"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 9 наурыздағы № 14-VII ҚРЗ.

      1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 24-ІІ, 116-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 24 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 182-1 және 183-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "182-1-бап. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы";

      "183-1-бап. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама";

      2) 173-бапта:

      4-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұралып отырған мерзімі ішінде кен орнын әзірлеуді көздейтін уран кен орнын әзірлеу жобасы қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер уран кен орны қорлары өсімінің көлемдері геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес бастапқы қорлардан отыз және одан да көп пайыздан асса, мұндай кен орнына қатысты уран өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыру жөніндегі қосымша міндеттемелері қамтылуға тиіс.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде қаралуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша мынадай:

      1) осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өндіру кезеңін ұзарту туралы;

      2) осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайда – осы бапта көзделген мерзімдерде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы;

      3) өндіру кезеңін ұзартудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      5-2. Осы баптың 5-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен осы баптың 4-1-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      5-3. Келіссөздердің нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) өндіру кезеңін ұзарту туралы, сондай-ақ осы баптың 4-1-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібі туралы;

      2) өндіру кезеңін ұзартудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және ол туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні құзыретті орган бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде уран өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін толықтыру жасалады.

      8. Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күні құзыретті орган бекітетін, өтініш берілген күнге қолданыста болатын уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, жаңа редакциядағы уран өндіруге арналған келісімшарт жасалады.";

      3) 176-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Уран өндіру кезеңінде уран кен орнының геологиялық құрылымы мен қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізуге жол беріледі.

      8. Жете барлау жөніндегі жұмыстар кен орнын әзірлеу жобасына сәйкес жүргізіледі.

      Егер жете зерттеу ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде жаңа кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, оны бағалау кен орнын әзірлеу жобасына толықтыруға сәйкес жүргізіледі.";

      4) 182-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар уран өндіру саласындағы жобалау құжаттары болып табылады:

      1) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы;

      2) уран кен орнын әзірлеу жобасы;

      3) уран өндіру салдарын жою жобасы.

      2. Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы шарт негізінде тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жасайды.";

      3 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері жыл сайын уран кен орнын әзірлеудің тау-кен-геологиялық және технологиялық шарттары өзгертілместен бір жылда бекітілген көрсеткіштерден физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға өзгерсе, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалмайды.

      Жобалау құжаттары жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жасалады.";

      5) мынадай мазмұндағы 182-1 және 183-1-баптармен толықтырылсын:

      "182-1-бап. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы

      1. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес жасалады.

      2. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің бүкіл кезеңіне әзірленеді.

      3. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жөніндегі жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, болжамды көлемдері мен оларды жүргізу мерзімдері, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық шешімдер сипатталады.

      4. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларының мазмұнына қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай жоба болмаған кезде уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.";

      "183-1-бап. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама

      1. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес уран кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      2. Жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы (бұдан әрі – орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнаулы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

      3. Орталық комиссияның қызметiн ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу уран өндiру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.

      4. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама екі ай ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол үш айдан аспайды.

      5. Жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.

      6. Теріс сараптамалық қорытындыны шығаруға мыналар:

      1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде мазмұны, құрылымы және ресімделуі бойынша жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленген талаптарға және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;

      2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;

      3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың уран ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепке сәйкес келмеуі;

      4) жобалау құжатында немесе әзірлеуді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің техникалық және (немесе) экономикалық негіздемесінің жеткіліксіздігі негіз болып табылады.

      7. Жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды пысықтау жөніндегі ұсынымдар келтіріледі.";

      6) 184-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобаларын орындауына мониторинг үш жылда кемінде бір рет орындалатын уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар уран өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.";

      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда әзірлеуді талдау шеңберінде жобалау құжаттарының жекелеген көрсеткіштерін болмашы (жиырма пайыздан аз) түзету мүмкін болатын жағдайлар белгіленеді.

      7. Кен орнын әзірлеуді талдау әзірлеу процесінде геологиялық, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін кен орнын әзірлеу жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау тұрғысынан кешенді зерттеуді білдіреді. Кен орнын әзірлеуді талдау жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.";

      7) 277-баптың 3-тармағында:

      отыз төртінші абзацтағы "178 – 181-баптарда" деген сөздер "22-тараудың 2-параграфында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "174-бапта, 176-баптың 7 және 8-тармақтарында, 178 –181-баптарда;

      182-баптың 7-тармағында;";

      8) 278-бап мынадай мазмұндағы 14-1 және 22-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған уранды барлауға арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында өзгерістер енгізуге уранның кен орны табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.

      Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімін ұзарту туралы өтінішке, осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, ұзарту кезеңіндегі жұмыстар жүргізудің және оларға арналған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.

      Табылған уран кен орнын бағалау үшін уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, уран кен орнының табылғанын растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін уран кен орнының табылғаны туралы қорытындысы) және табылған кен орнын бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі.

      Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша құзыретті орган болып айқындалады.";

      "22-1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға құқылы.

      Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді және ол осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардан өтуге жатады. Бұл ретте мұндай сараптамаларды жүргізу үшін пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептің болуы талап етілмейді.

      Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған уранды барлауға арналған келісімшарттарға тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің жүргізілуіне байланысты өзгерістер енгізу осы баптың 14-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" по вопросам добычи урана

Закон Республики Казахстан от 9 марта 2021 года № 14-VII ЗРК.

      Статья 1. Внести в Кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2017 г., № 23-IV, ст.112; 2018 г., № 10, ст.32; № 19, ст.62; 2019 г., № 7, ст.37; № 23, ст.103; № 24-II, ст.124; 2020 г., № 12, ст.61; № 13, ст.67; № 24-II, ст.116; Закон Республики Казахстан от 2 января 2021 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам экологии", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 5 января 2021 г.; Закон Республики Казахстан от 5 января 2021 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования и предпринимательской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 6 января 2021 г.; Закон Республики Казахстан от 23 февраля 2021 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам, связанным с осуществлением деятельности на Каспийском море", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 24 февраля 2021 г.) следующие изменения и дополнения:

      1) оглавление дополнить заголовками статей 182-1 и 183-1 следующего содержания:

      "Статья 182-1. Проект опытно-промышленной добычи урана";

      "Статья 183-1. Государственная экспертиза проектных документов и анализов разработки месторождения урана";

      2) в статье 173:

      в пункте 4:

      подпункт 1) исключить;

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) утвержденный недропользователем и получивший положительные заключения предусмотренных настоящим Кодексом и иными законами Республики Казахстан экспертиз проект разработки месторождения урана, предусматривающий разработку месторождения в течение запрашиваемого срока продления периода добычи.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Если объемы прироста запасов месторождения урана превышают начальные запасы на тридцать и более процентов согласно отчету по подсчету геологических запасов, положения контракта на добычу урана в отношении такого месторождения должны содержать дополнительные обязательства недропользователя по реализации проекта, направленного на социально-экономическое развитие региона.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Заявление подлежит рассмотрению в течение двух месяцев со дня его поступления в компетентный орган.";

      дополнить пунктами 5-1, 5-2 и 5-3 следующего содержания:

      "5-1. По результатам рассмотрения заявления компетентный орган принимает одно из следующих решений:

      1) о продлении периода добычи, за исключением случая, предусмотренного пунктом 4-1 настоящей статьи;

      2) в случае, предусмотренном пунктом 4-1 настоящей статьи, – о проведении с недропользователем переговоров в сроки и порядке, предусмотренные настоящей статьей;

      3) об отказе в продлении периода добычи.

      5-2. В случае, предусмотренном подпунктом 2) пункта 5-1 настоящей статьи, компетентный орган в течение двух месяцев со дня принятия такого решения проводит переговоры с недропользователем по определению условий и порядка выполнения обязательства, предусмотренного пунктом 4-1 настоящей статьи.

      5-3. По результатам переговоров компетентный орган в течение пяти рабочих дней принимает и уведомляет недропользователя об одном из следующих решений о (об):

      1) продлении периода добычи, а также условиях и порядке выполнения обязательства, предусмотренного пунктом 4-1 настоящей статьи;

      2) отказе в продлении периода добычи.";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. В случае, если контракт на дату подачи заявления о продлении периода добычи соответствует действующему на дату подачи заявления типовому контракту на добычу урана, утверждаемому компетентным органом, при продлении периода добычи между недропользователем и компетентным органом в течение одного месяца со дня принятия решения о продлении заключается дополнение к контракту на добычу урана, предусматривающее продление периода добычи.

      8. В случае, если контракт на дату подачи заявления о продлении периода добычи не соответствует действующему на дату подачи заявления типовому контракту на добычу урана, утверждаемому компетентным органом, при продлении периода добычи между недропользователем и компетентным органом в течение двух месяцев со дня принятия решения о продлении заключается контракт на добычу урана в новой редакции, разработанный в соответствии с типовым контрактом на добычу урана.";

      3) статью 176 дополнить пунктами 7 и 8 следующего содержания:

      "7. В период добычи урана допускается проведение доизучения (доразведки) участка добычи с целью уточнения геологического строения и запасов месторождения урана.

      8. Работы по доразведке проводятся в соответствии с проектом разработки месторождения.

      В случае, если в течение доизучения недропользователем на участке добычи обнаружена новая залежь (совокупность залежей), ее оценка производится в соответствии с дополнением к проекту разработки месторождения.";

      4) в статье 182:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Проектными документами в области добычи урана являются:

      1) проект опытно-промышленной добычи урана;

      2) проект разработки месторождения урана;

      3) проект ликвидации последствий добычи урана.

      2. Проектные документы в области добычи урана составляются привлекаемой недропользователем на основе договора проектной организацией, имеющей лицензию на соответствующий вид деятельности.";

      пункты 3 и 5 исключить;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Проекты изменений и (или) дополнений к утвержденным проектам не составляются в случае, если ежегодно объемы добычи, определенные утвержденными проектами, изменяются менее чем на двадцать процентов в физическом выражении от утвержденных показателей за год без изменения горно-геологических и технологических условий отработки месторождения урана.

      Проектные документы составляются в соответствии с едиными правилами по рациональному и комплексному использованию недр.";

      5) дополнить статьями 182-1 и 183-1 следующего содержания:

      "Статья 182-1. Проект опытно-промышленной добычи урана

      1. Проект опытно-промышленной добычи урана составляется в соответствии с требованиями, предусмотренными настоящим Кодексом.

      2. Проект опытно-промышленной добычи урана разрабатывается на весь период опытно-промышленной добычи.

      3. В проекте опытно-промышленной добычи урана описываются виды, методы и способы работ по опытно-промышленной добыче, примерные объемы и сроки их проведения, а также используемые технологические решения.

      4. Требования к содержанию проектов опытно-промышленной добычи урана устанавливаются в единых правилах по рациональному и комплексному использованию недр.

      5. Запрещается проведение работ по опытно-промышленной добыче урана, не указанных в утвержденном недропользователем и получившем положительные заключения предусмотренных настоящим Кодексом и иными законами Республики Казахстан экспертиз проекте опытно-промышленной добычи урана, а также при отсутствии такого проекта.";

      "Статья 183-1. Государственная экспертиза проектных документов и анализов разработки месторождения урана

      1. Государственная экспертиза проектных документов и анализов разработки месторождения урана проводится в целях обеспечения рационального пользования недрами при разработке месторождений урана в соответствии с положительной практикой пользования недрами.

      2. Государственная экспертиза проектных документов и анализов разработки осуществляется центральной комиссией по разработке месторождений урана Республики Казахстан (далее – центральная комиссия) с привлечением независимых экспертов, обладающих специальными знаниями в области геологии и разработки и не заинтересованных в результатах экспертизы.

      3. Организация деятельности центральной комиссии, ее состав, регламент работы и ведение делопроизводства определяются положением о центральной комиссии, утверждаемым уполномоченным органом в области добычи урана.

      4. Государственная экспертиза проектных документов и анализов разработки месторождения урана проводится в течение двух месяцев.

      Срок проведения государственной экспертизы по решению центральной комиссии может быть увеличен, но не более чем на три месяца.

      5. Результаты проведения государственной экспертизы проектного документа или анализа разработки оформляются экспертным заключением, которое может быть положительным или отрицательным. Копия экспертного заключения в течение пяти рабочих дней со дня его подписания направляется недропользователю.

      6. Основаниями для вынесения отрицательного экспертного заключения являются:

      1) несоответствие проектного документа или анализа разработки требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе требованиям по содержанию, структуре и оформлению, установленным в единых правилах по рациональному и комплексному использованию недр, и (или) положениям контракта;

      2) несоответствие проектного документа или анализа разработки положительной практике пользования недрами;

      3) несоответствие проектного документа или анализа разработки отчету об оценке ресурсов и запасов урана;

      4) недостаточная техническая и (или) экономическая обоснованность проектных решений, представленных в проектном документе или в анализе разработки.

      7. В отрицательном заключении государственной экспертизы проектного документа или анализа разработки приводится обоснование его вынесения и рекомендации по доработке проектного документа или анализа разработки.";

      6) в статье 184:

      пункт 1 исключить;

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Мониторинг исполнения недропользователем проектов опытно-промышленной добычи и разработки месторождения осуществляется посредством проведения анализа разработки месторождения урана, выполняемого не реже одного раза в три года.

      3. Требования к проведению анализа разработки месторождения урана устанавливаются в единых правилах по рациональному и комплексному использованию недр, утверждаемых уполномоченным органом в области добычи урана.";

      пункты 4 и 5 исключить;

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Едиными правилами по рациональному и комплексному использованию недр устанавливаются случаи, когда в рамках анализа разработки могут быть несущественно (менее двадцати процентов) скорректированы отдельные показатели проектных документов.

      7. Анализ разработки месторождения представляет собой комплексное изучение результатов геологических, геофизических, гидродинамических и других исследований в процессе разработки на предмет выявления необходимости совершенствования системы разработки месторождения. Анализ разработки месторождения подлежит государственной экспертизе проектных документов.";

      7) в пункте 3 статьи 277:

      в абзаце тридцать четвертом слова "статьями 178-181" заменить словами "параграфом 2 главы 22";

      дополнить абзацами тридцать пятым и тридцать шестым следующего содержания:

      "статьей 174, пунктами 7 и 8 статьи 176, статьями 178-181;

      пунктом 7 статьи 182;";

      8) статью 278 дополнить пунктами 14-1 и 22-1 следующего содержания:

      "14-1. Внесение изменения в контракт на разведку урана, заключенный до введения в действие настоящего Кодекса, в целях продления срока его действия допускается в случае обнаружения месторождения урана для оценки такого обнаружения.

      К заявлению о продлении срока контракта на недропользование по урану, помимо сведений, указанных в пунктах 12 и 13 настоящей статьи, прилагается письменное обоснование проведения работ и расходов на них в период продления.

      К заявлению о продлении периода разведки по контракту на разведку урана для оценки обнаруженного месторождения урана, помимо документов, указанных в части второй настоящего пункта, прилагаются сведения, подтверждающие обнаружение месторождения урана (заключение уполномоченного органа по изучению недр об обнаружении месторождения урана, требующего оценки), и географические координаты участка недр, на котором предполагается осуществлять оценку обнаруженного месторождения.

      Компетентным органом по контрактам на разведку урана, заключенным до введения в действие настоящего Кодекса, определяется уполномоченный орган в области добычи урана.";

      "22-1. По контрактам на разведку урана, заключенным до введения в действие настоящего Кодекса, недропользователи вправе осуществлять опытно-промышленную добычу урана.

      Проект опытно-промышленной добычи утверждается недропользователем и подлежит прохождению предусмотренных настоящим Кодексом и иными законами Республики Казахстан экспертиз. При этом для проведения таких экспертиз не требуется наличие отчета об оценке ресурсов и запасов твердых полезных ископаемых.

      Внесение изменений в контракты на разведку урана, заключенные до введения в действие настоящего Кодекса, в связи с проведением опытно-промышленной добычи осуществляется в соответствии с пунктом 14-1 настоящей статьи.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ