2019 жылғы 11 қазанда Ашғабатта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясы мынадай ескертпемен ратификациялансын: "Қазақстан Республикасы осы Конвенцияның 2, 3 және 4-баптарында айтылған "заңды өкіл" термині Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін "қорғаушы" термині ретінде түсінілетінін мәлімдейді.".
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясы
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын осы Конвенцияға қатысатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
мемлекет егемендігін құрметтеу және мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттары негізінде қылмыстық сот төрелігі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара көмекті кеңейтуге ұмтыла отырып,
азаматтары болып табылатын мемлекетте бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қолданылған сотталғандарды қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру, олардың қоғамдағы қалыпты өмірге неғұрлым жылдам және тиімді оралуына ықпал ететінін сезіне отырып,
сотталғандардың өздері азаматтары болып табылатын мемлекетте жазаны өтеуі жазаны орындаудың мақсатына неғұрлым тиімді қол жеткізуге ықпал ететінін ескере отырып,
өздері азаматтары болып табылатын мемлекетте бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін шаралар сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға және бас бостандығынан айыруға баламаны қолдануды кеңейтуге ықпал ететіндігіне сене отырып, ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап Қолданылу аясы
1. Осы Конвенция Жазаны орындау мемлекетінің азаматына қатысты Жазаны тағайындау мемлекетінің соты тағайындаған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану бойынша Уағдаласушы Тараптардың қатынастарын реттейді.
2. Осы Конвенцияның ережелері бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындауға және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдануға негіз болған заңды күшіне енген сот шешімдеріне (үкімдеріне) қатысты қолданылады.
3. Осы Конвенция медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын белгілеу туралы сот шешімдерін, сондай-ақ жаза ретінде айыппұл немесе мүліктік сипаттағы өзге де жазаны, сондай-ақ тәркілеу айқындалған үкімдерді орындаумен байланысты мәселелерге қолданылмайды.
2-бап Анықтамалар
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін терминдер мынаны білдіреді:
а) "Жазаны орындау мемлекеті" - бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған азаматына қатысты осындай жазаны орындайтын және (немесе) берілген материалдар негізінде қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолданатын Уағдаласушы Тарап;
б) "Жазаны тағайындау мемлекеті" - соты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны тағайындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану туралы сот шешімін (үкімін) қабылдаған Уағдаласушы Тарап;
в) "заңды өкіл" - Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес сотталған адамның жеке және мүліктік құқықтарын және заңды мүдделерін қорғайтын адам;
г) "құзыретті орган" - осы Конвенцияның ережелерін іске асыруға Уағдаласушы Тарап уәкілеттік берген орган;
д) "қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар" - шартты түрде соттау, тағайындалған жазаны өтеуді (орындауды) кейінге қалдыру;
е) "бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза (жаза)" - сотталған адамды қоғамнан оқшаулауды немесе өлім жазасына кесуді, айыппұл немесе мүліктік сипаттағы өзге де жазаны көздейтін жазаны қоспағанда, сот тағайындаған кез келген жаза;
ж) "сотталған адам" - бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара қолданылған, Жазаны тағайындау мемлекетінде сотталған шетел азаматы;
з) "жазаны орындауды беру" - Жазаны тағайындау мемлекетінің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық- құқықтық сипаттағы шараны орындау бойынша материалдарды Жазаны орындау мемлекетіне жіберуі;
и) "жазаны орындауға қабылдау" - Жазаны орындау мемлекеті құзыретті органының сот шешімін (үкімін) алуы және оны орындау туралы шешім шығаруы;
к) "сот шешімі (үкімі)" - бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны тағайындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану туралы сот шешімі.
3-бап Жазаны орындауды беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы
1. Жазаны тағайындау мемлекеті осы Конвенция қолданылуы мүмкін кез келген сотталған адамға осы Конвенцияның мазмұны, сондай-ақ жазаны орындауды берудің құқықтық салдары туралы хабарлайды.
2. Сотталған адам немесе оның заңды өкілі Жазаны тағайындау мемлекетіне немесе Жазаны орындау мемлекетіне жазаны орындауды беру туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
3. Жазаны орындауды беру туралы өтінішхат келіп түскен Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы қабылданған шешім туралы (жазаны орындауды беру туралы немесе бас тарту туралы сұрау салумен жүгінгені туралы) жазбаша нысанда беру туралы өтінішхатпен жүгінген сотталған адамға немесе оның заңды өкіліне хабарлайды. Бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс.
4-бап Сұрау салулар мен жауаптар
1. Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің өтінішхаты негізінде басқа Уағдаласушы Тараптың құзыретті органына жазаны орындауды беру туралы сұрау салумен жүгінеді.
Жазаны орындауды беру туралы сұрау Жазаны тағайындау мемлекетінен де, Жазаны орындау мемлекетінен де салынуы мүмкін.
2. Жазаны орындауды беру туралы сұрау салу және оған жауап жазбаша нысанда жасалады және құзыретті органдар арқылы беріледі.
Осы Конвенцияда көзделген шарттарға сәйкес Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары беретін құжаттар сұрау салуды жіберген Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы куәландырған болса, заңдастыруды қажет етпейді.
Бүл құжаттар олардың түпнұсқаларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде міндетті түрде ұсыну шартымен факс, электрондық пошта немесе басқа да ұқсас байланыс түрімен жіберілуі мүмкін.
3. Жазаны орындауды беру туралы сұрау салу жіберілген Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы сұрауды жіберген Уағдаласушы Тараптың құзыретті органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазаны орындауды беруден бас тартқан жағдайда, оның себептерін көрсете отырып, ол бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
4. Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы жазаны орындауды беру туралы өтінішхат келіп түскен кезде Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органына жіберілген сұрау салуға:
а) сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жері және күні, тұрғылықты жері және мүмкіндігінше тіркеу мекенжайы);
б) сотталған адамның азаматтығын куәландыратын құжаттарды;
в) сот шешімінің (үкімінің) және жоғары тұрған сот органдарының іс бойынша шешімдерінің, олардың заңды күшіне енгені туралы құжаттардың көшірмелерін;
г) сотталған адамның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның бір бөлігін өтегені, қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараның бір бөлігін орындағаны және жазаның одан әрі өтелуге немесе орындалуға тиіс бөлігі туралы құжатты, сондай-ақ сотталған адамның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеу және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындау кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын құжатты;
д) егер тағайындалған болса, қосымша жазаны орындау туралы құжатты;
е) адамды соттауға немесе оған қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны айқындауға негіз болған қылмыстық заң баптарының мәтінін;
ж) сотталған адамның жазаны орындауды Жазаны орындау мемлекетіне беруге жазбаша келісімін;
з) залал және оны өтеу туралы мәліметтерді;
и) сотталған адамға жазаны орындауды Жазаны орындау мемлекетіне берудің заңды салдарын және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуден және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылығы түсіндірілгенін растайтын құжатты қоса береді.
5. Егер жазаны орындауды беру туралы өтінішхат Жазаны орындау мемлекетіне берілсе, осы Мемлекеттің құзыретті органы Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органына жіберілген сұрау салуға осы баптың 4-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Бұл жағдайда Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы мұндай сұрау салуға өзінің жауабына осы баптың 4-тармағының "в" - "з" тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
6. Жазаны орындау мемлекеті жазаны орындауды беруге келісім берген жағдайда оның құзыретті органы өзінің жауабына:
а) сотталған адамды бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындау үшін қабылдауға жазбаша келісімді;
б) жазаны орындауды бергеннен кейін сотталған адамның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеу және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды орындау мерзімін және мүмкіндігінше олардың тәртібі мен шарттарын белгілей отырып, сот шешімін (үкімін) тану және орындауға қабылдау туралы құзыретті орган немесе сот шешімінің расталған көшірмесін;
в) сотталған адамның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуіне немесе оған қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараның айқындалуына негіз болатын өз заңнамасының ережелерінен расталған үзіндіні;
г) сотталған адамның азаматтығын растайтын құжаттарды қоса береді.
7. Қажет болған жағдайда Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары қосымша құжаттарды немесе мәліметтерді сұратуы мүмкін.
8. Жазаны тағайындау мемлекетінің соты немесе өзге де құзыретті органы жазаны орындауды беруге келісу (бас тарту) туралы шешімді қабылдау кезінде Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органын осы Конвенцияға сәйкес жазаны орындауды беруге келісу немесе бас тарту туралы хабардар етеді.
5-бап Сұрау салуды орындаудан бас тарту
1. Егер:
а) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара қолданылған әрекет әскери қызметке қарсы қылмыс болып табылса, бірақ Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасы бойынша жалпы қылмыстық қылмыс болып табылмаса;
б) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара қолданылған әрекет Жазаны орындау мемлекетінде қылмыс болып табылмаса;
в) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара ескіру мерзімнің өтуі салдарынан немесе ұлттық заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Жазаны орындау мемлекетінің аумағында орындалуы мүмкін болмаса;
г) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара тағайындалған, жасаған әрекеті үшін сотталған адам Жазаны орындау мемлекеті аумағында жазаға тартылса немесе ақталса не іс тоқтатылса не осы Мемлекеттің құзыретті органы жазадан босатса;
д) сотталған адам Жазаны орындау мемлекетінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны өтеуге келісім бермесе;
е) Жазаны орындау мемлекеті сотталған адамның тұрғылықты жерін анықтамаса;
ж) Жазаны тағайындау мемлекеті жазаны орындауды беру өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және басқа да елеулі мүдделеріне залал келтіруі мүмкін деп есептесе, жазаны орындауды беру туралы сұрау салуды орындаудан бас тартылады.
2. Егер:
а) қылмыс салық және (немесе) кеден заңнамасын бұзумен байланысты болса;
б) сотталған адамның қылмысы келтірген және сот шещімімең (үкімімен) айқындалған залал өтелмесе;
в) сұрау салуды алған кезде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы щараны орындау мерзімі сағатпен есептелетін жазаны қоспағанда, кемінде 6 айды құраса;
г) адам сотталған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрі және (немесе) оған қолданылған қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара Жазаны орындау мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделмесе, жазаны орындауды беру туралы сұрау салуды орындаудан бас тартылуы мүмкін.
6-бап Жазаны орындауды беру тәртібі
1. Жазаны тағайындау мемлекетінің және Жазаны орындау мемлекетінің соты немесе өзге де құзыретті органы жазаны орындауды беру туралы шешім қабылдаған жағдайда Жазаны тағайындау мемлекетінің және Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органдары орындау үшін қажетті құжаттармен қоса Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы куәландырған сотталған адамның жеке немесе бақылау ісі көшірмелерін беру тәртібін келіседі.
2. Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы сотталған адамға қабылданған шешім туралы хабарлайды. Қабылданған шешім туралы сотталған адамға хабарлау мүмкін болмаған жағдайда Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы себептерді көрсете отырып, ол туралы Жазаны орындау мемлекетіне хабарлайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарлау кезінде сотталған адамға Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органы қабылданған шешім туралы сотталған адамға хабарланған күннен бастап 45 күннен кешіктірмей Жазаны тағайындау мемлекетінің аумағынан кету және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындауды жалғастыру үшін Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті орғанына келу міндеті туралы хабарланады.
Егер сотталған адамды Жазаны орындау мемлекетінің аумағына орнын ауыстыру оның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті болса, мүндай орнын ауыстырудың мерзімі Жазаны тағайындау мемлекетінің пікірі бойынша сотталған адамның денсаулық жағдайы осы орнын ауыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бергенге дейін ұзартылады.
4. Сотталған адамның Жазаны тағайындау мемлекетінен Жазаны орындау мемлекетіне өз бетінше ауысу тәртібі осы Уағдаласушы Тараптардың заңнамасымен реттеледі.
5. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мерзімде Жазаны тағайындау мемлекетінің аумағынан кету міндеті орындамалған жағдайда сотталған адам Жазаны тағайындау мемлекетінен оның заңнамасында айқындалған тәртіппен шығарып жіберілуі мүмкін.
6. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мерзімде Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті орғанына келу бойынша міндетті жағдайда сотталған адам Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
7. Жазаны орындауды беру туралы сұрау салу келіп түскен, Жазаны тағайындау мемлекетінен Жазаны орындау мемлекетіне кеткен сотталған адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтер болмаған жағдайда Жазаны орындау мемлекеті сотталған адамның тұрғылықты жерін анықтайды және осы Конвенцияға сәйкес жазаны орындауға қабылдау не бас тарту туралы шешім щығарады.
7-бап Дербес деректерді қорғау
Жазаны тағайындау мемлекетінде және Жазаны орындау мемлекетінде жеке тұлғалардың дербес деректерін қорғау тиісінше Жазаны тағайындау мемлекетінің немесе Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
8-бап Жазаны тағайындау мемлекеті үшін жазаны орындауды беру салдары
Жазаны орындауды Жазаны орындау мемлекетіне беру Жазаны тағайындау мемлекетін сотталған адамға тағайындалған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараның өтелмеген қалған бөлігінің орындалуына қатысты өкілеттіктерден айырады.
9-бап Жазаны орындау мемлекеті үшін жазаны орындауды беру салдары
1. Жазаны орындауды бергеннен кейін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды одан әрі орындау, оның ішінде қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны өзгерту, жазаны ауыстыру және жазаны өтеуден босату Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сотталған адамға тағайындалған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза және (немесе) қолданылатын қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара Жазаны тағайындау мемлекетінің сот шешімін (үкімін) таңу және орындау туралы Жазаны орындау мемлекетінің сот шешімі негізінде өтеледі.
Жазаны орындау мемлекетінің соты оз мемлекетінің заңнамасына сәйкес сот шешімін (үкімін) негізге ала отырып, Жазаны тағайындау мемлекетінің сот шешімі (үкімі) бойынша тағайындалған жаза сияқты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны айқындайды.
3. Жазаны орындау мемлекетінің соты тағайындаған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза Жазаны тағайындау мемлекетінің сот щешімімен (үкімімен) белгіленген жазадан неғұрлым қатаң болмауға тиіс, ал қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара сотталғанның жағдайын нашарлатпауға тиіс.
4. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараның Жазаны тағайындау мемлекетінің аумағында орындалған бөлігін Жазаны орындау мемлекетінің соты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны тағайындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны қолдану кезінде есепке алады.
5. Егер Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасы бойынща тиісті қылмыс үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның ең жоғары мерзімі немесе мөлшері және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара сот шешімі (үкімі) бойынша тағайындалғаннан (қолданылғаннан) аз болса, Жазаны орындау мемлекетінің соты осы Мемлекеттің заңнамасында көзделген ең жоғары мерзімді немесе мөлшерді айқындайды.
6. Егер Жазаны орындау мемлекетінің қылмыстық заңнамасында Жазаны тағайындау мемлекетінде тағайындалған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрі көзделмесе, Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасында көзделген жазаның неғұрлым жеңіл түрі тағайындалуы мүмкін.
7. Егер сот шешімі (үкімі) екі немесе одан да көп әрекетке қатысты болса, оның біреуі немесе бірнешеуі Жазаны орындау мемлекетінде қылмыс болып танылмаса, Жазаны орындау мемлекетінің соты қылмыс болып табылатын әрекетке бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараның қандай бөлігі қолданылатынын айқындайды.
8. Егер жасалған әрекет үшін Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасында бас бостандығынан айырумен байланысты емес қосымша жаза көзделген болса, осы Мемлекеттің соты осындай жазаны орындау туралы шешім қабылдайды. Қосымша жаза осы бапта көзделген тәртіппен орындалады.
9. Жазаны тағайындаушы мемлекеттен нәтижесінде жаза және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара бұдан былай орындалуға жатпайтын қабылданған шара туралы шешімді немесе хабарламаны алғаннан кейін Жазаны орындау мемлекеті бірден сот шешімін (үкімін) орындауды тоқтатады.
10. Сотталған адамның Жазаны орындау мемлекетінің аумағында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуден және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылығы Жазаны орындау мемлекетінің заңнамасына сәйкес басталады.
10-бап Сот шешімін (үкімін) қайта қарау, кешірім жасау және рақымшылық жасау
1. Сот шешіміне (үкіміне) шағымдану немесе оны қайта қарау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға Жазаны тағайындау мемлекеті ғана құқылы.
2. Сот шешімін (үкімін) тану және орындау туралы щешім щығарылған адамға кешірім жасау және рақымшылық жасау Жазаны тағайындау мемлекетінде де, Жазаны орындау мемлекетінде де өз заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер жазаны орындауды бергеннен кейін сот шешімі (үкімі) өзгертілсе, қайта қаралса немесе Жазаны тағайындау мемлекетінде қылмыстық істі тоқтатумен байланысты күші жойылса, онда бұл туралы шешімнің көшірмесі дереу Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органына орындау үшін жіберіледі.
4. Егер жазаны орындау берілгеннен кейін сот шешімі (үкімі) Жазаны тағайындау мемлекетінде өзгертілсе немесе қайта қаралса және бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындалса, онда бұл туралы шешімнің көшірмесі Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органына дереу жіберіледі.
Жазаны тағайындау мемлекеті және Жазаны орындау мемлекеті өз заңнамасына және (немесе) халықаралық міндеттемелерге сәйкес жаңа сот шешімін (үкімін) орындауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
11-бап Ақпараттандыру
1. Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органы Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органын бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны орындау мақсатында қабылданған сот шешімі туралы, сотталған адамға кешірім жасау актісінің немесе рақымшылық жасау актісінің қолданылуы туралы хабардар етеді.
2. Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органы Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органының сұрау салуы бойынша сотталған адамның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуінің және (немесе) жазаны орындау берілгеннен кейін қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны қолданудың барысы туралы хабарлайды.
3. Уағдаласушы Тараптар қажет болған шамада Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органының бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны орындауды және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны қолдануды қамтамасыз етуін мүмкін барлық мән-жайлар туралы бір-біріне хабарлайды. Олар осы мақсатта ол бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны орындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара қолдану берілген адамға қатысты іс бойынша тиісті шешімдердің көшірмелерін бір-біріне жібереді.
4. Сотталған адам бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтегеннен және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы щара қолданылғаннан кейін Жазаны орындау мемлекетінің құзыретті органы Жазаны тағайындау мемлекетінің құзыретті органына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны орындаудың және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараны қолданудың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді.
12-бап Шығыстар
Жазаны орындауды берумен байланысты шығыстарды Уағдаласушы Тараптар өз заңнамасына сәйкес өз аумақтары шегінде көтереді.
13-бап Уағдаласушы Тараптардың өзара іс-қимылы
Осы Конвенцияның мәселелері бойынша Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары бір-бірімен тікелей қатынасады.
14-бап Тілдер
1. Осы Конвенцияны іске асыру шеңберінде Уағдаласушы Тараптар жіберетін құжаттар орыс тілінде жазылуға тиіс.
2. Құжаттар Уағдаласушы Тараптардың өзге мемлекеттік тілдерінде орындалған жағдайда, оларға жіберуші Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы куәландырған орыс тіліне аудармалары қоса беріледі.
15-бап Дауларды шешу
Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты туындайтын даулар Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
16-бап Уақыт ішіндегі қолданыс
Осы Конвенцияның ережелері Конвенция күшіне енгеннен кейін шығарылған сот шешімдеріне (үкімдеріне) қатысты қолданылады.
17-бап Күшіне ену тәртібі
Осы Конвенция оған қол қойған Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Уағдаласушы Тараптар үшін осы Конвенция депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
18-бап Конвенцияға қосылу тәртібі
Осы Конвенция ол күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы болып табылмайтын мемлекет үшін осы Конвенция оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердің мұндай қосылуға келісуі туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
19-бап Құзыретті органдар туралы хабарламалар
Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өзінің орындағаны туралы депозитарийді хабардар еткен кезде өздерінің құзыретті органдарын тағайындау туралы хабарлайды.
Құзыретті орган немесе оның функциялары өзгерген жағдайда, тиісті Уағдаласушы Тарап бұл туралы дереу депозитарийді хабарлайды.
20-бап Өзгерістер енгізу
Осы Конвенцияға Уағдаласушы Тараптардың келісімі бойынша тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
21-бап Конвенциядан шығу
Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенциядан шыға алады, бұл ретте депозитарийге жазбаша хабарлама жібереді. Депозитарийден шығу туралы хабарламаны алған күннен бастап 90 күн өткен соң осы Уағдаласушы Тарап үшін Конвенция күшін жояды.
Уағдаласушы Тарап үшін осы Конвенцияның қолданысын тоқтату тиісті Уағдаласушы Тарап үшін оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін осы Конвенция қолданылған сотталғандарға қатысты жазаны орындауды жалғастыруға кедергі келтірмейді.
2019 жылғы 11 қазанда Ашғабат қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнүсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Армения Республикасы үшін | Тәжікстан Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін | Түрікменстан үшін |
Қазақстан Республикасы үшін | Өзбекстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін | Украина үшін |
Молдова Республикасы үшін |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының ескертпесі
Қазақстан Республикасы осы Конвенцияның 2, 3 және 4-баптарында айтылған "заңды өкіл" термині Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін "қорғаушы" термині ретінде түсінілетінін мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2019 жылғы 11 қазанда Ашхабад қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын беру туралы Конвенциясының дәме - дәл көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда айтылған Конвенцияның түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Атқарушы комитеті — | |
ТМД Атқарушы хатшысы | |
төрағасының бірінші орынбасары | В.А.Гуминский |