Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 362-VI ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 39, 48-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-бапта:

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;";

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;";

      2) 138-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер бұрын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына кірген босалқы жер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, онда мұндай жер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылады.";

      3) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік бағдарламаларда немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген туризм объектілерін салу және олардың жұмыс істеуі мақсатында жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған босалқы жер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде:

      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

      2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылады.

      Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстыру "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 7-бапта:

      4) тармақша тоғызыншы абзацындағы "тізбесін бекіту;" деген сөздер "тізбесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;";

      2) 8-баптың бірінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";

      16-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-6) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін әзірлеу;";

      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;";

      4) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.";

      5) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:

      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

      2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша –уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам особо охраняемых природных территорий

Закон Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 362-VI ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 13, ст.99; 2005 г., № 9, ст.26; 2006 г., № 1, ст.5; № 3, ст.22; № 11, ст.55; № 12, ст.79, 83; № 16, ст.97; 2007 г., № 1, ст.4; № 2, ст.18; № 14, ст.105; № 15, ст.106, 109; № 16, ст.129; № 17, ст.139; № 18, ст.143; № 20, ст.152; № 24, ст.180; 2008 г., № 6-7, ст.27; № 15-16, ст.64; № 21, ст.95; № 23, ст.114; 2009 г., № 2-3, ст.18; № 13-14, ст.62; № 15-16, ст.76; № 17, ст.79; № 18, ст.84, 86; 2010 г., № 5, ст.23; № 24, ст.146; 2011 г., № 1, ст.2; № 5, ст.43; № 6, ст.49, 50; № 11, ст.102; № 12, ст.111; № 13, ст.114; № 15, ст.120; 2012 г., № 1, ст.5; № 2, ст.9, 11; № 3, ст.27; № 4, ст.32; № 5, ст.35; № 8, ст.64; № 11, ст.80; № 14, ст.95; № 15, ст.97; № 21-22, ст.124; 2013 г., № 1, ст.3; № 9, ст.51; № 14, ст.72, 75; № 15, ст.77, 79, 81; 2014 г., № 2, ст.10; № 8, ст.44; № 11, ст.63, 64; № 12, ст.82; № 14, ст.84; № 19-І, 19-II, ст.96; № 21, ст.118, 122; № 23, ст.143; № 24, ст.145; 2015 г., № 8, ст.42; № 11, ст.57; № 19-І, ст.99, 101; № 19-II, ст.103; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.115, 117; № 21-І, ст.124, 126; № 22-II, ст.145; № 22-VI, ст.159; 2016 г., № 6, ст.45; № 7-II, ст.53, 56; № 8-II, ст.72; № 10, ст.79; 2017 г., № 3, ст.6; № 4, ст.7; № 12, ст.34; № 14, ст.51, 54; № 23-V, ст.113; 2018 г., № 9, ст.27; № 10, ст.32; 2019 г., № 1, ст.4; № 2, ст.6; № 7, ст.37, 39; № 19-20, ст.86; № 21-22, ст.90, 91; № 23, ст.103, 108; № 24-I, ст.119; 2020 г., № 10, ст.39, 48; № 11, ст.54; № 13, ст.67; Закон Республики Казахстан от 29 июня 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам улучшения бизнес-климата", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 30 июня 2020 г.; Закон Республики Казахстан от 2 июля 2020 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения доступности Интернета в сельских населенных пунктах", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 3 июля 2020 г.):

      1) в статье 13:

      подпункт 3-1) изложить в следующей редакции:

      "3-1) перевод земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса, а также перевод земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий по предложению уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях";";

      дополнить подпунктом 3-2) следующего содержания:

      "3-2) утверждение порядка перевода земель из одной категории в другую в случаях, установленных Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях";";

      2) статью 138 дополнить частью второй следующего содержания:

      "В случае если земли запаса, ранее входившие в состав земель особо охраняемых природных территорий, не переведены в другие категории земель в соответствии с законодательством Республики Казахстан, то такие земли переводятся обратно в категорию земель особо охраняемых природных территорий в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях".";

      3) статью 171 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:

      "Земли запаса, не переведенные в другие категории земель в целях строительства и функционирования объектов туризма, предусмотренных государственными программами или документами Системы государственного планирования Республики Казахстан, переводятся обратно в категорию земель особо охраняемых природных территорий при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы решением:

      1) Правительства Республики Казахстан по предложению уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий, согласованному с местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, – по особо охраняемой природной территории республиканского значения;

      2) местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы по предложению ведомства уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий – по особо охраняемой природной территории местного значения.

      Перевод земель запаса обратно в категорию земель особо охраняемых природных территорий осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях".".

      2. В Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., № 16, ст.96; 2007 г., № 1, ст.4; 2008 г., № 21, ст.95; № 23, ст.114; 2009 г., № 18, ст.84; 2010 г., № 1-2, ст.5; № 5, ст.23; 2011 г., № 1, ст.2; № 5, ст.43; № 11, ст.102; № 13, ст.114; 2012 г., № 3, ст.27; № 15, ст.97; 2013 г., № 9, ст.51; № 14, ст.75; 2014 г., № 19-I, 19-II, ст.96; 2015 г., № 23-II, ст.172; 2017 г., № 3, ст.6; № 12, ст.34; № 23-V, ст.113; 2018 г., № 10, ст.32; 2019 г., № 19-20, ст.86; 2020 г., № 13, ст.67):

      1) в статье 7:

      подпункт 4) дополнить абзацем десятым следующего содержания:

      "порядка перевода земель из одной категории в другую в случаях, установленных частями второй и третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона;";

      подпункт 6-1) изложить в следующей редакции:

      "6-1) перевод земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса, а также перевод земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий по предложению уполномоченного органа в случаях, установленных частями второй и третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона;";

      2) в части первой статьи 8:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) внесение предложений по созданию и расширению особо охраняемых природных территорий республиканского значения;";

      дополнить подпунктом 4-2) следующего содержания:

      "4-2) внесение предложений по переводу земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса, а также по переводу земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий в случаях, установленных частями второй и третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона;";

      подпункт 16-6) изложить в следующей редакции:

      "16-6) разработка порядка перевода земель из одной категории в другую в случаях, установленных частями второй и третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона;";

      3) пункт 2 статьи 10 дополнить подпунктом 15-2) следующего содержания:

      "15-2) осуществляют перевод земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий по предложению ведомства уполномоченного органа в случае, установленном частью третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона;";

      4) пункт 1 статьи 20 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "Для принятия решений о переводе земель запаса обратно в земли особо охраняемых территорий в соответствии с частью третьей пункта 2 статьи 23 настоящего Закона не требуется разработка проектов естественно-научных и технико-экономических обоснований.";

      5) пункт 2 статьи 23 дополнить частями третьей и четвертой следующего содержания:

      "При этом земли особо охраняемых природных территорий, переведенные в земли запаса, переводятся обратно в земли особо охраняемых природных территорий в случае, если в течение одного года со дня принятия решения об их переводе в земли запаса они не переведены в другие категории земель. Перевод земель запаса в земли особо охраняемых природных территорий осуществляется при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы и решения:

      1) Правительства Республики Казахстан по предложению уполномоченного органа, согласованному с местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, – по особо охраняемой природной территории республиканского значения;

      2) местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы по предложению ведомства уполномоченного органа – по особо охраняемой природной территории местного значения.

      Перевод земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий осуществляется в соответствии с правилами, утвержденными Правительством Республики Казахстан.";

      6) абзац седьмой подпункта 1) пункта 1 статьи 38 изложить в следующей редакции:

      "по предоставлению транспортных услуг, а также услуг по предоставлению во временное владение и пользование упряжных и верховых животных;".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ