ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-тармағынан қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) кіріспедегі "және кәсiби аудиторлық ұйымдар" деген сөздер ", кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 12-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі - кәсіби кеңес) - кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым;";
"12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері - бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;";
"17-1) практикамен айналыспайтын сарапшы - аудиторлық ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе жұмыскері болып табылмайтын және кәсіби кеңес органдарында тағайындалғанға дейін және олардағы жұмыс кезеңінде онымен азаматтық-құқықтық қатынаста кемінде күнтізбелік бір жыл болмаған жеке тұлға;";
3) 7-бапта:
бірінші абзацтағы "Аудиторлық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды;";
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкілін жібереді;
9-2) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
9-3) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификатты алу тәртібі мен нысанын әзірлейді және бекітеді;";
"18-2) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды;";
4) 11-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) аудиторларға кандидаттарды оқыту жөніндегі курстарды өткізуге;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға;";
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың өткізілуін қамтамасыз етуге, олар аяқталғаннан кейін курстардан өткені туралы сертификаттар беруге;";
5) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы және 7) тармақшасындағы "келмесе;" деген сөз "келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақшасы алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-баптармен толықтырылсын:
"13-1-бап. Кәсіби кеңес
1. Кәсіби кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құрылтайшылары бекіткен жарғыға сай әрекет етеді.
2. Кәсіби кеңестің мүлкі міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдардан, кәсіби ұйымдардан біржолғы немесе тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және кәсіби кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін көздер есебінен қалыптастырылады.
3. Кәсіби кеңеске оның құрылтайшылары берген мүлік кәсіби кеңестің меншігі болып табылады.
Кәсіби кеңес құрылтайшыларының кәсіби кеңестің мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.
4. Кәсіби кеңестің басқармасы (бұдан әрі - басқарма) кәсіби кеңестің жоғары басқару органы болып табылады, оның қарауына Қазақстан Республикасының заңдарында, кәсіби кеңестің жарғысында және кәсіби кеңестің ішкі құжаттарында айқындалған, кәсіби кеңестің қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жатады.
5. Басқарма құрамына:
1) кәсіби ұйымдардан - саны бірдей;
2) уәкілетті органнан (басқарма төрағасы болып табылатын, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша басшы немесе оның орынбасары);
3) аудитке қатысты мәселелер бойынша - "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамынан;
4) "Астана" халықаралық қаржы орталығынан;
5) жоғары оқу орындарынан және (немесе) ғылыми ұйымдардан өкілдер;
6) сондай-ақ "аудитор" біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар тәуелсіз директор кіреді.
6. Басқарма мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс, бұл ретте кәсіби ұйымдар өкілдерінің саны басқарма мүшелері жалпы санының үштен бірін құрауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
7. Басқарма өкілдеріне сыйақы төленбейді.
8. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) кәсіби кеңестің мүлкін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, кәсіби кеңестің ішкі құжаттарын бекіту;
2) кәсіби кеңестің атқарушы органдарын тағайындау;
3) кәсіби кеңес қызметінің жарғылық мақсаттарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
4) аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында кәсіби кеңес қызметінің бағытын айқындау;
5) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын келісу;
6) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
7) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін келісу;
8) сапаны бақылау жөніндегі комитет ұсынған, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхаттар бойынша ұсынымдарды қарау және беру;
9) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің қызметіне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін келісу;
10) кәсіби ұйымдарға, аудиторлық ұйымдарға және аудиторларға қатысты өтініштерді қарау;
11) кәсіби кеңестің қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту;
12) кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
13) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылатын бақылау нәтижелерін оларға қарсылық болмаған және (немесе) апелляциялық комиссияның шешімі болған жағдайларда қарау және келісу.
Басқарма кәсіби кеңес қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
9. Кәсіби кеңес филиалдар мен өкілеттіктер құруға құқылы емес.
10. Сапаны бақылау жөніндегі комитет, Біліктілік комиссиясы, атқарушы алқалы орган кәсіби кеңестің атқарушы органдары болып табылады.
11. Кәсіби кеңес уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметі туралы жылдық есептілікті басқарма оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
12. Төраға басқаратын атқарушы алқалы орган кәсіби кеңестің қызметіне ағымдағы басшылықты кәсіби кеңестің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
13. Кәсіби кеңестің және атқарушы органдардың қызметі туралы мәліметтер ашық және қолжетімді болуға тиіс.
13-2-бап. Сапаны бақылау жөніндегі комитет
1. Сапаны бақылау жөніндегі комитеттің құрамына аудит жүргізу саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, практикамен айналыспайтын кемінде екі сарапшы үш жылға дейінгі мерзімге кіреді, сондай-ақ аудит жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, "аудитор" біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылмаған, практикамен айналыспайтын сарапшылар кіруі мүмкін.
2. Сапаны бақылау жөніндегі комитеттің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің басқарма бекіткен, кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру;
2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне сапаны сыртқы бақылауды жүргізу;
3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін басқармаға келісуге ұсыну;
4) уәкілетті орган бекіткен, аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарына сәйкес аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібін басқармамен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
5) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін кәсіби кеңестің интернет-ресурсында орналастыру;
6) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу кезінде прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) басқармаға аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхат ұсыну;
8) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайтын, сапаны бақылау жөніндегі комитет аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізген кезде алған мәліметтер жария етілуге жатпайды.";
7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Біліктілік комиссиясы
1. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның өкілі және кәсіби ұйымдардан саны бірдей өкілдер кіреді, бұл ретте Біліктілік комиссиясының құрамы оның мүшелерінің тақ санынан құралуға тиіс. Біліктілік комиссиясының құрамына практикамен айналыспайтын сарапшылар да кіруі мүмкін.
2. Аудит жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар аудитор Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайланады.
Біліктілік комиссиясының төрағасы Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік даусымен үш жыл мерзімге сайланады. Сол бір адам қатарынан екі рет төраға болып сайлана алмайды.
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайлана алмайды.
4. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және басқармамен келіседі, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
5. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган Біліктілік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға құқылы.";
8) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға жібереді және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.";
9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының, Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бағытталған және ол тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.
Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына және ұйымдар стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.
Бұл ретте сапаны бақылау жөніндегі комитетте сапаны сыртқы бақылаудан өткен аудиторлық ұйымдар үшін кәсіби ұйымдарда сапаны сыртқы бақылаудан өту талап етілмейді.
3. Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау:
1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым алынған жағдайда;
2) аудиторлардың және (немесе) аудиторлық ұйымдардың жұмыс нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;
4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен жолданымдарға сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым бойынша сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылауды жүргізу қажеттілігі туралы шешім жолданымда жазылған нақты деректер қаралғаннан кейін шығарылады.
4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды тексерілетін аудиторлық ұйым төлейді.
Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды жолданымды жіберген жеке немесе заңды тұлға төлейді. Уәкілетті органға жолданым беру жолданымды жіберген тұлғаны сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге арналған шығыстарды төлеуден босатпайды. Бұл ретте жолданымда жазылған фактілер расталған жағдайда, шығыстарды төлеуді тексерілетін аудиторлық ұйым жүргізеді, ал жолданымды жіберген тұлғаға төлем қайтарылады.
5. Кәсіби ұйымдар аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізеді.
6. Аудиторлық ұйым сапаны сыртқы бақылау нәтижелеріне кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға құқылы.
Кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясының қызметі басқарма айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
10) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларының талаптарына сәйкес аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өтуге және аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификаттар алуға;";
11) 21-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы "тексеруге құқылы." деген сөздер "тексеруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) прокуратура, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа қорытындылар беруге құқылы.".
2. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 13, 41-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 53-құжат; 2019 ж., № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 2-тармағы "кәсiби аудиторлық ұйымдар," деген сөздерден кейін "аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 22-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 1-тармағы 4), 5) және 6) тармақшаларының ережелері аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеске қолданылмайды. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің жарғысы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді қамтуға тиіс.";
3) 39-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздерден кейін ", аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңесті" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "Коммерциялық" деген сөз "Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңесті қоспағанда, коммерциялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.".
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат):
61-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес құрылған аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.".
4. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 3-тармағының бірінші абзацы "талаптарды қолданады" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген резидент емес-жеке тұлғалар немесе резидент емес-заңды тұлғалар ұсынған нысандарды есепке алуға қолданады" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат):
1) 1-баптың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті - мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;";
2) 5-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.";
3) 8-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тиімділік өлшемшарттары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу кезеңінде аудит объектісімен талқыланады.";
4) 10-баптың 1-1-тармағы "Елбасы Кеңсесінде," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;";
6) 15-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;";
10) тармақша "органға" деген сөзден кейін "тоқсан сайын" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 18-баптың 5-тармағының 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;";
"4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі.";
8) 19-баптың 1, 3, 4, 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес, ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, оларды таниды.";
"3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, егер Есеп комитеті мен ревизиялық комиссиялар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
4. Ревизиялық комиссия, егер Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
5. Ревизиялық комиссия, егер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.";
"7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бірыңғай дерекқорына тиісті ақпаратты енгізе отырып, мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын және мемлекеттік аудит объектісін басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау фактісі туралы хабардар етеді.";
9) 24-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттарға тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты тексеру және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапаны бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қызметінің барлық кезеңі, мемлекеттік аудиторлардың бүкіл қызметі сапаны бақылауға жатады.";
10) 26-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі сараптамалық-талдау іс-шараларын, сондай-ақ бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауларды жүргізу түрінде жүзеге асырылады.";
"3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған ревизиялық комиссиялар аумақтарында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Есеп комитеті, ревизиялық комиссиялар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекеттің (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау,сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеу нысанында сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізеді. Сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Есеп комитеті бекіткен, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалады.
Есеп комитеті, ревизиялық комиссиялар мемлекеттік аудит объектісін сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілетіні туралы хабардар етеді және шешімі ұсынымдық сипатта болатын оның нәтижелерін мемлекеттік аудит объектісімен талқылайды.
Бұл тәртіп бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауларға қолданылмайды.";
11) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Камералдық бақылауды және шағымдарды аппеляциялық ретке келтіруді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау жүргізіледі.";
12) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "келтіруге" деген сөз "келтірмеуге" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 37-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
14) 53-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тексерілетін органдардың сұрау салуы бойынша, кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды.";
15) 54-баптың 3-тармағындағы "Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 58-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ішкі аудит қызметінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;";
17) 11-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1-тарау. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі";
18) 58-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды (бұдан әрі - қарсылық), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды (бұдан әрі - шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.";
19) 58-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"58-2-бап. Қарсылықты, шағымды беру тәртібі мен мерзімдері";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қарсылық, шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде беріледі.";
2-тармақ "қарсылықты", "қарсылықтар" деген сөздерден кейін тиісінше ", шағымды", ", шағымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қарсылықтың", "қарсылықтар" деген сөздерден кейін тиісінше ", шағымдардың", ", шағымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "қағидаларында айқындалады." деген сөздер "қағидаларында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.";
20) 58-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
1. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықты, шағымды қараудан бас тартады.
2. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, әлеуетті өнім берушіні, арыз берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.";
21) 58-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері";
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
6. Қарсылық, шағым мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін келіп түскен жағдайда, оны жасау мерзімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасың Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарсылық, шағым камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау туралы шешімді мемлекеттік аудит объектісінің қабылдауы сатысында келіп түскен жағдайда, оны орындау мерзімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
22) 58-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімдейді.".
2-бап.
1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 6) тармақшасының қырық бесінші абзацын және 11) тармақшасын, 5-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацын, 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Кәсіби аудиторлық ұйым (кәсіби аудиторлық ұйымдар) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес құрады.
3. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес тіркелген күннен бастап бір ай ішінде сапаны бақылау жөніндегі комитет пен Біліктілік комиссиясын құрады.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |