Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 29 қыркүйектегi № 143-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін Республика күні болып табылады.";

      2) 3-бапта:

      оныншы абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні."

      2. "Мəдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-4) жəне 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мəдениет саласындағы əлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мəдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

      9-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Респуб ликасындағы жəне шетелдегі мəдениет саласындағы əлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мəдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;";

      2) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, қорғау, сақтап қалу, зерделеу жəне көпшілікке көрсету үшін құрылған, мəдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға жəне Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мəдениет ұйымдары музейлер болып табылады.";

      7-тармақ "құндылықтардың" деген сөзден кейін "қорғалуын," деген сөзбен толықтырылсын.

      3. "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;";

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) жəне 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды;

      8-2) киноспектакль – кинематография жəне (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы;

      8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Мемлекеттік фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің жəне киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мəдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) продюсер – фильмді қаржыландыруды, шығаруды жəне прокаттауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке жəне (немесе) заңды тұлға;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған жəне біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден жəне дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары – ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптастырылатын жəне пайдаланылатын материалдық безендіру заттарының жиынтығы;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      3) 5-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;";

      14) тармақшадағы "кинематографиялық ұйымдардың" жəне "фестивальдарға" деген сөздер тиісінше "кинематографиялық қызмет субъектілерінің" жəне "кинофестивальдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында "21 жастан бастап" жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін прокаттауға жол беріледі.";

      5) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс жəне басқа тілдерде жүзеге асырылуы мүмкін.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы жəне көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тілінде дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдердің прокатталуы жəне олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай фильмдерді Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокаттау жəне көрсету басқа тілдерде де жүзеге асырылуы мүмкін.";

      6) 12-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) жəне 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;

      2-2) кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық кинофестивальдарға қатысуына, елде жəне шетелде қазақстандық кино күндерінің ұйымдастырылуына бағытталған қызметті қаржыландыру;";

      "6) кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұлттық фильмдерді шығаруға жылсайын бөлінетін қаражат мынадай көлемдерде бағытталады:

      1) тарихи, патриоттық жəне имидждік фильмдерге – жетпіс пайыз;

      2) жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қоса қаржыландыруға – отыз пайыз.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына уəкілетті орган айқындаған тəртіппен, алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес көлемде аударымдарды жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық фильмдерді, Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау мəселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган – Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.

      Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру, оның ішінде оларды қаржыландыру көлемдерін бөлу, Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру туралы шешімді уəкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы жəне Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.";

      7) 13-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы:

      1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;

      3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Фильмді ұлттық деп тану жəне Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мəдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтіккеңес ші орган құрылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Кинематография саласындағы ұсы ныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің жəне кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтік-кеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын уəкілетті орган бекітеді.";

      8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары

      Бюджет қаражаты есебінен ішінара немесе толық қаржыландырылатын ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдарын сақтауды, сақталып қалуын қамтамасыз етуді, пайдалануды жəне пайдалануға беруді қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.";

      9) 14-бапта:

      1-тармақтың 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;

      2) фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сəйкес шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.";

      10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер

      1. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бас тап" жəне "12 жастан бас тап" жас санаты белгісі бар балаларға арналған фильм балалар анимациялық фильмі болып табылады.

      2. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бастап" жəне "12 жастан бастап" жас санаты белгісі бар ойын фильмі отбасымен көруге арналған фильм болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдерін қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:

      1) жеке адамның зияткерлік білім тұрғысынан үйлесімді дамуына, балалардың рухани-имандылық тəлім-тəрбиесіне бағытталған болса;

      2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе;

      3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе;

      4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;

      5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса;

      6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:

      1) отбасылық қатынастарды, рухани-имандылық құндылықтарын нығайтуға жəне дамытуға бағытталған болса, жалпыға бірдей қабылданған моральдық жəне имандылық нормаларына қайшы келмесе;

      2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе;

      3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе;

      4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Рес публикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;

      5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса;

      6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады.

      5. Онлайн дауыс беру тəртібі Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағи даларына сəйкес айқындалады.";

      11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Кинематография саласындағы субсидия

      Кинематография саласында субсидиялар беруге арналған келісім (бұдан əрі – келісім) жасасқан шетелдік заңды тұлғаға, оның филиалына немесе өкілдігіне өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидия түрі кинематография саласындағы субсидия болып табылады. Кинематография саласындағы субсидия Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызға дейін өтеу жолымен беріледі. Қазақстан тарапы субсидия төлеуге, ал шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға міндеттенетін шарт келісім болып табылады. Қазақстан тарапынан келісім жасасу құқығы уəкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына беріледі.";

      12) 16-баптың 1, 2, 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік фильмдер қорының сақталып қалуына бағытталған іс-шараларды мемлекет жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік фильмдер қоры Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына (осы бапта бұдан əрі – заңды тұлға) тұрақты сақтауға беріледі. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Толық мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі. Ішінара мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер осы Заңның 13-бабының 5-тармағында аталған бірыңғай оператор мен кинематографиялық қызмет субъектілері арасында жасалған шарттар негізінде Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі.

      3. Заңды тұлға фильмдер, киножылнама материалдарын аналогтік жеткізгіштерден электрондық жеткізгіштерге көшіруді жүзеге асырады.

      4. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қорын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иеленушілерінің еркін жəне өтеусіз қол жеткізуін, сондай-ақ авторлық жəне сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      13) 18-баптың екінші бөлігіндегі "бірінші бөлігінің 2) тармақшасы, екінші бөлігінің 5) тармақшасы" деген сөздер "3) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам кинематографии, культуры и праздников

Закон Республики Казахстан от 29 сентября 2022 года № 143-VII ЗРК.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года "О праздниках в Республике Казахстан":

      1) статью 2 изложить в следующей редакции:

      "Статья 2. Национальные праздники

      Национальным праздником в Республике Казахстан является День Республики, отмечаемый 25 октября.";

      2) в статье 3:

      абзац десятый исключить;

      дополнить абзацем одиннадцатым следующего содержания:

      "День Независимости – 16 декабря.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре":

      1) статью 7 дополнить подпунктами 9-4) и 9-5) следующего содержания:

      "9-4) разрабатывает и утверждает правила по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств;

      9-5) разрабатывает и утверждает правила финансирования и нормативы финансирования проведения социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств;";

      2) в статье 25:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Музеями являются организации культуры, созданные для хранения, охраны, сохранения, изучения и публичного представления музейных предметов и музейных коллекций, призванные осуществлять культурные, образовательные, научно-исследовательские функции и обеспечивать популяризацию историко-культурного наследия Республики Казахстан.";

      пункт 7 после слова "обеспечением" дополнить словом "охраны,".

      3. В Закон Республики Казахстан от 3 января 2019 года "О кинематографии":

      1) в статье 1:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) дебютный фильм – первый фильм режиссера-постановщика;";

      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) субъект кинематографической деятельности – физическое лицо, являющееся субъектом предпринимательства, основными видами деятельности которого являются: производство фильма и (или) кинолетописи, прокат фильма, показ фильма, восстановление фильма, техническое обслуживание кинозала, изготовление киноматериалов, выполнение работ и оказание услуг по производству фильма, образовательная, научная, исследовательская, издательская, рекламно-пропагандистская деятельность в сфере кинематографии, хранение фильма; кинематографическая организация;";

      дополнить подпунктами 8-1), 8-2) и 8-3) следующего содержания:

      "8-1) киносериал – многосерийное кинопроизведение;

      8-2) киноспектакль – экранизация театрального спектакля, осуществленная средствами кинематографии и(или) телевидения;

      8-3) кинофестиваль – мероприятие, представляющее собой показ специально отобранных фильмов;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) Государственный фонд фильмов – киноколлекция национальных фильмов, фильмов, произведенных в Республике Казахстан, фильмов совместного производства и кинолетописи, в том числе исходных материалов национальных фильмов и кинолетописи как неотъемлемой части национального культурного достояния;";

      дополнить подпунктом 12-1) следующего содержания:

      "12-1) продюсер – физическое и (или) юридическое лицо, осуществляющее функции по организации финансирования, производства и проката фильма;";

      подпункт 16) изложить в следующей редакции:

      "16) фильм – аудиовизуальное произведение, созданное на основе творческого замысла, состоящее из изображения и звукового сопровождения, зафиксированных на носителе и соединенных в тематическое целое, в том числе киносериал, киноспектакль;";

      дополнить подпунктом 25-1) следующего содержания:

      "25-1) сценическо-постановочные средства национальных фильмов – совокупность предметов материального оформления, формируемых и используемых при производстве национальных фильмов;";

      2) статью 2 дополнить пунктом 3 следующего содержания:

      "3. На правоотношения, урегулированные законодательством Республики Казахстан о кинематографии, не распространяется действие законодательства Республики Казахстан о государственных закупках в части приобретения услуг по предоставлению государственной поддержки в виде финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами, и национальных фильмов.";

      3) в статье 5:

      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) разрабатывает и утверждает правила отбора детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, для дубляжа на казахский язык;";

      в подпункте 14) слова "кинематографических организаций" и "фестивалях" заменить соответственно словами "субъектов кинематографической деятельности" и "кинофестивалях";

      4) часть вторую пункта 3 статьи 8 изложить в следующей редакции:

      "Прокат фильма с возрастной категорией "с 21 года" на территории Республики Казахстан допускается в кинозалах и иных предназначенных для этих целей местах после 22 часов до 06 часов утра местного времени.";

      5) в статье 9:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Прокат национальных фильмов должен осуществляться на казахском языке и может осуществляться на других языках.";

      часть первую пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Фильмы, прокат и показ которых на территории Республики Казахстан осуществляются в кинозалах и иных предназначенных для этих целей местах не на казахском языке, должны быть дублированы либо субтитрированы, либо обеспечены закадровым переводом на казахский язык, за исключением фильмов ограниченного проката.";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Прокат детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, получивших государственную поддержку в виде финансирования дубляжа на казахский язык, и их показ в кинозалах и иных предназначенных для этих целей местах на территории Республики Казахстан должны осуществляться на казахском языке.

      Прокат и показ на территории Республики Казахстан таких фильмов в кинозалах и иных предназначенных для этих целей местах могут осуществляться и на других языках.";

      6) в статье 12:

      пункт 1 дополнить подпунктами 2-1), 2-2) и 6) следующего содержания:

      "2-1) финансирование дубляжа на казахский язык детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан;

      2-2) финансирование деятельности, направленной на участие субъектов кинематографической деятельности в международных кинофестивалях, организацию дней казахстанского кино в стране и за рубежом;";

      "6) организация повышения квалификации кадров в сфере кинематографии.";

      пункт 2 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Средства, ежегодно выделяемые на производство национальных фильмов, направляются в следующих объемах:

      1) на исторические, патриотические и имиджевые фильмы – семьдесят процентов;

      2) на софинансирование частных кинопроектов, в том числе дебютных фильмов, – тридцать процентов.";

      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Физические и (или) юридические лица, получившие государственную поддержку в виде финансирования национального фильма через Государственный центр поддержки национального кино, осуществляют отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино в объеме, соразмерном процентному соотношению полученной государственной поддержки, в порядке, определенном уполномоченным органом.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. При Правительстве Республики Казахстан в целях выработки предложений и рекомендаций по вопросам государственной поддержки в виде финансирования национальных фильмов, дубляжа на казахский язык детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, создается консультативно-совещательный орган – Межведомственная комиссия по вопросам государственной поддержки в сфере кинематографии.

      Решение о финансировании кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами, в том числе распределении объемов их финансирования, финансировании дубляжа на казахский язык детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, принимается уполномоченным органом на основании положительного заключения Экспертного совета и рекомендации Межведомственной комиссии по вопросам государственной поддержки в сфере кинематографии.";

      7) в статье 13:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Государственный центр поддержки национального кино является единым оператором по:

      1) предоставлению государственной поддержки в виде финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами, и национальных фильмов, в том числе юридическому лицу со стопроцентным участием государства в уставном капитале, основным предметом деятельности которого является производство фильмов, в размере не менее тридцати пяти процентов от общего объема ежегодной суммы государственной финансовой поддержки;

      2) финансированию дубляжа на казахский язык детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан;

      3) выплате субсидий в сфере кинематографии.";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. В целях выработки предложений по признанию фильма национальным и финансированию дубляжа на казахский язык детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, при Государственном центре поддержки национального кино создается Экспертный совет – консультативно-совещательный орган из числа творческих работников, работников культуры и экспертов в сфере кинематографии.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. В целях выработки предложений в сфере кинематографии при Государственном центре поддержки национального кино создается Национальная кинокомиссия – консультативно-совещательный орган из числа представителей государственных органов, субъектов кинематографической деятельности и экспертов в сфере кинематографии.

      Положение и состав Национальной кинокомиссии утверждаются уполномоченным органом.";

      8) дополнить статьей 13-1 следующего содержания:

      "Статья 13-1. Сценическо-постановочные средства национальных фильмов

      Хранение, обеспечение сохранности, использование и предоставление в пользование сценическо-постановочных средств национальных фильмов, частично или полностью финансируемых за счет бюджетных средств, осуществляются юридическим лицом со стопроцентным участием государства в уставном капитале, основным предметом деятельности которого является производство фильмов.";

      9) в статье 14:

      подпункты 1) и 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1) если фильм отражает события национальной истории, современной жизни Республики Казахстан, посвящен общечеловеческим гуманитарным, социальным и нравственным проблемам, событиям мировой истории, имеющим социально-культурное значение для Республики Казахстан, и (или) может способствовать укреплению имиджа и авторитета Республики Казахстан на международном уровне;

      2) при производстве, распространении и показе фильмов не менее семидесяти процентов общего объема работ по смете осуществляют субъекты кинематографической деятельности, зарегистрированные на территории Республики Казахстан;";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В соответствии с условиями международного договора, ратифицированного Республикой Казахстан, фильм, снятый совместно с иностранными субъектами кинематографической деятельности, может быть признан национальным.";

      10) дополнить статьей 14-1 следующего содержания:

      "Статья 14-1. Детские анимационные фильмы и фильмы для семейного просмотра

      1. Детским анимационным фильмом является фильм для детей со знаком возрастной категории фильмов "до 6 лет", "с 6 лет" и "с 12 лет".

      2. Фильмом для семейного просмотра является игровой фильм со знаком возрастной категории фильмов "до 6 лет", "с 6 лет" и "с 12 лет".

      3. Отбор детских анимационных фильмов, ввозимых на территорию Республики Казахстан, для получения государственной поддержки в виде финансирования дубляжа на казахский язык осуществляется при совокупности следующих оснований, если фильм:

      1) направлен на гармоничное интеллектуально-образовательное развитие личности, духовно-нравственное воспитание детей;

      2) соответствует возрастной классификации фильмов;

      3) соответствует требованиям к распространению информационной продукции, предусмотренным Законом Республики Казахстан "О защите детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию";

      4) не противоречит национальным интересам Республики Казахстан, предусмотренным Законом Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан";

      5) предназначен для широкой дистрибуции с высоким рейтингом ожидания по международным стандартам;

      6) набрал необходимое количество голосов по итогам предварительного онлайн-голосования на интернет-ресурсе Государственного центра поддержки национального кино.

      4. Отбор фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, для получения государственной поддержки в виде финансирования дубляжа на казахский язык осуществляется при совокупности следующих оснований, если фильм:

      1) направлен на укрепление и развитие семейных отношений, духовно-нравственных ценностей, не противоречит общепринятым нормам морали и нравственности;

      2) соответствует возрастной классификации фильмов;

      3) соответствует требованиям к распространению информационной продукции, предусмотренным Законом Республики Казахстан "О защите детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию";

      4) не противоречит национальным интересам Республики Казахстан, предусмотренным Законом Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан";

      5) предназначен для широкой дистрибуции с высоким рейтингом ожидания по международным стандартам;

      6) набрал необходимое количество голосов по итогам предварительного онлайн-голосования на интернет-ресурсе Государственного центра поддержки национального кино.

      5. Порядок онлайн-голосования определяется в соответствии с правилами отбора детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, для дубляжа на казахский язык.";

      11) статью 15 изложить в следующей редакции:

      "Статья 15. Субсидия в сфере кинематографии

      Субсидией в сфере кинематографии является вид бюджетной субсидии, предоставляемой на безвозмездной и безвозвратной основе иностранному юридическому лицу, его филиалу или представительству, заключившему соглашение на предоставление субсидии в сфере кинематографии (далее – соглашение).

      Субсидия в сфере кинематографии предоставляется путем возмещения до тридцати процентов стоимости товаров, работ и услуг, связанных с производством фильма (или его части) в Республике Казахстан.

      Соглашением является договор, по которому казахстанская сторона обязуется выплатить субсидию, а иностранное юридическое лицо, его филиал или представительство – производить фильм (или его часть) в Республике Казахстан.

      Правом заключения соглашения от казахстанской стороны наделяется Государственный центр поддержки национального кино по согласованию с уполномоченным органом.";

      12) пункты 1, 2, 3 и 4 статьи 16 изложить в следующей редакции:

      "1. Государство осуществляет мероприятия, направленные на сохранение Государственного фонда фильмов.

      2. Государственный фонд фильмов передается на постоянное хранение юридическому лицу Республики Казахстан без иностранного участия (далее в настоящей статье – юридическое лицо), определяемому Правительством Республики Казахстан.

      Юридическое лицо осуществляет мероприятия, направленные на обеспечение сохранности, хранение, копирование, тиражирование, прокат и показ киноколлекции Государственного фонда фильмов.

      Национальные фильмы, получившие полное государственное финансирование, включаются в состав Государственного фонда фильмов.

      Национальные фильмы, получившие частичное государственное финансирование, включаются в состав Государственного фонда фильмов на основании договоров, заключенных между единым оператором, указанным в пункте 5 статьи 13 настоящего Закона, и субъектами кинематографической деятельности.

      3. Юридическое лицо осуществляет перенос материалов фильмов, кинолетописи с аналоговых на электронные носители.

      4. Юридическое лицо при хранении Государственного фонда фильмов обеспечивает свободный и безвозмездный доступ к исходным материалам фильмов их правообладателям, а также соблюдение авторских и смежных прав.";

      13) в части второй статьи 18 слова "подпункт 2) части первой, подпункт 5) части второй" заменить словами "подпункт 3)".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1 статьи 1, который вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ