ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 36-б. қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы тауарлар – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген қару-жарақ, әскери техника, технологиялар, бағдарламалық қамтылым, техникалық және арнайы құралдар, материалдар, өндіруге және сынауға арналған жабдық, олардың жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері;
2) бәрін қамтитын бақылау – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне кірмейтін тауарларды бақылау;
3) жаппай жою қаруы – химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;
4) жеткізу құралдары – жаппай жою қаруын жеткізуге қабілетті, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген зымырандар мен пилотсыз әуе кемелері;
5) импорт – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
6) кепілдік міндеттеме – алушы елдің құзыретті органы берген импортталатын тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалану және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз оларды үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу туралы оның ресми растауы қамтылған құжат;
7) кері экспорт – Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген, оның шегінен тыс жерлерде өндірілген тауарларды әкету;
8) коммерциялық құжаттар – сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге байланысты сыртқы экономикалық мәмілелердің жасалуын растау үшін пайдаланылатын құжаттар (шот-фактуралар (инвойстар), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (буып-түю) парақтары);
9) көлік (тасымалдау) құжаттары – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын құжаттар және осындай тасымалдау кезінде оларға ілеспе құжаттар (коносамент, жүкқұжат);
10) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар) – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген, қосарланған немесе әскери мақсаттағы тауарларға жатпайтын, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде ұлттық мүдделеріне және саяси имиджіне нұқсан келтіруді болғызбау, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризмге және қылмысқа қарсы іс-қимыл бөлігінде ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін бақыланатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты – импорттаушының тауарларды импорттауға және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің және уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмастан, оларды үшінші елдерге немесе үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге міндеттенетіні туралы уәкілетті органның растауын қамтитын құжат;
12) Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификаты – түпкілікті пайдаланушының импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалануға және экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің және уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмастан, оларды үшінші елдерге және үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге міндеттенетіні туралы уәкілетті органның растауын қамтитын құжат;
13) қосарланған мақсаттағы тауарлар – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде көрсетілген, азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ жаппай жою қаруын және оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты, әскери техниканы жасау үшін қолданылуы мүмкін өнім (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологиялар);
14) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар;
15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау жөніндегі шаралар жиынтығы;
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесі – Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсаттарында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
17) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;
18) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру – тауарлардың, оның ішінде бағдарламалық қамтылымның және технологиялардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларға тиесілігін белгілеу;
19) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі (бұдан әрі – бақылау тізімі) – осы Заңға сәйкес бақылауға жататын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі;
20) техникалық көмек – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды жөндеу, дайындау, жинау, тестілеу, жаңғырту және оларға өзге де техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет, оның ішінде консультациялар, нұсқау, оқыту, жұмыс тәжірибесімен және дағдылармен алмасу;
21) транзит – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
22) уәкілетті орган – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) шетелдік тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтық құқық қабілеттілігі шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын заңды тұлғалар;
24) эксаумақтық делдалдық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, бір үшінші елден басқа үшінші елге қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу жөніндегі мәмілеге алып келетін келіссөздер немесе тікелей әрекеттер жөніндегі қызмет, сондай-ақ делдалдың иелігіндегі немесе оның бақылауындағы қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды бір үшінші елден басқа үшінші елге сату, сатып алу, тасымалдау;
25) эксаумақтық кері экспорт – Қазақстан Республикасында өндірілген, қайта өңдеуге ұшырамаған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды басқа шет мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;
26) экспорт – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкету, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен технологияларды Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаларға беру.
2-бап. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі уәкілетті органның, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың қатынастарын реттейді.
2. Осы Заңның күші осы Заңда белгіленген мақсаттарда өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, кері экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге қолданылады.
4-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары мен қағидаттары
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) жаппай жою қаруын таратпау режимін нығайту;
3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай жою қаруы мен оны жеткізу құралдарының таралуын болғызбау болып табылады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттары:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерінің басымдығы;
2) жаппай жою қаруын және оны жеткізу құралдарын таратпау жөніндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;
3) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы ақпараттың ашықтығы;
5) терроризмді қолдауға жол бермеушілік;
6) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау рәсімдері мен қағидаларының жалпыға танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
5-бап. Бақылау тізімі
1. Бақылау тізімі экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінің бақылау тізімдері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсаттары негізге алына отырып әзірленеді.
2. Бақылау тізіміне енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспорт, кері экспорт, эксаумақтық кері экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылауына жатады.
6-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау түрлері
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру;
2) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортының, кері экспортының, импортының, транзитінің, эксаумақтық кері экспорттың, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетудің; импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға берудің рұқсат беру тәртібі;
3) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді шектеу;
5) бәрін қамтитын бақылау;
6) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін кедендік бақылау;
8) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық шарттарына қол қою, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне қосылу туралы шешімдер қабылдайды;
3) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекітеді;
5) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) осы Заңға сәйкес құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылайды;
3) мыналарды:
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;
Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;
эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары мен біліктілік талаптарын;
импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін;
эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін;
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын;
бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын;
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) бақылау тізімін бекітеді;
6) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді;
7) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) мыналарды:
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия);
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат;
эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;
эксаумақтық кері экспортқа рұқсат;
импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;
Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын;
Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын;
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асырады;
9) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізеді;
10) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұрады немесе тоқтатады;
11) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асырады;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін әзірлейді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
10-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру
1. Тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
Тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты транзитті жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалар бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдік тұлғалар бақылау тізіміне сәйкес бір мағыналы сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды уәкілетті орган жүргізетін сәйкестендіру нәтижелері бойынша беріледі.
Арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін уәкілетті орган өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға құқылы.
11-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия немесе қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдігі бойынша қайтару үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын кепілдік міндеттемесін ұсынбай, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия негізінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортын қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде, онда бірнеше шет мемлекетті, импорттаушыларды және (немесе) түпкілікті пайдаланушыларды көрсете отырып жүзеге асыра алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде уәкілетті органға қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, алушы елдің құзыретті органы берген кепілдік міндеттеме болған кезде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларының экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасынан әкетуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың инспекторлары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің экспорты осы тауарлар үшінші тұлғаларға және үшінші елдерге құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
7. Экспортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияда, қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияда көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
12-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдік бойынша қайтару үшін бұрын экспортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырады.
2. Импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті пайдаланушыдан немесе импорттаушыдан үшінші тұлғаларға беру импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарлардың импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың импорты осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге міндетті.
6. Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарлар уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілген түпкілікті пайдаланушыға дейін жеткізілуге тиіс.
Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануына, сондай-ақ оларды экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз кері экспорттауына тыйым салынады.
13-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитін бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен шетелдік тұлғалар өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат негізінде жүзеге асырады.
2. Транзитпен өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында қайта тиеу шарттары өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсатта көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қайта тиеу туралы ақпаратты өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат алуға өтініш берген кезде уәкілетті органға ұсынады.
14-бап. Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуді бақылау
1. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
2. Қосарланған мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
15-бап. Техникалық көмек көрсетуді бақылау
1. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
2. Қосарланған мақсаттағы тауарларға байланысты техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын техникалық көмек көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының техникалық көмек көрсету нәтижелері осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті.
16-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын және эксаумақтық кері экспортты бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының аумағына кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың кері экспортын экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органы рұқсатының және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлардың кері экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шет мемлекеттің мемлекеттік органдары немесе ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағынан өздеріне тиесілі әскери мақсаттағы тауарларды олар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде әкетуге міндетті.
2. Эксаумақтық кері экспортты шетелдік тұлғалар эксаумақтық кері экспортқа рұқсат негізінде жүзеге асырады.
17-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды фирмаішілік бақылау жүйесі
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қолдау саласында мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық немесе өндірістік қызметті жүзеге асыратын және өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен сыртқы экономикалық мәмілелерден жүйелі түрде табыс алатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін міндетті болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруға жәрдемдеседі және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.
18-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.
2. Өзіндік ерекшелері бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелерге жататын құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтаудың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті жүзеге асырылған не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетілген кезден бастап бес жыл бойы сақталуға тиіс.
19-бап. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға қатысты кепілдік міндеттемелер
Уәкілетті орган экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының талабы бойынша Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаты немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты түрінде кепілдік міндеттемелер береді.
20-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асырудың рұқсат беру тәртібі
Уәкілетті орган өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық кызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсатты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде береді.
21-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді шектеу
1. Қазақстан Республикасының алдында қабылдаған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттер мен шетелдік тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, кері экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге шектеулер, тіпті эмбарго енгізуге құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделерін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысынан, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттілігін негізге ала отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті, эксаумақтық кері экспорт, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету бойынша шектеулер енгізілетін шет мемлекеттердің, жеке және заңды тұлғалардың тізбесін айқындауға құқылы.
22-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсаттар беруден бас тарту
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат беруден бас тарту мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірілгенде немесе нұқсан келтіру қатері туындағанда;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері бұзылғанда;
3) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша теріс нәтиже болғанда;
4) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;
5) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде өтініш беруші қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылса;
6) егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары қолданылса;
7) егер өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын бұзса, жүзеге асырылады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына, транзитіне рұқсат беруден бас тарту осы баптың 1-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі болған кезде жүзеге асырылады.
23-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) егер олар рұқсат алуға өтініш берген кезде белгілі болса немесе болса рұқсат беруден бас тартуға әкеп соғатын жаңа фактілер туындағанда;
2) рұқсаттың шарттарын өзгерту қажет болғанда;
3) екінші санаттағы рұқсат иесі және (немесе) лицензиат рұқсат жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттар осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде де өз қолданысын тоқтатады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына, транзитіне, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсатты тоқтата тұру және тәуекелдерді бағалауды қайта жүргізу осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мына көздерден алынған жағдайлар негізінде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жеке немесе заңды тұлғаларының уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) уәкілетті орган шет мемлекеттің мемлекеттік органдарынан және халықаралық ұйымдардан алған ақпарат;
3) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органынан ақпараттың растауын алу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл жағдайда рұқсатты тоқтата тұру мерзімі уәкілетті орган көрсетілген растауды алған күннен бастап келесі жұмыс күнімен аяқталады.
4. Мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) екінші санаттағы рұқсат иесі және (немесе) лицензиат рұқсатта көрсетілген шарттарды бұзғанда;
2) өтініш берушінің рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарында анық емес мәліметтер анықталғанда;
3) рұқсат беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатылғанда немесе тоқтатыла тұрғанда;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы берген рұқсаттың қолданысы тоқтатылғанда, егер мұндай рұқсат осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсатты алумен байланысты болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсат өз қолданысын тоқтатады.
Рұқсат берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берілген рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, егер мұндай рұқсат осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсатты алумен байланысты болса, уәкілетті органды уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатты жіберу арқылы дереу, бірақ шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
24-бап. Бәрін қамтитын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, егер оларға өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар жаппай жою қаруын және (немесе) оны жеткізу құралдарын, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау үшін не терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау кезінде пайдаланылатыны белгілі болған жағдайда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыруына, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуіне немесе оларға кез келген өзге де түрде қатысуына тыйым салынады.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен, мынадай жағдайлардың бірінде:
1) уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органы оларды өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;
2) олардың өз әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болғанда рұқсат беру құжатын алуға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын басшылыққа алуы қажет.
25-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау мақсатында:
1) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия және (немесе) Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелерін алу кезінде мәлімделген мақсаттардан өзгеше мақсаттарда пайдалану;
2) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды тиісті рұқсат алмастан Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру бөлігінде жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылауды осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың немесе Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарлардың түпкілікті пайдаланушылары мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
4. Мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараты;
2) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының өтініштері;
3) халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттер ұйымдарының ақпараты;
4) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылау субъектісіне сұрау салу жіберу және мемлекеттік бақылау субъектісінен алынған құжаттарды және (немесе) ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, халықаралық ұйымдардан, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан немесе ұйымдарынан келіп түсетін немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған құжаттармен және (немесе) ақпаратпен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылау субъектісіне төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген құжаттарды және (немесе) ақпаратты беру туралы сұрау салуы мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – алғаны туралы белгісімен;
2) пошта арқылы – тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік бақылау субъектісі бұрын ұсынған рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген мемлекеттік бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап не "электрондық үкімет" веб-порталындағы мемлекеттік бақылау субъектісінің жеке кабинетіне жіберілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Мемлекеттік бақылау субъектісі сұрау салуды алған күннен кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау субъектілерінен және мемлекеттік органдарынан құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұрау салуда көрсетілген тәртіппен, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде алады.
7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мерзімі оны жүргізу басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды. Зерттеулер, сынақтар және арнайы сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда уәкілетті органның басшысы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мерзімін жиырма жұмыс күніне ұзартуы не лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңіне немесе мемлекеттік бақылау субъектісі оларды белгіленген мерзімде бермеген жағдайда құжаттарды және (немесе) ақпаратты алғанға дейін тоқтата тұруы мүмкін.
8. Уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге;
2) мемлекеттік бақылау субъектісінен мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты алуға;
3) мемлекеттік бақылау нысанасына және бақылау объектісінің мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тартуға;
4) мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге құқылы.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган лауазымды адамының:
1) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;
2) мемлекеттік бақылау нысанасына жатпайтын құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруді талап етуге;
3) осы Заңда белгіленген мемлекеттік бақылау жүргізу мерзімінен асыруға;
4) осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижесінде алынған, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға құқығы жоқ.
10. Уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы Заңда айқындалатын тәртіп негізінде және оған сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуге;
3) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік бақылау субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) мемлекеттік бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге кедергі жасамауға;
5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде алынған құжаттардың және (немесе) ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Мемлекеттік бақылау субъектісі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы актіге және уәкілетті органның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
2) уәкілетті органның лауазымды адамының мемлекеттік бақылау жүргізу нысанасына жатпайтын талаптарын орындамауға құқылы.
12. Мемлекеттік бақылау субъектісі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) сұрау салуды алған сәттен бастап жеті күн мерзімде уәкілетті органның лауазымды адамына мемлекеттік бақылау жүргізу нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынуға;
2) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарға және (немесе) ақпаратқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ инженерлік-техникалық құралдардың, ақпараттық жүйелердің және автоматтандырылған дерекқорлардың конфигурациясы мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол бермеуге міндетті.
13. Егер мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактісі анықталса, уәкілетті органның лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға міндетті.
4-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ
26-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті
1. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
2) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тартады;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтатады, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді, жасайды, сатып алады және пайдаланады;
5) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алады, пайдаланады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазба жасауды, киноға және фотоға түсіруді жүргізеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
27-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау түрлері
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау мынадай бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады:
1) рұқсаттары бар өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, импорты, транзиті кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылау;
2) құжаттарды және мәліметтерді тексеру;
3) қарап-тексеру немесе жете тексеру, оның ішінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы.
2. Мемлекеттік кірістер органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар анықталған жағдайда өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім қабылдайды және өз шешімін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің, ал олар болмаған кезде көлік (тасымалдау) құжатына белгілер қою арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың назарына жеткізеді.
3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
28-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау нысандары
1. Мыналар:
1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) қарап-тексеру;
3) жете тексеру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау нысандары болып табылады.
Қарап-тексеру, жете тексеру бақылау нысандары мемлекеттік кірістер органдары әзірлейтін және бекітетін тәуекел бейіндерінің ұсынымдары негізге алына отырып қолданылады.
Тәуекел бейіні деп тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді азайту шаралары туралы мәліметтер жиынтығы түсініледі.
2. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда қамтылған мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен салыстыруды білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
3. Қарап-тексеру жүк жайларын (бөліктерді), көлік құралдарының ыдыстарын ашпай, тауарлардың орамасын ашпай, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін өзге тәсілдермен бұзбай, бөлшектемей, тұтастығын бұзбай көлік құралын және осы көлік құралымен тасымалданатын тауарларды көзбен шолып зерттеуді білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
4. Мыналар:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде рұқсаттар берілмеген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды көзбен шолып табу;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары қарап-тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
5. Жете тексеру тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк жайларын (бөліктерін), ыдыстарды, контейнерлерді немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарлар болатын немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашу арқылы жеке тұлғалардың көлік құралдары мен багаждарын зерттеп-қарауды білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
6. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды рұқсатсыз өткізудің әлеуетті тәуекелі туралы ақпараттың болуы;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
7. Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу орындарында жүргізіледі.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру жүргізу кезінде қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті.
9. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар болмаған кезде мынадай:
1) көрсетілген адамдар қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу кезінде қатысудан бас тартқан;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайлар туындаған, оның ішінде тауарлардың тез тұтанатын заттар, жарылыс қаупі бар заттар, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да осыған ұқсас тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілер болған жағдайларда қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру жүргізуге құқылы.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
10. Қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу нәтижелері олар аяқталғаннан кейін дереу қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінің нысандарын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінде:
1) қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары және қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар болмаған кезде қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу себептері;
3) қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру нәтижелері;
4) актілердің нысандарында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілері екі данада жасалады, оның біреуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаның өкілдеріне, ал олар болмаған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғаларға табыс етіледі.
11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
5-тарау. ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ
29-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында құжаттар және (немесе) ақпарат беру және тарату жөніндегі міндеттеме
1. Уәкілетті орган, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын немесе транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын, транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар уәкілетті органның, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша көрсетілген мемлекеттік органдардың осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге міндетті.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты уәкілетті органға, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарына беру қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар берілген құжаттардың және (немесе) ақпараттың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімін, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының және шетелдік тұлғалардың тізімдерін орналастырады.
30-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында берілген құжаттарды және (немесе) ақпаратты пайдалану
1. Осы Заңның 29-бабының 2-тармағына сәйкес берілген құжаттар және (немесе) ақпарат осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен пайдаланылады.
2. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және құжаттарда және (немесе) ақпаратта қамтылған, таратылуы және (немесе) берілуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелген басқа да ақпаратты беру және пайдалану осындай ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және оны қорғау шараларын белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
6-тарау. ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
31-бап. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы
Қазақстан Республикасының бір шет мемлекетке немесе бірқатар шет мемлекеттерге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңсесінің санкцияларын сақтауы және осы санкцияларды күшіне енгізу Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе басқа да халықаралық ұйымдардың шешімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты тәртіппен қолдануы мүмкін.
32-бап. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) жаппай жою қаруын және оны жеткізу құралдарын таратуды болғызбау бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен күш-жігерді үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;
2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының жоғары технологиялардың әлемдік нарығына қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерді кеңейту;
4) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік рәсімдерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау мақсаттарында жүзеге асырылады.
33-бап. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы нысандары
Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар өткізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында өзара іс-қимыл жасау;
3) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың мемлекетішілік рәсімдерінің тиімді жұмыс істеуі үшін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен байланысты дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдесу арқылы жүзеге асырылады.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
34-бап. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
35-бап. Уәкілетті органның және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Уәкілетті органның және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 25-баптың 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |