Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 12-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      10) тармақша "велосипедті," деген сөзден кейін "электр самокатты, шағын электр көлігі құралын," деген сөздермен толықтырылсын;

      38) тармақшадағы "мопедтер мен" деген сөздер "мопедтерді, электр самокаттарды, шағын электр көлігі құралдарын және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 53-1) және 57) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-1) шағын электр көлігі құралы – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда, электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы;";

      "57) электр самокат – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышты (электр қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын жеке мобильді көлік құралы.";

      2) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралының осы Заңның 65-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру.";

      3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "57-бап. Мопед, электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Мопед, электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың жол жүрісі қағидаларына сәйкес жолдарда жүруге құқығы бар.

      2. Мопед, электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілер, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушылар уәкілетті орган бекіткен жол жүрісі қағидаларын білуге және сақтауға міндетті.

      3. Мопед, электр самокат және велосипед жүргізушілердің:

      1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне;

      2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;

      3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;

      4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;

      5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;

      6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;

      7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;

      8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына тыйым салынады.

      4. Мопед жүргізушілердің велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады.

      5. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде:

      осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда;

      жол жиегімен;

      жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүреді.

      Он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілердің өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруіне жол берілмейді.

      6. Велосипед жүргізушілер – велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей жүреді.

      7. Шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің:

      1) рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне;

      2) жолаушыларды тасымалдауына;

      3) жүкті тасымалдауына;

      4) жолдың жүру бөлігімен жүруіне;

      5) жанында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне;

      6) шағын электр көлігі құралдарын, шағын электр көлігі құралдарымен сүйретуіне;

      7) шағын электр көлігі құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне тыйым салынады.";

      4) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:

      "70-1-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Осы Заңның 70-бабында және 73-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу жөніндегі, процестерді есепке алу, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жұмысын автоматтандыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін, осы Заңның 70-бабында және 73-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.";

      5) 73-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Заңның 57-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін адамдар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен электр самокаттарды басқаруға жіберіледі.";

      5-тармақтағы "көлік құралын басқару құқығына уақытша рұқсатпен" деген сөздер "көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 75-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) механикалық көлік құралын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұза отырып, жүргізуші куәлігін беру.";

      екінші бөліктегі "және 3)" деген сөздер ", 3) және 5)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-қосымша мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Көлік құралын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам организации дорожного движения

Закон Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 12-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении":

      1) в статье 1:

      подпункт 10) после слова "велосипед," дополнить словами "электрический самокат, малое электрическое транспортное средство,";

      подпункт 38) после слова "мопедов" дополнить словами ", электрических самокатов, малых электрических транспортных средств";

      дополнить подпунктами 53-1) и 57) следующего содержания:

      "53-1) малое электрическое транспортное средство – транспортное средство, оснащенное электрическим двигателем, предназначенное для индивидуального передвижения, имеющее одно или несколько колес, за исключением электрических самокатов и мопедов с электрическим двигателем;";

      "57) электрический самокат – транспортное средство индивидуальной мобильности, имеющее два или три колеса, предназначенное для передвижения одного человека посредством использования электрического двигателя (электрических двигателей), не имеющее сиденья, с максимальной конструктивной скоростью не более двадцати пяти километров в час.";

      2) пункт 1 статьи 52 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) проверка транспортного средства, зарегистрированного в компетентном органе другого государства, на соответствие требованиям, предусмотренным пунктом 3 статьи 65 настоящего Закона.";

      3) статью 57 изложить в следующей редакции:

      "Статья 57. Права и обязанности водителей мопедов, электрических самокатов, велосипедов, малых электрических транспортных средств, погонщиков, ведущих по дороге скот, стадо, вьючных, упряжных или верховых животных

      1. Водители мопедов, электрических самокатов, велосипедов, малых электрических транспортных средств, погонщики, ведущие по дороге скот, стадо, вьючных, упряжных или верховых животных, имеют право двигаться по дорогам в соответствии с правилами дорожного движения.

      2. Водители мопедов, электрических самокатов, велосипедов, малых электрических транспортных средств, погонщики, ведущие по дороге скот, стадо, вьючных, упряжных или верховых животных, обязаны знать и соблюдать правила дорожного движения, утвержденные уполномоченным органом.

      3. Водителям мопедов, электрических самокатов и велосипедов запрещается:

      1) ездить, не держась за руль хотя бы одной рукой;

      2) перевозить пассажиров, кроме перевозки пассажиров на велосипедах и мопедах со специальными приспособлениями для их перевозки;

      3) перевозить груз, кроме перевозки груза на велосипедах и мопедах со специальными приспособлениями для их перевозки, а также груза, который не выступает более чем на пятьдесят сантиметров по длине или ширине за габариты, или груз, мешающий управлению;

      4) поворачивать налево или разворачиваться на дорогах с трамвайным движением и на дорогах, имеющих более одной полосы, для движения в данном направлении;

      5) буксировка мопедов, электрических самокатов и велосипедов, а также мопедами, электрическими самокатами и велосипедами, кроме буксировки прицепа, предназначенного для эксплуатации с мопедом и велосипедом;

      6) пересекать проезжую часть дороги по пешеходным переходам, находясь на транспортном средстве;

      7) передвигаться в темное время суток по проезжей части дороги без светоотражающего предмета, соответствующего требованиям, определенным правилами дорожного движения, обеспечивающего видимость водителям других транспортных средств;

      8) при управлении по проезжей части дороги быть без застегнутого шлема.

      4. Водителям мопедов запрещается двигаться по велосипедной дорожке, велосипедной полосе движения, обочине, тротуару или пешеходной дорожке.

      5. Водители электрических самокатов двигаются по велосипедной дорожке, велосипедной полосе движения. При отсутствии велосипедной дорожки, велосипедной полосы движения водители электрических самокатов двигаются по:

      правому краю проезжей части дороги, в том числе по полосе для маршрутных транспортных средств, в соответствии с требованиями, установленными частью второй настоящего пункта, в один ряд;

      обочине;

      тротуару или пешеходной дорожке со скоростью не более шести километров в час, не создавая опасности для движения пешеходов.

      Не допускается движение по правому краю проезжей части дороги, в том числе по полосе для маршрутных транспортных средств, водителей электрических самокатов, не достигших восемнадцатилетнего возраста, без водительского удостоверения на право управления транспортным средством любой категории либо временного удостоверения, выданного взамен водительского удостоверения на право управления транспортным средством, за исключением выданных в Республике Казахстан в случае наличия при себе документа, удостоверяющего личность водителя.

      6. Водители велосипедов двигаются по велосипедной дорожке, велосипедной полосе движения, а при их отсутствии – по правому краю проезжей части дороги, в том числе по полосе для маршрутных транспортных средств, в один ряд либо по обочине, тротуару или пешеходной дорожке, не создавая опасности для движения пешеходов.

      7. Водителям малых электрических транспортных средств запрещается:

      1) ездить, не держась за руль хотя бы одной рукой, за исключением малых электрических транспортных средств без руля;

      2) перевозить пассажиров;

      3) перевозить груз;

      4) двигаться по проезжей части дороги;

      5) двигаться по тротуару или пешеходной дорожке при наличии рядом велосипедной дорожки, велосипедной полосы движения;

      6) буксировка малых электрических транспортных средств, малыми электрическими транспортными средствами;

      7) пересекать проезжую часть дороги по пешеходным переходам, находясь на малом электрическом транспортном средстве.";

      4) дополнить статьей 70-1 следующего содержания:

      "Статья 70-1. Государственная монополия в области изготовления свидетельств о государственной регистрации транспортных средств, водительских удостоверений и государственных регистрационных номерных знаков

      1. Деятельность по изготовлению документов, указанных в статье 70 и пункте 7 статьи 73 настоящего Закона, накоплению и ведению интегрированного банка данных системы изготовления документов, автоматизации работы по учету процессов, разработке, внедрению и сопровождению программно-технических продуктов для органов внутренних дел относится к государственной монополии и осуществляется республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения, созданным по решению Правительства Республики Казахстан.

      2. Прейскурант цен на услуги по ускоренному изготовлению и выдаче документов, указанных в статье 70 и пункте 7 статьи 73 настоящего Закона, оказываемые республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения, созданным по решению Правительства Республики Казахстан, утверждается уполномоченным органом по согласованию с антимонопольным органом.";

      5) в статье 73:

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. К управлению электрическими самокатами по правому краю проезжей части дороги, в том числе по полосе для маршрутных транспортных средств, допускаются лица, соответствующие требованиям, установленным частью второй пункта 5 статьи 57 настоящего Закона.";

      в пункте 5 слова "временным разрешением на право управления транспортным средством" заменить словами "временным удостоверением, выданным взамен водительского удостоверения на право управления транспортным средством";

      6) в пункте 1 статьи 75:

      часть первую дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) выдача водительского удостоверения в нарушение правил подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений.";

      в части второй слова "и 3)" заменить словами ", 3) и 5)".

      2. В Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях":

      приложение 3 дополнить пунктом 43-1 следующего содержания:

      "43-1. Уведомление о начале или прекращении деятельности учебных организаций по подготовке водителей транспортных средств".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 4) пункта 1 статьи 1, который вводится в действие по истечении шести месяцев после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ