Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 13 мамырдағы № 39-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 12-баптың 29) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 14-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 16-бапта:

      1-тармақтың 10-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың 5-1) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде меншiк құқығы, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес иелiктен шығарылуға немесе қайта ресiмделуге жатады.";

      6) 24-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушылары (акционерлері, мүшелері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, шетелдік заңды тұлға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кірген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.

      Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушысы (акционері, мүшесі) болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығы, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес иеліктен шығарылуға жатады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде азаматтығы тоқтатылған кезден бастап үш ай ішінде жер учаскесі иеліктен шығарылуға не жергілікті атқарушы органның келісуімен осы учаскенің мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алынған жер учаскесі бағасы төлене отырып, мемлекеттік меншiкке қайтарылуға тиіс.";

      6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      7) 37-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматтарына он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;

      2) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін – шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;";

      8) 46-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      9) 48-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      10) 50-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;

      уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн.";

      төртінші абзац алып тасталсын;

      11) 97-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      12) 100-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі ", сондай-ақ қандастардың" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 103-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шартты жер үлесінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде, оның жер үлесіне құқықтары тоқтатылды деп есептеледі.";

      14) 128-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы "жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 171-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалдау шарттарымен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және жаңа мерзімге ұзартылуға жатпайды немесе осы Кодексте көзделген уақытша жер пайдалану құқығын тоқтату үшін өзге де негіздер басталғанға дейін қолданылады.".

      2. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      34-бапта:

      "азамат" деген сөз "адамның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "азаматтығынан шыққан" деген сөздер "азаматтығы тоқтатылған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.".

      4. "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 24-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке меншік құқығымен беріледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру осы Кодекстің 9 және 48-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, ақылы негізде сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.";

      5) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 37-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:";

      алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      10) тармақшада:

      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына:";

      жетінші абзацтағы "пайдалануға;" деген сөз "пайдалануға беріледі." деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      11) тармақшаның екінші абзацындағы ", оралмандарға – уақытша жер пайдалану құқығымен жиырма бес жылға дейінгі мерзімге" деген сөздер алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 24-баптың 2, 3 және 4-тармақтарының, 97-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының;";

      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргізу және оқыту мақсаттары, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам земельных отношений

Закон Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 39-VII ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года:

      1) оглавление исключить;

      2) подпункт 29) статьи 12 исключить;

      3) подпункт 13-1) пункта 1 статьи 14 исключить;

      4) в статье 16:

      подпункт 10-1) пункта 1 исключить;

      подпункт 5-1) пункта 2 исключить;

      5) часть вторую пункта 2 статьи 23 изложить в следующей редакции:

      "При прекращении гражданства Республики Казахстан у лица, являющегося собственником земельного участка, предоставленного для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, личного подсобного хозяйства, лесоразведения, садоводства и дачного строительства, право собственности подлежит отчуждению или переоформлению согласно нормам статьи 66 настоящего Кодекса, если иное не предусмотрено настоящим Кодексом.";

      6) в статье 24:

      в пункте 1:

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Иностранцы, лица без гражданства, иностранные юридические лица, юридические лица Республики Казахстан с иностранным участием, международные организации, научные центры с международным участием, а также кандасы не могут обладать земельными участками сельскохозяйственного назначения на праве частной собственности или землепользования.";

      дополнить частями четвертой и пятой следующего содержания:

      "При вхождении в состав участников (акционеров, членов) юридического лица Республики Казахстан иностранца или лица без гражданства, иностранного юридического лица, юридического лица Республики Казахстан с иностранным участием право частной собственности, а также право временного землепользования на земельные участки сельскохозяйственного назначения подлежат отчуждению согласно нормам статьи 66 настоящего Кодекса.

      При прекращении гражданства Республики Казахстан у лица, являющегося участником (акционером, членом) юридического лица Республики Казахстан, право частной собственности, а также право временного землепользования на земельные участки сельскохозяйственного назначения подлежат отчуждению согласно нормам статьи 66 настоящего Кодекса.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. При прекращении гражданства Республики Казахстан у лица, являющегося собственником земельного участка сельскохозяйственного назначения, в течение трех месяцев с момента прекращения гражданства земельный участок должен быть отчужден либо с согласия местного исполнительного органа возвращен в государственную собственность с выплатой цены земельного участка, по которой этот участок был приобретен у государства (собственника).";

      часть третью пункта 6 исключить;

      7) подпункты 1) и 2) пункта 5 статьи 37 изложить в следующей редакции:

      "1) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства – гражданам Республики Казахстан на срок от десяти до сорока девяти лет;

      2) для ведения сельскохозяйственного производства – негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия на срок до сорока девяти лет;";

      8) в статье 46:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Предоставление земельных участков для ведения личного подсобного хозяйства, садоводства и дачного строительства кандасам осуществляется на праве временного безвозмездного землепользования.";

      пункт 2 исключить;

      9) пункт 2 статьи 48 исключить;

      10) в части первой пункта 4 статьи 50:

      абзацы второй и третий изложить в следующей редакции:

      "на праве частной собственности у гражданина Республики Казахстан для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, негосударственного юридического лица Республики Казахстан без иностранного участия и его аффилированных лиц для ведения сельскохозяйственного производства;

      на праве временного землепользования у гражданина Республики Казахстан для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, негосударственного юридического лица Республики Казахстан без иностранного участия и его аффилированных лиц для ведения сельскохозяйственного производства.";

      абзац четвертый исключить;

      11) подпункт 3) пункта 6 статьи 97 исключить;

      12) в части второй пункта 6 статьи 100 слова "а также кандасы" исключить;

      13) пункт 7 статьи 103 изложить в следующей редакции:

      "7. При прекращении гражданства Республики Казахстан у лица, являющегося обладателем условной земельной доли, его права на земельную долю считаются прекращенными.";

      14) в абзаце первом пункта 4 статьи 128 слова "физическим и негосударственным юридическим лицам" заменить словами "гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия";

      15) статью 171 дополнить частью пятой следующего содержания:

      "Право временного землепользования на земельные участки сельскохозяйственного назначения, предоставленное до 1 июля 2016 года на условиях аренды иностранцам, лицам без гражданства, иностранным юридическим лицам, юридическим лицам Республики Казахстан с иностранным участием, международным организациям, научным центрам с международным участием, а также кандасам, действует до окончания срока действия договора аренды и не подлежит продлению на новый срок или действует до наступления иных оснований для прекращения права временного землепользования, предусмотренных настоящим Кодексом.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе":

      в статье 34:

      слова "выходе из" заменить словом "прекращении";

      слово "гражданина" заменить словами "у лица".

      3. В Закон Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения":

      пункт 3 статьи 23 изложить в следующей редакции:

      "3. Кандасам для ведения личного подсобного хозяйства, садоводства, дачного строительства предоставляются земельные участки на праве временного безвозмездного землепользования в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан":

      в статье 1:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) в статье 24:

      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Земельные участки сельскохозяйственного назначения, находящиеся в государственной собственности, предоставляются гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия на праве частной собственности в порядке и на условиях, установленных настоящим Кодексом.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Предоставление права частной собственности на земельный участок сельскохозяйственного назначения осуществляется на платной основе на торгах (аукционах) с учетом положений, установленных статьями 9 и 48 настоящего Кодекса.";

      в подпункте 5):

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "5) пункты 1 и 3 статьи 37 изложить в следующей редакции:";

      абзацы шестой, седьмой и восьмой исключить;

      в подпункте 10):

      абзацы четвертый и пятый изложить в следующей редакции:

      "подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия:";

      в абзац седьмой внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      абзац восьмой исключить;

      в абзаце втором подпункта 11) слова ", оралманам – на праве временного землепользования сроком до двадцати пяти лет" исключить.

      5. В Закон Республики Казахстан от 30 июня 2016 года "О приостановлении действия отдельных норм Земельного кодекса Республики Казахстан и введения в действие Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан":

      в статье 1:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) пунктов 2, 3 и 4 статьи 24, подпункта 1) пункта 6 статьи 97;";

      абзац второй подпункта 3) изложить в следующей редакции:

      "2) в землепользование гражданам Республики Казахстан и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан без иностранного участия для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства, лесоразведения, научно-исследовательских, опытных и учебных целей, ведения подсобного сельского хозяйства, огородничества и животноводства.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ