет признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет предупреждение или штраф на физических лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до десяти суток, на юридических лиц – в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.

      4. Действия, предусмотренные частями первой, второй и третьей настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влекут штраф на физических лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток, на юридических лиц – в размере семидесяти месячных расчетных показателей.

      5. Предоставление организаторам и (или) участникам собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетов либо иных публичных мероприятий, проводимых в нарушение порядка, установленного законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, помещений либо иного имущества (средств связи, множительной техники, оборудования, транспорта) или создание иных условий для их организации и проведения, если это действие не имеет признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет штраф на физических лиц в размере тридцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до десяти суток, на юридических лиц – в размере семидесяти месячных расчетных показателей.

      6. Участие в собраниях, митингах, демонстрациях, шествиях, пикетировании либо ином публичном мероприятии, проводимых в нарушение порядка, установленного законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, если это действие не имеет признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влечет предупреждение или штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток.

      7. Организация и (или) проведение собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетов либо иного публичного мероприятия, проводимых в нарушение порядка, установленного законодательством Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний, если эти действия не имеют признаков уголовно наказуемого деяния, –

      влекут штраф на физических лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток, на юридических лиц – в размере ста месячных расчетных показателей.

      8. Действие, предусмотренное частью шестой настоящей статьи, совершенное иностранцами, лицами без гражданства, –

      влечет предупреждение или штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток с административным выдворением за пределы Республики Казахстан.

      9. Действия, предусмотренные частью седьмой настоящей статьи, совершенные иностранцами, лицами без гражданства, иностранными юридическими лицами, –

      влекут штраф на физических лиц в размере пятидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток с административным выдворением за пределы Республики Казахстан, на юридических лиц – в размере ста месячных расчетных показателей с приостановлением деятельности юридического лица или без такового.

      10. Действие, предусмотренное частью пятой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф на физических лиц в размере сорока месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток, на юридических лиц – в размере ста месячных расчетных показателей.

      11. Действие, предусмотренное частью шестой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влечет штраф в размере пятидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до двадцати суток.

      12. Действия, предусмотренные частью седьмой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, –

      влекут штраф на физических лиц в размере семидесяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до двадцати пяти суток, на юридических лиц – в размере ста пятидесяти месячных расчетных показателей.";

      5) в части второй статьи 909 слова "проводить митинги, демонстрации" заменить словами "организовывать и проводить мирные собрания".

      4. В Закон Республики Казахстан от 31 мая 1996 года "Об общественных объединениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 8-9, ст.234; 2000 г., № 3-4, ст.63; 2001 г., № 24, ст.338; 2005 г., № 5, ст.5; № 13, ст.53; 2007 г., № 9, ст.67; 2009 г., № 2-3, ст.9; № 8, ст.44; 2010 г., № 8, ст.41; 2012 г., № 2, ст.13; № 21-22, ст.124; 2014 г., № 11, ст.67; 2015 г., № 22-I, ст.140; 2016 г., № 8-I, ст.62; 2018 г., № 10, ст.32; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам труда", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 мая 2020 г.):

      1) абзац пятый части второй статьи 19 изложить в следующей редакции:

      "организовывать и проводить мирные собрания;";

      2) часть вторую статьи 23 изложить в следующей редакции:

      "В случае приостановления деятельности общественного объединения ему запрещается пользоваться всеми средствами массовой информации, вести агитацию и пропаганду, организовывать и проводить мирные собрания и другие массовые мероприятия, принимать участие в выборах. Приостанавливается также право общественного объединения пользоваться банковскими вкладами, за исключением расчетов по трудовым договорам, возмещению убытков, причиненных в результате его деятельности, и уплате штрафов.".

      5. В Закон Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 24, ст.448; 2002 г., № 4, ст.34; 2004 г., № 23, ст.140, 142; 2006 г., № 24, ст.148; 2007 г., № 2, ст.18; № 19, ст.150; № 20, ст.152; 2010 г., № 8, ст.41; № 24, ст.149; 2011 г., № 1, ст.7; № 11, ст.102; № 12, ст.111; 2013 г., № 12, ст.57; 2014 г., № 8, ст.49; № 10, ст.52; № 19-I, 19-II, ст.94, 96; № 21, ст.122; 2016 г., № 6, ст.45; № 23, ст.118; 2017 г., № 16, ст.56; 2018 г., № 19, ст.62; 2019 г., № 5-6, ст.27; № 21-22, ст.90):

      подпункт 5) пункта 2 статьи 7 изложить в следующей редакции:

      "5) ношение оружия гражданами – участниками мирных собраний и других массовых публичных мероприятий;".

      6. В Закон Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 21, ст.771; 2001 г., № 10, ст.122; 2003 г., № 24, ст.175; 2005 г., № 13, ст.53; 2006 г., № 1, ст.5; № 3, ст.22; № 12, ст.77; 2007 г., № 12, ст.88; 2009 г., № 2-3, ст.7; № 15-16, ст.74; 2010 г., № 5, ст.23; № 22, ст.130; 2011 г., № 1, ст.2; № 11, ст.102; 2012 г., № 2, ст.13; № 3, ст.25; № 15, ст.97; 2013 г., № 1, ст.2; № 10-11, ст.56; № 14, ст.75; 2014 г., № 2, ст.11; № 10, ст.52; № 14, ст.84; 2015 г., № 20-IV, ст.113; № 22-V, ст.156; 2016 г., № 6, ст.45; № 23, ст.118; 2017 г., № 9, ст.18; № 24, ст.115; 2018 г., № 10, ст.32; № 15, ст.46; № 24, ст.93; 2019 г., № 1, ст.4; № 7, ст.37):

      1) статью 4-3 дополнить подпунктом 13-4) следующего содержания:

      "13-4) утверждает правила деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, формы отличительных знаков журналиста;";

      2) в пункте 3 статьи 13 слова "митингов, шествий, пикетов и демонстраций," исключить;

      3) подпункт 1) пункта 1-1 статьи 14 изложить в следующей редакции:

      "1) если данное лицо присутствует или участвует в зрелищных культурно-массовых, социально значимых в области культуры, спортивно-массовых мероприятиях, мирных собраниях и иных публичных мероприятиях;";

      4) подпункт 4) статьи 20 изложить в следующей редакции:

      "4) присутствовать в районе стихийных бедствий, на мирных собраниях, а также при иных формах выражения общественных, групповых и личных интересов по предъявлении удостоверения журналиста, отличительного знака;".

      7. В Закон Республики Казахстан от 15 июля 2002 года "О политических партиях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., № 16, ст.153; 2005 г., № 5, ст.5; № 13, ст.53; 2007 г., № 9, ст.67; 2009 г., № 2-3, ст.6; 2012 г., № 5, ст.41; № 21-22, ст.124; 2014 г., № 21, ст.122; 2015 г., № 22-I, ст.140; 2018 г., № 12, ст.39; № 24, ст.93):

      1) пункт 2 статьи 13 изложить в следующей редакции:

      "2. В период приостановления деятельности политической партии руководителям и членам партии запрещается выступать от ее имени в средствах массовой информации, организовывать и проводить мирные собрания и иные публичные выступления, а также приостанавливаются расходные операции по банковским счетам политической партии, за исключением расчетов по трудовым договорам, возмещению убытков, причиненных в результате ее деятельности, и уплате штрафов.";

      2) подпункт 5) пункта 1 статьи 15 изложить в следующей редакции:

      "5) организовывать и проводить мирные собрания;".

      8. В Закон Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 3, ст.18; 2006 г., № 2, ст.14; 2007 г., № 9, ст.67; 2008 г., № 6-7, ст.27; 2009 г., № 8, ст.44; 2010 г., № 7, ст.32; 2011 г., № 5, ст.43; 2013 г., № 14, ст.72; 2014 г., № 7, ст.37; 2015 г., № 1, ст.2; 2017 г., № 11, ст.29; 2018 г., № 24, ст.93; 2019 г., № 5-6, ст.27; Закон Республики Казахстан от 16 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам чрезвычайного положения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 19 мая 2020 г.):

      подпункт 5) статьи 15 изложить в следующей редакции:

      "5) запрещение или ограничение организации и проведения мирных собраний, зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий, а также семейных обрядов, связанных с рождением, свадьбой, смертью;".

      9. В Закон Республики Казахстан от 5 марта 2003 года "О военном положении" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 4, ст.22; 2005 г., № 14, ст.56; 2007 г., № 10, ст.69; 2011 г., № 11, ст.102; 2012 г., № 4, ст.32; 2015 г., № 1, cт.2; 2017 г., № 16, cт.56):

      1) подпункт 13) пункта 1 статьи 6 изложить в следующей редакции:

      "13) запрещение или ограничение организации и проведения мирных собраний, забастовок;";

      2) подпункт 7) части первой статьи 9 изложить в следующей редакции:

      "7) устанавливает запреты или ограничения на организацию и проведение мирных собраний, забастовок;".

      10. В Закон Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года "О противодействии экстремизму" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 5, ст.3; № 13, ст.53; 2010 г., № 10, ст.48; 2011 г., № 17, ст.136; 2012 г., № 4, ст.32; 2014 г., № 8, ст.49; № 14, ст.84; № 21, ст.118, 122; 2015 г., № 22-I, cт.140; 2016 г., № 24, ст.126):

      в заголовке и тексте статьи 13 слова ", митингов, шествий, пикетов и демонстраций" исключить.

      11. В Закон Республики Казахстан от 27 июня 2014 года "О профессиональных союзах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 11, ст.66; 2015 г., № 22-V, ст.152; 2016 г., № 7-I, cт.49; № 7-II, cт.55; 2017 г., № 15, ст.55; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам труда", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 мая 2020 г.):

      1) подпункт 13) пункта 1 статьи 16 изложить в следующей редакции:

      "13) организовывать и проводить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке забастовки, мирные собрания;";

      2) подпункт 4) статьи 17 изложить в следующей редакции:

      "4) обеспечивать соблюдение членами профсоюза установленного законодательством Республики Казахстан порядка организации и проведения забастовок, мирных собраний;";

      3) в статье 21:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 21. Выдвижение требований профсоюзами, организация и проведение забастовок, мирных собраний";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Профсоюзы организовывают и проводят забастовки, мирные собрания в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ