Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 32-VII ҚРЗ.

      2021 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Конвенцияның мақсаты жазаны орындау мемлекетінің азаматына қатысты жазаны тағайындау мемлекетінің соты тағайындаған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану бойынша Уағдаласушы Тараптардың қатынастарын реттеу болып табылады.

      Конвенция сотталғандардың өздері азаматтары болып табылатын мемлекетте бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз