2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 23 қарашадағы № 74-VII ҚРЗ.

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 31 қазанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының тоғызыншы абзацы алып тасталсын.

2-бап

      Келісім мынадай мазмұндағы 4-2-баппен толықтырылсын:

      "4-2-бап

      Бірлескен кәсіпорынның бюджеттік кредит бойынша міндеттемелері жай акцияларды қосымша орналастыру және оларды бюджеттік кредит берген Қазақстан Тарапына беру арқылы Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына конвертацияланады.

      "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация және (немесе) оның ұйымдары өздерінің меншігіндегі және "Байқоңыр" кешенінің объектілерінде орналасқан "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру үшін қажетті мүлікті Қазақстан Тарапына бере алады.

      Берілетін мүліктің тізбесін және оны беру тәртібін "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекітеді

      Тараптардың құзыретті органдары құрған бірлескен комиссия мүлікті беруді және қабылдауды жүзеге асырады.

      Мүлікті беру және қабылдау экспорттық бақылау саласындағы Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ресей Тарапының Бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін Қазақстан Тарапымен тепе-теңдікке дейін жеткізуге құқығы бар.".

3-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап

      Тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің үшу сынақтарының басталуын 2023 жылы қамтамасыз етеді.

      Тараптар саны жылына кемінде екі үшырып "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша коммерциялық тапсырыстарды орындауды бірлесіп қамтамасыз етеді.

      Ресей Тарапы:

      2025 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақтық ұшырылуын жүзеге асыруды;

      2025 жылдан бастап 2036 жылғы аралық кезеңінде саны жылына кемінде екі ұшырып "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстарды орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Тарапы:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2025 жылдан бастап 2036 жылғы аралық кезеңінде "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстарды орналастыруды қамтамасыз етеді.".

4-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Хаттаманың мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме "Байконур" космического ракетного комплекса "Байтерек" от 22 декабря 2004 года

Закон Республики Казахстан от 23 ноября 2021 года № 74-VII ЗРК.

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме "Байконур" космического ракетного комплекса "Байтерек" от 22 декабря 2004 года, совершенный в Москве 31 октября 2020 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Протокол о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме "Байконур" космического ракетного комплекса "Байтерек" от 22 декабря 2004 года

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      руководствуясь статьей 20 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме "Байконур" космического ракетного комплекса "Байтерек" от 22 декабря 2004 года (далее - Соглашение),

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Абзац девятый статьи 3 Соглашения исключить.

Статья 2

      Дополнить Соглашение статьей 4-2 следующего содержания:

      "Статья 4-2

      Обязательства Совместного предприятия по бюджетному кредиту конвертируются в уставный капитал Совместного предприятия путем дополнительного размещения простых акций и передачи их Казахстанской Стороне, выдавшей бюджетный кредит.

      Государственная корпорация по космической деятельности "Роскосмос" и (или) ее организации могут передать Казахстанской Стороне необходимое для создания космического ракетного комплекса "Байтерек" имущество, находящееся в их собственности и расположенное на объектах комплекса "Байконур".

      Перечень передаваемого имущества и порядок его передачи утверждаются Казахстанско-Российской межправительственной комиссией по комплексу "Байконур".

      Передача и прием имущества осуществляются совместной комиссией, созданной компетентными органами Сторон.

      Передача и прием имущества осуществляются в соответствии с законодательством каждого из государств Сторон в области экспортного контроля.

      Российская Сторона имеет право довести свою долю в Совместном предприятии до паритета с Казахстанской Стороной.".

Статья 3

      Статью 5 Соглашения изложить в следующей редакции:

      "Статья 5

      Стороны обеспечивают начало летных испытаний космического ракетного комплекса "Байтерек" с ракетой-носителем среднего класса в 2023 году.

      Стороны совместно обеспечивают выполнение с космического ракетного комплекса "Байтерек" коммерческих заказов по выведению космических аппаратов на орбиты ракетой-носителем "Союз-5" и ее возможными модификациями, в количестве не менее двух пусков в год.

      Российская Сторона обеспечивает:

      осуществление не менее трех испытательных пусков ракеты-носителя "Союз-5" с космического ракетного комплекса "Байтерек" до 2025 года;

      размещение заказов по выведению с космического ракетного комплекса "Байтерек" космических аппаратов на орбиты ракетой-носителем "Союз-5" и ее возможными модификациями, в количестве не менее двух пусков в год в период с 2025 по 2036 годы.

      Казахстанская Сторона обеспечивает:

      размещение заказов по выведению с космического ракетного комплекса "Байтерек" космических аппаратов на орбиты ракетой-носителем "Союз-5" и ее возможными модификациями в период с 2025 по 2036 годы в рамках реализации государственных проектов Республики Казахстан.".

Статья 4

      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в городе Москве 31 октября 2020 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу. В случае расхождения между текстами настоящего Протокола, Стороны обращаются к тексту на русском языке.

     

За Правительство
Республики Казахстан
За Правительство
Российской Федерации