2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА Ресми куәландырылған мәтін
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартының ережелерін назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа мынадай өзгерту енгізілсін:
1) кіріспенің бірінші абзацын, 11-бап пен қорытынды бөлікті қоспағанда, мәтін бойынша тиісті санда және септіктегі "Тарап" деген сөз тиісті санда және септіктегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, "осы Тараптың" деген сөздер "осы мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшадағы "қабылдайтын, Тараптың" деген сөздер "қабылдайтын, Еуразиялық экономикалық одақка мүше мемлекеттің (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекет, Одақ)" деген сөздермен ауыстырылсын";
4) тармақшадағы "Кеден одағына немесе шетелдік мемлекеттерде (шетел мемлекеттері тобында)" деген сөздер "немесе Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде (мемлекеттер тобында)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "пайдалану және билік ету" деген сөзден кейін "Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2-баптың бірінші - үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүше мемлекеттердің кеден органдары мүше мемлекеттердің құқық қорғау және уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы Шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) акша құралдарын өткізу (бұдан әрі - қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу) кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданады.
Мүше мемлекеттердің кеден органдары Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге және кеден органдары осындай бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарының өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Егер қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізетін тұлға) жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес көрсетілуі міндетті болып табылатын мәліметтерді көрсетпесе, мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын немесе тауарға арналған декларацияны тіркеуден бас тартады.";
4) 4-баптың оныншы абзацындағы "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
5) 5-бапта:
бірінші абзацтағы "Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және жетінші абзацтардағы "онда" деген сөз "ондағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы:
"уәкілетті" деген сөз алып тасталсын:
"өкіл" деген сөзден кейін ", қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған кеден органы, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес расталған өкілеттіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"меншігіне" деген сөзден кейін "(кірісіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"онда" деген сөз "ондағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацта:
"меншігіне" деген сөзден кейін "(кірісіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"онда" деген сөз "ондағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
6) 6-баптың бірінші абзацындағы "Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының декларациясы" жолаушы кедендік декларациясының қосымша формулярында жазылған" деген сөздер "жолаушы кедендік декларациясында көрсетілген, кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатына және (немесе) ақша құралдарына қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.";
8) 10-баптағы "Тараптардың келісімі" деген сөздер "мүше мемлекеттердің өзара келісуі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2021 жылғы "21" шілдеде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
---|
Осымен 2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған, 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Т.Т. Мамытов;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В.Путин.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің директоры |
В.И. Тараскии |
Орысшадан қазақ тіліне аудармасы сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры Ғ.М. Аманов________________
2022 ж. 3 мамыр |